Сыртқы экономикалық қызметі және сыртқы сауда түсінігі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Сентября 2013 в 20:55, реферат

Краткое описание

ХХ ғасырдың 90 жылдары әлемдік сахнада болған үлкен өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық мемлекет екенін танытты. Қазақстан мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі дамыған мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД бойынша әдеттегі серіптестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.

Содержание

Кіріспе.
1.Сыртқы экономикалық қызметі және сыртқы
сауда түсінігі
2. Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі
Қазақстан
3. Кедендік тарифтер түрлері және іс-әрекеті
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Сыртқы экономикалық қызметті реттеу.docx

— 43.11 Кб (Скачать файл)

Кіріспе.

1.Сыртқы экономикалық қызметі және сыртқы

сауда түсінігі

2. Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі

Қазақстан

3. Кедендік тарифтер түрлері және іс-әрекеті

Қорытынды

 

Кіріспе.

ХХ ғасырдың 90 жылдары  әлемдік сахнада болған үлкен  өзгеріске Кеңес Одағының құлауы жатады. Соның нәтижесінде 15 жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болды. Солардың бірі – Қазақстан Республикасы. Еліміз 8 жыл ішінде өзін барша әлемге тәуелсіз әрі экономикасы өтпелі демократиялық  мемлекет екенін танытты. Қазақстан  мемлекеті толық тұрақты даму үшін біржағынан өнеркәсібі дамыған  мемлекеттермен, екінші жағынан ТМД  бойынша әдеттегі серіптестермен белсенді сыртқы сауда саясатын жүргізуі қажет.

Сонымен қатар, Қазақстан  өзінің транспорттық жүйесін, яғни теңіз, өзен, теміржол, автомобиль және құбыр  сияқты көлік түрлерін транспорттық инфрақұрлымын дамыту керек.

Сыртқы сауда операцияларын  кеден тарифтік реттеу әлемдік экономикада  маңызды орынға ие, өйткені түрлі  елдердің тауарларымен қызметтері арқылы экспорты мен импортының азаюына  да, өсуге де нақты әсер етуге  болады.

Қазақстанның сыртқы сауданы реттеуде әлемдік тәжірибемен танысуы, одан сабақ алуы оның болашақта өз саясатын белсенді және тиімді жүргізуіне жол ашады.

Әлемдік қауымдастықтағы елдердің қазіргі кездегі тәжірибесіндегі сыртқы экономикалық байланыстарды кеден тарифтік реттеу бір – бірімен өзара байланысты қалыптасқан екі түрлі реттеуден тұрады. Халықаралық немесе көп жақты жеке ұлттық реттеулер. 

1. Сыртқы сауда қызметінің түсінігі.

Сыртқы сауда – тауарлармен  қызметті ішке енгізуден (импорттан) және сыртқы шығарудан (экспорттан) тұратын  елдер арасындағы сауда. Сыртқы экономиканың басты көздерінің бірі - сыртқы сауда. Ал сыртқы сауда саясатына келетін  болсақ – белгілі бір елдің  немесе елдер тобының сыртқы сауда  қатынастарын дамыту жөніндегі экономикалық, саяси, ұйымдық шаралар жүйесі және де экспортпен импорттың географиялық және тауарлық құрылымының көлемін  анықтауды қамтиды. Сыртқы сауда  айналымы – сыртқы сауда дамуының жинақталған көрсеткіші, алыс-беріс  арқылы жүзеге асырылады.

Жалпы сауда саясаты бұл  – ұлттық өнеркәсіпті шетелдік бәсекелестерден  қорғау, экспортты ынталандырумен диверсификациялау, елде жұмыс орындарды құру сондай-ақ т.б. елдің дамуын жетілдіретін шараларды  іске асыру жөніндегі саясатты айтамыз.

Сыртқы экономикалық қызмет – сыртқы экономиканың байланыстарды  реттеу тәртібін анықтау және елдің  халықаралық еңбек бөлінісіне қатысуын оңтайландыру бойынша мемлекет пен  оның органдарының нысаналы түрде бағытталған  іс-әрекеті.

Сыртқы экономиканың негізін  құраушыларға жататындар:

- сыртқы сауда саясаты (құрамына экспорттық және импорттық саясат кіреді)

- шетел инвесторларын тарту және шетелдегі ұлттық капитал салымдарын реттеу саласындағы саясат.

- Валюталық саясат.

