Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2014 в 11:30, доклад

Краткое описание

Республика халқының болжанып отырған өсуiн ескере отырып және ғылым ұсынған норманы (бiр адамға 14,6 кг) басшылыққа ала отырып, халықтың балық және балық өнiмдерiне қажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн балық аулауды, тауарлық балық өсiру мен балық импортын жылына 272,0 мың тоннаға дейiн жеткiзу қажет.
Тұтастай алғанда, консервiленген өнiмдердi қоспағанда, шығарылған балық және балық өнiмдерiнiң экспорты жекелеген ұстанымдар бойынша импорттан асып түседi.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ӘДЕБИ ШОЛУ
1.1 Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы
1.2 Еліміздегі бекіре тұқымдас балықтарға жалпы сипаттама
1.3 ЖСАҚ-да бекіре тектес балық түрлерін өсіру биотехникасы
1.4 Су аэрациясы
1.5 Судың сутектік потенциалы, судың сілтілігі және қаттылығы
1.6 Айналмалы сумен қамтамассыз ету қондырғыларында суды дайындау жолымен ауруларды алдын- алу
1.7 ЖСАҚ-ны су қалдықтарынан тазарту
2 ӨЗІНДІК ЗЕРТТЕУЛЕР
2.1 БШҒЗ ортылығының сипаттамасы
2.2 Судың гидрохимиялық режимін зерттеу
2.3 Сүйрікті азықтандыруда қолданылатын шетелдік және отандық құрама азықтарды салыстыру
2.4 Сүйрік шабақтарының ЖСАҚ-да өсу динамикасы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Вложенные файлы: 1 файл

общий.docx

— 703.40 Кб (Скачать файл)

Бұның арқасында түр популяциялық гетерогенділікке ие болады да қортпаның тіршілік үшін күресіне үлкен әсер береді.

Қортпа 7-150С температурасында уылдырық шашады, эмбриогенезі 7-170С аралағында жүреді.

Кейбір мәлеметтерге  қарағанда, личинкаларының сырғуы тоқтаусыз жүреді. Басқа мәлеметтерге қортпаның төлі, белгілі бір мезгіл өзенде тұрып,т кейін теңізге сырғиды. Каспий теңізінде қортпаның негізгі жайылымдары солтүстік жағында орналасады. Каспий теңізінің өзінде де маусымдық миграциялар байқалады, көктем мен жазда көпшілігінде солтүстік жағында шоғырланады, яғни негізгі жайылымдарда, ал күзде және қыста теңіздің ортаңғы  және оңтүстік бөліктерінде байқалады.

Популяция жағдайы. Әдебиетте қортпа популяциясының жалпы саны туралы мәліметтер жоқ. Ең көп популяциясы Еділ –  аймғында мекендейді,бұнда жалпы ауламның 80,1% қамтамасыз етеді (Власенко,1966). А.В.Левиннің (1996) тұжырымы бойынша соңғы жылдары Еділ өзеніне уылдырық шашуға енген популяция 8-9 мың жетілген особтардан тұрады,олардың ішінде аналықтары  20-24% құрайды. Бұл жерде айта кету керек, бұндай баға беру үшін сенімді әдіс әлі күнге дейін жоқ. Капий теңізінде құйылатын басқа өзендерден ешқандай мәлімет жоқ деуге болады,бірақ олардың саны (Власенко,1996; Левин 1996) өте аз деген пікір бар.

