Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2012 в 01:19, реферат
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — бұл елдер арасындағы сауда қатынастарын халықаралық ережелер көмегімен реттейтін халықаралық ұйым. Осы ережелердің негізгі мақсаты елдерді ашық және либералды сауда саясатын жүргізуге қолдау болып табылады.
ДСҰ 1948 жылдан бері халықаралық саудадағы негізгі принциптер мен ережелерді анықтайтын Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің негізінде (ГАТТ) құрылған. Бұдан басқа ол саудадағы және оны либерализациялаудағы өзара кедергілерді жою мақсатында көпжақты саудалық келіссөздер раундтарын мезгіл-мезгіл жүргізуге арналған болып қызмет еткен*.
Дүниежүзілік сауда
ұйымы
Орналасқан орны: Женева қ, Швейцария
Құрылған күні: 1 қаңтар 1995 жыл
Құрылды: Уругвай раунды келіссөздерінің нәтижелері бойынша (1986–94)
ДСҰ мүшелері: 153 ел.
Бюджеті: 2008 жылға 185 млн. швейцар франкі.
Хатшылық: 625 адам
Басшысы: Паскаль Лами Бас директор.
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — бұл елдер арасындағы сауда қатынастарын халықаралық ережелер көмегімен реттейтін халықаралық ұйым. Осы ережелердің негізгі мақсаты елдерді ашық және либералды сауда саясатын жүргізуге қолдау болып табылады.
ДСҰ 1948 жылдан бері халықаралық саудадағы негізгі принциптер мен ережелерді анықтайтын Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің негізінде (ГАТТ) құрылған. Бұдан басқа ол саудадағы және оны либерализациялаудағы өзара кедергілерді жою мақсатында көпжақты саудалық келіссөздер раундтарын мезгіл-мезгіл жүргізуге арналған болып қызмет еткен*.
ДСҰ — бұл бір жағынан әрі ұйым, әрі халықаралық тауарлар саудасы мен қызметтер саласында үкіметтің құқықтарын және міндеттерін белгілейтін көпжақты сауда келісім-шарты, құқықтық құжаттар кешені.
ДСҰ-ны
құру туралы келісім «шатыр тәрізді» құжат
болып табылады, оған мыналарды реттейтін
27 заң құжаттары қоса берілген: (1) халықаралық
тауарлар саудасының кең ауқымды мәселелері;
(2) қызмет көрсетулер саудасы және (3) интеллектуалдық
меншік құқығының саудалық аспекттері.
Жекелеген келісімдер сауда дауларын
шешу тәртібін және ДСҰ-ға мүше
Министерлік конференция — ДСҰ-ның жоғарғы органы, ДСҰ көпжақты келісімдерінің мәні болып табылатын барлық мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы. Әдетте Конференция екі жылда бір рет шақыралады.
Министрлік конференциялар сессияларының арасында қажет болған жағдайда (жылына 8–10 рет) ағымдағы және процедуралық мәселелерді шешу үшін ұйымға барлық қатысушылар өкілдерінен, әдетте ДСҰ-ға мүше елдердің елшілері мен делегация басшыларынан тұратын Бас Кеңес шақырылады.
Бас Кеңестің басқаруында Сауда саясатын шолу жөніндегі орган мен Дауларды шешу жөніндегі орган бар.
Бұдан
басқа, Бас кеңеске Министрлік конференция
бекітетін: сауда және қоршаған орта
Министрлік
конференция (немесе Бас кеңес) өкілеттілік
мерзімі 3 жылды құрайтын ДСҰ-ның Бас директорын
тағайындайды. Қазіргі кезде Бас директор
Паскаль Лами болып табылады, ЕО сауда жөніндегі бұрынғы
Бас кеңес ДСҰ-ның мына иерархиясында тұрған үш кеңеске функцияларын жібереді: Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес, Қызмет көрсету саудасы жөніндегі кеңес және Интеллектуалдық меншіктің құқық аспектілерінің саудасы жөніндегі кеңес. Осы кеңестердің шегінде ДСҰ-ның барлық мүшелеріне мүшелікке көптеген ашық мамандандырылған комитеттер мен жұмыс топтары құрылған.
Тауарлар саудасы жөніндегі кеңес ДСҰ принциптерін сақтау және тауарлар саудасы саласындағы 1994 жылғы тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің орындалуына бақылауды жүзеге асыратын мамандандырылған комитеттердің қызметіне басшылық етеді.
Қызмет көрсету саудасы жөніндегі кеңес қызмет көрсету саудасы жөніндегі Бас келісімнің орындалуына бақылауды жүзеге асырады. Оның құрамына Қаржылық қызмет саудасы жөніндегі комитет және кәсіби қызметтер жөніндегі жұмыс тобы кіреді.
Интеллектуалдық меншік құқықтары саудалық аспектілері жөніндегі кеңес Интеллектуалдық меншік құқықтары саудалық аспектілері жөніндегі келісімнің орындалуын жүзеге асырудан басқа, жалған тауарлардың халықаралық саудасымен байланысқан дау-дамайдың туындауының алдын алу мәселелерімен-де айналысады.
Бас директор басқаратын ДСҰ-ның хатшылығы ДСҰ-ның атқарушы органы болып табылады. ДСҰ хатшылығы, басқа халықаралық ұйымдарының осындай органдарынан айырмашылығы олар шешім қабылдамайды, өйткені осы функция мүше елдердің өзіне жүктеледі. Хатшылықтың негізгі міндеттері — әртүрлі кеңестер мен комитеттерге, сондай-ақ Министрлік конференцияға техникалық қолдауды қамтамасыз ету, дамушы елдерге техникалық көмек көрсету, әлемдік саудаға талдау жасау мен қоғам және бұқаралық ақпарат құралдарына ДСҰ-ның ережелерін түсіндіру болып табылады. Хатшылық сондай-ақ дауларды шешу процессінде құқықтық көмек көрсетудің кейбір формаларын қамтамасыз етеді және ДСҰ-ға мүше болғысы келетін елдердің үкіметіне, ақыл-кеңес береді.
ДСҰ-ның кез-келген мүше елі барлық кеңестерге, комитеттерге және т.б., Дауларды шешу жөніндегі органға кіретін Апелляциялар жөніндегі орган мен Дауларды шешу жөніндегі жұмыс тобы, сондай-ақ қатысушылар саны шектеулі келісімдер жөніндегі комитеттерден басқасы қатыса алады.
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде ДСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2005 жылғы 11 желтоқсандағы соңғы мәлімет бойынша оған 149 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина (соңғысы 2008 жыл 5 ақпанында қабылданды) бар. ДСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды, яғни Ресейді қоспағанда бүкіл дүниежүзілік нарықты қамтып отыр деуге болады. Және Қазақстанды қосқанда 30-ға жуық ел осы ұйымға кіру ниеттерін білдірді, олар бүгінгі таңда бақылаушы мәртебесіне ие.
ДСҰ басты міндеті — іркіліссіз халықаралық сауда-саттықа мүмкіндіктер жасау. Дамыған елдердің бастамасымен құрылған аталған ұйым халықаралық саудада экономикалық өсім мен адамдардың тұрмыс тіршілігін көтеруге ықпал етеді деп есептеледі. Бүгінгі таңда әлемдік сауда жүйесі негізгі бес ұстанымға сәйкес келуі тиіс:
— Саудада еш кемсітушіліктің болмау шарты, яғни бірде-бір мемлекет қайсыбір мемлекетке экспорт пен импортқа шектеушілік қоюға құқығы болмайды;
— Сауда кедергілерін азайту, немесе қайсыбір елдің нарығына шетелдік тауарлардың келуіне кедергі келтіретін факторларды жою, оларға бірінші кезекте кедендік алымдар мен импорттық квоталар жатады, басқаша айтқанда импортқа қойылатын көлемдік шектеулер;
— Тұрақтылық пен сауда шартының алдын-ала болжамдылығы, бұл шетелдік компаниялар, инвесторлар мен үкіметтер қолданыстағы сауда шарттарының кенеттен және бір тараптың еркімен өзгерілмейтініне кепілдік береді;
— Халықаралық саудадағы бәсекелестікті ынталандыру, яғни түрлі елдер фирмаларының тең құқықты бәсекелестігі үшін «әділетсіз» тәсілдерді жою, оған экспорттық субсидиялар (экспортшы-фирмаларға мемлекет демеушілігі), жаңа сату нарықтарын иелену мақсатында демпингтік бағаларды пайдалану;
— Жоғары дамымаған мемлекеттер үшін халықаралық саудада жеңілдіктер жасау. Нақ осы бап жоғарыда көрсетілген ұстанымдарға кереғар келеді, алайда ол әлемдік шаруашылыққа осал дамыған елдерді тарту үшін қажет болды. Бұл елдер алғашқы кезеңде дамыған мемлекеттермен бәсекелесе алмайтыны айдан анық, сондықтан да нашар дамыған елдерге ерекше жеңілдіктер қарастыру «әділетті» болар деп есептеледі.
