Қазақстандық өнеркәсіптік корпорациялардың инвестициялық саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 14:01, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың 1 наурызындағы «Қазақстанның əлемдегі барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын орындаудың желілік кестесі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 31 наурызындағы №222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы.

Содержание

1. Төлқұжат (Бағдарламаның негізгі параметрлері)
2. Кіріспе
3. Қаржы орталығының жəне Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының қазіргі күйінің талдауы
3.1. Қаржы орталығының статусы жəне оның негізгі қатысушылары.
3.2. Қазақстанның бағалы қағаздары нарығының қазіргі кездегі күйі
3.3. Қазақстандық инвесторлардың сипаттамасы
3.4. Кəсіби қатысушылардың сипаттамасы
4. Бағдарламаның мақсаты жəне міндеттері
5. Бағдарламаның негізгі бағыттары мен оны іске асыру механизмдері
5.1. Халықаралық стандарттарға сəйкес жəне шетелдік қатысушыларды тартуға ықпал ететін қаржы орталығының институционалды дамуы
5.2. Эмитенттер мен брокерлік жəне дилерлік іс-əрекетпен айналысатын ұйымдардан құрылған кəсіби қатысушыларды жəне институционалды инвесторларды қаржы орталығына тарту
5.3. «Самұрық» Холдингі» АҚ мен «Қазына» ТДҚ» АҚ құрамына кіретін компаниялар мен басқа да мемлекеттік мекемелерді қаржы нарығының қызметіне белсенді түрде қатысуын қамтамасыз ету
5.4. Халықтың ішкі жинақтарын бағалы қағаздар нарығы арқылы отандық экономиканың модернизациясына қатыстыру
5.5. Жаңа қаржы инструменттері мен қор технологияларын дамыту жəне енгізу
5.6. Бағалы қағаздар нарығы мен қаржы орталығын мемлекеттік реттеуді жетілдіру
5.7. Шетелде Қазақстан Республикасының жағымды инвестициялық беделін қалыптастыру жəне Алматы қаласының инвестициялық тартымдылығын арттыру;
5.8. Қаржы орталығының қызметін ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз ету
6. Қажетті ресурстар жəне қаржыландыру көздері
7. Бағдарламаны іске асырудан күтетін нəтижелер
8. Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының 2010 жылға дейін арналған Бағдарламасын іске асыру бойынша жоспарланған шаралар
1. Төлқұжат (Бағдарламаның негізгі параметрлері)

Вложенные файлы: 1 файл

Қазақстандық өнеркәсіптік корпорациялардың инвестициялық саясаты.docx

— 68.09 Кб (Скачать файл)
 
 
 
 
 

Қазақстандық  өнеркәсіптік корпорациялардың инвестициялық саясаты 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Мазмұны

1. Төлқұжат (Бағдарламаның  негізгі параметрлері)

2. Кіріспе

3. Қаржы орталығының  жəне Қазақстанның бағалы қағаздар  нарығының қазіргі күйінің талдауы

3.1. Қаржы орталығының  статусы жəне оның негізгі  қатысушылары.

3.2. Қазақстанның  бағалы қағаздары нарығының қазіргі  кездегі күйі

3.3. Қазақстандық  инвесторлардың сипаттамасы

3.4. Кəсіби қатысушылардың  сипаттамасы

4. Бағдарламаның  мақсаты жəне міндеттері

5. Бағдарламаның  негізгі бағыттары мен оны  іске асыру механизмдері

5.1. Халықаралық  стандарттарға сəйкес жəне шетелдік  қатысушыларды тартуға ықпал  ететін қаржы орталығының институционалды  дамуы

5.2. Эмитенттер  мен брокерлік жəне дилерлік  іс-əрекетпен айналысатын ұйымдардан  құрылған кəсіби қатысушыларды  жəне институционалды инвесторларды  қаржы орталығына тарту

5.3. «Самұрық»  Холдингі» АҚ мен «Қазына»  ТДҚ» АҚ құрамына кіретін компаниялар  мен басқа да мемлекеттік мекемелерді  қаржы нарығының қызметіне белсенді  түрде қатысуын қамтамасыз ету

5.4. Халықтың  ішкі жинақтарын бағалы қағаздар  нарығы арқылы отандық экономиканың  модернизациясына қатыстыру

5.5. Жаңа қаржы  инструменттері мен қор технологияларын  дамыту жəне енгізу

5.6. Бағалы қағаздар  нарығы мен қаржы орталығын  мемлекеттік реттеуді жетілдіру

5.7. Шетелде Қазақстан  Республикасының жағымды инвестициялық  беделін қалыптастыру жəне Алматы  қаласының инвестициялық тартымдылығын  арттыру;

