Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Февраля 2013 в 19:14, реферат
Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесіндс оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.
1.Кіріспе................................................................................................................2
1.1 Қаржы дегеніміз не?......................................................................................3
1.2 Қаржыны басқару туралы жалпы түсінік....................................................3
2.Негізгі бөлім
2.1 Қаржыны басқарудың объектілері және субъектілері................................
2.2 Қаржы тетігі…...............................................................................................4
2.3 Қаржыны басқару қағидалары.....................................................................5
2.4 Қаржыларды басқарудың автоматтандырылған жүйесі............................6
3. Қорытынды
3.1 Қаржылық жоспарлаудың мазмұны,міндеттері мен әдістері................6-7
3.2 Қаржыны басқаруды ұйымдастыру..............................................................
3.3 Қаржыны басқару тәртібі және Қазақстан республикасында қаржыны басқаруды ұйымдастыру................................................................................6-10
Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді органы – Парламентке жүктелген.Палаталардың бірлескен отырысында Парламент республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қағаздар мен республикалық және өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешеді.
Мемлекттік қаржылық бақылау:
1) оны жүзеге асыратын органға байланысты ішкі және сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылау;
2) бюджеттің тиісті деңгейіне байланысты республикалық және жергілікті мемлекеттік басқару деңгейінде жүргізілетін болып бөлінеді.
136- бап. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесі
1. Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін:
1)Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;
2)мәслихаттардың тексеру комиссиялары;
3)Қазақстан Республикасының
Үкіметі уәкілеттік берген
4)орталық мемлекеттік
органдардың ішкі бақылау
5)облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың ,астананың бюджеттерінен қаржыландырылған атқарушы органдарының ішкі бақылау қызметтері құрайды.
2. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асырытын мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады.
3. Мәслихаттардың тексеру комиссиялары жергілікті деңгейдегі сыртқы мемлекеттік қаржылық бақылауды жүзеге асырады.
4. Республикалық деңгейдегі ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган және орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау қызметтері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.
5. Жергілікті деңгейдегі
ішкі мемлекеттік қаржылық
бақылауды Қазақстан
6. Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі орган ішкі мемлекеттік қаржылық бақылауды тиісті қаржы жылына бекітілген жоспар бойынша жүргізеді.
Мемлекеттік қаржылық бақылаудың принциптері мен стандарттары
1.Мемлекеттік қаржылық бақылау принциптері:
1) Тәуелсіздік принципі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының және олардың қызметкерлерінің қызметті жүзеге асыруы кезінде тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін араласушылыққа жол бермеу;
2) Объективтілік принципі – бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына, Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізу, қақтығысын болдырмау;
3) Анықтық принципі – бақылау нәтижелерін бухгалтерлік, банктік құжаттармен және бақылау объектісінің өзге де құжаттармен растау;
4) Ашықтық принципі – бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы, мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының Қазақстан Республикасының
Президентіне, Қазақстан Републикасының Үкіметіне, мәслихаттарға, мемлекеттік органдардың басшыларына, жұртшылыққа есеп берушілігі;
5) Құзыреттілік принципі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары қызметкерлерінің бақылауды жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдер мен дағдылардың жиынтығы;
6) Жариялылық принципі – құпиялылық режимін, қызметтік, коммерциялық заңмен қорғалатын өзге де құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып, мемлекеттік қаржылық бақылау нәтижелерін міндетті түрде жариялау болып табылады.
2. Мемлекеттік қаржылық бақылауға қойылатын бірыңғай талаптар мемлекеттік қваржылық бақылау жүргізу стандартымен айқындалады.
3. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын Республикалық бюджеттің атқарылуын бықылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ішкі бақылау жөніндегі органмен бірлесіп әзірлейді және Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
4. Мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау жүргізу.
Парламенттің құзырында қаржы проблемаларын шешу заңнамалық актілерді- Қазақстан Республикасының заңдары мен Парламент қаулыларын талқылауға және кейін дауыс беруге енгізу жөніндегі заңнамалық бастама құқында жүзеге асырылады.Парламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдар шығарады, негізгі қағидалар мен нормаларды белгілейді,олар;салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге, республикалық бюджетке, білім беруге,денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға, елдің қорғанысы мен олардың қызметіне,айналадағы ортаны қорғауға, меншік режиміне және өзге де мүліктік құқықтарға қатысты.
Парламенттің жұмыс
органдары тұрақты негізде
жұмыс істейтін сенат пен
Қазақстан Республикасының Үкіметі –Министрлер Кабинеті Республика Президенті белгілейтін тәртіппен республикалық бюджетті әзірлеу мен өзгеруге қатысады. Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді.
Жалпы қаржыны басқарудағы Үкіметтің құзыры оның атқарушы биліктің
органы ретіндегі мәртебесімен анықталады және мыналарды қамтиды:
әлеуметтік- экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын, оны жүзеге асырудың стратегиялық және тактикалық шараларын әзірлеу;
мемлекеттік әлеуметтік- экономикалық және ғылыми-техникалық бағдарламаларды, индикативтік жоспарларды әзірлеу;
республикалық бюджетті әзірлеу және оны атқару;
елдің қаржы жүйесін нығайту жөніндегі шараларды әзірлеу және жүзеге асыру, мемлекеттің қаржы,валюта және материал ресурстарын жасап, пайдаланған кезде заңдылықтың сақталуына бақылауды қамтамасыз ету;
құрылымдық және инвестициялық саясатты жүзеге асыру;
мемлекеттің меншікті басқаруды ұйымдастыру;
аймақтардың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерін шешу;
сыртқы экономикалық саясатты жүзеге асыру, басқа мемлекеттермен,ынтымақтастық пен халықаралық қаржы ұйымдарымен өзара іс-қимыл жөніндегі шараларды әзірлеу;
елдің Конституциясымен айқындалған мәртебеге сәкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1) Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім жэне ғылым министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2007
2) Алматы: Жеті жарғы, 2008
Информация о работе Қазақстан Республикасында қаржыны басқаруды ұйымдастыру