Еңбек өнімділігін арттыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 19:03, курсовая работа

Краткое описание

Тақараптың өзектілігі. Кез-келген кәсіпорын (фирма) өнім өндірісін бастамас бұрын, ол қандай пайда ала-алатынын анықтап алады. Кәсіпорынның өндірістік шешімдері, жұмыстары нарық жағдайлары мен өндірістік шығындар арқылы анықталады. Жалпы түрде өндіріс шығындары және өткізу (өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құны) өнім өндірісі процесінде қолданылатын (жұмыс, қызмет) табиғи ресурстар, шикізат, материал, жанармай, энергия, негізгі қор, еңбек ресурстары және басқа да өнім өндірісіне және өткізуге шығындарды бағалық талдау болып табылады.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………..................................…..3

1 ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ӨЗІНДІК ҚҰН
1.1. Кәсіпорын шығындары түсінігі және олардың түрлері....................…....4
1.2 Өнімнің өзіндік құнының қалыптасуы және мәні….........……...............8
2. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН ТАЛДАУ
2.1 Өзіндік құнды жоспарлау және өнімді өндіру шығындарының
жіктелуі.....................………………………………………………..................14
2.2 Өнімнің өзіндік құнын талдау……………………………..........….............17
2.3. Өнімнің өзіндік құнының бағаны анықтаудағы рөлі…........................….20
3. ӨНІМНІҢ ӨЗІНДІК ҚҰНЫН АЗАЙТУ ЖОЛДАРЫ
3.1. Еңбек өнімділігін арттыру…………………………………....................….22
3.2. Өндіріс процесінде қолданылатын шығындарды азайту.........................23
ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………….......……………......……...26
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…….....…………………….....….…27

Вложенные файлы: 1 файл

Курсова Өзіндік құн.doc

— 249.50 Кб (Скачать файл)

анықтау  және  осы  сияқты  ауытқуларды  азайту  немесе  ысыру шараларын  қабылдау.

      Калькуляциямен  салыстырғанда,  топау  әдісі  көбіне қолданылады,  өнімнің  өзіндік  құнын  құрайтын  шығындар (жұмыс,  қызмет көрсету)  олардың  экономикалық  мазмұнына  сәйкес  келесідей  жалпы бірыңғай  элементтер  топтастырылады:

  • материалдық шығындар (қайтарымды  қалдықтар құны есебімен);
  • еңбекақыға шығындар;
  • әлеуметтік  қажеттіліктерге аударымдар;
  • негізгі   қорларға  амортизация;
  • басқада   шығындар;

      «Материалдық  шығындар»  элементінде  өндіріске, өнім  өндіруге  қажетті  шикізат  пен  материалдың,  жабдықтаушы  бұйымдар  және  жартылай  фабрикаттар,  технологиялық  және  өндірісті қамтамасыздандыратын  жанармай  мен энергияның  барлық  түрі (ғимаратты жылумен қамтамасыз  ету,  көліктік жұмыстар  және  т.б.). Материалдық ресурс   шығындарынан  қайтарымды  қалдықтар бағасы  алынып  тасталынады,  оларға  өнім  өндірісі  процсінде  қалыптасқан  шикізат қалдықтары,  материалдар,  жылу  тасымалдаушылар,  тұтынушылық  қасиетін  толықтай  немесе  біртіндеп  жоғалтқан  бастапқы  өнім  және  соның  негізінде  жоғары  шығындармен  қолданылатын  немесе  тіптен тікелей  мақсатта  қолданылмайтын  шығындар  жатады.

      «Еңбекақыға  шығындар»  құрамына  кәсіпорынның (фирма) негізгі өндіріс  персоналының  еңбекақысына  кеткен  шығындар,  өндіріс  нәтижелеріне  жұмысшылар  мен  қызметкерлерге  сыйақы,  ынталындырушы  және  компенсациялайтын төлемдер,  сонымен  қатар   кәсіпорынның (фирма)  штатында  тіркелмеген,  негізгі  қызмете  жұмысбасты  жұмысшылардың  еңбекақысы  кіреді.

      «Негізгі  қорлар  амортизациясы»  құрамына  негізгі  өндірістік  қорларды    толықтай     қалпына     келтіруге    жұмсалатын     амортизацияық

аударымдар  сомасы,  олардың  баланстық  құныны  бойынша  есептеу  және  нормаларды  орнату,  және  олардың  актив  бөлігіндегі  жеделдетілген  амортизацияны   қоспағанда  аударымдар  кіреді[8,282б.].

      Жоғарыда  кетірілген  шығын элементтері құрамына  кірмеген  басқа барлық  шығындар,  «басқада  шығындар» элементтерінде  көрініс табады.  Олар  салықтар, жинақтар, арнайы  қорлардағы  аударымдар, белгіленген ставка  бойынша несиелік  төлемдер,  іс-сапарларға  кеткен  шығындар,  байланыс  қызметіне төлем  және  т.б.

