Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға инклюзивті білім беру ерекшеліктері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Сентября 2015 в 18:14, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының дамуы үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» қажеттілігі айрықша деп атап көрсетілген.Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс. Қазіргі таңда балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына барлық жағдай жасалуда. Сонымен қатар елімізде инклюзивті білім беруді дамыту дұрыс жолға қойылған.

Содержание

І.Кіріспе

ІІ.Негізгі бөлім
А) Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі
Б) Тіл бұзылысы бар балалардың сөйлеуі тілін дамыту

ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

Асанханова 1 СРСП.docx

— 43.89 Кб (Скачать файл)

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Педагогика – психология институты

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

 

Тақырыбы: Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға инклюзивті білім беру ерекшеліктері

 

Орындаған: Асанханова Ж.Ж.

         Мектепке  дейінгі оқыту және тәрбиелеу  мамандығы,

2 курс  студенті

Тексерген: Даурамбекова А.А.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2014

 

Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға инклюзивті білім беру ерекшеліктері

 

 

 

ЖОСПАРЫ:

 

І.Кіріспе 

 

ІІ.Негізгі бөлім

А) Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі

Б) Тіл бұзылысы  бар балалардың сөйлеуі тілін дамыту

 

ІІІ. Қорытынды

 

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстан Республикасының «Бiлiм туралы» Заңында: «Бiлiм беру жүйесiнiң басты мiндеттерiне: бiлiм бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдайлар жасау және жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiк пен салауатты өмiр салтының берiк негiздерiн қалыптастыру, жеке басының  дамуы  үшiн жағдай жасау арқылы парасатты байыту» қажеттілігі айрықша деп атап көрсетілген.Осыған байланысты қоғам алдына оқушының жеке басын үйлесiмдi дамытуға бағыттайтын мiндеттер қойылып отыр. Отанымыздың әрбiр болашақ азаматын жан-жақты тәрбиелеп, бiлiм беру арқылы дамыту ең жауапты iс. Қазіргі таңда  балалардың мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгелермен теңдей білім алуына барлық жағдай жасалуда. Сонымен қатар  елімізде инклюзивті білім беруді дамыту дұрыс жолға қойылған.

Қазіргі уақытта статистикалық көрсеткіштерге жүгінсек,жылдан жылға сөйлеу тіл кемістігі бар балалар саны және логопедиялық көмекті қажет ететін балалардың пайызы өсуде.Кез келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс- әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншелігін шектейді.

Сөйлеу процесі – адам баласына ғана тән өте күрделі жоғарғы психикалық қабілет. Сөз арқылы қатынасқа түсу үрдісінде адамдар бір-бірімен ой бөлісіп, бір-біріне ықпал етеді. Сөздік қатынас тіл арқылы жүзеге асады. Тіл дегеніміз – қатынас құралының фонетикалық, лексикалық, грамматикалық жүйесі. Сондықтан сөйлеу тілі адам өмірінде маңызды орынға ие әрекет болып табылады. Қазіргі таңда сөйлеу тілінің әртүрлі бұзылыстары бар балалардың саны күннен күнге артуда. . Осыған орай денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау жүйелерінде осы категориядағы тұлғаларға көмек көрсетудің қызметтік бөлімдері өз жұмысын атқарып жатыр.Аталған көмек көрсету түрі «Жалпы білім беретін мектептегі инклюзивті білім» жобасын жүзеге асыруда құрылған психологиялық- педагогикалық көмек қызметі жүзеге асырады. Оның құрылымына мектеп әкімшілігі, психологтары, логопедтері, мұғалім-дефектологтар мен сынып жетекшілері кіреді

Инклюзивті мектептегі логопедиялық қызмет жүйесі бастауыш сынып оқушыларының сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету үрдісінде маңызды орынның бірін алады. Логопедиялық қызмет жүйесінің негізгі

 мақсаты – сөйлеу тілінің  әртүрлі ауызша және жазбаша  бұзылыстары бар мектеп оқушыларына  логопедиялық көмек көрсету, сонымен  қатар олардың тілдік дамуының  ерекшеліктеріне сәйкес даму  мүмкіндігі шектеулі балаларды  оқыту, тәрбиелеу және әрі қарай  әлеуметтік бейімдеу мен қарым- қатынасының жағымды әрі тиімді  жағдайларын құру болып табылады.

 

 

 

 

 

Сөйлеу қабілеті бұзылған балалардың ерекшелігі

 

Кез келген жаста сөйлеу тілінің бұзылуы танымдық іс- әрекеттің және адамның әлеуметтік бейімделу мүмкіншілігін шектейді.Бұл баланың жалпы жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсер етеді.Оның зияткерлік дамуы және мінез құлқының сипаттамасы жас шамасына жиі сай келмейді,ұжымдағы құрбы құрдастарымен қарым қатынасы қиындайды. 
Тіл кемістіктерінің себебі сыртқы және ішкі зиянды күштері,себептері (факторлары) немесе екеуінің бірдей организмге әсер етуі деп түсінеміз. 
Сөйлеу тілін меңгеру әр балада әр түрлі кезеңде және әр түрлі уақытта өтеді. Бұл әр түрлі себептерге байланысты жеке үдіріс.Сөйлеу тілінің дамуының кешеуілдеудің  себептері: жүктіліктің кезіндегі және туған кезіндегі патология,генетикалық себептердің ықпалы,есту мүшесінің зақымдануы, баланың психикалық дамуындағы жалпы артта қалуы, әлеуметтік депривацияның себептері (депривация- тәрбие мен қарым-қатынастың жеткіліксіздігі). 
Баланың сөйлеу тілі патологиясының негізгі себептері: 
1)әртүрлі ішқұрсақ патологиясы іштегі нәрестенің дамуына зиянын тигізеді,сөйлеу тілінің ең ауыр кемістіктері іштегі нәрестенің 4 апталық пен 4 айлық аралығындағы дамуының бұзылуынан пайда болады. Іштегі нәрестенің дамуының бұзылуына анасының ауыр аяқ жүрген кезіндегі токсикоз, вирусты және эндокринді аурулар, жарақаттар, резус-фактор бойынша қанның сыйымсыздығы және басқалар әсер етуі мүмкін. 
2) босану кезіндегі жарақаттану және босану кезіндегі асфиксия (оттектің жетіспеуі); 
3) өмірінің алғашқы жылдарындағы әртүрлі аурулар; 
4) бас сүйегінің жарақаттануы; 
5) тұқым қуалаушылық факторлары; 
6) әлеуметтік тұрмыстық жағдайларының қолайсыздығы; 
Жоғарыда атап өтілген себептер өзгешіліктеріне қарай табиғи және міндетті қызмет (функционалды) болып екі түрге бөлінуі мүмкін. 
Табиғи себеп деп шеттегі немесе орталық бөлімдердегі тіл механизмдерді анатомо- физиология құрылысының қатты бұзылуынан пайда болатын себепті айтады. Функционалды себептерге анатомо-физиология құрылысы әдеттегі күйінше сақталып, тек қана тіл механизмінің бұзылуы жатады. 
Сонымен барлық тіл кемістіктерін, оларды туғызатын себептерге байланысты екі топқа бөлуге болады: 
А) табиғи тіл кемістіктері (органикалық); 
Б) функционалды тіл кемістіктері; 
Табиғи тіл кемістіктері зақымды жатпайтындығына байланысты: 
А) тілдің табиғи бұзылуы орталықтан пайда болуы. 
Б) тілдің табиғи бұзылуы шеткеріден пайда болуы деп бөлінеді. 
Біріншісіне, бас ми қабығында орналасқан тіл механизмдерінің орталық тарауларының табиғи бұзылымдарының нәтижесінде пайда болған кемістік жатады.Екіншісі сөйлеу тіл аппаратының құрылысындағы ауытқушылықтар- 
дан болады.

