Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Сентября 2015 в 16:21, курсовая работа

Краткое описание

Еліміз тәуелсіз даму жолына түскен сәттен бастап, қоғамда болып жатқан құбылыстар білім беру мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыту күннің көкейкесті мәселесі. Оның маңызды факторы – баланың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыратын оқу барысын жолға қою. Қазіргі білім беру саласындағы күрделі міндеттердің бірі – қабілеті жоғары, талантты және дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау жасау арқылы Қазақстан Республикасының интелектуалды потенциалын қалыптастыруға үлес қосу. Бұл – қоғам мүддесінен туындап отырған әлеуметтік сұраныс. Дарындылық – табиғаттан берілетін ерекше қабілет.

Содержание

Кіріспе

Талантты және дарынды балаларды тану бағдары
Таланттылық және дарындылық ұғымының мән-мағынасы және даму тарихы
Талантты және дарынды балаларды анықтау әдістемесі

2. Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі.
2.1. Талантты және дарынды балаларды ағылшын тілінде оқытудың маңызы мен ерекшеліктері
2.2. Ағылшын тілі сабағында талантты және дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

диплом сиякты.doc

— 314.00 Кб (Скачать файл)

Мазмұны:

 

Кіріспе

 

  1. Талантты және дарынды балаларды тану бағдары
    1.   Таланттылық және дарындылық ұғымының мән-мағынасы және      даму тарихы
    2. Талантты және дарынды балаларды анықтау әдістемесі

 

2.  Ағылшын тілінде  талантты және дарынды оқушылармен  жұмыс жүйесі.

          2.1. Талантты және дарынды балаларды ағылшын тілінде оқытудың маңызы мен ерекшеліктері

          2.2. Ағылшын тілі сабағында талантты және дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен түрлері

 

Қорытынды

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Еліміз тәуелсіз даму жолына түскен сәттен бастап, қоғамда болып жатқан құбылыстар білім беру мазмұнына елеулі өзгерістер әкелді. Оқушыны жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыту күннің көкейкесті мәселесі. Оның маңызды факторы – баланың ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін қалыптастыратын оқу барысын жолға қою. Қазіргі білім беру саласындағы күрделі міндеттердің бірі – қабілеті жоғары, талантты және дарынды оқушыларды анықтап, оларға қолдау жасау арқылы Қазақстан Республикасының интелектуалды потенциалын қалыптастыруға үлес қосу. Бұл – қоғам мүддесінен туындап отырған әлеуметтік сұраныс. Дарындылық – табиғаттан берілетін ерекше қабілет. Өмір сүретін орта, берілетін білім мен тәрбие осы ерекше қабілеттің одан әрі дамуына көмектеседі немесе оны мүлде өшіреді. Дарындылық – көпқырлы. Ағылшын ғалымы Ж.Рензуллидің анықтамасы бойынша: «Дарындылық – бала бойындағы интелектуалдық , шығармашылық қабілеттің және табандылықтың болуы». Дарындылықты анықтау – өте күрделі процесс. Ол дәрігерлік-психологиялық және педагогикалық шаралар арқылы жеке тұлғаның болашақтағы табыстарын үздіксіз бақылау маақсатында жүргізіледі. Талантты және дарынды оқушыларды анықтау үшін өзара тәуелді үш көрсеткішке назар аударылады. Олар: дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан ерекшелігі, физикалық тұрғыдан ерекшелігі және әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі. 

          Зерттеудің  өзектілігі: Таланттылық және дарындылық дегеніміз не? Сирек кездесетін жеке-дара қасиет пе немесе  әлеуметтік шындық па?   Және дарынды балаларға қалай қарау керек?  Олар ерекше бағыт пен еркеше даму,  көзқарасты қажетсіне ме? Таланттылық және дарындылық көптеген балалар үшін,  ата-ана мен мұғалімдер үшін әлі де жұмбақ күйінде қалып отыр.  Қалың көпшілік қауым үшін маңызды проблема болып,  ең алдымен оның шынайы белгілері,  анықталу тәсілдері,  дамуы мен әлеуметтік жүзеге асуы болып табылады.  Талантты және дарынды балалар жөніндегі бүгінгі қамқорлық  -  бұл ертеңгі ғылым,  мәдениет пен әлеуметтік өмірдің дамуы туралы қамқорлық.  Қазіргі таңда  мұндай ерекше балаларды анықтау тәсілдері,  өз қабілеттерін жүзеге асыруға көмек беру   бағдарламалары бар.

Дегенмен,  дарынды және талантты балаларды анықтау және дамыту мәселесі бүгінгі күні де бар,  балалардың өз дарындылығы мен оны шығармашылық тұрғыда жүзеге асыруда жеке жауапкершілікті түсінуде әлі де проблема бар.