5.8. Қаржы орталығының  қызметін ұйымдастыру-техникалық  қамтамасыз ету

6. Қажетті ресурстар  жəне қаржыландыру көздері

7. Бағдарламаны  іске асырудан күтетін нəтижелер

8. Алматы қаласының  өңірлік қаржы орталығының 2010 жылға дейін арналған Бағдарламасын  іске асыру бойынша жоспарланған  шаралар 

1. Төлқұжат (Бағдарламаның  негізгі параметрлері)

Атауы

Алматы қаласының  өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігінің 2010 жылға дейін  арналған жоспары

Дайындау негіздемелері

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылдың 1 наурызындағы «Қазақстанның əлемдегі барынша  қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауын іске асыру бойынша Жалпыұлттық  іс-шаралар жоспарын орындаудың желілік  кестесі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 31 наурызындағы №222 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006-2008 жылдарға арналған Бағдарламасы.

Мақсаты

Қазақстанның  қаржы секторының халықаралық капитал  нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ететін жəне халықаралық стандарттарға  сəйкес болатын Алматы қаласының  өңірлік қаржы орталығын (бұдан  əрі – қаржы орталығы немесе АӨҚО) құру жəне дамыту, шетелдік жəне отандық  инвестицияларды тарту, Қазақстанның бағалы қағаздары нарығын əрі  қарай дамыту жəне оның капитализациясы  мен өтімділігін арттыру, жеке тұлғаларды бағалы қағаздар нарығында инвестор ретінде жұмыс істеуге тартып қазақстан капиталын шетелге  шығару үшін жағдайлар жасау

Негізгі міндеттері

- Халықаралық  стандарттарға сəйкес жəне шетел  инвесторларын тартуға септігін  тигізетін қаржы орталығын институционалды  дамыту;

- Брокерлік жəне  дилерлік іс-əрекетпен шұғылданатын  ұйымдардан құралатын кəсіби  қатысушылар мен эмитенттерді  жəне институционалды инвесторларды  қаржы орталығының жұмысына тарту;

- «Самұрық» Холдингі»  АҚ мен «Қазына»ТДҚ» құрамына  кіретін компаниялар мен басқа  да мемлекеттік мекемелердің  қаржы орталығының қызметіне  белсенді түрде қатысуын қамтамасыз  ету;

- Халықтың ішкі  жинақтарын бағалы қағаздар нарығы  арқылы отандық экономиканың  модернизациясына қатыстыру;

- Жаңа қаржы  инструменттері мен қор технологияларын  дамыту жəне енгізу;

- Бағалы қағаздар  нарығы мен қаржы орталығын  мемлекеттік реттеуді жетілдіру;

- шетелде Қазақстан  Республикасының жағымды инвестициялық  беделін қалыптастыру жəне Алматы  қаласының инвестициялық тартымдылығын  арттыру;

- қаржы орталығының  қызметін ұйымдастыру-техникалық  қамтамасыз ету.

Қажетті ресурстар  жəне қаржыландыру көздері

Бағдарламаны  іске асыруды қамтамасыз ету үшін сəйкес нормативті құқықтық актілерді  жетілдіру, мемлекеттік органдар мен  «Самұрық» Холдингі» АҚ мен «Қазына»ТДҚ» құрамына кіретін компаниялармен біріккен шаралар өткізу қажет. Сонымен қатар, мөлшері республикалық бюджеттен  əр қаржы жылына сəйкес нақтыланатын қаржы бөлуді қажет етеді:

2007 жылы –  2,04 млрд. теңге (2007 жылға арналған  республикалық бюджеті қаржатынан);

2008 жылы –  5,4 млрд. теңге (2008 жылға арналған  республикалық бюджеті қаржатынан);

2009 жылы –  1,4 млрд. теңге (2009 жылға арналған  республикалық бюджеті қаржатынан);

2010 жылы –  1,5 млрд. теңге (2010 жылға арналған  республикалық бюджеті қаржатынан).

Күтетін нəтиже

Бағдарламаны  іске асыру ТМД, Шығыс Еуропа жəне Азия елдері арасында негізгі капитал  ағымдарының шоғырлануы мен транзиті үшін халықаралық қаржы нарығының  жаңа сегменті ретінде тиімді түрде  қызмет ететін Алматы қаласының өңірлік  қаржы орталығының құрылуына  септігін тигізеді.