Кәсіптік аулау мөлшері азайғаны, олардың популяциясы  азайып келе жатқаның көрсеткіші. Ең  көп деген Еділ – Каспий аймағында ауламы 2650т (орташа, 70-і жылдары ) 1993 ж 460 т-ға дейін төмндеп қалды, яғни, 5,8 есе (Паспопов, 1993). Одан қалды, балық аулау барысында, қазіргі заманда жыныстық жетілмеген балықтарда құрып келеді. (Распопов,1990 және  1993). Ең үрей туғызатын фактіге олардың табиғи көбею денгейі қысқаруы, ол Волгоград бөгетін салғаннан бастап әлі күнге дейін созылып келеді, ең бастысы барлық уылдырық шашу өзендерінің ластануы. Ресей Федерациясының және аздап Иранның балық өсру зауыттарында қортпа ең интенсивті түрде қолдан көбейтілетін балық болып қала берседе, қоры азайып келеді. И.А.Баранникованың (1995) көрсетуінше Ресей жағындағы 1993 ж. алуанған балықтардың 91% балық өсіру зауыттарындағы шығарған төлдерінен өскен.

Азов және қара теңізде жағдай бұданда мүшкіл, 1993 ж. ауланған балықтардың 100% қолдан өсірілген балық, яғни бұнда бұл балық қорлары тек қана қолдан көбейту арқылы сақталып келеді (Баранникова және басқалары,1995).

Түрдің экожүйедегі рөлі. Қортпа - бекіре тұқымдастарының ішіндегі ең ірі балық, ұзындығы 6м, салмағы 1000кг баруы мүмкін (Берг,1948). Бірақ, қазіргі заманда бұндай экземплярлар кездеспейді. Тіркелген ең ірі жас - 118жас (Бабушкин,1964), бірақта бұданда қәрі балықтар кездесуі мүмкін деген пікір бар.

Қортпа - жыртқыш балық, ол басқа балықтарға және омыртқалыларға жастайынан аңшылық жасайды. Пироговский әріптестерімен өсіп келе жатқан қортпа қарынынан алынған 30-дан астам балық тізімін келтіреді.

Қортпа төлінің тағамы, басым көпшілігінде, омыртқасыдардан тұрады (ұлулар, жоғары сатыдағы шаянтәріділер). Өсе келе тағамында балықтың маңызы ұлғая түседі. Каспий теңізінде ересек балықтардың тағам құрамы орта есеппен - 33,2%; шабақ балық - 4,1%; тұқылар - 15,6%; теңіз тікентерілілер - 1,0%, омыртқасыздар - 1,29%. Ірі особтарда итбалық төлдері де кездеседі.

Қортпаның ең интенсивті азықтану кезеңі жаз айларына келеді. Өзенде жаздық балықтар онша қоректене қоймайды, күздіктер қорегі жоғарылау, бірақ, дегенмен теңізге қарағанда төмен. Қортпа жем болуы тек ең даму кезеңінің ертесінде болады. Уылдырық пен личинкаларды көп деген мөлшері шоқыр және язь, көксерке, берш, жайын балықтарға жем болады (Гинзбург,1972).

Ал, еңді қортпа популяциясымен осындай экологиялық байланыстағы балықтар популяциясына әсер тиетінің айту қиын.

Орыс бекіресі - Acipenser gueldenstadti Brandt ағылшынша Russian sturgeon ossetra (түрдің биологиясы мен таралуы). Орыс бекіресі Каспий, Қара және Азов теңіздерін мекендейді. Бұл анадромды түр, осы теңіздерге құйылатын өзендерде уылдырық шашады. Каспий теңізінде маңызды өзен Еділ, бірақ Орал өзеніне де миграциялайды. Орыс бекіресінің кейбір аталықтары Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауында кездеседі, атап айтсақ Самур, Құра, Ленкоран және Астера өзендері. Ал, Каспийдің Ирандық аудандарындағы, атап айтқанда Сефид-Руд, Горган және Бабол өзендерінде, бекіре түрлерінің таксономиялық статусын анықтау қажет (Власенко және басқалары, 1989). Бұл авторлардың көрсетуінше бұл өзендерде, негізінде, парсы бекіресі кездеседі, ал орыс бекіресі бар-жоғы туралы нақты дәлел жоқ.

Каспий және Қара теңіз бассейндегі анадромды миграциялары өте ұқсас, миграция мерзімі бойынша жаздық және күздік расаларын бөлуге болады (Власенко және басқалары,1989). Жаздық расасы уылдырық шашу миграциясын көктемнің ертесінен бастап, сәуір-маусым айларында уылдырық шашады, жаздың ортасы немесе соңында миграция қарбаласына жетеді (уылдырық шашу өзендеріне жазғы жүрістегі күздік раса енеді), миграцияның әбден тоқталуы қоңыр күзде байқалады. Күздік раса өзенге енген жылы уылдырық шашпайды, олар қыстап келесі жылы бірақ шашады. Кейбір авторлар (Власенко және басқалары,1989) орыс бекіресінің анадромды емес тұщы сулы формасы болатының көрсетеді. Бірақта, қазіргі заманға шейін жетпеген шығыр деген пікір бар.

Бірінші рет уылдырық шашуға еділ бекіресі көпшілігінде – аталықтары 12-16 жасында, аналықтары 15-20 жасында барады.

Оралда орыс бекіресінің жыныстық жетілуі өте созылмалы келеді: аталықтары 8-10 жастан 15-16 жасқа дейін, аналықтары 13-тен 18 жасқа дейін, Құра бекіресі 8-12 жасында пісіп жетіле бастайды (аталықтары), 15-17 жаста аналықтары.

Дон және Кубань өзендерінде ең көп кездесетіндері 10-14 жасты аталықтары мен 15-19 жастағы аналықтар.

Әр түрлі популяцияда орыс бекіресі аналықтарының өсімталдығы әр түрлі келеді (Никольский,1950):

Еділдік – 59-754 мың уылдырық

Құралық – 84-837 мың уылдырық

Оралдық – 60-890 мың уылдырық

Донның – 90-450 мың уылдырық

Құбанның – 87-820 мың уылдырық

Популяциясына байланысты орыс бекіресі 8-250С температурасында уылдырық шашады:

Еділдің ерте жаздық – 9-120С

Кешкі жаздық – 20-250С

Жазғы жүрістегі күздік – 8-110С

Күзгі жүрістегі күздік – 8-150С

Сарыуызбен қоректенетін мерзімі - 8-10 тәулік, аралас қоректенуі 5 тәулікке дейін. Қорегі аз өзендерден (Құра) личинкалар тез сырғып кетеді, ал Еділде, азық қоры мол болғандықтан, сырғуы бәсенді келеді. Кейбір особтар өзенде жылдан астам мекендеуі мүмкін.

Бекіре төлі теңіздегі жайылымға өзен ағысымен түседі. Каспий теңізінде негізгі жайылымдар солтүстік жағында шоғырланған.

Каспий теңізінде бекіре де қортпа сияқты, маусымдық миграция жасайды: көктем мен жазда басым көпшілігі Каспидің солтүстік бөлігінде орналасады, ал, күзде және қыста мигрциясы орталық және оңтүстік бөліктеріне бас алады (Баранникова және басқалары,1995).

Популяция жағдайы. Қазіргі кезде орыс бекіресі популяциясының абсолюттық санын анықтау өте қиын. Ең ірі популяциясы Еділ-Каспий бассейнінде орналасады. А.В. Левиннің (1996) байқауынша Еділ өзеніне уылдырық шашуға кіретін соңғы жылдарғы популяциясы 120-150 мың ересек особтардан тұрады, ал жасы 8-25 жас аралығында. 28 жастан  ересек балықтар өте сирек кездеседі. Осы жерде айта кету керек, санына баға берудің әлі күнге дейін әдіс жоқ. Каспий теңізіне құйылатын басқа өзендерден де бұндай мәліметтер жоқ, бірақ, кейбір авторлар байқауын (Власенко және б.,1989;Власенко ,1996; Левин ,1996) олардың саны аз.

Қара және Азов теңізін де, Каспиймен салыстырғанда, орыс бекіре популяциясы аз (Власенко және б.,1989). С.П.Воловик әріптестерімен (1993) байқауынша 80-і жылдары Азов теңізінде бекіре тұқымдастарын  популяциясын  шамамен ешкім анықтамаған.

