«Сарыағаш-жер» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Марта 2015 в 00:01, курсовая работа

Краткое описание

Есеп мәліметтерін кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысын жедел басқару үшін, қаржылық есебін құру үшін қолданады.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді..

Содержание

Кіріспе


1 «Сарыағаш-жер» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы

1.1 Серіктестіктің тарихы және оның қызметіне мінездеме

1.2 Кәсіпорында өндірістік процесті ұйымдастыру


2 «Сарыағаш-жер» ЖШС-нің 2008-2010 жж. экономикалық қызметтері және қаржы-шаруашылық жағдайын талдау

2.1 Кәсіпорынның ресурстық потенцалы

2.2 Кәсіпорын шығындары
2.3 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау


3«Сарыағаш-жер» ЖШС-нің салық төлеу тәртібі


Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

1246_-___-_.doc

— 318.00 Кб (Скачать файл)

 

 

Жинақталған бухгалтерлік балансты  сараптау кезінде 2010 жылы 2009 жылға қарағанда жалпы активтер 136629 мың теңгеге қысқарған. Есепті кезең соңында, есепті кезеңнің басына қарағанда ұзақ мерзімді активтер 177042 мың теңгеге қысқарған. Ал қысқа мерзімді активтер 40413 мың теңгеге немесе 8,4 %-ға артқан.

Жыл соңында  жыл басымен салыстырғанда пассивтегі жарғылық және резервті капиталдың мөлшері 98,2 %-ды құрайды. Ол жыл басымен салыстырғанды 87068 мың теңгеге азайған. Бұл өзгеріс бөліндеген пайданың бір бөлігін өндіріске жұмсағаннан болғанын баланстан байқай аламыз.

Қорыта келгенде кәсіпорынның есепті жылғы балансының  динамикасында өткен жылмен салыстырғанда артулар бар.

Жарғалық, резервтік капитал  міндеттемелердің 98,2% құрауы, кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Кезең ішінде меншікті капитал сомасы 141652 теңгеге өскен, ол резервтік капиталдың өсуінен болып отыр. Жарғылық капитал сомасы өзгермеген. Меншікті капиталдың өзгеру факторларын «Меншікті капиталдың қозғалысының есебі» формасы бойынша анықтауға болады

 

Кесте 6- Меншікті капитал динамикасы, 2010 жыл

 

Капитал көздері

Сомасы, мың теңге

Құрылымы, %

Жыл басы

Жыл соңы

Өзгеріс (+,-)

Жыл басы

Жыл соңы

Өзгеріс (+,-)

Жарғылық капитал

1555031

1555031

0

150,4

132,3

-18,1

Резервтік капитал

97132

100064

2932

9,4

8,5

-0,9

Шығарылмаған табыстар

-617998

-479278

138720

-59,8

-40,8

19,0

Барлығы

1034165

1175817

141652

100,0

100,0

 

 

Төлем қабілеттілік – бұл кәсіпорынның өзіне алған міндеттемелерін уақытылы жауып отыру болып табылады. Сонымен қатар, төлем қабілеттілік – қарыз алушының барлық міндеттемелерін өтеу мүмкіндігін сипаттаса, несие қабілеттілік – көп жағдайда тек банк несиесін қайтару мүмкіндігін көрсетеді. Яғни несие қабілеттілік төлем қабілеттілік ұғымының құрамдас бөлігі. Кәсіпорынның ағымдық және күтілетін төлем қабілеттілігі ажыратылады. Ағымдық төлем қабілеттілік балансты құру уақытында анықталады, ал күтілетін төлем қабілеттілік нақты алдағы кезеңге келіп түсуі тиіс төлемдерді есепке ала отырып анықталады.

Төлем қабілеттілікті талдауға кіреді:

  • баланстың өтімділігін талдау;
  • өтімділік коэфиценттерін талдау.

Баланстың өтімділігі оның міндеттемелерін активтерімен жабу мүмкіншілгімен анықталады.

Активтердің өтімділігі – активтердің  ақша қаражатына айналу  уақытымен, мөлшері анықталады.

