Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2015 в 10:12, реферат
XXІ ғасыр адамзат тарихындағы ең дүбірге толы кезеңі. Әрине, сол дүбірлі оқиғалардың бірі де Кеңес Одағының социалистік лагерінің ыдырауы. Әлемдік қауымдастықтың қатары жаңа тәуелсіз мемлекеттер қатарымен толыға түсті. Бұрынғы Одақтас мемлекеттердің өз тәуелсіздіктерінің аясында экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтармен бірде жеңіп, бірде жеңіліп дамып келеді. Қазіргі таңда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси егемендіктерінің халықаралық саяси стадиясының орнығуы аяқталды деп айтуға болады, тек бұл ғана емес қаржы-валюта, әлеуметтік-экономикалық жүйелері де құрылып бітті. Жаңа құрылған мемлекеттер арасындағы қатынастар үзілуге шақ қалды.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Елтану және туризм кафедрасы
ПӘН: ТМД-ның экономикалық және әлеуметтік географиясы
ТЕКСЕРГЕН: т.ғ.к.,доц.м.а.Алдашева А.А.
Алматы, 2015
XXІ ғасыр адамзат тарихындағы
ең дүбірге толы кезеңі. Әрине,
сол дүбірлі оқиғалардың бірі
де Кеңес Одағының социалистік
лагерінің ыдырауы. Әлемдік қауымдастықтың
қатары жаңа тәуелсіз
Орталық Азиядағы интеграциялық үрдістің, әлеуметтік өмірдің интернационализациялануы мен интеграциланушы мемлекеттердің ұлттық, мемлекеттік қауіпсіздігін нығайтуға деген қажеттіліктің салдарынан туған халықаралық қатынастар жүйесіндегі жаңа ағым. Бұл тақырыптың, Орталық Азиядағы интеграциялық үрдіске кіретін әрбір мемлекеттің дамуында тұрақтылық пен қауісіздікті қамтамасыз ету немесе жағдай жасауында да өз өзектілігін атап көрсетуге болады.
Президент Н.Назарбаев Қазақстан
халқына «Қазақстан – 2030» жолдауында:
«Ұлттық мүдделерді қорғауды. Сондай-ақ
таяудағы және алыс перспективалардағы
күштердің тепе-теңдігін қамтамасыз етудегі
біздің озық қаруымыз – интеграция саясаты,
бірінші кезекте Қазақстанның, Қырғызстанның
және Өзбекстанның арасындағы Орталық
Азиялық Одақты нығайтуға қарсы тұру емес,
басқа мемлекеттің істеріне араласпау,
келісімге келу актілері үстем болуы тиіс»
- деп атап көрсетті.
Орталық Азиялық интеграциялық үрдістің
ерекшелігі жаңа тәуелсіз мемлекеттің
тарихының, мәдениетінің, әлеуметтік-саяси,
экономикалық негіздердің ұқсастығында.
Бұл аймақтағы этнотерриторялдық жүйенің
күрделілігі кейбір халықаралық немесе
аймақтық қақтығыстың ошағына айналуы
мүмкін және осы мәселелерді шешуде интеграциялық
үрдістің тереңдігі басқа қажетті әдістермен
қатар ол да шешуші роль атқаруы мүмкін.
Орталық Азиядағы
су ресурстары мемлекеттер арасында теңдей
бөлінбеген. Ірі-ірі деген өзендердің
басы, ортасы, аяғы әр түрлі мемлекеттерде
орналасқан. Тәуелсіздікті алғаннан кейін
бірінші жылдардың өзінде-ақ бұл мәселе
өз өткірлігін аңғартқан болатын. Осы
аймақтағы ең ірі гидрологиялық жағдайлардың
бірі Арал болып табылады. Әрине бұл мәселелерді
интеграциялық құрылым шеңберінде бірге
отырып шешкен шешім ең дұрысы деп ойлаймын.
Орталық Азиядағы
интеграциялық ағымның спецификалық ерекшеліктерінің
бірі аймақтағы барлық Мемлекеттердің
теңіз-транспорттық коммуникациясына
жолдың болмауы. Бұл аймақтарда кейбір
державалардың болуы баланстың бұзылу
мүмкіншілігін тудырады, ад бұл өз кезегінде
ұлттық қауіпсіздікке кері әсерін тигізуі
мүмкін, ал интеграциялық үрдістер барлық
жағдайда айтылғандарға жауап ретінде
және қатысушы топтардың геостратегиялық
мүдделерінің өзара байланыстылықты,
яғни корреляцияны талап етеді.
