Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 11:30, доклад
Республика халқының болжанып отырған өсуiн ескере отырып және ғылым ұсынған норманы (бiр адамға 14,6 кг) басшылыққа ала отырып, халықтың балық және балық өнiмдерiне қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн балық аулауды, тауарлық балық өсiру мен балық импортын жылына 272,0 мың тоннаға дейiн жеткiзу қажет.
Тұтастай алғанда, консервiленген өнiмдердi қоспағанда, шығарылған балық және балық өнiмдерiнiң экспорты жекелеген ұстанымдар бойынша импорттан асып түседi.
КІРІСПЕ
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1 Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы
1.2 Еліміздегі бекіре тұқымдас балықтарға жалпы сипаттама
1.3 ЖСАҚ-да бекіре тектес балық түрлерін өсіру биотехникасы
1.4 Су аэрациясы
1.5 Судың сутектік потенциалы, судың сілтілігі және қаттылығы
1.6 Айналмалы сумен қамтамассыз ету қондырғыларында суды дайындау жолымен ауруларды алдын- алу
1.7 ЖСАҚ-ны су қалдықтарынан тазарту
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР
2.1 БШҒЗ ортылығының сипаттамасы
2.2 Судың гидрохимиялық режимін зерттеу
2.3 Сүйрікті азықтандыруда қолданылатын шетелдік және отандық құрама азықтарды салыстыру
2.4 Сүйрік шабақтарының ЖСАҚ-да өсу динамикасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ |
||
1 |
ӘДЕБИ ШОЛУ |
|
1.1 |
Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы |
|
1.2 |
Еліміздегі бекіре тұқымдас балықтарға жалпы сипаттама |
|
1.3 |
ЖСАҚ-да бекіре тектес балық түрлерін өсіру биотехникасы |
|
1.4 |
Су аэрациясы |
|
1.5 |
Судың сутектік потенциалы, судың сілтілігі және қаттылығы |
|
1.6 |
Айналмалы сумен қамтамассыз ету қондырғыларында суды дайындау жолымен ауруларды алдын- алу |
|
1.7 |
ЖСАҚ-ны су қалдықтарынан тазарту |
|
2 |
ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР |
|
2.1 |
БШҒЗ ортылығының сипаттамасы |
|
2.2 |
Судың гидрохимиялық режимін зерттеу |
|
2.3 |
Сүйрікті азықтандыруда қолданылатын шетелдік және отандық құрама азықтарды салыстыру |
|
2.4 |
Сүйрік шабақтарының ЖСАҚ-да өсу динамикасы |
|
ҚОРЫТЫНДЫ |
||
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ |
1. ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1 Қазақстан Республикасы балық шаруашылығының қазiргi жағдайы
Балық аулау мөлшері Қазақстанда 1997 жылы 71,4 мың т, ал соңғы жылдары азайып келеді, мысалы 2002 жылы 63,2 мың т. Жалпы барлық республика бойынша балық аулау Батыс Қазақстан аймақтарына келеді – 56,8%, Оңтүстікте 26,3%, қалған 16,9% жалпы барлық басқа республиканың аймақтарында ауланады. Балық өнімдерінің көбі Маңғыстау, Атырау және Шығыс-Қазақстанда – 65,7% ауланады. Балықтың құнды түрлері Шығыс – Қазақстанда (өзен бахтағы), Атырау мен Қарағандыда бекіретәрізділер өсіріледі.
1988 жылы Қазақстанда балық
шаруашылығын дамыту жайында
бағдарлама жасалған онда су
қорын тиімді қолданып балық
өсіру шаруашылығын әрі қарай
дамытып болашақта пайдалану. Бірақ
ТМД құрастырылып және
Таулы аймақтар және таудың етектері оңтүстік және шығыс Қазақстанда көптеген таулы суық таза сулары өзен бахтағын өсіруге бейімделген.
Бекіре өсіру 50-60 жылдары қолға алынып келеді. Қазақстанда бекіре балықтардың өнімділігі тұқы балықтарға қарағанда төмен болса да, оларды тоғанда өсіруі 2-2,5 есе рет экономикалық жағдайда пайда әкеледі.
Солтүстік және Орталық Қазақстанның көптеген ұсақ көлдермен табиғи қорекпен бай аймақтарында аквакультураны кеңейтіп, балықтарды жасанды азықсыз өсіруге болады. Бұл жақта суықта өсетін пелядь және рипус балықтарды өсіру тиімді .
Қазақстанда осы үлгі бойынша бойынша тұқы, мөңке және тұқы мен мөңке балықтың гибридін өсіруге болады. Арал және Каспий аймақтарында марикультураның мүмкіндігі әлі зерттелмеген. Нарықтық жағдайға икемделу үшін ірі тоған шаруашылықтардан ұсақтарға көшу қажет.