Сонымен бірге, сытқы экономикалық саясат жекелеген мемлекеттермен,

аймақтармен сыртқы экономикалық операцияларды жүргізудің географиялық теңестірілуі міндеттерін де шешеді, бұл іс елдің экономикалық қауіпсіздігін  қамтамасыз етумен байланысқан.

Сыртқы экономикалық саясат – сыртқы экономикалық қасиетті де (СЭҚ) реттейді, оның айрықша белгілеріне  мыналар жатады:

- тауарлар мен қызметтердің халықаралық сауда саттығы.

- Материалдық, ақша, еңбек және интеллектуалдық ресурстардың халықаралық қозғалысы.

Сыртқы экономиканың құраушыларының бірі болып сыртқы сауда саясатытабылады.

Ал сыртқы сауда саласындағы  саясатты жүзеге асыру құралдарына: кедендік тарифтер, шеттен әкелу және шетке шығаруды реттеудің бейтарифтік  шаралары; саудалық эмбарго; кедендік одақтар және еркін сауда аймағы; валюталық қатынастар саласын: валюталарды  сатып алу – сату операциялары, коммерциялық және басқа мақсаттардағы  валюталық операйияларға шектеулік  белгілеу жатады. Төлемдік қатынастар мен несиелік саясат сферасында займдар (қарыз) экспорттық несиелер және экспорттық несиелерді сақтандыру бойынша есептеу  мөлшерлемелері мен проценттерінің деңгейлері реттеледі.

Көптеген мемлекеттерде  сыртқы экономикалық саясат құралдарының кең ауқымды жиынтығының болуы - өздерінің сыртқы экономикалық байланысының құрылымымен даму бағыттарын құруға ғана емес, сонымен бірге басқа  елдермен сыртқы экономикалық байланысы  мен сыртқы экономикалық саясатына  да белсенді түрде ықпал етуге  мүмкіндік береді. Сыртқы экономикалық саясат құралдарының бұл жиынтығын  саудалық саяси механизм ретінде  қарастыруға болады.

Қазақстан Республикасының қазіргі кездегі дамуы өзара бағыныштылық және өзара араласу процесінің күшейген кезеңінде жүріп жатыр. ҚР-ның геосаяси орны, жалпы шекарасы, басқа аймақтармен байланыс жасайтын көлік қатынасы, сондай-ақ бай табиғи ресурс қуаты өндірістік өнеркәсіпті кооперацялауға, біріккен кәсіпорындар ұйымдастыруға, агроөнеркәсіптік кешендердің қызметінің дамуына алғы шарттар жасайды. Айта кететін жәйт, жаңа жағдайда бұрынғы одақ мемлекеттерінің арақатынасындағы стиль де өзгереді. Қазақстан ТМД елдері мен сауда-экономикалық байланыстарында дүние жүзінде белгіленген сауда-құқық негіздеріне, сауда және тариф жөніндегі бас ассосация ұйымының принциптеріне сүйенеді. Саудадағы әртүрлі лицензия түрінде квота, баж салығы, т.б. кедергілерден құтылуға алғашқы қадамдар жасауда.

Қазіргі кезде жалпы экономикалық бірігудің әртүрлі жолдары бар екені белгілі болды: ТМД елдерімен екі жақты келісімдер негізінде, көпжақты келісімдерді тереңдету, аймақтық интеграциялық бағдарламаларды іске қосу (Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан). Сыртқы сауданы либерализациялау және оның еркін іс-әрекетіне жағдай жасау сыртқы сауда айналымының дамуына ықпал етеді. Шетел мемлекеттерімен сыртқы сауда саясатын іске қосу құралдарына мемлекетаралық комиссиялар жатады, олар екі жақты байланыстардың дамуы мен ұйымдастыру жұмыстарын, сондай-ақ ынтымақтастық көлемінде туындаған кезек күттірмейтін мәселелерді.

Сыртқы экономикалық қызметті әрі қарай либерализациялау Қазақстан  экономикасына шетел инвесторының қатысуы, Қазақстанның интеграциялық  мүддесі және тағы басқалар кедеңдік саясат құралы мен кеден мақсаттарын  сақтай отырып, кеден ісінің элементтерін унификациялауды, жетілдіруді қажет  етеді.

Мемлекеттік жоғарғы билік  органдарының кеден саясаты мен  сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік  реттеу саласында дұрыс шешім  қабылдауы үшін оның макроэкономикалық  жағдайларын зерттеудің, сыртқы сауда  динамикасына, құрылымына, деңгейіне  негізделген нақты талдаудың  маңызы зор.

Кеден статистикасын құруға кіретін мемлекеттерге тауарларды декларантпен рәсімдеуде толтырылған  кеден декларациясындағы жүк  жөнінде белгіленген ақпарат  жатады.

Сыртқы саудадағы кеден  статистикасы ережелерін жүйелеу мақсатында Қазақстан Үкіметімен (1995 жылғы 6 шілдедегі  Примьер Министрдің №238 қаулысы  бойынша) барлық министрліктер мен  ведомстваларға, облыс басшыларына  өз қызметі барысында әлем елдерінің топтарын қоса алғанда, ТМД мемлекет қатысушыларының сыртқы саудадағы кедендік статистикасының бірыңғай әдістемелерін басшылыққа ала отырып, қолдануға тапсырма берілді.

2. Сыртқы экономикалық қатынас жүйесіндегі

сыртқы сауда  саясаты.

Халықаралық экономикалық қатынастың дәстүрлі және ең кең дамыған нысанына – сыртқы сауда жатады. Дүниежүзіндегі елдердің барлығы үшін сыртқы сауданың ролі ерекше маңызды.

Американ ғалымы Дис Сакстың  пікірнше: «қандай бір ел болмасын, оның экономикалық жетістігі сыртқы саудаға байланысты. Дүниежүзілік экономикадан оқшауланың, ешқандай ел дені сау, жөні түзу экономика жасай алған жоқ».

Халықаралық сауда – еңбек  бөлінісі негізіңде әр түрлі елдердің тауар өңдірушілер арасында пайда  болатын байланыстардың нысаны және ола

экономикалық тәуелділігі.

Ғылыми – техникалық прогрестің ықпалын экономикада жүріп жатқан құрылымдық өзгерістер, өнеркәсіп өңдірісінің мамандануы мен кооперациялануы ұлттық шаруашылықтардың қарым - қатынасын күшейтеді. Мұның өзі халықаралық сауданың мейлінше дамуына мүмкіндіктер туғызады.

Сыртқы саудада «фритретерствоны» /еркін сауда/ немесе «протекционизмді» /өз тауар өңдірушілерін қолдау/ талдап алудағы ымырасыздық өткен уақыттардың еншісінде қалды. Қазіргі кезде бұл екі бағыт өзара кірігіп, араласып кетті.

«Фритретерство» саясатың ең алғаш А.Смит өзінің «Салыстырмалы артылықшылықтар теориясында» анықтаған. Ол: «айырбас қандай елге болса да қолайлы; әрбір ел одан абсолютті артықшылықтар табады» - деп жазған.

ХХ ғ. екінші жартысынан бастап халықаралық сауда жоғары қарқынмен  жедел дами бастады. Халықаралық  сауданың жедел өсуіне мынадай факторлар  әсер етті.

1 халықаралық еңбек бөлінісі мен өндірісті интернационалданудың дамуы;

2 экономикада жаңа салалардың пайда болуына және негізгі капиталды жаңартуға игі әсерін тигізетін ғылыми – техникалық революция;

3 дүниежүзілік нарықтағы трансұлттық корпорациялардың белсенді қызметі;

4 тарифтер мен сауда туралы. Бас келісімнің шаралары арқылы халықаралық сауданың реттелуі;

5 көптеген елдердің импортына кедергілердің жойылып, кедең бағасы төмеңдеп, еркін экономикалық аймақтардың құрылуы;

6 сауда – экономикалық интеграция процестері дамып, жалпыға бірдей нарықтың қалыптасуы;

7 сыртқы нарыққа бейімделген, экономикасы бар «жаңа индустриалды елдердің» пайда болуы т.б.

Соңғы онжылдықтарға сыртқы сауда динамикасының әркелкілігі  біліне бастады. Бұл дүниежүзілік нарыққа  белсенді қатысушы елдердің өзара сауда  – экономикалық қатынастарына әсерін тигізеді. АҚШ дүниежүзілік нарықтағы  басымдығынан айырыла бастады.

Егер 1950 жылы АҚШ үлесіне  дүниежүзілік экспорттың 3/1 тиген болса, өз кезегінде Алманияның экспорты АҚШ  деңгейіне жақындады. Сөйтіп, 90-шы жылдары  Батыс Еуропа халықаралық сауда  – саттықта Испания едәуір жетістіктерге  жетті. Бұл жылдары машина мен  жабдықтарды экспорттауда Испания  дүниежүзінде бірінші орынға шықты. Сол кезеңде өз тауарларының бәсекелік  мүмкіндіктері бойынша Жапонияға  Азияның «жаңа индустриалды елдері» - Сингапур, Гонконг және Тайвань жақындады.

Бәсекеге қабілеттіліктің  дүниежүзілік классифкациясы төрт жүзге  жуық критерийлерден тұрады. Олардың  негізгілеріне жан басына шаққандағы табыс, инфляцияның деңгейі және сыртқы сауда балансы жатады. Классификацияда, аталғандарда басқа қазба байлықтар, инфрақұрылым, байланыс құрал –  жабдықтар т.б. факторлар ескеріледі.

Женевада өткен дүниежүзілік экономикалық форумның баяндамасында, бәсекелікті нақты мемлекеттің  дүниежүзілік нарыққа салыстырмалы түрде бәсекелестерінен артық байлық шығаруы деп анықтады.

Мамандардын болжауы бойынша  ХХІ ғ. алғашқы жылдарында бәсекеге ең қабілетті елдер сипатына АҚШ  пен Азиялық мемлекеттер болады. 2030-шы жылы бәсекеге ең қабілетті үш мемлекеттің қатарында АҚШ, Жапония, Қытай болмақ. Бұлардан соң Алмания, Сингапур, Оңтүстік Корея, Индия, Тайвань, Малайзия және Швейцария мемлекеттерінің  мүмкіндіктері мол.

Дамушы елдердің өз экспортын  диверцификациялауға /шаруашылық қызметіне  жаңа өріс табуға/ ұмтылыстары өнеркәсібі дамыған елдер тарабынан қандай нысанда болмасын, қарсылыққа кездесуде. Дегенмен, кейбір дамушы елдер ең алдымен «жаңа индустриалды елдер» өз экспорттарының құрылымын өзгерту ісінде айтарлықтай жетістіктерге жетті. Олардың экспорттарында дайын өнімнің, өнеркәсіп бұйымдарының, соның ішінде машиналар мен жабдықтардың үлесі артты.

Женевадағы дүниежүзілік сауда ұйымының деректеріне сәйкес 1994 жылы ең үлкен экспорттаушы мемлекеттердің қатарына мыналар кіреді:

ХХ ғ. соңғы ширегінде  халықаралық экономикалық қатынастар жүйесінде Азия-Тынық мұхит аймағының  ролі күшейді. Дүниежүзілік банктің  есептеуі бойынша 2000 жылы дүниежүзілік сауда көлемінің 40%-і Тынық мұхит  бассейнінде шоғырланады.

Өнеркәсібі дамыған елдер арасындағы халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуі, олардың өзара қарым-қатынастарын ұлғайтып, дамушы елдердің үлестерін азайтады.

Қазіргі уақытта негізгі тауар тасқыны «үлкен үштік»: АҚШ – Батыс Еуропа – Жапония шеңберінде ағылып жатыр.

3. Кедендік тарифтер түрлері және іс-әрекеті.

Кеден тарифтік жүйесі көптеген элементтерді қамтиды. Кедендік тарифтік шаралар дегеніміз – сыртқы экономикалық қызметті реттеуге бағыталған және мемлекеттік  органдармен заңға көрсетілген  реттерде жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық, экономикалық, құқықтық шаралардың жиынтығы. «Кеден тарифтері және баж» туралы ҚР-ның Заңы 1991 ж. 24 желтоқсанда белгіленді.

Кеден тарифтік реттеу дамуындағы жаңа кезең – «Кеден тарифтері және баж» туралы заңның қабылдануы. Бұл заңға сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттеудің негізінде тарифтік шаралар жатады.

Кеден тарифтері механизмді пайдалану барысында келесі негізгі  мақсаттарда шешілені: реттеуші, сауда-саяси, фиксальды. Оның тиімділігі көбінесе реттеудің  нормативтік тәртібіне және ережелеріне  байланысты. Мұндай реттеудің заңдылық негізіне 1995 ж. 20 шілдедегі Қазақстан  Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Кедендік іс туралы» 
Қаулысы жатады.

— Қазақстан Республикасында мынадай кедендік төлемдер қолданылады:

Информация о работе Сыртқы экономикалық қызметі және сыртқы сауда түсінігі