Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 15:11, автореферат

Краткое описание

Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.
Егер 2006-2007 жылдары республика 50-ші орында болса, 2007-2008 жылдары – 61-ші, ал 2008-2009 жылдары 66-шы орынға төмендеді. Рейтингіге барлығы 131 мемлекет қатысты.

Вложенные файлы: 1 файл

ArzikulovaRK_abstract.doc

— 275.50 Кб (Скачать файл)

ӘОЖ 339.137.2: 664. 143 (574)    Қолжазба құқығында

 

 

 

 

 

 

 

АРЗИКУЛОВА  РАХАТ КАЛМАХАМБЕТОВНА

 

 

 

 

Кәсіпорынның  бәсекелестік қабілеттілігін арттыру  жолдары (Қазақстан Республикасындағы кондитерлік кәсіпорындарының материалдары негізінде)

 

 

 

 

08.00.05 – Экономика және халық шаруашылығын басқару   
(қызмет салалары және сфералары бойынша)

 

 

Экономика ғылымдарының кандидаты 

ғылыми дәрежесін алуға  арналған диссертация

 

 

 

АВТОРЕФЕРАТ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Алматы, 2010

Жұмыс Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде орындалған

 

 

Ғылыми жетекшісі:   экономика ғылымдарының докторы

Оқаев Қ.О.

 

 

 

Ресми оппоненттер:    экономика ғылымдарының докторы

 

 

Экономика ғылымдарының кандидаты,

доцент 

 

 

Жетекші ұйым:    Қазақстан Республикасы білім және

ғылым министрлігінің Экономика 

институты

 

 

 

 

Қорғау 2010 жылдың «     »                   күні    сағатта Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіндегі экономика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін іздену жөніндегі Д 14.02.01 диссертациялық кеңестің мәжілісінде өткізіледі, мекен-жайы: 050035, Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 55, 144-бөлме.

 

 

 

Диссертациямен Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің кітапханасында танысуға болады.

 

 

 

Автореферат «       »                2010 жылы таратылады.

 

 

 

 

Диссертациялық кеңестің

ғылыми хатшысы, э.ғ.д.,      А.Б. Темірбекова

 

 

Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының  өзектілігі.

Экономиканың дағдарысқа дейінгі ахуалын көрсететін рейтингтің қорытындысы бойынша Қазақстанды макроэкономикалық жағдайы тұрақты, адами әлеуеті біршама жоғары және осы деңгейде дамыған тұтынушылық нарығы бар, алайда инфрақұрылымдық-мекемелік және инновациялық-технологиялық даму жағынан орташа, сондай-ақ бизнесі бәсекеге қабілеттілігі жеткіліксіз ел ретінде сипаттауға болады.

Егер 2006-2007 жылдары республика 50-ші орында болса, 2007-2008 жылдары – 61-ші, ал 2008-2009 жылдары 66-шы орынға төмендеді. Рейтингіге барлығы 131 мемлекет қатысты.

Қазіргі уақытта Қазақстан  экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жалпы өнеркәсіптің әр түрлі салаларына жататын отандық кәсіпорындарға байланысты. Соңғы жылдары елдің жалпы экономикалық көрсеткіштеріне тамақ өнеркәсібі қызметі көрсеткіштерінің ықпалының күшейгені байқалады.

Қазақстанның осы саласында 4059-ға жуық өнеркәсіптік кәсіпорын мен өндіріс жұмыс істейді, оның 80%-ын шағын және орта кәсіпорын құрайды.

Қазақстанда кондитерлік өнімді тұтынудың деңгейі  дәстүрлі түрде жоғары, сондықтан  тамақ өнеркәсібінің кондитерлік  саласы қазақстандықтар үшін де, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін де өте тартымды болып табылады.

Экономиканың тұрақты  дамуға көшу жағдайында кондитерлік  кәсіпорындарды стратегиялық басқару  қажет. Осы мақсатқа жету үшін кәсіпорындар ұзақ мерзімді бәсекелік артықшылықты қалыптастыруға және өздерінің ұзақ мерзімді мақсаттарына жетуі тиіс.

Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін ең бастысы  отандық және шетелдік нарықта қазақстандық өнім өндірушілердің позициясын күшейту  проблемасын шешу қажет. Осы мәселені шешуде мемлекеттік қолдаумен қоса отандық кәсіпорындарды басқарудың тиімділігін арттырудың маңызы зор.

Қазіргі уақытта бәсекелестікті талдау мен бағалаудың өте көп  әр түрлі әдістері қолданылады. Алайда шетелдік компаниялармен салыстырғанда  отандық кәсіпорында осы әдістер  өте төмен деңгейде пайдаланылады. Біздің ойымызша, бұған осы әдістерді пайдалануға қажетті ақпаратқа қол жеткізудің қиындығы немесе осы ақпараттың шынайы болмауынан қажетті ақпараттық базаның, білікті мамандардың аздығы, озық консалтингтік компаниялардың жетекші мамандарын тарту үшін қаражаттың болмауы қолбайлау болып отыр.

Қазіргі экономикалық жағдайға орай 50 ел қатарына қосылуда, ДСҰ (ВТО) кіруде республикамыздағы кәсіпорындардың  бәсекелестік қабілеттілігін арттыру  жолдары бүгінгі күні өзекті мәселеге айналып отыр.

«...Қазірдің өзінде біздің кәсіпкерлерге жаңа мүмкіндіктердің пайда болуын дұрыс бағалау, жаңа рыноктарға шығу жөніндегі тиімді стратегияларды әзірлеумен байыпты айналысу, бәсекелестік артықшылықтарды өсіре түсу маңызды...» деп 2010 жылғы 29 қаңтарындағы жаңа оңжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауында айтылды.

Осыған байланысты фирманың бәсекеге қабілеттілігін басқару мақсаттарының сол немесе басқа әдісті қолдануға болатын экономикалық принциптерді қарастырып талдау қажет. Міне, осы жағдайлар зерттеу тақырыбын таңдауға себеп болды.

Тақырыптың  ғылыми зерттелу дәрежесі. Қазіргі нарықтық жағдайда ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыру мен оны іске асыру мәселелері М. Портер, Ж.-Ж. Ламбен, П. Дойл,  
А.А. Томпсон, А.Дж. Стрикленд есімді шетелдік ғалымдардың, сондай-ақ Г.Л. Азоев, О.В. Аристов, Н.И. Герчикова, Р.А. Фатхутдинов, Сағадиев К.Ә., Оқаев Қ.О., Ихданов Ж.О., Қошанов А.К., Қасенов К.Р. есімді ресейлік және қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Көрсетілген еңбектерде ұлттық және әлемдік экономикаларда интеграциялық процестер күшейген жағдайда қазіргі заманғы кәсіпорындарды басқарудың стратегиялық механизмдері мен құралдары ерекше орын алады.

Тамақ өнеркәсібі, оның ішінде кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілік проблемалары В.Н.Сергеевтің, В.Г. Кайшевтің, Л.М. Аксенованың, А.Ю. Синявскаяның, А.С. Матвееваның, Е.В. Минаеваның, И.П. Чепурнойдың, М.Б. Кулешованың, В.Д. Гончаровтың, О. Сәбденнің,  
С.А. Каленова, С.Р. Есімжанова, және т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Басқару саласы ғылымдарының өкілдері бәсекелестік жағдайды талдауда компанияларды стратегиялық басқару  процесінің құрамдас бөлігі ретінде  қарастырады. Бәсекелестікті талдау (SCIP) мәселесімен кәсіби деңгейде айналысатын халықаралық талдаушылар қоғамы мүшелерінің, атап айтқанда Дж.Е. Прескоттың, А. Смиттің, Р. Фифердің және т.б. жұмыстарын ерекше атап өтуге болады. Осы ғалымдардың еңбектері негізінен компанияларда бәсекелестерді қадағалау жүйелерін енгізу және SWOT-талдау, бәсекелетік бейіндерді талдау, бенчмаркинг, сценарийлерді талдау, бәсекелестерді қадағалау жүйелерінің аудиті, имитациялық модельдеу және т.б. сияқты бәсекелестерді талдау мен бағалаудың техникалық тәсілдерін әзірлеудің күрделі мәселелеріне арналған.

Зерттеушілер  тауардың және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілік проблемасына ерекше назар  аударады, соған қарамастан диссертациялық жұмыстың тақырыбын таңдауға түрткі болған кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілік проблемасы әлі де болса жеткіліксіз зерттелген.

Зерттеудің  мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің мақсаты кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмінің жұмысын зерттеу әрі қолданылатын теориялық тәсілдемелер мен кәсіпорындардың практикалық қызметін қорытып талдау және жүйелеудің негізінде кәсіпорынды жетілдірудің басты жолдарын іздестіру, фирмалардың бәсекелестік артықшылықтары мен олардың бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру принциптерін анықтау болып табылады.

Осы мақсатқа сәйкес диссертацияда  келесі зерттеу міндеттері қойылды:

–  өнеркәсіптің отандық кәсіпорындары жұмыс істейтін бәсекелік ортаның дамуының негізгі үрдістерін және экономикалық жағынан талдау;

– өңірлік нарықтарда бәсекелестік өршіген жағдайда кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі бағыттарын айқындау;

–  кәсіпорындардың даму стратегиясын тиімді іске асыруға мүмкіндік беретін өңірлік нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмін әзірлеу;

–  кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесін бәсекелік ортаның өзгеруінің серпінді аспектілерін ескеріп даярлау;

–  кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұйымдастыру-экономикалық механизмін іс жүзінде іске асырудың бәсекелік ортаның ерекшеліктері ескерілген әдістемесін әзірлеу;

– зерттелетін саланың  кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін арттырудың ұсынылған ұйымдастыру-экономикалық механизмін қолдану жөнінде практикалық ұсыныстар дайындау.

Зерттеу пәні кондитерлік өнеркәсіптік кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін басқару процестері болып табылады.

Зерттеу объектісі Қазақстанның кондитерлік өнеркәсібінің кәсіпорындары зерттеледі.