Назарбаев ТМД елдері үшін интеграциялық
ынтымақтастық экономикалық қажеттілік
қана емес, бұл керек десеңіз жақсару,
тұрақтылық, керек десеңіз ертеңгі күнге
деген стимул деп көрсетті.
Қазіргі таңда әлем өзара интеграциялық
жүйе үрдісінде дамуда. Әлемнің көптеген аймақтарында сауда,
экономикалық, валюталық, кедендік және
саяси бірігулер болып жатыр. Бұл объективті
және заңды үрдіс. Интеграция қазіргі
таңда әлемдік дамудағы күшейіп келе жатқан
тенденцияның бірі. XXІ ғасыр ол – интеграция
ғасыры. Интеграциялық үрдістің өзара
бағыныштылығын сезіну адамға әлемдік
және аймақтық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Бұрынғы Кеңестік
республикалар өз тәуелсіздігін алғаннан
кейін ішкі және сыртқы саясатын, саяси,
экономикалық, әкімшілік, қаржылық реформалар
жүргізу жолымен жасай бастады. Бұрынғы
Кеңестер Одағының құрамына кірген мемлекеттердің
алдында күрделі таңдау тұрды:
Осылайша
бұрынғы КСРО территориясында жаңа интеграциялық
топтар пайда бола бастады: Тәуелсіз Мемлекеттер
Достастығы, Кедендік Одақ, Орталық Азиялық
Кеңес, ГУУАМ т.б.
Экономика сөз жоқ, интеграцияның анағұрлым маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Тарихи қалыптасқан шаруашылық байланыстар, сондай-ақ геосаяси жағдайдың ерекшелігі жиынтық экспорттық және транзиттік-көліктік әлеуметті тиімді пайдалану қажеттілігін талап етеді. Оның үстіне жоғарыда көрсетіп кеткен екі жақты негізде шеше алмайтын мәселелер бар. Атап айтсақ, суэнергетикалық ресурстарын және транзиттік-көліктік әлеуетін келіскен түрде, сондай-ақ ұтымды пайдалану, ауқымды экологиялық, яғни Арал теңізі ауданындағы апаттың салдарын бірлесіп еңсеру; аймақтық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін құру; терроризмге, діни экстремизмге және есірткі бизнесіне қарсы күрестегі бірлескен қызметті үйлестіру туралы болып отыр.
Орталық Азия мемлекеттерін
аймақтық интеграциялау идеясы Біртұтас
Экономикалық Кеңістік құру туралы (БЭК)
шартқа 1994 жылы 30 сәуірде қол қоюмен нақты
жүзеге асты. Қатысушылары Қазақстан,
Қырғызстан және Өзбекстан (1998 жылы 26 наурыздан
бастап Тәжікстан шарттың толық құқықты
қатысушысына айналды).
Бұл келісімнің 1 бабы бойынша былай делінген:
«Біртұтас Экономикалық Кеңістік Қазақстан
Республикасын, Қырғызтан Республикасын,
Өзбекстан Республикасы араларындағы,
1994-2000 жылдарға Қазақстан Республикасы,
Қырғызтан Республикасы, Өзбекстан Республикасы
арасында экономикалық интеграцияның
тереңдеуі үшін бірлескен бағдарламаны
жүзеге асыру мақсатында құрылып отыр,
бұл бойынша тауар, қызмет көрсету, жұмыс
күшінің еркін қозғалысына, бірлескен
кредиттік-есептік, бюджет, салық, баға,
кеден және валюта саясатын қамтамасыз
етеді.
Шартты дамыту тұрғысында 1994 жылы шілдеде президенттердің шешімімен Мемлекетаралық Кеңес және оның негізгі институттары - Премьер-министр кеңесі, Сыртқы Істер Министрінің кеңесі, Қорғаныс Министрлер кеңесі және олардың тұрақты қызмет істейтін жұмыс органы - Атқару комитеті құрылды. Атқарушы комитетке координациялық-кеңестік, болжау-сараптау, ақпараттық қызмет және Мемлекетаралық Кеңес пен оның институттарының шешімдерінің орындалуын бақылау, қадағалау жүктелді. Әрбір мемлекет Мемлекетаралық Кеңесте бір дауысқа ие. Шешім - жалпының келісімімен-консенсус арқылы жүзеге асады. Премьер – министр , Сыртқы Істер Министрлерінің кеңесі, Қауіпсіздік Министрінің кеңесінің мәжілісін жарты жылда, бір реттен кем болмауы тиіс.