Іске асыру  мерзімдері

2007-2010 жылдар

2. Кіріспе

2005 жылы Қазақстан  Республикасы Үкіметі қазіргі  кезде отандық қаржы институттары  үшін орталық болып отырған  Алматы қаласының өңірлік қаржы  орталығын құру туралы шешім  қабылдаған болатын. Қазақстан  Республикасының қаржы секторының  ТМД елдерімен салыстырғанда  дамуының озықтығы, жалпы ішкі  өнім құрамында қаржы қызметтерінің  үлесінің жəне ішкі жинақтардың  тұрақты өсімі, ТМД елдеріне  қаржылық капиталдардың экспансиясының  басталуы мен қаржы сферасында  мамандар құрамының қалыптасуы  жоғарыда аталған шешімді қабылдаудың  себептеріна айналды. Қазақстан  Республикасы экономикасының диверсификациясы, əлемдік экономикаға кірігуі  мен бəсекелестікке қабілеттілігін  арттыру процесінде қаржы орталығын  құру шешуші мəселелердің бірі  болып табылады.

Алматы қаласының  өңірлік қаржы орталығының құрылуы  мен тиімді функциялауы қаржы  секторын əрі қарай дамытумен  жəне ең алдымен отандық бағалы қағаздар нарығының дамуымен тығыз байланысты. Осыған байланысты қаржы орталығын  дамыту бағдарламасын брокерлік  жəне дилерлік ұйымдардан құралатын  халықаралық қатысушылардың жəне институционалды  инвесторларды тарту мен отандық  бағалы қағаздар нарығын əрі қарай  дамытуға бағдарланған өңірлік ауқымдағы  бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын құрудың орташа мерзімдік стратегиясы  ретінде анықтауға болады. Бұл  нақты экономика қажеттіліктерін  қаржыландырып отандық қаржы  капиталының шетелге экспансиясына  жағдай жасау үшін капитал нарығында  ауқымды қаражат түзуге мүмкіндік  береді.

3. Қаржы орталығының  жəне Қазақстанның бағалы қағаздар  нарығының

қазіргі күйінің  талдауы

3.1. Қаржы орталығының  статусы жəне оның негізгі  қатысушылары

Агенттіктің функциялары, қаржы орталығының статусы, қатысушылары мен инфрақұрылымы элементтері  «Өңірлік қаржы орталығы туралы»  жəне «Алматы қаласының өңірлік  қаржы орталығын құру мəселелері бойынша Қазақстан Республикасының  кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» заңдарында анықталған.

Салық жеңілдіктерін  ұтымды пайдалану мен мүмкін қиянатшылықтардың  алдын алу мақсатында АӨҚО статусы  ерекше құқықтық режим ретінде анықталған. Мұндай статус қаржы орталығының  қатысушылары болып табылатын брокерлер  мен дилерлерге кеңселерін тек қана Алматы қаласының территориясында  ғана ашуға міндеттейді.

АӨҚО территориясында  Қазақстанның сот жүйесіне кіретін  арнайы қаржы соты құрылды. Бұл соттың статусы облыстық сотқа теңестірілгендіктен  сот үкіміне шағымдану процедурасы  тек қана Қазақстан Республикасының  Жоғары Сотында қаралатын болады.

Бағалы қағаздар нарығын реттеу мен қадағалауды  іске асыратын өкілетті органның (бұдан  əрі - ҚҚА) брокерлік жəне дилерлік іс-əрекетпен  айналысуға рұқсат ететін лицензиясын  иеленген жəне заңды тұлға ретінде  мемекеттік тіркеуден өткен ұйымдар  АӨҚО-ның бағалы қағаздар нарығының  кəсіби қатысушылары болып табылады. Осылайша, салық жеңілдіктері іс-əрекеті  тікелей қаржы орталығындағы  жұмыспен байланысты ұйымдарға ғана берілетін болады.

Агенттік қарамағындағы  Халықаралық Кеңес кеңес беру органы болып табылады жəне оның құрамына қаржы секторында беделі жоғары, қаржы  жəне инвестициялау сфераларының халықаралық  деңгейдегі сарапшылары енеді. Халықаралық  кеңес келесі бағыттар бойынша қызмет етеді:

* АӨҚО көрсететін қызметтерді, операцияларды, құқықтық режимді жəне қатысушыларды тарту бойынша ынталандыруды жетілдіру мақсатында АӨҚО қызметіне қатысты мəселерде жетік халықаралық тəжірибені пайдалану бойынша ұсыныстар дайындау;

* АӨҚО-ның қазіргі немесе келешек инвесторларына жəне басқа қатысушыларына ұсынылатын жағдайларға немесе АӨҚО беделіне нұқсан келтіруі мүмкін жағдайлардың теріс əсерлерін ретке келтіру бойынша ұсыныстар дайындау;

Жоғарыда көрсетілген  қаржы орталығының институттары қазіргі уақытта қалыптастырылуда.

