Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 19:03, курсовая работа
Тақараптың өзектілігі. Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………..................................…..3
1 ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ҚҰН
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері....................…....4
1.2 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні….........……...............8
2. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ
2.1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының
жіктелуі.....................………………………………………………..................14
2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау……………………………..........….............17
2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі…........................….20
3. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Еңбек өнімділігін арттыру…………………………………....................….22
3.2. Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту.........................23
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………….......……………......……...26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…….....…………………….....….…27
Мазмұны
КІРІСПЕ……………………………………………………………
1 ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ҚҰН
1.1. Кәсіпорын
шығындары түсінігі және олардың
түрлері....................…..
1.2 Өнімнің
өзіндік құнының қалыптасуы
және мәні….........……..............
2. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ
2.1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының
жіктелуі.....................…
2.2 Өнімнің
өзіндік құнын талдау……………………
2.3. Өнімнің өзіндік
құнының бағаны анықтаудағы
рөлі…........................…
3. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Еңбек
өнімділігін арттыру…………………………
3.2. Өндіріс
процесінде қолданылатын шығындарды
азайту........................
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………......
ҚОЛДАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…….....…………………….....….…
КІРІСПЕ
Тақараптың өзектілігі. Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.
Материалдық құндылықтар өндірісі, тауар саудасы, сонымен қатар қызмет көрсету адамдық, мтериалдық, ақшалай ресурс шығындарын қажет етеді. Бұл қолданылған ресурстар соңында әртүрлі нысанда және көлемде өзіндік құнға негізделеді.
Аталған шығындар, өнім және қызмет көрсетуге аударылған, өзіндік құнға қосылғандар оларды өткізу бағасында өткеріледі. Осылайша, өзіндік құн-кәсіпорында өткізу мақсатында өндірілген өнім мен қызмет көрсетулерге кеткен шығындардың ақшалай түрдегі сомасын көрсетеді.
Өзіндік құн-өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал,
электр энергиясы, амортизациялық жарна, еңбекақы т.б. кіреді. Өзіндік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған жалпы шығын сомасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.
Курстық жұмыстың мақсаты: өзіндік құнның экономикалық негізін ашу және төмендәту факторларын анықтау.
Мақсатты орындау үшін келесі міндеттер қойылды:
-өнімнің
өзіндік құнын қалыптасуын
-өзіндік
өзіндік құнынның жіктелуін
-өзіндік
өзіндік құнынның бағаны
-өзіндік өзіндік құнынның азайту жолдарын ұсыну.
Курстық
жұмыс барсында қарастырылатын
тақырыптар: өндіріс шығындары
және өнімнің өзіндік құныны
түсініктіеріне жалпы сипаттама; өзіндік
құнынын талдау; өнімнің өзіндік
құнын калькуляция баптары бойынша
топтау; өнімнің өзіндік құныны
негізінде өнімге баға белгілеу; өнімнің
өзіндік құнын азайту жолдары.
1
ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ
ӨЗІНДІК ҚҰН
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері
Кәсіпорынның өндірістік шешімдері нарық жағдайлары мен шығындар арқылы анықталады. Өнім көлемінің өзгеруі фирмалардың ұсынатын тауарлардың мөлшері және оның бағасымен байланысты. Өндірістің шығындары бухгалтерлік және экономикалық шығындар болып бөлінеді. Бухгалтерлік шығындар бұл өнімнің өзіндік құнының құрамына кіретін нақты шығындар. Бұлар шикізат, материалдар, жалақы, амортизация, салықтар және т.б. Экономикалық шығындарға барлық шығындар жатады. Соның ішінде кәсіпорынның (фирма) өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдаланбағандағы айқынсыз шығындар. Сонымен экономикалық шығындар – бухгалерлік және балама шығындардан тұрады.
Бухгалтерлік шығындар = нақты шығындар.
Экономикалық шығындар = бухгалтерлік шығындар + балама шығындар
Қысқа мерзім кезеңінде өндірістің жалпы, тұрақты және айнымалы шығындары анықталады.
Жалпы шығындар (ТС) – бұл өндіріске кеткен барлық шығындар және тұрақты, айнымалы шығындардан тұрады.
Тұрақты шығындар (ҒС) - өнім шығару көлемінің өзгеруіне байланысты өзгермейтін шығындар. Бұларға салықтар, жалға беру, төлемдер, сақтандыру, амортизация және т.б.
Айнымалы шығындар (VС) – бұлар өнім көлемі өзгерсе бірге өзгеретін шығындар. Олар шикізатқа, жалақыға, энегияға, транпортқа, материалдарға кеткен шығындар.
Өндірістік шығындарды талдағанда жалпы шығындармен қатар орташа және шекті шығындарды талдаймыз. Өндірістің орташа жалпы шығындары (АТС) өнімнің бір данасын шығаруға кеткен жалпы шығындарды көрсетеді. Бұл шығын өнеркәіпте басқаруға көмектеседі. Бұл шығын арқылы бір өнім өндіргенде келеін пайданы табамыз.
АТС(АС) =ТС/Q (2)
Орташа жалпы шығындарды (АТС) 2 түрге бөлуге болады (АҒС).
а) орташа тұрақты шығындар: АҒС=ҒС/ Q
б) орташа айнымалы шығындар: АVС=VС/ Q
Өндірістің шекті шығыны (МС) жалпы шығындардың өзгеруіне өнім көлемінің өзгеру қатынасына тең болады және өнімнің қосымша данасын шығарғандағы кететін қосымша шығындарды көрсетеді.
МС= ТС/ Q (3)
Өнім шығару көлемі өскен кезде тұрақты шығындар (ҒС) өзгермейді. Сондықтан жалпы шығындардың (ТС) өсуі айнымалы шығындардың (VС) өсуіне тең болады.
МС= VС/ Q (4)
Әр түрлі өндіріс саласы бойынша өнімді өндіру үдерісінде шығындар пайда болады, бұйымды жасау сипатына, жасалған қызметке, технология мен еңбекті ұйымдастыруына байланысты әр түрлі экономикалық маңызы бар шығындардан тұрады. Сондықтан өзінің сандық және сапалық жағынан әр түрлі саланың кәсіпорындарында ғана емес, бір саланың ішіндегі кәсіпорында өзіндік құн бірдей емес.Осындай жағдайда жоспарлау, есептеу, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын талдаудың барлық талабына сай келетін барлық шығындарды саралау қажеттілігі туындап отырады. Әр түрлі кәсіпорындарда өндірілетін біртекті өнімдерге кеткен шығындарды салыстыру үшін, жоспарлаудың әр түрлі сатысында жеке түрлерінің арасындағы шығындардың қатынасын анықтау үшін, сонымен қатар кәсіпорын ішіндегі есепті ендіру үшін шығындарды саралау қажет болады.
Кәсіпорын бойынша өзіндік құнды есептеу кезінде шығындардың экономикалық элементтері бойынша оларды саралау қолданылады. Экономикалық элементтері бойынша шығындар дегеніміз қай жерде және не мақсатпен жұмсалғанына байланысты болмайтын біртекті шығындар түрі. /2/
Саралаудың мәні - өндіріс үдерісінде кейбір шығындар түрінің атқарымдық рөліне негізделген экономикалық біртектілігі бойынша сипатына шек қою болып саналады.
Шығындарды саралау төмендегі түрде жүргізіледі:
Экономикалық элементтері бойынша шығындарды саралау өндіріске қажетті шығындардың сметасын жасауға негіз болады, оның көмегімен өндірістің жұмысы талданылады, оның ішінде өндірістің техникалық деңгейі, еңбексыйымдылығы, еңбек өнімділігі анықталады; кәсіпорынның негізгі және айнымалы қорларға деген қажеттілігі белгіленеді[1, 247б.].
