Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Апреля 2013 в 19:01, курсовая работа
Инвестициялардың көзі болып жаңадан қалыптасқан құны немесе жаңа табыстың жинақталған бөлігі саналады. Кәсіпкерлер оны өзінің табыс есебінен және капиталдар нарығындағы несиелердің есебін жұмылдырады. Негізгі капиталды жаңартуға арналған инвестиция көзі болып кәсіпорынның қарамағында қалған табыс болып саналады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Кіріспе
I- Бөлім. Қаржы инвестицияларының түсінігі
1.1. Инвестициялар туралы түсінік және оның түрлері
1.2. Қаржы инвестиция есебі нарығының пайда болу себептері
II-Бөлім. Қаржы инвестициясының жіктелуі мен бағалануы және қайта бағалануы
2.1. Қаржы инвестициясының жіктелуі мен бағалануы
2.2. Инвестицияның құнын анықтау және түгендеу
2.3. Қаржы инвестицияларын шығару, сату және аудару
2.4. Қаржы инвестицияларын қайта бағалау есебі
III- Бөлім. Қаржы инвестицияларының талдануы және аудиті
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Қоржындардың өсуіне, қоржынға енген құрылымдардың өзгерісі мен бағамдары әсер етеді. Табыс қоржындары тұрақты қоғамға және құрылымға ие.
Қоржын қызмет ету уақытына байланысты, ол мерзімі шектелген және мерзімі шексіз болып бөлінеді.
Сонымен, кәсіпорын әр түрлі компаниялардың бағалы қағаздарын сатып алады, демек тұтастай алғандағы қысқа мерзімдік қаржылық инвестицяилардың қоржынын келесідей мысалда көрсетуге болады. 1.4.Кесте. Қысқа мерзімді инвестициялардың қоржыны.
Инвестиция түрлері |
Сатып алу құны |
Сатып алу кезіндегі ағымдық құн |
Ауытқу (+,-) |
Акциялар: «Есқожа»компаниялары |
44 |
49 |
+5,0 |
«Алатау»компаниялары |
39 |
36 |
-3,0 |
«Жетісу»компаиялары |
21 |
21 |
- |
Акциялардың жиынтығы |
104 |
106 |
+2 |
Облигациялар: «Егей компаниялары |
8 |
11 |
+3 |
«Әбіле»компмниялары |
14 |
6 |
-6 |
Облигациялар жиынтығы: |
22 |
18 |
+4 |
Қоржындағы бағалы қағаздардың барлығы |
126 |
124 |
-2 |
Енді осы келтірілген кестеге қарап, қаржылық инвестицияның құнын әр түрлі нұсқада анықтауымызға болады.
Бірінші нұсқа бойынша қаржылық инвестициялардың баланстық құны ағымдағы құнға байланысты анықталады, өйткені ол тұтастай алғанда қысқа мерзімді инвестициялардың портфелі бойынша ең азы болып табылады. Ондағы 2 мың теңге айырмасы (126-124) шығыс болып табылады.
Екінші нұсқа бойынша акциялардың баланстық құны сатып алу құнына байланысты (104 мың теңге 106 мың теңгеден аз), ал облигациялардың баланстық құны – ағымдағы құнға (124 мың теңге 126 мың теңгеден аз) байланысты анықталады. Тисінше, акция бойынша 2 мың теңге табыс ретінде танылса, ал 2 мың теңге облигацияларда шығыс ретінде таылады.
Үшінші нұсқа бойынша акциялардың баланстық құны:«Есқожа» компаниясының-44 мың теңге, «Алатау»компагниясының-39 мың теңге, «Жетісу»компаниясының -21 мың теңге құрайды. Облигациялардың баланстық құны: «Егей» компаниясы-8 мың теңге, «Әбле» компаниясы-14 мың теңге.
Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялардың ағымдағы құнының өзгеруінен алынған табыс немесе залал олардың сол сөздерінің пайда болған кезінде танылады.
Есеп саясатында әрбір субъект қолда бар қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар құнының өзгерісінің кезеңділігін көрсетуді белгілейді және ол биржада: не баға нарығында бағасы берілген құны бойынша, не бағалы қағаздардың табыстылыққа байланысты келішуші жақтардың бағасы бойынша, яғни әділ есеп айырысудың нарықтық құны бойынша есептелінеді.
Қысқа мерзімдік қаржылық инвестициялар бухгалтерлік баланста: ағымдағы құнымен; сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелінеді.
Егер қысқа мерзімді инвестиция сатып алу және ағымдағы құнының ең төменгі бағасымен есептелсе, баланстық құны жиынтық көрсеткіш негізінде не инвестиция түрі бойынша, не бөлек инвестиция негізінде анықталады.