Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2012 в 01:19, реферат
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — бұл елдер арасындағы сауда қатынастарын халықаралық ережелер көмегімен реттейтін халықаралық ұйым. Осы ережелердің негізгі мақсаты елдерді ашық және либералды сауда саясатын жүргізуге қолдау болып табылады.
ДСҰ 1948 жылдан бері халықаралық саудадағы негізгі принциптер мен ережелерді анықтайтын Тарифтер мен сауда жөніндегі Бас келісімнің негізінде (ГАТТ) құрылған. Бұдан басқа ол саудадағы және оны либерализациялаудағы өзара кедергілерді жою мақсатында көпжақты саудалық келіссөздер раундтарын мезгіл-мезгіл жүргізуге арналған болып қызмет еткен*.
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)
Гаити • Албания • Ангола • Антигуа мен Барбуда • Аргентина • Аустралия • Баңладеш • Барбадос • Бахрейн • Белиз • Бенин • Біріккен Араб Әмірліктері • Боливия • Ботсуана • Бразилия • Бруней • Буркина-Фасо • Бурунди • Венесуела • Виетнам • Габон • Гайана • Гамбия • Гана • Гуинея-Биссау • Гуинея • Гренада • Гүржістан • Гуатемала • Джибути • Доминика • Доминикан Республикасы • Екуадор • Әрменстан • Еуропа Одағы1 • Жаңа Зеландия • Жапония • Жамайка • Замбия • Зимбабуе •Исландия • Исраел • Швейцария • Камбоджия • Камерун • Қатар • Канада • Кения • Колумбия • Конго Демократиялық Республикасы • Конго Республикасы • Коста-Рика • Кот-д-Ивуар • Куба • Кувейт • Құрама Штаттар • Қырғызстан • Қытай • Лесото • Лихтенштейн • Мағрибия • Мадагаскар • Макао • Македония • Малайзия • Малауи • Мали • Малдивтер • Маурики • Мауритания • Мексика • Мианма • Мозамбик • Молдова • Моңғолия • Мысыр • Нигерия • Намибия • Непал • Нигер • Никарагуа • Норвегия • Оман • Гондурас • Оңтүстік Африка • Оңтүстік Корея • Орталық Африка Республикасы • Панама • Папуа Жаңа Гвинея • Парагуай • Пәкістан • Перу • Пилипинес • Руанда • Салуадор • Сауд Арабиясы • Сент Винсент және Гренадиндер • Сент Киттс және Невис • Сент Лусия • Сенегал • Сиерра-Леоне • Сингапур • Суазиланд • Сүлеймен Аралдары • Суринам • Таиланд • Тайуан • Танзания • Ташад • Того • Тринидад пен Тобаго • Тунисия • Түркия • Уганда • Үндінезия • Үндістан • Уругуай • Иордан • Фиджи • Хорватия • Чили • Шәңғаң • Шри-Ланка •
Д Еуропа
Одағының барлық жиырма жеті мүше елі
БСҰ-ға өз алдына мүше болып енген:
Алмания • Аустрия • Белгия • Бұлғарстан • Грекия • Дания • Естония • Ирландия • Испания • Италия • Швеция •
Қыбыр • Құрама
Патшалық • Латвия • Литуания • Лүксембор • Мажарстан • Малта • Недерланд •Польша • Португалия • Румыния • Словакия • Словения • Финландия • Франция • Чехия
Халықаралық
сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы
орны мен ролі
Көп жақты және екі жақты ынтымақтастық
үшін қолайлы жағдайлар жасау және осы
бағытты келісімдеу мақсатында көптеген
халықаралық, соның ішінде үкіметаралық
және үкіметтік емес ұйымдар пайда болды.
Халықаралық ұйымдар сауда тосқауылдарын
жою бойынша маңызды мәселелерді шешеді,
мемлекеттер арасындағы кең тауарайналымына
және валюталардың тұрақтандырылуына
жәрдемдеседі, басқа да сыртқы сауда мәселелерін
қарастырады. Олар өзара тәуелді халықаралық
ынтымақтастықтың күрделеніп келе жатқан
сипатына жауап қайтару үшін және әр мемлекет
пен оның субьектісіне халықаралық қызметке
қатысудың өз мүмкіндіктерін пайдалануға
жәрдемдесу мақсатында құрылған.
«Римдік шарттардың» күшіне енуінен бұрын
Батыс Еуропада ЕЭЫҰ-дың (Еуропалық экономикалық
ынтымақтастық ұйымы) барлық 17 мемлекеттерін
қамтитын еркін сауда зонасын құру әрекеті
сәтсіздікке ұшырады. Еуропалық еркін
сауда ассоциациясын (ЕФТА) құру туралы
келісім бір жағынан, ЕЭЫ карым-қатынастарының
жағдайын келіссөздерде жақсартуға жәрдемдесу
үшін, ал басқа жағынан, он жыл бойы толық
жұмыспен қамтылу және өмір деңгейін кедендерді
ликвидациялау және өнеркәсіптік тауарларға
көптеген шектеулер енгізу арқылы жақсартуды
қамтамасыз ету үшін күшіне енді. ЕЭЫ-ға
қарағанда сауданың кез-келген либерализациясы
ұлттық кедендік автономдылықты сақтау
арқылы жүзеге асуы керек.
Еуропалық еркін сауда ассоциациясы кең
экономикалық және саяси интеграцияға
ұмтылмағандықтан, оның жеке құқықтық
реттеулері жоқ және ол минимум мүшелерден
құралады. Ең жоғарғы орган ЕФТА кеңесі
болып табылады, онда әр елдің бір даусы
болады. Бұл кеңес шарттардың қолданылуын
және орындалуын бақылайды. Сонымен қатар
ол қатысушы елдер ассоциация мақсаттарын
жүзеге асыруды қолдау үшін келесі қадамдарды
жасау керек пе, соны тексереді. Бұдан
басқа жеті тұрақты комитеттер бар (мысалы,
сауда және кедендік эксперттер). ЕФТА
секретариаты Женевада орналасқан. Оны
бас директор мен оның орынбасары басқарады.
ЕФТА-дан шығу өтінішті бергеннен кейін
12 ай өткен соң ғана мүмкін.
Бірқатар елдер үшін ЕФТА Еуропалық одаққа
кірудің бастапқы қадамы болады.
«Глобализация» тенденциясы (сауда немесе
нарық) блоктарды құру тенденциясына айналды,
ал бұл Еуропадағы болашақ экономикалық
блоктардың одан әрі оқшауланғаның білдіреді.
Бұл жерде әсіресе АСЕАН, НАФТА және МЕРКОЗУР
маңызды болып табылады.
АСЕАН бұл-оңтүстік-шығыс азия мемлекеттері-Индонезия,
Филлипин, Малайзия, Сингапур және Тайланд
қоғамдастығы, ол 1967 жылғы Бангкоктағы
декларация бойынша құрылды. 1984 жылы оған
Бруней мен Вьетнам қосылды. Қоғамдастықтың
мақсаты бірлескен индустриалды саясат
арқылы экономикалық дамуға жәрдемдесу.
1992 жылы АСЕАН елдері 2008 жылы 330 млн. жоғары
адамдарды біріктіретін Азиялық еркін
сауда зонасын (АФТА) құру туралы шешім
қабылдады. 1993 жылы шілде айында АСЕАН
елдерінің сыртқы істер министрлері басқа
елдерге қатысты жалпы мүдделерді координациялау
мақсатында жаңа платформа құру туралы
шешім қабылдады. Бұл шешім батыстағы
өнеркәсіптік ұлттар-Австралия, Жаңа Зеландия,
Жапония, Канада және бәрінен бұрын АҚШ-қа
тәуелді болуға қарсы бағытталған. Олар
1989 жылы Австралияның инициативасымен
орнатылған азиялық-тынықмұхиттық ынтымақтастық
арқылы болашақта үлкен үміт артылып отырған
азиялық-тынықмұхиттық аймақтың дамуына
әсерін тигізуге тырысуда. 1994 жылы Богорда
экономикалық ынтымақтастықты күшейту
және 2020 жылға қарай барлық сауда және
инвестициялық кедергілерді жою туралы
шешім қабылданды.
Солтүстікамерикалық еркін сауда зонасы
Еркін сауда келісімі (ФТА) бойынша пайда
болды, Канадамен инициирленді және АҚШ
пен Канада арасында 1989 жылдың 1 қаңтарында
күшіне енді. 1990 жылдың маусым айында Мексика
оны кеңейту туралы ұсыныс жасады. Үшжақты
келісімдер 1990 жылдың тамыз айында 1994
жылдың 1 қаңтарында Солтүстікамерикалық
сауда келісімінің (НАФТА) күшіне енуімен
аяқталды. Осылай, әлемде 368 млн. адамнан
және сатып алу қабілетінен тұратын көлемі
бойынша екінші нарық пайда болды, оның
сатып алу қабілеті Еуропалық экономикалық
кеңістікпен (ЕВР) тең келді.
МЕРКОЗУР сексенінші жылдардағы Аргентина
мен Бразилияның тығыз ынтымақтастыққа
ұмтылуынан пайда болды. 1990 жылдың 6 шілдесінде
екі елдің президенттері Жалпы нарық құру
туралы актіге қол қойды. Ол күшіне 1995
жылдың 1 қаңтарында ену керек болатын.
1991 жылдың 26 наурызында осы интеграциялық
процесске Парагвай мен Уругвай қосылды.
Келісім оңтүстіктің Жалпы нарығы үшін
(180 млн. адамдай) 1994 жылдың 31 желтоқсанында
кедендерді ликвидациялау және тарифтік
емес сауда шектеулері арқылы тауарлар
мен қызметтердің еркін айналымын, ал
бір жылдан соң капитал айналымының либерализациясын
жұмыскерлердің жұмыс орнын еркін таңдау
мүмкіндігімен бірге қарастырды. Келісім
бойынша жалпы сыртқы кеден құрылып, жалпы
сауда саясаты жүргізілуі керек. Келісімді
жүзеге асыру мақсатында Жалпы нарық Кеңесінің
басқарушы мүшесі және Жалпы нарық тобының
атқарушы мүшесі құрылды. 11 техникалық
жұмысшылар топтары және Монтевидеода
орналасқан басқарушы секретариаты бар.
Келісімнің атаққұмар мақсаттары жартылай
тек 1994 жылдың аяғында ғана орындалды.
Шындығында, 1995 жылдың 1 қаңтарында Жалпы
нарық әлі құрылған жоқ болатын, тек толық
жетілмеген көптеген шектеулері мен қосымша
келісімдері бар кедендік одақ болды.
Колониализм дәуірінің аяқталуымен БҰҰ-ның
Генералды Ассамблеясында дамушы елдердің
саны айтарлықтай өсті. Бірақ олардың
ГАТТ-қа әсер етуі шамалы болды, себебі
үшінші әлем елдері (66) Шығыстық блок елдерімен
одақтасып әлемдік сауданың социалистік
бағыттары бойынша жаңа ретін құруды талап
етті.
Қортынды
ДСҰ-ның жарияланған мақсаты – еркін сауда идеясы мен принциптерінің кең таралуы және экономикалық өсуді стимулдау. Көпшілік еркін сауда адамдардың көпшілігінің өмірін аса көркейте қоймай, тек ауқаттылардың (мемлекет, сондай-ақ тұлғалар) бай өмірін одан ары байыту деп санайды. ДСҰ келісімшарттары бөліктей әділ емес мультиұлттық корпорациялар мен бай елдерге приоритеттілік көрсетеді деп айыпталды.
Сыншылар шағын мемлекеттер ДСҰ-ға аз ықпал етеді деп санайды және негізгі ұсынылған мақсат – дамушы елдерге көмектесу болғанымен, дамыған елдер ең алдымен өзінің коммерциялық қызығушылықтарына көңіл бөледі.Сондай-ақ, олардың тұжырымдарына сәйкес, денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері тұрақты түрде бизнес үшін қосымша льгота пайдасына қарай шешіледі.
Негізінен, ДСҰ қызметі сынға және антиглобалисттер жағынан кінәлаушылыққа жиі ұшырайды.
Қолданылған әдебиеттер
тізімі
3.Т. Исахметов. Основные направления финансового обеспечения аграрного производства Казахстана в условиях вступления в ВТО\\ Экономика и статистика 2005 г. №5.77,78
4.Интернет көзі:
ДСҰ веб сайті- http://www.wto.org/
Жоспар:
1.Дүние жүзілік сауда ұйымы.
2.ДСҰ құру мақсаты.
3.ДСҰ құрылымы.
4.ДСҰ міндеттері.
5.Қазақстан – ДСҰ -ға кіруге міндетті.
6.Халықаралық
сауда ұйымдарының әлемдік экономикадағы
орны мен рөлі.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н.
ГУМУЛЕВ АТЫНДАҒЫ
ЕУРАЗИЯ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
"СТАНДАРТТАУ, МЕТРОЛОГИЯ ЖӘНЕ
СЕРТИФИКАТТАУ
" КАФЕДРАСЫ
Пән:
Стандарттау
Тақырыбы:Дүниежүзілік сауда ұйымы мақсаттары,мәселелері,ұйым ерекшелігі
Тексеруші:Ишанқұлов С.Қ.
Астана 2010