Зерттеудің тақырыбы: Талантты және дарынды балаларды ағылшын тіліне оқытудың ерекшеліктері

Зерттеудің мақсаты: Ағылшын тілі сабағын оқыту кезеңінде талантты және дарынды балаларды анықтау ,балалар бойындағы таланттылық және дарындылық қабілетін жетілдіру жолдары және оқыту мен тәрбиелеудің ерекшелігін нақтылау, әрі жүйелеу.

Зерттеудің міндеттері:

    1. Талантты және дарынды балалардың ақыл-ой ерекшеліктерін және жеке қасиеттерін анықтау.
    2. Ағылшын тілі сабағында талантты және дарынды оқушыларды оқытудың әдіснамалық және теориялық негізін анықтау , зерттеу.
    3. Талантты және дарынды балалармен жұмысты жүйелілікпен деңгейлеу және оқыту процесін тиімді ұйымдастыру;
    4. Қабілеттілікті дамытуға арналған тапсырмалар арқылы балалардың қызығушылығын, тапқырлық, ұстамдылық әрекеттерін, ойын ұштай келе, қиялын дамытып, баланы өз бетімен жұмыс істеуге икемдеу.

Зерттеу теориялық - әдіснамалық негіздері:  Зерттеу жұмысының ғылыми теориялық негізі ретінде ғылыми – педагогикалық, әдістемелік еңбектердегі «Стрела» (Әртүрлі тапсырмалар беру, диолог, шағын әңгіме құрастыру оқушының танымдық білімін толықтыру) әдісі, ынталандыру және әсерлендіру (Сөз қолданыстағы жауапкершілікті сезіну. Аудиовизуалдық танымды меңгеріп, оны тұтына білуге жаттығу, сөздіктерді пайдалана білу) әдісі, «таланттылық» және «дарындылық» ұғымына берілген анықтамалар мен пікірлер, ой тұжырымдары, көзқарастары негіз ретінде алынды.

Зерттеу обьектісі: Ағылшын тілі сабақтарында талантты және дарынды балалардың қабілетін арттырудағы әдіс – тәсілдер.

Зерттеу әдістері:

    1. Балалардың таланттылығын және дарындылығын бақылау.
    2. Дарындылық деңгейлерін анықтайтын әдістемелер кешені.
    3. Зерттелетін мәселе жөніндегі әдебиеттерді зерделеу, салыстыру, талдау, бақылау,

            4. «Стрела» әдісі, «Бумеранг» әдісі. (рольдік ойындар құрастыру, іскерлік ойындар ұйымдастыру, оқушының зейін- зердесін танымдық мәнге аудару)  

         Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы: Жұмыста қарастырылған нәтижелер  талантты және дарынды оқушыларды ағылшын тіліне оқытуда қолдануға болады. Зерттеу жұмысының негізгі компоненттерін жинақтап, әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынуға болады. Зерттеу жұмысының нәтижелерін талантты және дарынды балаларға арнайы семинар сабақтарында қолдануға болады. Жұмыстағы өзекті мәселелер әдістеме саласында өз септігін тигізеді. 

Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Талантты және дарынды оқушыларды анықтау үшін өзара тәуелді үш көрсеткішке назар аударылады. Олар: дарынды оқушының ішкі сезімі жағынан ерекшелігі, физикалық тұрғыдан ерекшелігі және әлеуметтік тұрғыдан ерекшелігі. Дарындылық үш бағытта анықталды: интелектуалды дарындылық,  шығармашылық дарындылық, лидерлік дарындылық. Ағылшын тілі сабағы барысында талантты және дарынды балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастырудың шығармашылық әдіс –тәсілдері анықталды.

Жұмыстың құрылымы : Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қосымша мен әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Талантты және дарынды балаларды  тану бағдары

 

1.1 Таланттылық  және дарындылық  ұғымының мән-мағынасы мен алғышарттары  және зерттеу тарихы.

     Бүгінгі таңда дарынды және талантты бала сөзі жиі қолданылып жүр. Дарындылық—адамның өз бейімділігі, шығармашылықпен жұмыс істеуі арқылы қалыптасатын қасиет. Қазіргі таңда барлық оқушы дарынды оқушы. Бұл қасиетті байқап, оның бар екеніне көзжеткізіп, бойындағы дарынын одан әрі өрбітуге, ұштауға, арман асуларын жұлдыздай жарқырап, тау бұлағындай мөлдіреп, халқының, ата-анасының мақтанышы болуға мүмкіндік жасау мұғалімге артылатын жүк. 

Елімізде дарынды балаларды іздестіру мен олардың қабілетін дамытудың мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 1998 жылы Республикалық «Дарын» ғылыми – практикалық орталығы құрылып, республикадағы дарынды балалармен жұмысты басқарумен айналысады. Білім беружүйесін реформалау дарынды балаларды арнайы мектептерде ғана емес, жалпы орта білім беретін мектептерде де жүзеге асыруды міндеттейді. Сондақтан, дарынды және талантты баланы дамыту мәселесі қоғамдық маңызды проблема болып отыр. 