Орыс бекіресінің ауламы төмендеуі, жалпы популяциясының төмендеу көрсеткіші . Популяциясы ең көп деген Еділ –Каспий аймағындаа уламдар 1981 жылғы 13400 тоннадан 1995 жылы  4150 тоннаға дейін төмендеген, яғни 3,2 еседен астам (Левин ,1995). А.В.Левиннің (1996) бағалауынша Еділдегі ең ірі уылдырық  шашар популяциясы соңғы жылдары 500-600 мың особтан 120-150 мыңға түсіп қалған.

Бұл балыққа да Волгоград бөгнттің әсері қатты тиді. Ресей Федерациясында мүмкін Иранда орыс бекіресі қолдан өсіру бағдарламасына кіріп отырсада, популяциясы азая түседі.

И.А.Баранникованың (1995) пікірі бойынша, Каспий теңізінін Ресей жағындағы 1993 ж, бүкіл ауланған орыс бекіресінің шамамен, 36-40% зауыт текті. Ал, Азов –Қара теңіз аймғында жағдай одан да мүшкіл, 1993 ж орыс бекіресінің 60% дейін зауыттардан шыққаны белгілі болып отыр(Баранникова және б.,1995).

Нашарлаған  орта әсерінен орыс бекіресінің репродуктивті  жүйесінің гамето және гонадогенезінде неше түрлі бұзылыстар байқалады. В.В.Шагаева әріптестерімен (1993) көрсеткеніндей 1990 ж. Еділдің төменгі жағында зерттелген орыс бекіресінің уылдырықтары 100%-ы  аномалия көрсеткен, ал балық өсіру зауытының да табиғи ортадан алған личинкаларда 100%-ы өмірге қабілетсіз болып шыққан. 1990жылы Азов және Қара теңізінде бекіре тұқымдастарының жаппай қырылуы байқалған, ол тікелей қоршаған орта әсері, олар орыс бекіресінің шағын популяцияларына да әсерін тигізгені ықтимал. Осы мәліметтерге сүйене келіп, кейбір эксперттер популяцияның әрі қарай төмендеуін жорамалдайды. А.В.Левиннің (1995) байқауынша, қолдан көбейту техникасының бекіре тұқымдар қорын сақтауда үлкен әсер бергенін ескерте тұрып, табиғи ортадағы шығынның ортасын толықтыра алмайтынын көрсетеді.

Орыс бекіресі популяциясының таралу ареалының кішіреуі барлық уылдырық шашатын өзендегі бөгет құрылыстары әсерін беріп тұрғаны күмән туғызбайды.

Каспий бассейнінде аналықтар Еділмен тек Волгоград  бөгетіне дейін , Құрада Ваварин су қоймасына, ал Оралмен тек Орынбор қаласына дейін миграциялайды (Власенко ж.б. 1989). Терек өзенімен олар Қарғалы бөгетіне дейін ғана барады. Қара теңіз және Азов бассейндерінде анадромды миграция Дунай, Дон, Құбан өзендеріне жүреді, бірақ оларда неше түрлі бөгеттермен қоршаланып қалған.

Түрдің экожүйедегі рөлі. Орыс бекіресі – негізінде анадромды, түр бірақ кейбір өзендерде аздаған тұщысулы популяциялары байқалған. Балықтың ұзындығы  2,2 - 2,4м, ал салмағы 65- 115кг дейін барады. (Власенко және б.,1989). Аналықтарының орта ұзындығы 153-154см, аталықтарынікі – 133-134см. Аналықтарының салмағы  14-28кг аралығында, ал аталықтары 6-15кг. Бұрындары орыс бекіресі 48 жасқа дейін баратын, қазіргі заманда 38 жаспен шектеледі.

Орыс бекіресі, басқа бекіре тұқымдас түрлер сияқты бентософагті түрлерге жатады. Қоректену спектрі оның мекендейтін ауданына байланысты болады, негізінен, ұлулардан (креветка,краб ж.б.), хирономида личинкалары және тасбас, анчоус сияқты ұсақ балықтардан тұрады(Власенко,1989). Төлдерінің қорегі –хирономида личинкалары, ұсақ шаянтәрізділер.

