«Сарыағаш-жер» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2015 в 00:01, курсовая работа

Краткое описание

Есеп мәліметтерін кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жедел басқару үшін, қаржылық есебін құру үшін қолданады.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді..

Содержание

Кіріспе


1 «Сарыағаш-жер» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы

1.1 Серіктестіктің тарихы және оның қызметіне мінездеме

1.2 Кәсіпорында өндірістік процесті ұйымдастыру


2 «Сарыағаш-жер» ЖШС-нің 2008-2010 жж. экономикалық қызметтері және қаржы-шаруашылық жағдайын талдау

2.1 Кәсіпорынның ресурстық потенцалы

2.2 Кәсіпорын шығындары
2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау


3«Сарыағаш-жер» ЖШС-нің салық төлеу тәртібі


Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

1246_-___-_.doc

— 318.00 Кб (Скачать файл)

 

2.1 Кәсіпорынның ресурстық потенциалы

 

Қазіргі нарықтық қатынас жағдайында мекеме құралдарының ең басты бөлігі болып қаржы ресурстары жатады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту үшін шешімдер қабылдауға болады. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Бүгінгі экономикалық жағдайда тұрақты төлем қабілеттілік табыстылықтан да маңызды болып отыр.

Кез-келген бизнес түрiнiң нәтижесi қаржылық ресурстардың бар болуы мен оларды пайдалану тиiмдiлiгiнен тәуелдi. Төлем қабілеттілік пен қаржылық тұрақтылық шаруашылық субъектілерінің қаржылық-экономикалық қызметінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Егер кәсіпорын қаржылық тұрақты, төлем қабілетті болса, онда ондай кәсіпорын сол саладағы басқа кәсіпорындармен салыстырғанда инвестиция тартуда, несие алуда, білікті мамандар тартуда елеулі  артықшылыққа ие болады.

Өндіріссіз экономика жоқ және әлемдік экономиканы талдамай тұрып, оның негізі болып саналатын өндіріс туралы түсінік болу керек. Материалдық игіліктерді өндіру - адам мен табиғаттың өзара әрекетін, шаруашылық қызметі процесіндегі адамдар арасындағы өзара әрекетін көрсететін адам өмірі мен қоғамның негізі.

Өндіріс - адамдардың мақсатты шектеусіз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызметі. Бұл адамдарды - материалдық, әлеуметтік, интеллектуал-дық ресурстарды пайдалануға итермелейді. Ресурстардың шектеулілігі адамдар мен қоғамды қанағаттандыру қажеттіліктерін таңдауға итермелейді.

Таңдау экономикалық категория ретінде бұл - өндіру, сату және сатып алу болып саналады. Бұл міндет (таңдау) кез келген қоғамда оның  әлеуметтік-саяси құрылысына қарамастан қарастырылуы тиіс.

Нені өндіру керек – яғни қандай байлық, қандай сапада және қанша өндірілуі тиістігі шектеулі ресурстармен байланысты болады.

Қалай өндіру керек - бұл қандай шектеулі ресурстардан және қандай комбинациялардан, билікті қандай технологияның көмегімен өндіру керектігі туралы шешім қабылдайды.

Кімге және қанша өндіру керек - бұл адам қажеттілігі шектеулі болған жағдайдағы кімге қанша өндірілген материалдық игіліктерді бөлу проблемасы болып табылады.

Мұндай күрделі проблемаларды шешу үшін шаруашылық субъектілері өзара байланыс пен комбинация негізінде өндірістің негізгі факторлары - жер, еңбек, капитал мен субъектілердің кәсіпкерлік қызметіне айналатын өндіріс ресурстарына, адамдардың өндірістік қызметі және табиғат жасаған байлықтар туралы деректерге ие болуы тиіс.

Өндіріс ресурстары  - бұл тауарлар  мен қызметтер жасау процесінде пайдаланатын табиғи, әлеуметтік және рухани күштердің жиынтығы.

Ресурстар төрт түрлі болады:

1. «Табиғи» - өндірісте қолдану  үшін  әлеуметтік, пайдалы табиғи күштер мен заттар, олар «таусылатын», «қалпына келтіретін» немесе «қалпына келтірмейтін» болып ажыратылады.

2. Материалдық» - бұл өндіріс нәтижелері  болып саналатын, адам жасаған  инструменттер, машиналар, сарқылатын  шикізаттар.

3. «Еңбек» - «әлеуметтік-демографиялық, кәсіптік-біліктілік және мәдени  білім беру» параметрлері бойынша  бағаланатын еңбекке қабілетті халық.

4. «Қаржылық» - қоғам өндірісті  ұйымдастыру үшін  ақша қаражаттарын  бөлуі болып табылады.

 

  Кесте 1- 2008-2010 жылдар аралығындағы еңбек өнімділігінің көрсеткіші

 

Көрсеткіш атауы

Өлш.бірл.

2008

жыл

2009 жыл 

2010 жыл

Ауытқу, +,-

2009 ж.

2010 ж.

Қызмет көрсетуден табыс

Мың теңге

739152

917429

1043113

41,1

13,7

Жұмысшылар саны, соның ішінде

Адам

592

829

692

16,9

-16,5

Әкімшілік жұмысшылар саны

Адам

55

58

55

0,0

-5,2

Өндіруші жұмысшылар, оның ішінде

1 адамға мың теңге

1249

1107

1507

20,7

36,2

Әкімшілік жұмысшылар

1 адамға мың теңге

13439

15818

18966

41,1

19,9


 

Еңбек өнімділігі қызмет көрсетуден табыстың жұмысшылар санының қатынасымен есептелінген, 1 жыл ішінде 1 жұмысшыдан қанша табыс тапқанын көрсетеді.

2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда еңбек өнімділігі 1 жұмысшыға 20,7%-ға, ал 2008 жылмен салыстырғанда 36,2%-ға өскен.

Жұмысшылар саны 2009 жылмен салыстырғанда 16,9%-ға асқан. Ал 2009 жылмен салыстырғанда 16,5%-ға төмендеді. Соның ішінде әкімшілік бөлімінің персоналының саны да 5,2%-ға төмендеген.

 

 

2010 жылы табыстар соммасы 348,7 мың теңгені құрады. 2008 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 73,4 мың теңгеге өскен, ал 2009 жылмен салыстырғанда 59,2 мың теңгеге өсті.

Табыс құрылымында меншікті салмақты қызмет көрсетуден табыс алуда.

Табыс сомасының 2007-2009 жылдар аралығындағы өзгерісі келесі суретте берілген.

 

 

 

Сурет 2. Табыс сомасының 2008-2010 жылдар аралығындағы динамикасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Кәсіпорын шығындары

 

 2008-2010 жылдар аралығындағы шығыстардың өзгерісі келесі кестеде көрсетілген.

 

Кесте 2- 2008-2010 жылдар аралығындағы шығындардың өзгерісі, мың теңге

 

 

2010 ж.

2009 ж.

2008 ж.

Ауытқу

2009 жыл 

2010 жыл

Негізгі құралдардың шығуы бойынша шығыстар

1,8

26,4

20,8

-19,0

-24,6

Негізгі құралдарыдың істен шығуы бойынша шығыстар

545,0

   

545,0

545,0

Басқа да шығыстар

 

4,3

3,4

-3,4

-4,3

Жарнама жүргізу бойынша шығыстар

251,0

934,0

534,0

-283,0

-683,0

Әкімшілік шығындар

73,2

68,6

65,9

7,3

4,6

Барлығы

871,1

1033,4

624,1

247,0

-162,3


2008 жылмен салыстырғанда 2010 жылы шығындар 247 мың теңгеге артқан. 2009 жылы 162 мың теңгеге кеміген. Табыстардың өсімі шығыстардың өсімінен асып тұрмағанын айта кету керек.