      Дарындылық –  баланың алғырлығы, зерделігі, қабілетімен  дамып отыратын үздіксіз процесс  болғандықтан, айрықша табиғи қабілеті  мен нақты пәндерден ерекше дарындылығы бар балалардың интеллетуалдық қабілетін дамыту, шығармашылық тұлғаларды қалыптастыру.  Дарындылықты қалыптастыру мен дамытуда мұғалімнің алар орны ерекше. Осы орайда білім алушының қабілетін айқындай отырып, дарындылығын анықтау - баланың  даму  бағдарын талдауымен  байланысты  ұзақ процесс. Осы тұрғыда алдымен дарындылық ұғымын анықтап алсақ. «"Дарындылық" ұғымы "сый" ("дар") деген сөзден шыққан, дамудың  алғышартын білдіреді. Бұл ұғымға педагогикалық энциклопедияда теменгідей анықтама беріледі. "Дарындылық - белгілі бір іс-әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі" делінсе, « Талант» (гр. талантон — бастапқыда салмақ, өлшем, кейіннен ауыспалы мағынада — қабілеттер деңгейі) — қабілеттердің ең алдымен, арнайы қабілеттердің дамуының биік деңгейі. Таланттың болуы туралы адам қарекетінің принципті жаңалығымен, бірегейлігімен ерекшеленуге тиіс нәтижелеріне қарап айтуға болады. Адамның таланты айқын қажетсінушілік пен шығармашылыққа бағытталып, әрқашан белгілі бір қоғамдық талап-тілектерді бейнелейді. Осы себепті адамның талантының дамуында оның дүниетанымы, қоғамдық позициясы орасан зор рөл атқарады. «Талант - қандай да бір іс-әрекеттің, әсіресе табысты, дербес түрде шешілуіне жағдай жасайтын аса үздік қабілеттіліктердің ұштасуы»

Дарындылық интеллектуалды дамудың мәселелері бұрыннан ойшыл ғалымдарды толғандырған. Осы тақырыпқа арналған ғылыми еңбектер жетерлік. Бүгінгі таңда дарынды және талантты балалар мәселесін зерттеуге қатысты философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерде маңызды ой-пікірлер жинақталған. Адам баласы бойындағы ерекше қасиеттерді жөніндегі идеялар ертедегі грек философтардың еңбектерінде, қайта өрлеу дәуірі ғалымдарының және алдыңғы қатарлы әр елдің озық ойлы педагогтарының еңбектерінде қарастырылған. ХІХ ғасырда орыс революционер демократтары дүниені танып-білуде, оның дамуына мүмкіндік тудыратын интеллектуалдық қабілетіне көңіл бөледі. К. Д. Ушинский «ақыл-ой дегеннің өзі жақсы ұйымдастырылған білім жүйесі. Оқушының оқу процесінде ақыл-ойды дамыту мен тәрбиелеудегі ең негізгі дидактикалық шарт- мұғалім мен оқушының оқу барысындағы еңбегінің дұрыс болуы мен жүйелі жинақталуында» - деп нақтылаған.

      ХІХ ғасырдағы  қазақ халық ағартушылары да  халықты сауаттандыру, жеке тұлғаның қабілетін, дарындылықты дамыту мәселелерін көтере бастады. Қазақтық аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің (1841-1889) демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзкарастарынан айқын көрінеді. Бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ, балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге, оқу құралдарын жазуға, тәлімгер-ұстаз дайындауға, оларға ғылыми әдістемелік басшылық жасауға, өз кезеңіндегі қазақ халкының қоғамдық өміріндегі саяси-әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып, жазуға жұмсады. Ы. Алтынсарин «Табиғи ақыл өзін қоршағанды құшағына ала алса, оны дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын тек қана өркениетке жетелейтін озық білім» деп, бала дарындылығын туа біткен кездегі қасиетін дамыту негізімен байланыстырған.

Қазақ халкының ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбайұлының поэтикалық шығармалары мен қара сөздері педагогикалық ой-пікірлерге толы. Табиғаттық санадан тыс, тәуелсіз өмір суруі, өмір ақиқатының түйсікпен қабылдануы, адамдар жаратылысының бірдей еместігі, ғылымның ақылмен, жан құмарымен алынатындығы оның көрінісі екендігін ұғындырып отырған.

А.Құнанбаев  адам бойындағы мінезді сынай отырып, оған ерекше түсінік беріп өткен. «Жетінші қара сөзінде» «Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі - ішсем, жесем, ұйықтасам деп туады. Бұлар - тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі - білсем екен демекпен . Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып қарап, тамағына, бетіне басып қарап, сырнай-керней болса, дауысына ұмтылып, онан ержетіңкірегенде ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да тұра жүгіріп, «ол немене?», «бұл немене?» деп, «ол неге үйтеді?» деп, «бұл неге бүйтеді?» деп, көзі көрген, құлағы естігеннің бәрін сұрап, тыныштық көрмейді. Мұның бәрі - жан құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен деген». Міне, Абайдың айтып отырған баланың білуге деген құштарлығын, талабын дамытуда жеке ерекшелік қасиетін ескере отырып біліммен, іскерлік, дағдымен ұштастыра отырып танымдық ой-өрісін дамыту ең алдымен, ата-анаға содан кейін білім беретін орындарға жүктелетін міндет. ХХ ғасырдың бас кезіндегі көрнекті қайраткерлер еңбектерінде бала тәрбиесі мен ерекшелігін қабілетіне қарай қалыптастыру жайттары сөз болған. Жалпы, ХХ ғасырдың бас кезі халқымыздың рухани-мәдени тарихындағы қиындығы мен қайшылығы мол күрделі кезең еді. Бұл кезең халқымыздың ұлттық оянуының, демократиялық мәдениетінің өсіп-өркендеуінің, зиялылықпен ілгерілеуінің, әлемдік деңгейдегі ой жарыстыруының, көркем өнер салыстыруының көрініс бере бастаған тұсы болатын. Осы кезеңде қазақтың көрнекті қайраткерлері болашақтың дамуы білім берудің дұрыс екендігін ұғынып, халықты білімге шақырған болатын.

  Алаш қозғалысының қайраткері, 20-шы ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі М. Дулатов «Туысында қанша зеректік болса да  - ғылымсыз, тәрбиесіз кемеліне жетпейді. Кімде-кім өзін табиғатында не нәрсеге шеберлік барлығын сезініп, өз жолына түссе ғана, көзге айнытпай сала білсе, жақсы жазушы да адамның ішкі сырын, мінезін, әдетін бұлжытпай көрсете біледі, оқығанда – көріп тұрғандай боласың »- деп, дарындылықтың бір қырын зеректік екендігін ашып көрсеткен болатын. 

Қазақтың көрнекті жазушысы, қазақ әдебиетін қалыптастырушылардың бірі  Жүсіпбек Аймауытов «Неғұрлым баланың қабілеті мен талантын дамытуға көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық ашуға мүмкіндік туады. Бала бойындағы ерекше қасиеттерді, оған жақын жасы үлкендер жігерін ескеру қажет». Қазақ әдебиетіндегі аса ірі тұлға Мағжан Жұмабаев жеке тұлға тәрбиесін интеллектуалды қабілетпен тығыз байланыста қарастырған. Мағжан «Педагогика» еңбегінде баланы оқыту мен тәрбиелеу жолдары жан-жақты сараланған.

Елімізде психология және педагогика саласында оқушы жеке тұлғасын қалыптастыруда маңызды бірқатар зерттеулер орындалған: оқу процесін жетілдірудегі ұлттық дүниетаным, қазақ халқының тәлім-тәрбиелік тағылымдарын пайдаланудың өзекті мәселелері, оқыту қызметін тәрбиелік іс-шаралармен сабақтастырудың жаңаша сипаты С. Ж. Пралиев, Л.К.Керимов,  Р.К.Төлеубекова; Қ.Б.Бөлеев, Қ.Б.Жарықбаев, С.А.Ұзақбаева, Қ.Шалғынбаева, С.Ғаббасов  сынды ғалымдар еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.

Балалар дарындылығын, таланттылығын зерттеумен және ерекше балаларды оқыту және тәрбиелеудің психологиялық- педагогикалық жақтарын қарастыру қырлары әр қилы болуы тиіс. Қазіргі күнде ерекше қабілетті балаларды іріктеп, олардың әрі қарай дамуы үшін жағдайлар жасауы керек екендігі анық. Себебі, баланың қабілеттері мен таланттарын толық ашу өзіне ғана емес, мемлекетке де қажет болып табылады. Жаңа технологияларды практикаға енгізу және игертудегі сапалы қадамның салдарынан қоғамның стандартты емес ойлау қабілетіне ие, өндірістік және әлеуметтік өмірге, жаңа мазмұн енгізетін, болашаққа қатысты жаңа міндеттерді қойып, оларды шеше алатын мамандарға деген қажеттілік өсті.

Дарынды балаларды қалай тануға болады? Белгілі зерттеуші Н.С.Лейтес қабілетті балалардың 3 категориясын анықтап берді.

Бірінші категория – ой - өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.

Екінші категория – жеке бір іс-әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.

Үшінші категория – дарындылық күш – қажырымен ерекшеленетін оқушылар.

Информация о работе Ағылшын тілінде талантты және дарынды оқушылармен жұмыс жүйесі