      Осылайша,  шығындарды  калькуляция  баптары  бойынша  топтау  шығындардың  шығу  орнын  көрсетеді және барлық   тауарлы  өнім, өім  бірлігін  өткізу  және  өндіріске  шығындар  есебі  және  калькуляциясын  жоспарлауға  қолданылады. Ол  көп  жағдайларда  шығындардың  кешендік  баптарын  қамтиды.

      Шығындар  элемінті  бойынша  шығындарды  топтау  экономикалық   элементтерді  олардың  шығу  орны  және  шығындалу  мақсатында   тәуелсіз  өзіне  қосады.   Заң  бойынша  бұлар  тікелей  шығындар.  Нарық  жағдайында  отандық  шаруашылықта  шығындардың  экономикалық  жіктелуі  оңайлатылып  шетел  тәжірибесіне  негізделеді.  

       2.2 Өнімнің  өзіндік  құнын  талдау

      Үш  өндірістік  фактор-еңбек  құралы,  еңбек  заты, еңбектің өзі-өнімнің өндірісі  және  өзінді  құнды анықтайды. 

      Өзіндік  құнды  азайтуды талдауда  осы  негізгі экономикалық  элементтер  арасындағы  шығындар  арқылы  енгізуге  болады.  Бірақ  тәжірибеде  мұндай  талдауды  енгізу қиын,  себебі  шығын  мен  өзіндік  құнның  калькуляциясының  есебі  экономикалық  элементтер   арқылы  емес, ол элементтер  кешенді  түрде  көрсетілетін  шығындар абында  көрсетіледі (мысалы, жалпы  цехтық  шығындар).

      Өнімнің  бірлігіне өзіндік құнды анықтау.

      Өзіндік  құнды  есептеуге қажетті  ақпарат  кәсіпорынның  бухгалтер-

лік  құжаттарынан,  жабдықтаушылар  шоттрынан,  еңбекақы  есептерінен,  материадарды  жіберуге  жарналардан, шығындық  ведомостволардар  және  т.б.  алуға  болады.

      Өнім  бірлігіне  өзіндік құнды  толық  есептеу  алдында  белгілі  уақыт  кезеңіндегі  өнім  өндірісіне  жалпы  шығындарды  білу  қажет.

      Жалпы  шығындар  тікелей  және  қосымша  болып  бөлінеді.

      Тікелей  шығындарға  өнімге  қосылған  материалдар  құны, жұмысшылар еңбекақысы  және  әлеуметтік  сақтандыруларғааударымдар. Бұл  шығындарды  шығарылған  өнім  немесе  өнім  топтарына  тікелей қатысты  қылуға  болады.

      Жанама  шығындар-бұл  фирманың  қызмет етуіне  қажетті  шығындар: құрал-жабдықты ұстау  бойынша  шығындар,  арендалық  төлемдер,  коммуналдық   қызметтің бағасы,  коммерциялық  шығындар,  өнім  өндірісі  процесінде  жұмысбасты емес персоналдың еңбекақысы,  несиелер  бойынша пайыздар  және  т.б.

      Шығындарды  осылайша бөлу  қызмет    түріне  тәуелсіз  әр  типті  кәсіпорында  қолданылады.  Қызмет  түріне  тек  өзіндік  құн  құрылымындағы  тікелей  және  жанама  шығындар  арасындағы  пропорция  ғана тәуелді  болады.

      Өнім  бірлігінің  өзіндік құнын  есептеуге  мысал  ретінде  ТОО «АСЕЛЬ»  фирмасының  бір  батон  өндірісіне  жіберілетін  шығындарды  есептеуі қарастырылады:

Тікелей  шығындар

      1.Шикізат   және  материалдар

      Нанның  бірлігін  өндіруге  қажетті  шикізат  пен  материалдардың  калькуляциясы  кезінде  онымен  байланысты  шығындардың  барлығы  есепке  алынады; мүмкін  болатын  жоғалтулар мен бүлінулер, сонымен   қатар   сәйкес  көліктік  дайындау  шығындары.

         1 кесте -  Өзіндік құнға кіретін материалдық шығынды есептеу

Атауы Саны Бағасы Сомасы
Ұн 0,400 кг 27 тенге/кг 10,80 тенге
Ашытқы 0,010 кг 150 тенге/кг 1,5 тенге
Тұз 0,010 кг 20 тенге/кг 0,2 тенге
Витаминдер 0,005 кг 300 тенге/кг 1,50 тенге
Барлық  шығын     14,00 тенге
Деректер  көзі: [1, 254б.]

       

      2.Тікелей   еңбек

      Тікелей  еңбекті  калькуляциялау  үшін  еңбекақы  туралы  есепті  қарастыру  керек:

      а) Фирмада  6  жұмысшы  бар  делік, олар   өндіріс процесіне тікелей қатысады  және  тариф бойынша жалақы  алады,  қажетті й сайынғы 5000  тенге сомасындағы аударымды қосқанда:

      6 жұмысшы х 5 000 тенге/жұм.орны  = 30 000 тенге/айына

      б) Еңбекақыға  жылдық  шығын  сомасы есептелінеді:

30 000 тенге х 12 ай = 360 000 тенге/жыл

      с) Жұмыс  уақытының  жылдық  қоры есептелінеді:

47 апта  х 41 сағат х 6 жұмысшы = 11 562 сағат

      д) Тікелей  еңбектің  бір  сағаттық  бағасы  есептілінеді:

360 000 тенге/ 11 562 сағат = 31,14 тенге-сағат

      е) Нанның  бір  батон  өндірсіне  қажетті  уақыт  0,1 сағат  болса,  өнім  бірлігіне  кеткен  тікелей  еңбек  бағасын  аламыз:

0,1 сағат  х 31,14 тенге/сағат = 1,868 тенге = 3,1 тенге

      Енді  өнім  бірлігіне  тікелей  шығынды  есептеуге  болады:

      Материалдық  шығындар                                             14,0 тенге

      Тікелей  еңбек                                                                3,1  тенге

             Тікелей  шығыдардың  барлығы  / өнім бірлігіне       17,1 тенге

Жанама  шығындар

      Бұл  шығындардан  басқа  фирманың  шығындары  болады, оларға: құал-жабдықты     алуға,    пайдануға   және    жөндеуге    шығындар,   өндіріс 

алаңының  арендасы,  канцеляриялық  шығындар,  коммерциялық  шығындар  және  т.б.

      Келер  жылдағы  шығындар  келесідей  дерлік:

      Ғимарат  арендасы                                     120 000

      Құрал-жабдық амортизацияы                   10  000                            

  Құрал-жабдықты  пайдалану                     5   000

      Басқада персонал еңбекаысы                    15  000

      Коммерциялық  шығындар                        6  000

      Банк  несиесіне  кредиттер                        35  000

      Жанама  шығындардың  барлығы            191 000

      Инфляция   кезінде  тікелей  және  жанама  шығындарды  инфляция  пайызына  көбейту  қажет.  Егер  инфляция   жылына  15 %  болса, онда:

      өнім  бірлігіне тікелей  шығындар  17,1 х 115% =19,67 тенгені құрайды

      жанама  шығындар 119 000 х 115%  = 219 650 тенге

      Шығындар  соммасы  өнімді  өткізу бағасына  қосылу  жолымен  өткерлуі тиіс.  Өнімнің  бір  түрлі  өндірісі  жағдайында өткерілу  өте  оңай  жүреді, бұл  кезде  мүмкін  болатын  шығын сомасы  мүмкін  болатын  өнім  өндірісіне  бөлінеді. Жоспарланған  кезеңдегі  өнім  өндірісі   құрал-жабдықтың  еңбек  өнімділігі,  жеткізілетін  шикізат көлемі,  өткізу  нарығы және т.б.  сияқты  көптеген  көрсеткіштердің  есебін  бағалаумен  жүзеге  асырылады.

      Жоспарланған  жылға  өнім  өндірісінің  көлемі 180 000 нан бірлігі дерлік.  Бұл бізге жанама шығын және  бір батон кезеңіндегі шығындар  көлемін   есептеуге мүмкіндік береді:

      219 650 / 180 000 = 1,22 тенге/бірл

Өнім  бірлігінің өзіндік құны

      Енді  нанның  өткізілуінің  толық  өзіндік  құнын  анықтауға  болады:

      Тікелей  шығындар                                        19,67 тенге

      Жанама  шығындар                                        1, 22  тенге

      Өзіндік құн/бірл                                              20,89 тенге

      Жанама  шығындар есебінің білу қажеттілігін ескере отырып, 180 000 бірлік орнынына 50 000 нан бірлігі өткізілі дерлік

Онда  өнім бірлігіне жанама шығындар көлемі мынаны құрайды:

219 650 / 50 000 = 4,393 тенге / бірл = 4,39 тенге/ бірл,

      Бұл өз кезегінде өнім бірлігінің жалпы  бағасына әсер етеді:

19,67 + 4,39 = 24,06 тенге / бірл 

      Бұл жағдайда фирма өндіріс қуатын толықтай пайдаланбай отыр, өнімнің  өзіндік  құны  бірінші  жағдайға  қарағанда  көбірек  болып  отыр.

Бұл  өнім  бірлігіне  табыстың  азаюына,  өндірістің  шығындалуына,  сату  бағасының  өсуіне  әкеледі,  әрине  бұл  жағдайлар  өнімді  өткізу  көлеміне  негативті  түрде  әсер  етеді.

      Осы  жерде  тікелей  шығындарды  өнімнің  бағасының  өсуі  немесе  шығындалуға,  кәсіпорынның  бәсеке  қабілетінің  төмендемейтіндей  деңгейде  ұстау  және  бақылау  қажеттілігі  туындайды. 

      Әр  түрлі  бұйымдар  өндіретін  фирмада  жанама  шығындар  әр  түрлі  өнімдер  бойынша  бөлінеді. Бұл  мәселені  шешу  үшін  қандай  да  бір  критерий  қажет.  Осындай  «бөлістіру  кілті» мыналар  болуы  мүмкін:

Информация о работе Еңбек өнімділігін арттыру