Сөйлеу тіліндегі мүкістердің патологиялық дәрежелеріне, белгілі бір мүшелерінің атқаратын қызметтерінің бұзылуына, зақымдануының уақытына, басты кемістіктердің ықпалынан пайда болатын екінші бір ақаулықтардың көрінуіне байланысты олардың бір-бірінен айырмашылықтары да әр алуан болып келеді. Олар әрқайсысының өзіне тән симптоматикалық және динамикалық ерекшеліктеріне қарай әр түрлі салаға бөлінеді. Мұндай салаға дауыстың бірқалыптылығының бұзылуы, сөйлеу тіліндегі дауыс ырғағының бұзылуы, тұтықпа, дислалия, ринолалия, дизартрия, алалия, афазия, жазу тілі мен оқу тілінің бұзылуы жатады.

Енді сөйлеу тілі мүкістеріне жеке-жеке тоқталып, олардың ерекшеліктерін сипаттайық.

  Дислалия – сөйлеу тілі мүшелерінің анатомиялық кемістіктерінен дыбыстардың бұзылып айтылуын сипаттайды. Дислалия сөйлеу тіліндегі ең көп тараған мүкістіктер.Пайда болу себептеріне  қарай дислалия механикалық және функционалдық болып бөлінеді.

Органикалық дислалияға сөйлеу тілі аппаратының сыртқы сүйек құрылысының және бұлшық ет түзілісінің органикалық кемістігінен дыбыстардың бұзылып айтылуы жатады. Органикалық дислалияның ерекшеліктері: тіл асты желбезегінің тым қысқа болып бітуінен, тілдің ұшы жоғары қарай емін еркін көтеріліп қимылдай алмайды да, таңдай арқылы айтылатын дыбыстар бұзылады. Сонымен қатар тілдің ауыздың ішіне зорға сиып тұратын өте етжеңді үлкен немесе өте кішкентай жіңішке болуы да дыбыстардың  дұрыс айтылуын қиындатады.

Соныменен, органикалық дислалия бұл перифериялық аппараттың сүйегі мен бұлшық етіне зақым келуінен дыбыстардың дұрыс айтылмауы.

Перифериялық сөйлеу аппаратының бұзылуы туа пайда және жүре пайда болуы мүмкін.

   Туа пайда болатын кемістікке жататындар:

  • прогнатия -жоғары жақ төменгі жақтан алға шығып тұрады;
  • прогения – төменгі жақтың алға шығуы;
  • тістердің дұрыс орналаспауы;
  • еріннің түрлі кемістіктері;
  • таңдай параличі;

 

Жүре пайда болатын кемістікке жататындар:

сүйектер мен бұлшық еттердің зақымдалуының нәтижесінде артикуляциялық аппаратта пайда болатын түрлі кемістіктер.

Дұрыс тістеу – бұл астыңғы алғы тістер үстіңгі тістермен сәл жабылып тұрады.

 

 

 

 Органикалық дислалияға жататын  кемістік бұл ринолалия.

    

Ринолалия – ауыз бен мұрын қуыстарының дұрыс қызмет етпеу нәтижесінде дауыс құбылысының өзгеруі мен сөйлеген уақытта дыбыстың бүлінуі. Ринолалияның түрлері:

Ашық ринолалия – сөйлеген уақытта  ауа ауыз және мұрын қуысы арқылы өтеді.

Жабық ринолалия – ауа тек ауыз арқылы өтеді, бұл әсіресе «м,н» әріптерін атағанда білінеді.

   Ашық ринолалияның  себептері: таңдайдың бөлінуі, жұқа таңдайдың қысқалығы, таңдайдың параличі.

   Жабық ринолалияның себептері: мұрын қуысының бітелуі, мұрын қуысындағы ісіктер, мұрын қалқасының қисайып қалуы.

Ринолалик балалар өте әлсіз болады. Осының өзі олардың сөйлеуінің дамуына әсер етеді. Туылғаннан кейін олар өте кеш отыра бастыйды, сөйлей бастағанда көптеген қиыншылықтарға кездеседі. Олар мектепке барған уақытта түрлі қиыншылықтарға кездеседі. Мұғалімдер оны түсінбеуі мүмкін, айналасындағы балалар да мазақтауы мүмкін. Бұның бәрі оның психикасының дамуына әсерін тигізеді. Кейбір ринолалик балалар өздерінің осындай кемістіктерінен мектепті тастап кетеді де көп сөйлемейтін жұмыс, мамандық іздей бастайды. Міне, сондықтан ринолалик балаларға ерте кезден бастап жәрдем көрсету керек. Бұл жәрдемді хирург пен логопед мамандары көрсете алады.

   Мысалы, «хейлопластика» - бұл туғаннан кейінгі бірінші аптада баланың жоғары ерніне жасалатын операция.

   «Уранопластика» - жасанды таңдай жасау. Бұл операция 5-6 жасында жасалады. Қазіргі мәліметтерге қарағанда жыл сайын 5000-нан астам балалар таңдай кемістіктерімен туылады.  Бұның себебі: сөйлеу аппаратының жетілмеуі, түрлі инфекциялық, вирустық аурулар, тұқымқуалаушылық.

Дислалия сөйлеу тіліндегі бұзылған дыбыстардың санына қарай қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер баланың сөйлеу тілінде мүкістердің саны төрт дыбысқа дейін байқалатын болса – оны қарапайым дислалия деп атайды, ал егер бесеу және одан да көп болса – оны күрделі дислалия деп атайды.

   Сөйлеу тіліндегі дыбыстардың  мүкістік ерекшеліктеріне қарай  бөлінетін дислалияның түрлері:

Сигматизм – ызың дыбыстардың («с», «з», «ц», «ж», «ч», «ш», «щ») айтылуындағы мүкістіктер. Бұлар сөйлеу тіліндегі кемістіктердің ішіндегі ең көп тараған түрі;

Ротацизм – «р» дыбысының айтылуындағы мүкістік;

Ламбдацизм – «л» дыбысының айтылуындағы мүкістік;

Таңдай дыбыстарының айтылуындағы мүкістіктер;

Каппацизм – «к» дыбысы;

Гаммацизм – «г» дыбысы;

Хитизм – «х» дыбысы;

Йотацизм – «й» дыбысы;

 

Алалия грек сөзі, «қолдануға жарамайтын болымсыз тіл» деген мағынаны білдіреді. Демек алалия деген ұғымға баланың құрсақтағы немесе тілі шыққан нәрестелік даму кезеңінде бас миы қабыршағының сөйлеу тілін қалыптастырып жетілдіретін аймағының органикалық зақымдануынан сөйлеу тілінің жүйелі түрде дамымауы немесе мүлде болмауы жатады. Сөйлеу тілінің мұншалықты бұзылуына негізінен орталық жүйке жүйесінің зақымдануы себеп болады. Органикалық зақымдануға мидың қабынып ісінуі, сырттан болатын қатты соққыдан зақымдануы, босанған кезде миға қан кетуі және нәрестенің құрсақтағы дамуы кезеңінде және толғақ кезінде, сондай-ақ дүниеге келгеннен кейінгі бір айлығынан бір жас аралығындағы дамуында ағзадағы зат алмасу процесінің бұзылуы жатады. Сонымен қатар, алалияның пайда болуына менинго-энцефалит, рахит және қызылшаның асқынған түрі  тыныс алу жолдарының қатты сырқаттануы  және нәрестенің алғашқы айларындағы ұйқысы мен тәбетінің бұзылуы себеп болуы мүмкін. Бас миының үлкен сыңарының сөйлеу тілі аймағындағы жинақталған зақымдардың өздеріне тән ерекшеліктеріне байланысты алалия моторлы және сенсорлы болып бөлінеді.

Моторлы алалияда сөйлеу тілін қимылдатып қозғалысқа келтіріп тұратын анализатордың қызметі бұзылады. Моторлы алалик балаларда назар аудару, көңіл қою, зер салу, ықыласпен қарау немесе бір нәрсені елеу, ілтипатқа алу, ескеру және есінде сақтау сияқты жоғарғы психикалық функциясының даму деңгейінің төмен екендігі байқалады. Баланың психофизикалық жағдайының әлсіздігінен оның жұмысқа қабілеттілігі төмендейді және болдырып тез шаршайды. Сонымен қатар мұндай балалардың дене түзілістері және соған орай олардың қимыл-қозғалыстары да бұзылған. Олар ебетейсіз жүреді   және жиі-жиі сүрініп кетіп құлай береді, музыканың ырғағымен қимыл жасап жүруді білмейді. Артикуляциялық аппаратының қимыл-қозғалыстарының дамуы айтарлықтай дәрежеде жетілмеген. Мысалы, бала тілін жоғары көтеріп және сол қалпында ұстап тұру, үстіңгі ернін жағалата жалау, таңдайын тақылдатып қағу, тілін екі жағынан қусырып сүйірлеу және т.б. сияқты артикуляциялық аппараттың қарапайым қимылдарын орындай алмайды. Моторлы алалияға шалдыққан балалардың өздеріне қарасты қарап айтылған сөздерді түсінуі біршама сақталған. Олар ересек адамдардың сөйлеген сөздерін ықыласпен тыңдай алады, қарапайым жай тапсырмаларды, өтініштерді орындайды. Қорыта келгенде, олар сөздерді жақсы түсінеді, бірақ сөйлей алмайды.

Сенсорлы алалия сөйлеу тілін түсініп ұғынудың және сезіп түсінуінің бұзылуы сенсорлы алалияның ең басты сипаты болып саналады. Алайда сенсорлы алалияда есту қабілеті толық сақталады. Демек, сенсорлы алалия бас миының сол жақ жарты шарының самай аймағының зақымдануынан пайда болады. Мұндай балалар өздеріне қарата айтылған сөздерді мүлде түсінбейді немесе өте нашар түсінеді. Олар дыбыстардың ерекшеліктерін ажырата алмайды, яғни оларға айналасындағы құбылыстардың қимыл қозғалыстарынан шығып жататын әр түрлі дыбыстардың барлығы да бірдей сияқты болып көрінеді.

 

Тұтығу –  ең ауыр кесел. Оның себептері:

  • Қорқу;
  • Баланың түрлі инфекциялық аурулармен жиі ауруы;
  • Ата-анасының тұтығуы;
  • Шамадан тыс жазалау әдістерін қолдану.

Бұл әдетте, 2-5 жас арасында кездесетін құбылыс. Алдын-ала оларға шара қолданбаса, ол асқынып, кей уақытта бой бермей кетуі мүмкін. Тұтығудың пайда болу себептері көп. Кейде олар жұқпалы аурулардан кейін, дене әбден әлсірегенде пайда болады. Баланың қоршаған ортаның оған көзқарасы, ол туралы әділетсіз баға да, жалтақ сөйлеуге, қорқып сөйлеуге әкеп соғады. Осындай фактілердің жиіленіп қайталануы – баланың тұтығуына әкеп соғады.

  Мысалы, кейбір ата-аналар балаларының қабілетін жұртқа мақтаныш ретінде көрсеткісі келгендей, миы әлі қатып үлгермеген жас балаға көлемді өлең, тақпақтар, ертегілер, өлеңдер оқытқызады. Осының өзі баланың орталық нерв жүйесін шаршатып, тілдік сөйлеу анализаторын бұзып, тұтығуға жол береді. 

Информация о работе Сөйлеу тілінде бұзылыстары бар балаларға инклюзивті білім беру ерекшеліктері