А1 – өтімді активтер (ақша қаражаты, қысқа мерзімді қаржылық салымдар);

А2 – жылдам өтімді активтер (қысқа мерзімді дебиторлық қарыздар);

А3 - өтімділігі төмен активтер (запастар, ұзақ мерзімді дебиторлық қарыздар, басқа да айналымдағы активтер);

А4 – қиын өтімді активтер (ұзақ мерзімді активтердің барлық түрлері);

П1 – қысқа мерзімді міндеттемелер (кредиторлық қарыздар);

П2 – қысқа мерзімді пассивтер (қысқа мерзімді кредиттер мен қарыздар, қызметкерлермен есеп айырысу, басқа да қысқа мер.активтер)

П3 – ұзақ мерзімді міндеттемелер (ұзақ мерзімді пассивтер, болашақтағы табыс)

П4 – тұрақты пассивтер (капитал, резервтер).

Мына теңсіздіктер орындалғанда баланс өтімді болып табылады:

А 1 ³ П 1; А 2 ³ П 2; А 3 ³ П 3; А 4 £ П 4.

Осы теңсіздіктерді орындалу орындалмауын анықтау үшін баланстағы көрсеткіштерді актив пен пассив өтімділі бойынша жіктелінген кесте құрылған.

Кестенің сол жағында активтер А, А2, А3, А4, оң жағында П1, П2, П3, П4 сомалары мың теңгемен көрсетілген.

 

Кесте 7- Кәсіпорын балансындағы активтердің өтімділігі, 2010 жыл

 

Активтер

Сомасы, мың теңге

Пассивтер

Сомасы, мың теңге

+,- өзгеріс,

мың теңге

Есепті кезең

Өткен кезең

Есепті кезең

Өткен кезең

Есепті кезең

Өткен кезең

А1

18656

17679

П1

17583

16764

-1073

-915

А2

41388

20238

П2

9565

6701

-31823

-13537

А3

48291

36884

П3

0

0

-48291

-36884

А4

1456439

1245752

П4

1034165

-224183

-422274

-1469935

Σ

1564774

1320553

Σ

1061313

-200718

   

 

Теңсіздіктерге оралатын болсақ (2010 жылдың балансы бойынша):

  1. А 1 ³ П 1  теңсіздігі бойынша ликвидті активтер қысқа мерзімді міндеттемелерден үлкен немесе тең болуы керек. Бұл теңсіздік орындалып тұр. А1, яғни ликвидті активтер П1 қысқа мерзімді міндеттемелерден асып тұр. Бұл кәсіпорынның төлем қабілеттілігін көрсетеді.
  2. А 2 ³ П 2 теңсіздігі орындалып тұр, яғни жылдам өтімді активтер А2, қысқа мерзімді пассивтерден П2 үлкен. А2=41388>П2=9565, А2 улкен П2 31823 теңгеге артық болып тұр.
  3. А 3 ³ П 3 Ұзақ мерзімді міндеттемелерден  П3, өтімділігі төмен активтер А3 48291 теңгеге артық болғандықтан үшінші теңсіздік орындалып тұр.
  4. А 4 £ П 4. Төртінші теңсіздік бойынша қиын өтімді активтер тұрақты пассивтерден 422274 теңгеге кем .

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның қаржылық тұрақтылығы негізінен капитал көздерінің құрылымының оңтайлылығынан және активтердің құрылымына тәуелді. Кәсіпорынның тұрақтылығына баға беру үшін бірнеше арнайы көрсеткіштер есептелінеді.

 

Кесте 8 - Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері, 2010 жыл.

Көрсеткіш

Деңгей

Шекті мәні

Жыл басы

Жыл соңы

1. Қаржылық тәуелсіздік коэффициенті

1,59758162

1,37767987

>0,5

2. Қаржылық тәуелділік коэффициенті

0,02

0,01

<0,5

3. Төлем қабілеттілік коэффициенті

98,55

94,13

>1

4. Қаржылық тәуекел (леверидж) коэффициент

0,01

0,01

<1

5. Қаржылық тұрақтылық коэффициенті

1,59758162

1,37767987

>0,9


Осы көрсеткіштер негізінде мынадай нәтижелерге қорытынды жазуға болады: кестедегі бірінші, үшінші, бесінші коэффициенттердің мәні неғұрлым жоғары және екінші төртінші коэффициенттердің мәні төмен болған сайын КҚЖ соғұрлым тұрақты. Біздің кәсіпорын осы талаптардың барлығына сәйкес келіп тұр, яғни кәсіпорын қаржылық жағдайы тұрақты, төлем қабілетті. Кәсіпорын сыртқы қарыз көздеріне тәуелді емес.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның тұрақтылығын сипаттаушы маңызды көрсеткіштердің бірі – запастардың қаржыландырудың қалыпты көздермен қамтамасыз етілуі. Тауарлы-материалдық қорларды қалыптастырудың қалыпты көздерінің артықшылығы не жетіспеушілігі – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына баға берудің критерийлерінің бірі болып саналады, осыған орай қаржылық тұрақтылықтың 4 типін ажыратады:

  1. Қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы: Меншікті капитал > Тауарлы - материалды қорлар;
  2. Қаржылық жағдайдың тұрақтылығы, яғни: (Меншікті капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер)>ТМҚ;
  3. Қаржылық жағдайдың тұрақсыздығы, яғни: Меншікті капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер)+қымқа мерзімді міндеттемелер < ТМҚ

Қорыта келгенде жүргізілген зерттеулердің нәтижелеріне сүйене отырып  кәсіпорынның қаржылық жағдайына  берілді. Есеп жазылу кезінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы, төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі, активтерінің, мүлкінің құрылымы, қаржылық жағдайының ликвидтілігі тағы да басқа қаржылық жағдайына зерттеулер жүргізілді. Жүргізілген қаржылық талдаулардың нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайына оң деген баға берілді. Кәсіпорын несие және төлем қабілетті. Өзіне алынған міндеттемелерді уақытында жауып отыруға мүмкіншілігі бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

            3. Кәсіпорынның салық төлеудегі ерекшеліктері

 

Салықтар – белгілі бір көлемде және мерзімде алынатын, заң бойынша қарастырылған міндетті төлемдер.

Салықтардың экономикалық мәні – шаруашылық субьектілерінен, азаматтардан ұлттық табыстың бір бөлігін алу жөніндегі өндірістік қатынастар түрі  ретінде анықталады. Салықты мемлекет өзінің функциялары мен міндеттерін орындау жинайды. Яғни салықтар – мемлекет бір жақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін ақшалай төлемдер.

Салықтарды ұтымды ұйымдастырудың классикалық принциптері:

- салық әрбір төлеушінің табысына  қарай салынуға тиіс;

- салықтың мөлшері мен төленетін  мерзімі алдын-ала әрі нақты  белгіленуге тиіс;

- әрбір салық төлеуші үшін  неғұрлым қолайлы уақытта және тиімді әдіспен салынуға тиіс;

- өндіріп алынатын салықтың  шығындары мейлінше аз болуға  тиіс.

Іс-тәжірибе өтіп отырған кәсіпорында бұл принциптердің барлығының да дұрыс ұстанылуына тиісті көңіл бөлініп отырылады.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.

ЖШС мынадай салықтар түрлері төлейді:

- Корпорациялық табыс салығы;

- Жеке табыс салығы;

- Қосылған құн салығы;

- Әлеуметтік салық;

- Жер салығы;

- Көлік құралдары салығы;

- Мүлік салығы.

Кәсіпорын салық міндеттемесін орындау үшін мынадай іс-әрекеттер жасайды:

1) салық органында тіркелу есебіне  тұрады;

2) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты  объектілерді есепке алуды жүргізеді;

3) салық салу объектілерін және (немесе) салық салуға байланысты  объектілерді, салық базасы мен  салық ставкаларын негізге ала  отырып, салықтың және бюджетке  төленуге жататын басқа да  міндетті төлемдердің сомасын  есептейді;

4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына табыс етеді;

5) салықтың және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдердің  есептелген және есепке жазылған  сомасын, салық және бюджетке  төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.

АҚ салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындайды. Және салық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауға құқылы.

Қолма-қол емес нысанда орындалатын салық төлеушінің салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда – салық төлеуші көрсетілген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып саналады.

Салықты, төлемақыны төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар төлеу бойынша міндеттеме белгіленген тәртіппен есепке жатқызулар жүргізу арқылы орындалуы мүмкін.

Салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша міндеттеме ұлттық валютамен орындалады.

Информация о работе «Сарыағаш-жер» ЖШС қызметінің ұйымдастыру-экономикалық жағдайы