3.2. Қазақстанның  бағалы қағаздары нарығының қазіргі  кездегі күйі

Қазақстанда бағалы қағаздар функциялауының нормативтік  құқықтық базасы құрылды жəне қор  нарығы, орталық депозитарий жəне басқа да кəсіби қатысушылардан құралатын  негізгі қатысушылары анықталды.

Қаржы инструменттерін, пруденциалды нормативтер мен институционалды  инвесторлардың инвестициялау ережелерін жасау жəне жетілдіру аймағында  заңнамаларды жетілдіру, миноритарлық инвесторлардың құқықтарын қорғау мен  корпоративтік басқару ережелерін жетілдіру, ұжымдық инвестициялау  түрлерін дамыту жəне жеке тұлғаларды бағалы қағаздар нарығында инвестор ретінде жұмыс істеуге тарту  бойынша жұмыстар жалғастырылуда, сонымен  қатар заңсыз жолмен табылған табыстарды заңдастыру мен терроризмді қаржыландыруға қарсы заңды қабылдау жоспарланып  отыр. Бағалы қағаздар нарығы инфрақұрылымының жоғарыда көрсетілген элементтері  мен нормативтік құқықтық база өңірлік  қаржы орталығын əрі қарай  дамуының негізін қалаушы элементтері  болады.

Отандық капитал  нарығының ерекшелігі оның құрамдас бөліктерінің даму деңгейінің тең еместігінде. Банк секторы қаржыларының есебінен экономиканың нақты секторын несиелеу көлемдерінің қарқынды түрде өсуі себебінен  шаруашылық субъектілерінің отандық  бағалы қағаздар нарығының механизмдерін  аз пайдаланады жəне соның нəтижесінде  пайда болған жинақтаушы зейнетақы  қорлары, сақтандыру ұйымдары мен жарналық инвестициялық қорларынан құралатын  институционалды инвесторлардың қаржыларының мобилизациясын байқауға болады. Зейнетақы  жəне сақтандыру активтері түріндегі  ішкі жинақтардың айтарлықтай бөлігі банк секторын қаржыландыруға, жанамаланған түрде нақты экономиканы қаржыландыруға пайдаланылады. Үлестік бағалы қағаздар нарығы инвестициялық жобаларды  қаржыландыру көзі ретінде əрекет етпейді  жəне қазақстандық компаниялардың нарықтық бағасын көрсетпейді.

Корпоративтік акциялар мен облигациялардың эмитенттері  ретінде қаржы ұйымдарының, негізінен  банктердің басым болуы қазақстан  қор нарығының ерекшелігі болып  отыр. 2006 жылдың 1 қаңтарында корпоративтік  облигациялардың қор нарығындағы  жалпы капитализациясындағы қаржы  институттарының облигацияларының үлесі - 91.7%, акциялары үлесі - 43.0% құрады. Облигациялардың қор нарығының  салалық құрылымы ондағы экономиканың басқа салаларының (мұнай жəне газ, тау кен

кешендері, көлік  жəне байланыс, сауда мен азық-түлік  өнеркəсібі сияқты) үлесі төмен екенін дəлелдеп тұр. Ал 2006 жылдың 1 қарашасында  күйі бойынша акциялар нарығының 40%-ы  қаржы институттарының үлесінде, 40%-ы мұнай жəне газ кешені кəсіпорындарының үлесінде болды. Бұл жағдай инвесторлар  үшін нақты қауіп-қатер туғызып, инструменттер портфелін сəйкес түрде диверсификациялауға мүмкіндік  бермей отыр. Акциялар нарығын еркін  айналымда жүрген акциялар көлемінің  төмендігімен сипаттауға болады. Бағалы қағаздар нарығы іс-əрекетін белсенді етуге акционерлік капиталдың бөлшектенуінің орын алмауы кедергі болып отыр. Акционерлік капиталдың бөлшектенуінің орын алмауы нарыққа бұқаралық сипат  беруге бөгет болуда.

Информация о работе Қазақстандық өнеркәсіптік корпорациялардың инвестициялық саясаты