Зерттеудің  әдістемелік және теориялық негізі. Осы зерттеудің әдістемелік және теориялық базасы экономикалық теория классиктерінің еңбектеріне, қазіргі заманғы зерттеушілердің бәсекелестік мәселесі, стратегиялық жоспарлау мен бәсекеге қабілеттілікті басқару, кондитерлік сала кәсіпорындарының шаруашылық қызметін талдау мен бағалау, рейтингтік бағалау проблемалары жөніндегі монографиялары мен мақалаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік-құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына негізделген. Диссертацияда жүйелік, статистикалық, логикалық, салыстырмалы, диалектикалық және т.б. таным әдістері пайдаланылған.

Зерттеудің ақпараттық базасы ретінде ҚР Статистика агенттігінің анықтама материалдары, маркетингтік зерттеулердің нәтижелері, автор  зерттеу барысында жинақтап зерттелген кондитерлік кәсіпорындардың есеп-қисаптары мен жарияланымдарындағы деректер пайдаланылды.

Еліміздегі ұзақ мерзімді стратегияға ерекше көңіл бөлінді.

Зерттеу жұмысының  ғылыми жаңалығы:

–  кондитерлік өнеркәсіп кәсіпорындары жұмыс істейтін бәсекелестік жағдайын талдау негізінде кондитерлік өнім нарығындағы бәсекелік ортаның ерекшеліктері анықталды, осының негізінде ұлттық және шетелдік өндірушілер тарапынан бәсекелестік өршіген жағдайда ірі және орта кондитерлік кәсіпорындардың дамуының стратегиялық бағыттары ретінде «сатылас интеграцияны» пайдалану қолайлы екені дәлелденді;

–  кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруда кондитерлік өнімнің өңірлік нарықтарының құрылымын, кондитерлік өнеркәсіптің өңірлік ірі және орта кәсіпорындарының сыртқы және ішкі ортасының ерекшеліктерін ескеруге және ұзақ мерзімді бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыруға мүмкіндік беретін ұйымдастыру-экономикалық механизмі әзірленді;

–  кондитерлік кәсіпорындар өнімінің бәсекеге қабілеттілігін жан-жақты бағалауға арналған, сондай-ақ бәсекелік ортаның өзгеруінің серпінді аспектілері, кондитерлік өнімдердің жеке өнім түрлері бойынша тұтынушылар қалауының ерекшеліктері, сондай-ақ көрсеткіш деректерінің жалпы кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштеріне жасайтын ықпалы ескерілген көрсеткіштер жүйесі ұсынылды.

Қорғауға шығарылатын  негізгі тұжырымдар:

– кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігіне орай даму әдістері таңдалып алынды;

– бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыруда ұсыныстар әзірленді;

–  ұйымдастыру-экономикалық механизмі мен кондитерлік кәсіпорын-дардың бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістемесі айқындалды;

–  рейтингтік бағалаудың әр түрлі әдістері қолданылды.

Диссертацияда жасалған тұжырымдарды кәсіпорынның келешектегі  даму процесінде бәсекеге қабілеттілікті арттырудың экономикалық механизмін жетілдіру үшін пайдалануға болады. Автор зерттеу барысында әзірлеген әдістемелік ережелер бәсекелестікті арттырудың негізгі факторлары мен механизмдерінің негізінде нақты кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілік стратегиясын әзірлеуге мүмкіндік береді.

Жұмыстың ғылыми-тәжірибелік маңызы. Кондитерлік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әзірленген әдістемесін кондитерлік өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін стратегиялық басқару жөнінде шешім қабылдайтын жүйелердің практикалық қызметінде стратегиялық жоспарлау мен бақылау процестерін ұтымды болуы және көрсетілген кәсіпорындардың экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында жан-жақты қолдануға болады.

Зерттеудің  нәтижелерін сынақтан өткізу.

Зерттеудің теориялық  және практикалық ережелері мен  тұжырымдары Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ кафедрасында студенттерді экономика  мен менеджмент мамандығы бойынша  оқытқанда пайдаланылады. Әзірленген ұйымдастыру-экономикалық механизмі «Қарағанды кәмпиттері» АҚ-ның практикасында қолданылады.

Зерттеу нәтижелерінің  жариялануы.

Диссертациялық жұмыс  тақырыбы бойынша жалпы көлемі 3,9 баспа табақ 9 мақала жарияланды.

Жұмыстың көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Көлемі 179 беттен тұратын жұмысқа 33 кесте, 23 сурет енген.

 

 

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

 

Бәсеке негізгі  ұғымдардың арасында ең танымал әрі  іргелі экономикалық санат болып табылады. Бәсекемен ұйымның бәсекелік жайғасымы, бәсекелестік стратегиясы мен ұйымның бәсекеге қабілеттілігі сияқты ұғымдар тығыз байланысты. Осы ұғымдардың арасында белгілі себеп-салдары бар өзара байланыс орнаған. Ұйымның нарық жағдайындағы бәсекелестік теориясы мен практикасы осы ұғымдардың жиынтығына сүйенеді.

Информация о работе Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары