Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2013 в 17:11, дипломная работа
Ауыл шаруашылық проблемалары өте күрделі мәселе, еліміздің бүгінгі тіршілігі мен келешегінің мүдделі міндеттернің бірі, бірі емес бірегейі. Президент бұл мәселені бекер көтеріп отырмаса керек. Еліміз экономикасының, егемендігінің, мәдениетінің келешегін жан-жақты ойлап, күрделі міндетті қолға алып отыр деп есептеймін.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген еңбегінде былай деп атап көрсетті: «...барлық стратегиялық жоспарлардың алдында агроөнеркәсіп кешенінің дамуы, оны жүйелі және батыл реформалау келеді...». «Ауыл, селоны және агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың артықшылықтары туралы» Заң қабылдау да осы мақсаттарға арналады.
Кіріспе
І-бөлім. Қазақстан Республикасының экономикасының аграрлық саласын реттеудегі ғылыми негізі.
1.1. Аграрлық сала және агроөнеркәсіптік кешен құрылымы
1.2. Аграрлық сала жүйесіндегі мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
1.3. Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешені және оның реформалау мен нарықтық қатынастарға көшу кезеңіндегі дамуының негізгі бағыттары
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары.
2.1. Тиімді аграрлық саясатты жүзеге асырудың мәселелері
2.2. Қазақстандағы аграрлық реформаны тереңдету мен кеңейтудің міндеттері және нәтижесі
2.3. Аграрлық бизнестің тиімді жүйесін қалыптастыру
ІІІ-бөлім. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары.
3.1. Аграрлық сала өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және сатудың көлемін ұлғайту
3.2. Агроөнеркәсіптік кешендердің экономикалық тиімділігін арттырудың жолдары
3.3. Қазақстанның агроөнеркәсіп өндірісін дамытудың негізгі бағыттары
Қорытынды
Пайдаланған әдебиетер
Дифференциалдық рентаны жер салығы түрінде анықтаумен алудың әдістемелік жолы-ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді республика аумағында басты ауыл шаруашылық дақылдарды егілетін аймақтар бойынша топтау негізінде жер салығы аумақтарын анықтау. Мұндай әзірлеменің жаңалығы – Қазақстан аумағында бағаның және жер салығының бірыңғай аймағын белгілеу.
Қазіргі
жер салығының негізіне жердің
биологиялық бағасы мен оның
құнын бағалау нәтижесі
Жер салығы
мөлшерін нақты ғылыми
Суармалы
егістікте су ақысының мөлшері
экономикалық, биологиялық және
жағрапиялық жағдайларды,
Ауыл шаруашылығы
суын тұтынушыларға жеткізіп
беретін мемлекеттік
Құнарлы
жерлерді ауыл шаруашылығынан
өзге мақсатта басқадай
Нарықтық
тұрпаттағы ауыл шаруашылық
Жоғарыда айтылған принциптерді ескере отырып, салық жүйесін құруға төмендегідей талаптар қою қажет.
Қазақстанда экологиялық жағынан қауіпті әлеуметтік даму жағынан артта қалған аудандар саны едәуір, оларда 2 миллиондай адам тұрады. Әлеуметтік-демографиялық тұрғыдан келсек, олардағы халықтың дені қазақтар, көп балалар отбасылар. Арал маңының экология жағынан қолайсыз аудандарын, Семей полигонына қапталдас аудандарды, әртүрлі зымырандық сынақ жасалған басқа да аудандарды ескерсек, әлеуметтік-экономикалық жағдайы өте ауыр жерлерде тұрып жатқан қазақтардың үлес салмағы олардың республикадағы барлық санының 40 пайызындай. Экономикалық реформаларды жүргізген кезде осы аудандардың ауа райының қолайсыздығы, экономикалық мүмкіндіктерінің шектеулілігі, қатынастың қиындығы сияқты ерекшеліктері толық ескерілмесе, жағдай одан әрі ушыға түседі.
Бұл аудандар тұрғындарының әлеуметтік жағдайы негізінен жеке қосалқы шаруашылық (70% астамы) және әлеуметтік төлемдер (10%) есебінен құралатын ақшалай табысының өте төмен деңгейімен сипатталады. Сатудан түсетін табыс көлемі 10 пайыздан аспайды, өйткені, жеке қосалқа шаруашылық жеткілікті дамыған, өнімді сату қиындықтары ұшан-теңіз, тиісті өндірістік инфрақұрылымдар жоқ. Тұрғындардың өмір сапасының төмендігі - өндірістің құлдырауына және оны қалпына келтірудің төмен қарқынының, әлеуметтік саланы қаржыландырудың тоқталғанының салдары. Олардың әлеуметтік сала обьектілерімен қамтамасыз етілуі республикалық орта деңгейден 1,5-2,0 еседей төмен.
Ауылды
жердегі демографиялық
Көші-қонға
ызбайлық қоныс аудару
Біздің
ойымызша, мемлекеттің әлеуметтік
саясатының аса маңызды бағыты
ауылды жерлер мен ауыл халқы
тұрып жатқан аудандардан,
Келешегі
бұлдыр аймақтарда тұрып
«Халықты жұмыспен
қамту туралы» күшіндегі заң
ауылда жұмыспен қамтудың
Жүргізіліп жатқан аграрлық реформалар кезендерінің ең маңызды да жауаптысы бесінші кезең болмақ. Ол Президент жолдауында елдің өркениятты базарға қарай ілгерілеуіндегі қажетті кезең деп сипатталды. Бұл жаңа саты Жер кодексі қабылданады, ол ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік енгізеді деп күтіліп отырған үстіміздегі жылдан басталмақ. Әлем тәжірибесі аграрлық сектордың тиімділігі меншік пошымынан гөрі шаруашылықты жүргізу пошымы арқылы анықталатынын көрсетіп отыр. Шынында да Израильдің мемлекеттік жерде орналасқан ұжымдық киббуцы өндірістік көрсеткіштері жағынан жеке меншік жерін немесе жалға алған жерді пайдаланатын ірі жеке фермадан тіпті де олқы соқпайды. Бірақ Қазақстанда ауыл шаруашылық жерлеріне жеке меншік енгізілгенде аграрлық өндірісті жүргізу қауіп - қатерінің өсуі мүмкін, оның ең бастысы – жер реформасының алғашқы кезеңінде басталған, жалдамалы еңбекті кең қолданатын ірі латифундиялар құру. 2002 жылдың басына қарай жалпы көлемі 1345 мың гектар жер үлесіне деген құқық сатылды, 4473 мың гектар жер сыйға берілді, 42.173 мың гектар жер жарғылық қорға берілді, 28.331 мың гектар жер жалға алынды. Тұтас алғанда, елімізде шаруа қожалықтары 2001 жылы 30,6 миллион гектар жерді, беймемлекеттік заңдық тұлғалар – 57,2 миллион гектар жерді, оның ішінде, әртүрлі серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар – 37,6 миллион гектар жерді пайдаланды. Сөйтіп, сату нәтижесінде тек бір жыл ішінде 53 мыңнан астам ауыл тұрғындары жерсіз қалып, жердің бір қолда шоғырлануы жалғаса түсті. Жаңа заңда жердің бір қолда жинақталуын шектеуге болады. Мұндай саясат Ресейде 1906 жылы қолданылған еді – жоғарғы лимит (шегі) 6 үлес болып белгіленген-ді,, ал іс жүзінде 30 және одан да көп үлес бір қолға жинақталғанды. Тіпті адал да қатал саясаткер П.А.Столыпин де белгіленген норманың сақталуын қамтамасыз ете алмады, ал жемқорлыққа бейім қазіргі жергілікті атқарушы билік мұндай міндеттің үлесінен шыға алмайды.
Ауыл шаруашылық жерінің аса үлкен көлемі және салыстырмалы түрде аз деп саналатын 3,5 миллион ғана еңбекке жарамды ауыл халқы жер барлығына жетеді деген жалған елес туғызады. Шын мәнінде сатып алу-сату және қайтадан сату операцияларының салдарынан қатардағы шаруаның қатынас жолдарынан, өнім өткізу базарларынан шалғай аудандарға ығыстырылып кету қаупі туындайды. Сондықтан ауыл адамының өзінің жер үлесін өз ұрпағыма өткізе аламын деген үміті орындалмас арман болып қалуы әбден мүмкін.
Жерге жеке меншік енгізу, осы бастама авторларының пікірі бойынша, жерді кепіл ретінде пайдалануға мүмкіндік береді, несие алудың мүмкіндігін арттырады және мемлекеттік аграрлық секторының қаржылық жағдайын жақсартады. Алайда, мұндай нәтижеге форвардтық және фьючерстік-опциондық операциялар базарын дамыту жолымен де, яғни республика банк жүйесінің қызметін жетілдіру әдісімен де жетуге болады.
Жерге жеке
меншік енгізуге байланысты
Демек, жерге жеке меншік енгізу бірқатар жаңа өндірістік және әлеуметтік қауіптерді туындатып, күшейтеді.
Жерді тиімді
пайдалануына жағдай туғызу
Жер кодексінің
жобасында тауарлы ауыл
Менің ойымша
Жер кодексінің жобасында
Осындай жағдайдан құтылудың жолы меніңше мынадай сияқты: жер үлесі иелерінің шаруа қожалығын (фермерлікті) ұйымдастыру мақсатымен АШӨК, ЖШС құрамынан шығу құқығын заң жүзінде бекіту қажет, бұл құқық өз үлесіне құқығын басқаға қашан бергеніне қарамастан бекітілуге тиіс. Ал кімде-кім шаруашылық жүргіудің ұжымдық пошымының құрамында жұмыс істегісі келсе жерін біреуге беру жөніндегі шартын жалға беру шартына айналдыру қажет. Өйткені ауыл шаруашылық жеріне меншік әзірге мемлекет монополиясында, ал басқаларға жер тек аренда шартымен ғана беріледі. Өзінің жер үлесін жер иелерінің өмір бойы билеп-төстеу, өз мұрагеріне қалдыру, ондай адам болмаса, басқаға тапсыру құқығын сақтау керек.
Бірінші
кезекте жердің жеке меншікке
тікелей отбасылық еңбек
Информация о работе Қазақстан Республикасының аграрлық саланың даму мәселері және шешу жолдары