Сөз болып отырған уақытта Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкын құру туралы келісімдерге қол қойылды, оның капитала қатысушы мемлекеттердің үлестік жарналарынан қалыптасады. Сонымен бірге Орталық Азия елдеріндегі экономикалық реформалар деңгейіндегі елеулі айырмашылық, Орталық Азия Одағының біршама оқшаулығы осы ұйымның шеңберіндегі жұмыстың жаңа нысандарын қажет етті. Сондықтан Мемлекетаралық Кеңестің мәжілісінде (1998 жылы 17-18 шілде) аймақтық бірлестіктің жаңа атауы – Орталық Азиялық Экономикалық Қауымдастығы (ОАЭҚ) бекітілді. Мемлекетаралық кеңес 1996 жылы тамызында Ресейді байқаушы ретінде қабылдады, 1999 жылы шілдесінде тап осындай мәртебені Грузия, Түркия және Украина алды.
Әлемнің жетекші мемлекеттерінің Орталық Азия мен Закавказға деген қызығушылықтары бірнеше себептермен түсіндіріледі:
Орталық Азиялық мемлекеттерінің тәуелсіздік алуы мемлекетаралық ынтымақтастық пен аймақтық интеграция мәселелеріндегі жаңа стратегиялық тәсілдерді айқындауды қажет етті.
Орталық Азия елдерінің тиісті
шарттары мен келісімдерінің орындалуына
талдау жасау олардың саяси, сауда-экономикалық,
әскери мәселелерін кең ауқымы бойынша
ынтымақтастықты дамытудағы ұмтылсыын
көрсетеді. Қазақстанның ұстанымы өзара
тиімді байланыстарды және әртарапты
ынтымақтастықты дамыту, тереңдету жөніндегі
қарқынды жұмысты жалғастыру қажеттігіне
көңіл бөлуінен көрінеді. Бұл Орталық
Азия халқының түпкі мүдделеріне жауап
береді.
2000 жылы 14 маусымдағы Душанбедағы ОАЭҚ мемлекетаралық кеңестің Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері Қоғамдастықты дамыту перспективалары мен Орталық Азия аймағының су энергетикалық ресурстарын бірлесіп пайдалану туралы ой-пікір алмасты. Тараптар халықаралық су энергетикалық консорциумын құру туралы келісімге қол қоюға қатысты Қазқстанның ұсынысын қабылдады, консорциум аймақтың барлық мемлекеттері мүдделерінің жолында трансшекаралық өзендердің су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді.
ОАӘҚ шеңберіндегі интеграцияны тереңдетуге ұмтыла отырып, президенттер 2005 жылы кезеңге дейін арналған қоғамдастықтың даму стратегиясын бекітті. Бұл құжат экономикалық өзара іс-қимылдардың төмендегідей басымдық берілетін бағыттарда қатысушы мемлекеттердің күш-жігерін жұмылдыруды көздейді.
ОАЭҚ мемлекеттерінің
2002 жылы дейінгі кезеңге арналған біртұтас
экономикалық кеңістікті қалыптастыру
жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдарының
бағдарламасы бекітілді. Қазақстан, Қырғызстан,
Өзбекстан, Тәжікстан ең алдымен еркін
сауда аймағын, сосын тауарлардың, қызмет
көрсетудің және капиталдардың ортақ
рыногына шыға отырып, кеден одағын, төлем
және валюта одақтарын кезең-кезеңмен
құру арқылы экономикалық интеграция
мен өзара іс-қимылдарды тереңдетуге уағдаласты.
Мемлекетаралық автокөлік жолдары мен теміржол траспортында, транзиттік жүкті үшінші елдердің рыногына шығаруды қамтамасыз етуде; Транс-Азия-Европа (ТАЕ) жолдарын жобалауда оң нәтижелер бар. Мемлекетаралық жерлерді жалға беру, автокөлікті, фармацевтикалық өндірісті және денсаулық сақтау салаларында келісімдер бар және олар жүзеге асырылуда.
Егер Еуропа құрлығының тарихына көз жүгіртсек, ол құрлық бүгінгі күнге дейін бірнеше ауыр соғыстар мен конфронтациялар , көптеген елдерге әрқашан қауіп төну жағдайында күш кешу сияқты аласапыранға толы жолды жүріп өткенін көреміз. Алайда, бұл қиындықтың барлығы тек интеграциялық процестердің арқасында ауыздықталғаның байқаймыз. Мысалы: Еуропаның екі ірі мемлекеті Германия мен Францияны алатын болсақ, екі ел тарихында да қан төгіс соғыстар болған олар 1870, 1914-1918, 1939-1945 жылдардағы соғыс. Бұл соғыстар тек Еуропаны емес, бүкіл әлемді тітіркендірді. Франция және Германияның сол кездегі басшылары де Голь мен Адэнауэр ол мемлектеттердің қауіпсіздігін конфронтациялар мен соғыстардан бас тартып, экономикалық ынтымақтастық жолына түсу керектігін сезініп, Еуропа бейбіт дамуға бет алды. 1951 жылы Еуропаның Болат және Көмір ұйымы 1957 жылы «Орталық Рынок құру туралың Рим келісімінен кейін Еуропаның интеграциялық үрдісі серпіліс алып, 1993 жылы Маастрихт келісімі бойынша Еуропалық Одақ құрылды. Немесе АСЕАН мүше елдерінің аймақтың интеграциялық тәжірибесін алайық. Оңтүстік-Шығыс Азияның бұл аймағы 60-80 жылдары «ұрыс даласың болатын (Вьетнам соғысы, Камбоджа шиеленісі, т.б. қарулы қақтығыстар). Бұл елдердің арасындағы жанжалдар себебі негізінен экономикалық жайттардан туындаған еді, мысалы, балық аулауға байланысты шекаралық тартыстар, су және орман ресурстарын қолдану т.б. Сонымен бірге бұл аймақтағы ірі көлемдегі соғыстардың болуына сыртқы факторлар да әсер еткен болатын, яғни «қырғи қабақң соғысы кезеңі, аймақтан тыс мемлекеттің тікелей араласуы.
Дегенмен, 90 жылдары АСЕАН-ның
сәтті құрылуы нәтижесінде бұл аймақ жайлап,
әсіресе, Үндіқытай жарты аралы, соғыс
даласынан рынокқа айналды. Оңтүстік-Шығыс
Азияда геосаяси парадигмадан геоэкономикалық
-парадигмаға өту кезеңі болды. Аймақтың
ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға ұмтылысы
АСЕАН-ға мүше елдердің 1992 ж 2 қаңтарда
болған ІV конференциясында Сингапур Декларациясына
қол қоюдан байқалады.
Экономикалық интеграцияның маңыздылығы
жөнінде айта келе, АҚШ-тай ірі, күшті мемлекеттердің
де мұндай бағытқа мұқтаждығы бар екенін
айта кету керек. Бұған дәлел, АҚШ, Мексика
және Канада құрған экономикалық НАФТА
ұйымы. Экономикалық ахуалы мықты бола
тұра, өз арасында экономикалық ынтымақтастықты
күшейтуді жолға қойған бұл елдердің ұстанған
экономикалық бағыты интеграциялық өмір
саясатының маңызын арттыра түседі. Осы
айтылғандардың бәрін түйіндей келе, әлем
бүгінде – ғаламдық, аймақтық блоктар
диынтығы. Орталық Азия мемлекеттері де
өзекті мәселелерді бірігіп шешуге, интеграциялануға
талпынуда. Орталық Азия мемлекеттерінің
тәуелсіздік алуы нарықтың экономиканы
құруда жаңа стратегиялық қадамдарды
сонымен бірге мемлекетаралық ынтымақтастық
және интеграциялық процестерді жеделдетуі,
заман талабына сай құруға бағытталады.
Орталық Азиялық мемлекеттерінің экономикалық,
әлеуметтік және экологиялық мәселелердің
ұқсастығы елдердің шешімін табуда ынтымақтастықты
тереңдетуді талап етеді. Ортақ шекаралар,
көліктік және сол сияқты коммуникациялық
байланыстың болуы, табиғи шикізат қорының
молдығы, өнеркәсіп өндірісті кооперацияға,
біріккен кәсіпорындар құруға жіне агроөнеркәсіптік
кешендер құруға алғышарттар жасайды.
Кейбір мамандар,
ТМД аймағындағы, Орталық Азия мемлекеттерінің
интеграцияға ұмтылуы, Москвамен арадағы
саяси ойын деп санайды. Әрине бұл инициативалардың
осы саяси астарын түсінуге болады, бірақ
оларды интеграцияға итермелеп отырған
объективті, аймақтық шарттарды ұмытпауымыз
керек. Бұрынғы Кеңес Одағының саяси, мәдени,
әлеуметтік-экономикалық бөлшегі болған,
Орталық Азия мемлекеттерінің, басқа интеграциялық
топтарға қарағанда көп артықшылығы бар.
Олардың діні, мәдениеті, тарихы,ділі бір
мемлекеттер.
Информация о работе ТМД-дағы экономикалық интеграция және Қазақстан