Бірак экономикалық элементтер бойынша шығындарды саралау өнім бірлігінің өзіндік құнын және кәсіпорынның жекеленген бөлімшелерінің шығын мөлшерін анықтауға мүмкіндік бермейді. Бұл үшін баптары бойынша калькуляциялау атты шығындарды басқаша саралау колданылады. Бұл саралаудің мәні шығындардың мақсатты пайдалануы мен пайда болған орны бойынша шектеу болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, кәсіпорын шығындары өндірістің міндетіне қарай топтастырылады, бір түрлі шығындар әр түрлі пайдалануы мүмкін. Сонымен, отын технологиялық мақсатқа, одан басқа жылыту үшін де қолдануы мүмкін, яғни шығындар белгілі бір өнімді шығарумен ғана емес, басқа да мақсаттарда пайдалануы мүмкін. Тап осылайша электроэнергияны да бөлшектеуге болады. Кәсіпорын бойынша еңбекақы негізгі өндіріс жұмыскерлерінің еңбекақысы, көмекші жұмыскерлердің, цехтың және басқару персоналының еңбекақысы болып бөлінуі мүмкін.
Калькуляцияның баптары бойынша шығындарды саралау өзінің ерекшеліктеріне байланысты әрбір өндіріс саласында бір-бірінен айырмашылықтары болуы мүмкін. Сонда да болса қазіргі кезде төменгі баптар бойынша жіктеледі:
-шикізат пен материалдар;
-қайтарылатын қалдықтар (шегеріліп тасталады);
-сатып алынған бұйымдар, жартылай өңделген өнімдер және сыртқы мекемелердің өндірістік сипаттағы қызметтері;
-технологиялық мақсатта қолданатын отын мен энергия;
-өндіріс жұмыскерлеріның еңбекақысы;
-әлеуметтік салыққа аударымдар;
-үстеме шығындар;
-жалпы және әкімшілік шығындар;
-тауарлы-материалдық қорларды өткізу жөніндегі шығындар;
-пайыздарды төлеу жөніндегі шығындар.
Шығындарды баптар бойынша саралау пайда болған орны және әрбір өнім түрлеріне жұмсалған шығындарды бақылап отыруға мүмкіндік береді. Одан басқа, анықталған калькуляциялық бірлікпен шығын мөлшерінің қатынасын анықтауға болады. Шығындардың баптары бойынша өзіндік құнды толық дәлелдеу шығындарды әр түрлі талдамалық топтастыру аркылы жүзеге асырылады. Белгілі бір сипаты бойынша барлық жиынтық шығындарға жүйелі шектеу қоятын жоғарыда көрсетілген саралаулардан бұның бір айырмашылығы - ондай мақсатты алдына қоймайды. Калькуляциялық баптардың көмегімен барлық шығындар екіге бөлінеді, әрқайсысы топтасудың негізі болатын нышанға қатысы бар екенін көрсетеді.
Фирманың шаруашылық қызмет процесінде өндірістік тұрақты шығындар құрылымында қалдық және старттық шығындар туады[1, 248б.].
Қалдық шығындар-өнімді өткізу мен өндірістің тоқтауымен болатын тұрақты шығындардың бөлігі. Неғұрлымшаруашылық қызметінің тоқтау уақыт ұзақ болған болған сайын, соғұрлым қалдық шығыннның көлемі аз. Бұл жағдайда фирмада жұмысшы күшін жалдау мен ғимараттарды жалға беру туралы түрлі шарттар мен келісімдерден құтылу мүмкіндіктері пайда болады.
Старттық шығындар-өндірісті қайта қосумен және өнімді өткізумен байланысты туатын тұрақты шығындардың бөлігі.
Кез-келген кәсіпорын (фима) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады.
Кәсіпорын табысы 2 түрлі көрсеткішке тәуелді болады: өнім бағасы және оның өндірісіне шығындар. Нарықтағы өнім бағасы сұраным мен ұсыным өзара байланысының нәтижесі болып табылады. Нарықтық баға қалыптастыру заңдарының әсерінен еркін бәсеке жағ-