Шығындардың ішінде көп бөлігін Негізгі құралдарыдың істен шығуы бойынша шығыстар алып жатыр.

              Кесте 3– 2008-2010 жылдар аралығындағы серіктестіктің дебиторлық қарыздары, мың теңге

 

 

2009 ж

2008 ж

Ауытқу

Қызмет бойынша қарыздар

49,026

36,541

12,49

Ішкі операциялар бойынша қарыздар

162

359

-197

Қызметкерлер қарызы

77

238

-161

Басқа да қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар

-

-2

Күмәнді міндеттемелер бойынша қарыздар

0

қызмет көрсету

1,44

256

-255

қызметкерлер міндеттемесі

77

 

77

Барлығы

366,466

891,541

-525,075


 

2009 жылы серіктестіктің дебиторлық  қарызы 366 мың теңгені құрады. Бұл  көрсеткіш 2008 жылмен салыстырғанда 525 мың теңгеге кеміген. Оның себебі, ішкі операциялар бойынша қарыздар мен қызметкерлер қарызы бойынша дебиторлық қарыздың қысқаруы.

Серіктестікте тәуекелдерді басқару үлкен рөл атқарады. Тәуекелдердің құрамына нарықтық тәуекел, несиелік тәуекел, өтімділік және операциялық тәуекел кіреді.

Валюталық тәуекел серіктестіктің қызмет етуіне айтарлықтай әсер ете қоймайды. Себебі серіктестікте валюталық операциялар жүргізілмейді.

Нарықтық тәуекелдер – нарықтағы бағаның өзгеруінен қаржылық құралдар құнының өзгеру тәуекелі. Серіктестік нарықтық тәуекелге тәуелді, себебі ол нарықтағы медициналық қызмет бойынша бағалардың спецификалық және жалпы өзгерісі әсер етеді.

Осы тәуекел түрін басқаруда серіктестік нарық конъюнктурасындағы негативті өзгерістер нәтижесінде туындайтын шығындарды жабу үшін серіктестік шығындарды кезең-кезеңмен бағалау әдісін қолданады.

Несиелік тәуекел – бұл басқа жақтардың серіктестік алдында несиелік міндеттемені өтей алмау мүмкіндігі. Серіктестік несиелік тәуекелдерді басқару үшін өзінің саясатын құрған. Оған медициналық қызметтер бойынша аванстық төлемдер кіреді. Несиелік тәуекелді қадағалау үшін дебиторлық қарыздар резерві құрылады.

Операциялық тәуекел – қызметкерлердің және ақпарат жүйелерінің немесе сыртқы оқиғалардың алшақ немесе қате іс-әрекеттері, ішкі үрдістері нәтижесінде шығын туындау тәуекелі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 4– 2008-2010 жылдар аралығындағы серіктестіктің негізгі құралдарының айналымы, теңге

 

 

Жер

Ғимарат

Көлік және басқа да құралдар

Транспорт

Басқада негізі құралдар

Барлығы

Бастапқы құны

2010 жылдың 1 қаңтары

79506

78806

47378

8554

7586

1425752

Басқа мекемелерден түскен түсімдер

 

1083

31715

 

2812

3561

Есептен шығару

   

4262

   

4262

Қайта бағалау

     

662

 

662

2010 жылдың 31 желтоқсаны

79506

78914

50123

7893

78672

1456438

Тозу

2010 жылдың 1 қаңтары

 

11796

1674

532

15972

30186

Тозу құны

 

7883

11545

336

6856

20148

Есептен шығару

   

2241

116

 

2358

2010 жылдың 31 желтоқсаны

 

19679

28061

752

22828

50098

Баланстық құн

2009 жылдың 31 желтоқсаны

79506

6701

30638

8022

59888

1123894

2010 жылдың 31 желтоқсаны

79506

59235

22062

7141

55844

95546

Информация о работе «Сарыағаш-жер» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы