Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:01, курсовая работа
Инвестициялардың көзі болып жаңадан қалыптасқан құны немесе жаңа табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер оны өзінің табыс есебінен және капиталдар нарығындағы несиелердің есебін жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның қарамағында қалған табыс болып саналады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Кіріспе
I- Бөлім. Қаржы инвестицияларының түсінігі
1.1. Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері
1.2. Қаржы инвестиция есебі нарығының пайда болу себептері
II-Бөлім. Қаржы инвестициясының жіктелуі мен бағалануы және қайта бағалануы
2.1. Қаржы инвестициясының жіктелуі мен бағалануы
2.2. Инвестицияның құнын анықтау және түгендеу
2.3. Қаржы инвестицияларын шығару, сату және аудару
2.4. Қаржы инвестицияларын қайта бағалау есебі
III- Бөлім. Қаржы инвестицияларының талдануы және аудиті
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Эмитент ретінде кім болғанына байланысты бағалы қағаздар мемлекеттік, муниципалдық және коорперативтік болып үш түрге бөлінеді.
Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ұлттық Банкінің ішкі және сыртқы борыштық міндеттемелері. Үкімет Қаржы Министірлігінің атынан бюджет тапшылығын инфляциялық емес жабу мақсатында мемлекеттік борыш шегінде бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асырады.Ұлттық Банк айналысындағы ақша массасын реттеу мақсатында бағалы қағаздарды эмиссиялайды.
Үкімет өз атынан бағалы қағаздардың бұл түрін шығара отырып, Республикалық бюджеттің тапшылығын қысқартуға, инфляцияны болдырмауға тырысады. Осыған сәйкес Ұлттық Банк мекемесі айналымдағы ақша қаражаттарының қозғалысын реттеуді көздейді. Мемлекеттік бағалы қағаздардың мынадай түрлері бар:
Қазіргі уақытта Қаржы Министірлігі мемлекеттік ішкі заемның ұлттық жинақ облигацияларын, айналыс мерзімі 3, 6, 9, 12 айлық мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер, айналыс мерзімі 1 жыл және одан жоғары индекстелген қазынашылық міндеттемелерін, айналыс мерзімі 5 жылдық арнайы мемлекеттік валюталық облигацияларын, Ұлттық Банк- қысқа мерзімді валюталық ноталар, айналыс мерзімі 90 күндік қысқа мерзімді ноталар шығарады.
Муниципалдық бағалы қағаздар- бұл жергілікті атқарушы органдардың қарыз міндеттемесі, ол жергілікті бюджеттен және коммуналдық меншіктен кепілдік береді.Муниципалдық бағалық қағаз аймақтық әлеуметтік бағдарламаны орындау мақсатында шығарылады.Ол құрылыс, ауруханалар мен бала-бақшасын және үйлер мен мектептерді, жолдарды жөндеу, керекті мүліктерді сатып алу т.б. үшін пайдаланылады.
Коорпоративтік бағалы қағаздар- субъектінің заңға сәйкес жарғылық капиталды қалыптастыру немесе шаруашылық қызметін іске асыру үшін қаражаттарды тарту мақсатында шығарылатын бағалы қағаздар. Бағалы қағаздардың бұл түрін көп жағдайларда акционерлік қоғамдар шығарып және олар эмитент ретінде тіркеледі.
Бағалы қағаздарды жалпы мына төменде аталғандай екі топқа бөлуге болады:
а) ақшалай;
ә) капиталды.
Ақшалай бағалы қағаздар – ақшаны қарызға алғандығын білдіреді. Бағалы қағаздардың бұл түріне вексельдерді, депозиттік және жинақ сертификаттарын жатқызуға болады. Жалпы ақшалай құнды қағаздардан табыс бір рет қана алынады. Іс жүзінде ақшалай құнды қағаздар қысқа мерзімді болып келеді, яғни бір жылға дейінгі уақыт аралығында қолданылады.
Капиталды құнды қағаздар – шаруашылық субъектілерінің қорын (капиталын) құруға немесе оны ұлғайтуға байланысты шығарылады.
Өздерінен алынған табысқа байланысты құнды қағаздар қарыздық және инвестициялық болып екі топқа бөлінеді.
Қарызды құнды қағаздар – бойынша эмитент өзі белгіленген уақыт барысында процентімен тиісті қарыздарын өтеуге міндетті. Қарыздық бағалы қарыздарға облигацияның барлық түрлері, вексельдер, т.б. бағалы қағаздар жатады.
Инвестициялық құнды қағаздар – иемденушіге активтің бір бөлігін иемденуге құқық береді. Құнды қағаздардың бұл түріне акцияны жатқызуға болады.
Құнды қағаздар шығарылу мақсатына байланысты қорлы және судалық болып екі түрге бөлінеді.
Қорлы құнды қағаз – қор биржасында айнлысқа түседі және көп мөлшерде эмиссияланады. Құнды қағаздардың бұл түріне акциялар және облигациялар жатады.
Судалық құнды қағаздар – белгілі бір комерциялық бағытпен сауда операциялары кезінде есеп айырысуға арналған.
Нарықтағы айналымдағы ерекшеліктеріне байланысты құнды қағаздар нарықты жіне нарықты емес болып екіге бөлінеді.
Нарықты құнды қағаздар – айналыста еркін сатылып немесе сатып алынады.
Нарықты емес құнды қағаздар – қолдан-қолға еркін жүре бермейді, яғни олар екінші айналымға түспейді.
Атқаратын қызметіне және роліне байланысты құнды қағаздар:
Акция дегеніміз – акционерлік қоғамда, яғни шаруашылық субьектісін дамытуға қаржы салғаны туралы куәландыратын және иесіне акционерлік қоғамның пайдасының бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін құнды қағаз болып табылады. Акциялар айналым мерзімі белгіленбей-ақ шығарыла береді. Шаруашылық субъектісін басқаруға қатысу құқығына сәйкес акциялар, жәй және артықшылығы бар – деп аталатын түрлерге бөлінеді.
Жай акциялар – акционерлік қоғамды басқаруға құқық береді. Бір акция осы субъектідегі акционерлер жиналысында шаруашылық субъектіге қатысты мәселелерді шешу барысында бір дауысқа ие бола алады. Жай акциялар үшін дивидент төлеу акционерлік қоғамның таза пайдасынан резервтер жасалғаннан (толтырғаннан) кейін және артықшылығы бар акциялар бойынша дивиденттер төленгеннен ғана жүргізіледі.
Артықшылығы бар акциялар – басқаруға қатысу құқығын бермейді, әйтсе де олар тұрақты белгіленген мөлшерде дивиденттер алу құқығын береді, яғни белгілі бір мөлшерде табыс әкеліп тұрады. Сонымен қатар артықшылығы бар акциялар шаруашылық субъектісінің таза табысын акционерлер арасында бөлу немесе қоғамның жойылуы кезінде жай акциялармен салыстырғанда артықшылыққа ие болып табылады.
Акцияның бір акционерден екінші акционерге берілу ережелеріне сәйкес оларды атаулы және ұсынбалы акциялар деп аталатын екі түрге бөледі.
Атаулы акциялар дегеніміз – олардың иелері міндетті түрде шаруашылық субъектісінің реестрінде (тіркеу орынында) тіркеуге тиісті акциялар болып табылады. Бұл ережелер бойынша акционерлер кітабында сатып алынған акцияларының алынған уақыты мен саны көрсетіліп басқа да тиісті жазулары жазылған азаматтар ғана акционерлер болып саналады. Атаулы акциялардың иесі бұл бағалы қағаздарды сатып алған кезде шаруашылық субъектісінен барлық акциялар үшін олардың өз иесінің қолында екендігін куәландыратын бір ғана сертификат алады. Акциялардың мұндай түрін сату барысында сертификаттың теріс жағында екі тараптың да қолдары қойылған (сатушы мен сатып алушы) табыстау туралы келісім-шарт жасалуы қажет. Сонан кейін бұл сертификат акционерлер тізіміне тиісті өзгертулер енгізу үшін шаруашылық субъектісіне жөнелтіледі. Осыдан кейін барып акцияны жаңа иелері өзінің сатып алған бұл құнды қағазына жаңа сертификат алады.
Ұсынбалы акциялар – иелерінің аты-жөні, яғни олар туралы деректер мен мәліметтер шаруашылық субъектісінде тіркелмейді. Шаруашылық субъектісі, әдетте ондай акциялар иелерінің кім екендігін де біле бермейді. Акциялардың бұл түріне, яғни ұсынбалы түріне иелік ету тек қана шаруашылық субъектілерінің акционерлері бар деп айтуға заңды түрде негіз бола алады. Ұсынбалы акцияларды сатып алу немесе оларды қайта сату операциясы құнды қағаздың бұл түрінің бір меншік иесінен екінші меншік иесіне тікелей ауысуы болып табылады.
Облигациялар дегеніміз – оның иесінің ақша қаражаттарын салғанын куәландыратын және оған көрсетілген мерзім ішінде осы құнды қағаздың номиналдықұнын белгілеген процетті төлей отырып, өтеу міндеттемесін мақұлдайтын құнды қағаз болып табылады. Облигациялар белгілі бір мерзімге шығарылады. Жалпы облигацияларда акциялар сияқты шаруашылық субъектісі үшін инвестицияның маңызды көзі болып табылады.
Яғни облигациялар
дегеніміз корпорацияның, шаруашылық
субъектісінің қарыз
Депозиттік сертификаттар дегеніміз – ірі номиналға ие болып табылатын мерзімдік сертификаттарды білдіреді, олар негізінен шаруашылық субъектілерге арналған. Депозиттік сеттификаттар құнды қағаз болғанымен оларды бір адамнан екінші адамға беруге болады. Депозиттік сертификаттар клиентке жинақ кітапшасы емес банктің сенімхатының ролін атқаратын, сертификат берілетін мерзімде банктің салымдарының түрі болып табылады. Сертификаттың өзі атаулы ұсынбалы болып екі түрге бөлінеді.
Сонымен депозиттік сертификат дегеніміз - салымның немесе оның мұрагерлерінің белгіленген мерзім біткен соң депозит сомасы бойынша пайыз түрінде табыс алу құқығын куәландыратын ақша қаражаттарының салымы туралы эмитент банкінің жазбаша куәлігі болып табылады.
Вексель дегеніміз - оның иесінің белгіленген мерзім, яғни уақыт біткен соң борышкердің ақша төлеуін талап ететін құқығын куәландыратын жазбаша борыштық міндеттемесі. Сатып алу және сату объектісі, сондай-ақ капиталды қысқа мерзімді инвестициялау құралы болып, вексель құнды қағаздың ерекше бір түрі ретінде қызмет етеді. Жасау үлгісі және қолдануы бойынша вексельдер жәй және аударылмалы деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай вексель дегеніміз – төлем мерзімі келген кезде вексель ұстаушыға белгіленген сомада ақша төлеуді вексельді беруші өзіне ешқандай шарт қоймай-ақ міндеттейтін құжат болып табылады, яғни қарапайым тілмен айтқанда вексель берушінің вексель алушыға ақшалай төлем жасауға міндеттемесін білдіреді.
Аудармалы вексель дегеніміз – таратта деп аталады, оның жай вексельден ерекшелігі, аударылмалы вексельде вексель ұстаушының төлеушіге вексельде көрсетілген ақша сомасын үшінші бір адамға эмитентке төлеу тұралы жазбаша бұйрығын бере алады.
Айналым процесі кезінде вексель бір адамнан екінші адамға арнайы тіркеліп жазылғанан кейін ғана беріледі. Табыстау жазбасы вексельдің теріс жағында немесе қосымша парағында жазылады.
Вексельдер
өздерінің түрлері бойынша
Коммерциялық вексельдер - өнім өндіруші шаруашылық субъектілердің ол өнімді тұтынушы, яғни сатып алушы шаруашылық субъектіге төлем жасау мерзімінің кешіктірілусебебіне байланысты берілетін коммерциялық несиесі ретінде рәсімделеді.
Қаржылық вексельдер арқылы - әр түрлі банктер арасындағы тауарлы келісім-шарттар емес борышкерлік қатынастар рәсімделеді.
Қазыналық вексельдер – мемлекеттік қазыналық міндеттемеге жатады. Олар мемлекеттің ішкі қарыздарын өтеуіне байланысты шығарылады. Қазыналық вексельдер негізінен дисконтымен бірге номиналынан шегерім жасауды қоса алғандағы бағасы бойынша банктерге және басқа да субъектілерге сатылады. Ал оларды кері қарай сатып алу толық номиналды құны бойынша жүргізіледі. Қазыналық векселдер иелерінің табысын номиналды және сату бағасының арасындағы айырмашылықты құрайды. Жалпы алғанда қазыналық вексельдер банктер үшін қысқа мерзім капитал салу нысаны болып табылады. Олар банк арқылы ақша рыногында пайдаланылады.
Чек дегеніміз – чек берушінің чек ұстаушыға сол чекте көрсетілген сомадағы ақшаны төлеуі туралы банк мекемесіне берген жазбаша өкімін білдіретін құнды қағаз болып табылады. Чектер негізінен төлем айналысын жеңілдету үшін қолданады. Жалпы чекті ақша орнына төлем ретінде беруге болады. Алайда бұл ақшаның нақты өзі емес, тек сол ақшаны талап ету жөніндегі құнды қағаз болып табылады.
Туынды бағалы қағаздар – Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп стандартында және Қазақстан Республикасыныңзаңдарында туынды қағаздары туралы ешқандай сөз айтылмаған.
Туынды бағалы қағаздар дегеніміз – екінші деңгейдегі құнды қағаздар болып табылады.Бұл осы аталған жағдайда қор рыногының қатысушысының акциялары мен облигациялары емес оларды сатып алу, сату жөніндегі операциялар жүргізуге құқық беретін құжаттармен жұмыс істеуін білдіреді.
Мұндай құнды қағаздарға, вараттарды, опцондарды, фьючерстерді жатқызуға болады.
Варанттар дегеніміз – эмитенттің белгілі кезең ішінде, яғни белгілі бір уақыт аралығында белгіленген баға бойынша акциялар сатып алуына жеңілдік құқығын беретін құнды қағаз болып табылады.