Қазақстан
Үкіметі ДСҰ-ға кіру — елдің сыртқы
экономикалық саясатындағы басымды
бағыттардың бірі деп біледі. Қазақстанның
ДСҰ-ға кіру жөніндегі жұмысшы топқа
осы ұйымның 38 мемлекеті кіреді,
сонымен бірге нарыққа
Келіссөздер Женевада орналасқан ДСҰ Хатшылығында көпжақты және екіжақты негізде жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда қазақстандық делегация төрт негізгі бағыттар бойынша келіссөздер жүргізуде:
— Тауарлар
рыногіне шығу келіссөздері ұйымға кіргеннен
соң Қазақстан пайдалануға
— Қызметтер нарығына шығу туралы келіссөздердің мақсаты қазақ нарығына шетелдік жеткізіп берушілердің шығу шарттары болып табылады;
— Ауыл шаруашылығына қатысты арнайы көп жақты келіссөздер, тарифтік аспектіден бөлек, ауыл шаруашылығын іштен қолдау білдіру мен экспорттық субсидиялардың мөлшерін келісуді көздейді;
— ДСҰ қатысушысы ретінде өз міндеттемелерін орындау үшін заңнамада қолдануға тиіс шараларды анықтау мақсатында жүргізіліп отырған жүйелік мәселелер бойынша келіссөздер;
Бүгінгі таңда, Грузия, Пәкістан, Түркия, Оман Сұлтанаты, Корея, Жапония, Куба, Мексика Қырғыз Республикасымен екіжақты келіссөздердің аяқталуы туралы Хаттамаларға және ҚР Индустрия және сауда министрлігі мен Мысыр Араб Республикасының Индустрия және технологиялық даму министрлігі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. ҚР мен ДСҰ арасындағы ынтымақтастықтағы маңызды оқиғалардың бірі 2004 жылғы тамыздағы ДСҰ Бас хатшысы С.Паничпакдидің Қазақстанға сапары болды. Осы тұста айта кетер бір жай ДСҰ басшылығы әдетте бір елге арнайы сапар ұйымдастырмайды, қалыптасқан тәжірибе бойынша бірнеше мемлекетті аралап шығады. Осы сапардың барысында ұйым басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен, елдің бірқатар министрлерімен кездесіп, ДСҰ келісімдерінің міндеттемелерін қабылдау жөніндегі Қазақстанның ортақ ұстанымын түсінісуге қол жеткізілді.
Қазіргі кезде Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесі маңызды сатыда тұр. Келіссөздер жүргізу тұрғысында Қазақстан үшін бес мемлекет, атап айтқанда, АҚШ, Еуропалық Одақ, Канада, Аустралия және Болгария ең маңызды болып табылады. Келіссөздер процесінде уағдаластыққа жету қиыншылықтары тауарлар мен қызметтер нарығына шығуда көп жағдайда олардың нақты коммерциялық мүддені қозғамайтын, тіпті еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін әсіреқатаң талаптар қоюынан туындауда. Аталған проблемаларды реттеу үшін Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер мен ресми кездесулер кестесі әзірленді. Бұл тұрғыда Сыртқы істер министрлігінің шетелдік мекемелері де ДСҰ мүшелері болып табылатын жеке елдерге саяси ықпалды күшейтуге барлық мүмкіндіктер жасауда.