Өрістегі балық өзенде мүлдем қоретенбейді,т ал сырғығындар өте аз қоретенеді.

Уылдырық шашу алаңдарында орыс бекіресі уылдырығының көп деген мөлшері шоқыр, тасбас, табан балық, густера және тортаға  жем болады. Ағыспен  миграцияланған личинкалар мен жас балығы майшабақ, қортпа төлімен, қылышбалықпен желінеді. Орыс бекіресі популяциясының төмендеуі осы айтылған санына қандай әсер тигізетіні белгісіз.

Шоқыр - A. stellatus Pallass ағылшынша Stellate sturgeon, Sevruga Star sturgeon, Starry stugreon (түрдін биологиясы мен таралуы). Шоқыр Каспий, Азов, Қара  және теңіздерін мекендейді (Шубина және б, 1989)

Өрістегі аналықтардың орта көлемі 130-150см аталықтары 90-130см, аналықтар салмағы 11-13кг, аталықтары -8кг дейін.

Құра өзеннің шоқырын жеке жүйелік топқа бөледі(Никольский,1950). Ол солтүстік Каспийлік шоғырынан әлде қалай баяу өседі, кеш жетіледі және өсімталдығы төмен, Еділ, Оралда шоқыр аталықтары 9-12 жасында аналықтары  11-15 жасында пісіп жетілсе құрадағылар: аталықтары - 11-13, аналықтары -14-17 жасында.

Ең тез пісетіні Азов шоқыры, ең баяуы - Құра шоқыры. Шоқырдың әр популяциясын өсімталдығы келесідей:

Еділдікі  - 92-633 мың уылдырық

Оралдықы - 80- 650 мың уылдырық

Құранікі - 35- 360 мың уылдырық

Дондікі  - 70 - 350 мың уылдырық

Құбандікі - 50- 380 мың уылдырық

Анадромды түрлерге жатады, уылдырық шашуға сол теңіздерге құйылатын өзендерге кіреді. Шоқырдың ең шоғырланған жері Каспий теңізі, одан Еділ, Орал, Терек, Судак, Самур және Құра өзендеріне көтнріледі. Каспийдің оңтүстігіндегі Сефид-Руд және Горган өзендеріне кіреді.

Азов теңізінен уылдырық шашу популяциялары Днепр, Буг, Дунай  өзендеріне миграциялайды. Кейбір особтары Түркиядан оңтүстік жағалауында (Қара теңіз ), бәлкім, Қызыл - Ырмақ, Есіл - Ырмақ өзендеріне кіреді, бірақ онда уылдырық шашуы екі талай.

Эгей және Анрнатикалық теңіздеріне жекелеген особтары қана кездеседі, олардың ішінде уылдырық шашатын популяция болуы күдік туғызады.

Барлық мекендерінде анадромды миграциялары өте ұқсас.Миграция мерзіміне  байланысты жаздық және күздік расалары кездеседі (Шубина және б,1989). Жаздық раса уылдырық шашу миграциясын көктемнің ертесінде де бастайды, жаздың ортасы немесе аяғында қарбаласына жетіп әрі қарай күздік расаның миграциясы басталады, соңы қоныр күзбен аяқталады.

Бұл балықтар өзенде қыстап келесі жылы көбейеді. Орал мен Еділге жаздық расалар, көбінесе сәуір-мамыр, ал күздіктері тамыз-қыркүйек айларында пайда болады. Құрада басым көпшілігі жаздық шоқырлар, олар уылдырық шашуға наурыз-маусым айларында келеді, бірақта аздаған күздік формалары да кездеседі, олар өзенге қыркүйек соңы қазанда көтеріледі.

Информация о работе Қазақстан Республикасы балық шаруашылығың қазіргі жағдайы