Автор работы: Пользователь скрыл имя, 21 Января 2015 в 10:12, реферат
XXІ ғасыр адамзат тарихындағы ең дүбірге толы кезеңі. Әрине, сол дүбірлі оқиғалардың бірі де Кеңес Одағының социалистік лагерінің ыдырауы. Әлемдік қауымдастықтың қатары жаңа тәуелсіз мемлекеттер қатарымен толыға түсті. Бұрынғы Одақтас мемлекеттердің өз тәуелсіздіктерінің аясында экономикалық және әлеуметтік қиыншылықтармен бірде жеңіп, бірде жеңіліп дамып келеді. Қазіргі таңда жаңа тәуелсіз мемлекеттердің саяси егемендіктерінің халықаралық саяси стадиясының орнығуы аяқталды деп айтуға болады, тек бұл ғана емес қаржы-валюта, әлеуметтік-экономикалық жүйелері де құрылып бітті. Жаңа құрылған мемлекеттер арасындағы қатынастар үзілуге шақ қалды.