Қазақстан балық шаруашылығы су қорына бай және мұнда балық өсiру мен балық аулауды қарқынды дамытуға қолайлы жағдайлар бар.
Республика халқының болжанып отырған өсуiн ескере отырып және ғылым ұсынған норманы (бiр адамға 14,6 кг) басшылыққа ала отырып, халықтың балық және балық өнiмдерiне қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн балық аулауды, тауарлық балық өсiру мен балық импортын жылына 272,0 мың тоннаға дейiн жеткiзу қажет.
Тұтастай алғанда, консервiленген өнiмдердi қоспағанда, шығарылған балық және балық өнiмдерiнiң экспорты жекелеген ұстанымдар бойынша импорттан асып түседi.
Республикаға балық және балық өнiмдерi 43 шетелдiк мемлекеттерден келiп түседi. Негiзгi балық жеткiзушiлерге Ресей, Норвегия және Қытай жатады.
Балық саласын құрайтын өндiрушi және өңдеушi әлеуеттi қалпына келтiру және жаңарту, сондай-ақ кәсiпорындардың молықтыру кешенiн жобалық қуаттылыққа шығару мақсатында Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N1344 қаулысымен Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың 2004 - 2006 жылдарға арналған бағдарламасы бекiтiлдi.
Аталған Бағдарламаның негiзгi мiндеттерi ретiнде мыналар анықталды:
-балық шаруашылығын тиiмдi дамыту үшiн нормативтiк құқықтық базаны жетiлдiру;
-балық саласын мемлекеттiк басқарудың тиiмдi жүйесiн құру;
-балық ресурстарын қорғаудың, өсiмiн молайтудың тиiмдi жүйесiн қалыптастыру;
-құнды балық түрлерiнiң кәсiпшiлiк қорын қалыптастыру мен толықтыру және көл-тауарлы шаруашылықтарды дамыту үшiн жағдайлар жасау;
-балық шаруашылығын дамытуды ғылыми қамтамасыз ету.
"Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн
молайту және пайдалану туралы"
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы
9 шiлдедегi Заңының қабылданған жаңа
редакциясы саланың қазiргi экономикалық
жағдайда дамуына мүмкiндiк
2005 жылғы 18 наурыздағы N 246 Балық аулау ережесi;
2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1344 Қазақстан
Республикасының балық
2004 жылғы 31 желтоқсандағы N 1456 Қазақстан
Республикасында балық
2005 жылғы 4 ақпандағы N 102 Балық шаруашылығы
су тоғандарын (учаскелерiн) бекiтiп
беру бойынша конкурс өткiзу
ережелерi және конкурсқа қатысушыларға
қойылатын бiлiктiлiк
2002 жылғы 10 сәуiрдегi N 408 Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесi және басқалар.
Антропогендiк әсерден (өзендер арналарын реттеу және басқа да шаруашылық iс-әрекеттер) болатын залалдың орнын толтыру мақсатында республикада республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорындар болып табылатын құнды балық шабақтарын (бекiрелер, тұқы, сазан, дөңмаңдай, ақ амур, ақсаха балық түрлерiнiң дернәсiлдерiн) өсiрумен және оларды табиғи су қоймаларына жiберумен айналысатын 7 балық питомнигi, 2 уылдырық шашу-өсiру шаруашылығы, 2 бекiре балық өсiру шаруашылығы және Қазақ өндiрiстiк-жерсiндiру станциясы жұмыс iстейдi. Жыл сайын жiберiлетiн балық шабақтары мен дернәсiлдерi 143,6 миллион дананы, соның iшiнде Каспий теңiзiне жiберiлген бекiре шабақтары 6,0 миллионнан астам дананы құрады.
Қазақстан Республикасының Қазақстанның кез келген облыстарында тауарлық балық өсiрудi дамытуға, бекiре өсiрудi қоса алғанда, зор мүмкiндiктерi бар, бiрақ оның дамуына кедергi келтiретiн бiрқатар себептерге байланысты аталған бағыт бүгiнгi күнге дейiн дамымай отыр.
Қазiргi таңдағы ескiрген технологияның пайдаланылуын, халықаралық ынтымақтастықтың төмен деңгейiн ескерсек, республикадағы тауарлық балық өсiру мен балық қорларын молайту балық саласының бiр бөлiгi ретiнде өте нашар дамыған.
Тауарлық балық өсiру көлемi күрт төмендеуiнiң негiзгi себептерiне арнайы жемдердiң, тыңайтқыштардың, дәрiлiк препараттардың, электр энергиясы, су ресурстары мен жердi пайдалану құнының жоғары болуын жатқызуға болады, сондай-ақ республика аумағына балық отырғызу материалдарын (балықтардың дернәсiлдерi мен шабақтары және басқалар) және жемдiк ағзаларды тасымалдау кезiндегi жоғарғы кедендiк бажды жатқызуға болады.
Балық шаруашылығы комитетi құрылған мезеттен бастап Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 29 желтоқсандағы N 1344 қаулысымен бекiтiлген 2004 - 2006 жылдарға арналған балық шаруашылығын дамыту бағдарламасын iске асыру шеңберiнде аумақтық органдарды материалдық-техникалық жарақтандыру әлдеқайда жақсартылды, алайда аумақтық органдарды одан әрi жарақтандыру қажеттiгiн атап өту қажет. Ихтиологиялық мониторингтi жүзеге асыру үшiн құрылған қызметтер арнайы зертханалық құрал-жабдықтар және қажеттi өлшеулердi, бақылаулық аулаулар мен шабақтарды құтқару жұмыстарын жүргiзуге арналған жабдықтармен қамтамасыз етiлмеген.
Қазақстан Республикасының балық шаруашылығын дамытудың мақсаты табиғи су тоғандарының биоресурстарын қорғау, өсiмiн молайту және ұтымды пайдалану арқылы балық шаруашылығы кешенiнiң тұрақты қызмет етуi негiзiнде саланың бәсекеге қабiлеттiгiн арттыру, тауарлық балық өсiрудi дамытуға жағдайлар жасау болып табылады. Осымен бiр мезгiлде экспортқа шығарылатын балық өнiмдерiнiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн Еуроодақ мемлекеттерiнiң стандарттарына сай келетiн бәсекеге қабiлеттi өнiм шығаруды қамтамасыз ету және балық шаруашылығы кешенiн басқару құрылымын оңтайландыру үшiн жағдайлар жасалуы қажет.
1.2 Еліміздегі бекіре тұқымдас балықтарға жалпы сипаттама
Мекендеу ареалы Жердің бүкіл Солтүстік шарын алып жатсада бұл бағалы кәсіптік маңызы бар балықтардың дүниежүзілік қорының басым көпшілігі Каспий теңізінің бассейнінде және Азов пен Қара теңізде шоғырланған. Ең коммерциялық маңыздылары үш түрі, олар-орыс бекіресі, шоқыр және қортпа, бұлардың ауламы бүкіл бекіре тұқымдастардың 90%-ын құрайды.
Орыс бекіресі, шоқыр және қортпаның ең басты кәсіптік аулау ауданы Каспий теңізі, бұнда бүкіл бекіре тұқымдастардың, шамамен, 90% ауланады. Каспийдің, Ресейлік бөлігінде ең маңыздысы Еділ-Каспий ауданы, олар бүкіл Каспий бекіре тұқымдастарының 80,1% береді; Қазақстанда Орал-Каспий ауданы, бұнда 17,3%, ал Кура-Терек ауданы 2,6% береді.
Р.П.Ходоревскаяның (1997) байқауынша Еділ-Каспий ауданында бүкіл Каспий бекірелерінің ішінде орыс бекіресінің 60-70%, шоқырдың 30-35%, қортпаның 5-7% ауланады.
Қортпаға және орыс бекресі мен шоқырға екінші кәсіптік аулау негізінде, солтүстік-батыс жағы, Дунай (Румыния) атырауы маңында және Азов теңізі (Украина). ФАО статистикасы бойынша, КСРО күйреуіне дейін, жылдағы бекіре тұқымдастар ауламы 1527 т шамасында болған, яғни дүниежүзілік ауламы 6% - төмен.
Осы үш коммерциялық ең маңызды түрлерінің басқа Касрий, Азов, Қара теңіз бассейндерінде парсы бекіресі мекендейді, ол қазіргі заманда сирек кездесетін түрлерге жатады, оның қорын «қауіп төнген» деп сипаттайды. Өзендерде және өзендердің тұщыланған жерлерінде сүйір мекендейді, оны аулауға Ресейдің балық жерлерінде тиым салынған.
Бұл түрлердің кәсіптік маңызы жоқ, бірақ олардың Каспий және Азов, Қара теңіз бассейнінде мекендейтіні, осы су қоймаларының жалпы осы аймақтың Жер бетіндегі бекіре тұқымдастарының түр-түрлігін сақтаудағы өте маңыздылығын көрсетеді.
Қортпа - Huso huso L (түрдің биологиясы мен таралуы). Қортпа-бекіре тұқымдастарының ең ірі түрі болып саналады. Ауламдарды жасы жүзден асқан, салмағы мың жарым тонна шамасында тіркелген особтар кездескен. Әдетте, өзенге уылдырық шашуға келген балықтардың орта есеппен, ұзындығы 230-270см, салмағы 90-120кг аралығында, аталықтарының ұзындығы әр жылдарда 180-нен 220 см-ге дейін барады, салмағы 60-90кг аралығында. Соңғы жылдары қортпаның уылдырық шашуға келетін табындарында жасару және ұсақталу тенденциясы байқалып жүр, ауламдарда 12-14 жас, салмағы 50-70кг, аталықтары 8-10 жас, салмағы 35-50кг, ал бұрыннан (Никольский, 1950) еділ бекіресінің аналықтары 16-23 жасында пісіп жетіледі, ал, аталықтары 12-18 жасында деген пікір болатын.
Никольский (1950) мәліметтері бойынша Дон өзенінде аналықтар 16-17 жасында, аталықтары 14-15 жасында жыныстық жетіледі. Оралда аналықтар -18-20 жас, аталықтар 14-15 жас, Құра өзенінде аналықтар 18-30, аталықтар 16-25 жас.
Еділ қортпасының абсолютті өсімталдығы, орта саннан 855мың уылдырыққа тең (min-224мың, max-7100мың); Орал қортпасында - 738мың (221-3200). Құра қорпасында абсолютті өсімталдық 329-2790 мың, Донда – 360-4200; салмағы 1000 кг-нан астам қортпада 200кг уылдырық болады, яғни 7 млн-нан астам уылдырық.
Қортпа Каспий, Қара, Азов және Адриатикалық теңіздерін мекендейді. Бұл анадромды түр, ол сол теңізге құйылатын өзендерде уылдырық шашады. Каспий теңізінде негізгі уылдырық шашатын өзен болып Еділ есептелінеді, бірақта популяцияның кейібір бөліктері Орал және құра өзендеріне кіреді. Олар, Каспий жағаларының оңтүстік жағалауында Сефид-Руд және Горган өзендерінде де байқалады «Иран). Жекелеген особтар Қара теңіздің Кавказ жағалауындағы өзендерге де кіреді, олардың ішінде, Риони өзені. Қара теңіз бассейнінде уылдырық шашу популяциялары Дунай, Днестр, Оңтүстік Бут, Днепр өзендеріне кіреді және шығыс жағалауындағы өзендерге де кіреді. Азов теңізінен қортпа аталықтары Донның төменгі ағысына миграциялайды, жеке особтары Кубань өзенінде байқалған. Адриатикалық теңізде жекелеген особтары Венецияның Солтүстік жағында және По өзенінің төменгі жағында байқалған.
Бүкіл мекендейтін ареалдарында анадромды миграциялары өте ұқсас. Миграция мерзіміне байланысты көктемдік және күздік расалар арасында айырмашылық болады (Берг,1948). Көктемдік раса, әдетте, уылдырық шашу жүрісін ерте көктемнен бастайды, жаздың ортасы мен соңында нағыз қарбалысы болып қоңыр күзде мүлдем аяқталады. Ал күздік раса сол жылы уылдырық шашпайды, олар өзенде қыстап шығып келесі жылы ғана уылдырық шашады.
Еділде қортпа, басым көпшілігінде, күздік расаға жатады. Олар Еділге күзде келеді - тамыз аяғынан желтоқсанды қоса. Көктемдік раса дегенмен кездеседі, олар еділге көктемнің ертесімен өзенді мұз басып жатқанда жүре бастайды. Қортпаның ең белсенді жүрісі наурыз-сәуір және қыркүйек-желтоқсан айлары, яғни күздік расаның жүрісі көктемдік расаның жүруіне айналған кезеңдері. Оралда да көктемгі және күздік расалар мекендейді. Күздік раса өзенге жазда немесе күзде кіреді, өзен арнасында шұңқырларда қыстап шығып уылдырықты келесі жылдың наурыз-сәуір айларында ,өзеннің орта ағысында шашады. Көктемдік раса өзенге ерте көктемде көтеріле бастап, мамыр айында Орал атырауында уылдырық шашады.
Құрада, негізінен, ерте көктемдік раса мекендейді, олар өзенге қыстың ортасында келіп көктемнің ертесінде уылдырық шашады. Көктемдік расалар әдетте күздіктерден ұсақтау келеді. Екі раса болуының биологиялық маңыздылығы уылдырық шашу ауданын толық игеру: жоғарыда, яғни теңізден алшақ орналасқан, уылдырық шашу жерлеріне балық қыстап барып жетеді, ал төмен орналасқан уылдырық шашу жерлеріне балық бір ретте жетеді.
Информация о работе Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы