Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2014 в 20:46, реферат

Краткое описание

Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар. Оның түп тамыры саяси экономия классиктерінің еңбектерінде жатыр. XVIII-XIX ғасырларда экономикалық теория ғылыми пән ретінде «саяси экономия» деп аталған.XIX ғасырдың соңғы отыз жылдарында саяси экономия «экономикс» курсымен ауыстырылды. Ағылшын тілді елдерде бұл пән осы атпен дамуда. Бүгінгі жағдайда ТМД елдерінде «Экономикалық теория» курсы оқытылады.

Вложенные файлы: 1 файл

ЭТН о_у-_дістемелік жиынты_.doc

— 2.84 Мб (Скачать файл)

«Акционерлік қоғамдар туралы», «Қаржы нарығын мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы», «Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру туралы» заңдар осының дәлелі.

Бүгінгі күні біз әлемде Қытайдан кейін екінші орынға шықтық. Алдағы уақытта ішкі жалпы өнімнің орташа жылдық өнімін 7-7,5 пайыз шегінде көтеріп, оның жан басына шаққандағы деңгейін 2004-ші жылы 2700 АҚШ доллары сомасына дейін жеткізуді қамтамасыз ету қарастырылады. Инфляция деңгейі 7,2 пайыз болды.

ХВҚ мен шетелдік жетекші зерттеу орталықтарының өкілдері, дәйекті макроэкономикалық саясат пен тиімді құрылымдық реформаларды жүзеге асырудың нәтижесінде, Қазақстан қaзiргi кезде экономикалық дамудың қарқыны бойынша Орталық Азия елдері мен басқа да бұрынғы кеңестік мемлекеттерден әлдеқайда озық екенін атап өтуде. Мәселен, әлемге танымал «Муддис» жэне «Смэндард энд Пуурс» Рейтинг агентіктерінің бағалауы бойынша, біздің, республика ТМД елдерінің арасында ең биік несие рейтингіне ие болып отыр. «Муддис» агентігінің директоры Л.Джексон-Мурдың пікіріне қарағанда, Қазақстан ішкі-саяси тұрақтылық, заңнамалық базаның сәйкестілігі, шeтeлдiк инвестицияларды тартуға қажетті жағдайлар туғызу және мемлекеттік қаржы жүйесінің институттық негіздері секілді көрсеткіштер бойынша Ресейден, Украинадан, Беларусьтен, Өзбекстаннан және ТМД-ның басқа елдерінен әлдеқайда алда келеді.

Ел экономикасы жоғары қарқынмен өciп келеді. 2001 жылы ІЖӨ өсімі 13,2 пайыз болып, рекордтық деңгейге жетті, 2002 жылы ол 9,5 пайызды құрады. Төрт жылдағы ІЖӨ-нің нақты өciмi 40 пайыз болды. Оның үстіне қaзiргi кезде ел экономикасында жекеменшік сектор үлкен рөл атқарып отыр, онда ел ІЖӨ-нің 70 пайыздан астамы өндіріледі, бұл ретте экономиканың барлық саласы дерлік тұрақты өсімге жетуде.

Біз 2015 жылға дейінгі мерзімге арналған елімізді индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясын қабылдадық, онда өнеркәсіптік әлеуетті осы заманғы технологиялар негізінде 3,5 есе үлғайту тұрғысындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидалары анықталған.

Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің әлемдік бағалар конъюктурасына тәуелділігін азайту үшін құрылған ұлттық қор жұмыс істеуде. Қaзipгi кезде оның көлемі 2,2 миллиард долларға тең. 2 миллиард доллар жинақтаушы зейнетақы жүйесінде шоғырландырылған. Бұған қоса біз, жарғылық капиталы көп кешікпей 300 миллион доллар болатын Қазақстанның мемлекеттік Даму банкін құрдық. Ол өңдеу өнеркәсібі мен өндірістік инфрақұрылымдағы орта және ұзақ мерзімді инвестициялық жобаларды несиелеуге арналған.

Кейінгі уақытта республика нарығында бірнеше серпінді дамушы банктер өздерін бірден көрсете білді, оның ішінде «Валют-Транзит Банк» жылдан жылға көрсеткіштерін тіптен еселей отырып, өзіне көңіл аудартуда.

Егер жеті жыл бұрын банк активтері 2 млн. теңгені құраса, қазіргі уақытта 20 млрд.теңгеден асады, «Валют-Транзит Банктің» жеке капиталы 4 млрд. тенгеге жетті. Банк Қазақстандағы ipi банктердің бiрiнші ондығына кіреді, оның тарамданған филиалдары, есеп айырысу кассалық бөлімшелері, қолма-қол валюта айырбастау желілері бар.

- Бизнестің әр кезеңі, - дейді  Валют Транзит Банк ААҚ Директорлар Кеңесінің төрайымы Ә.Әлкеева-Беляеева, -   мейлі қалыптасу кезеңі болсын, бәсекелестік өсу жағдайында көп күш жұмсауды   талап   етеді.   «Валют-Транзит   саудалы   маркалы кәсіпорынның көпсалалы қызметіне қатысты айтар болсақ, бұл сауатты есеп пен тапқырлық және тың шешімдер нәтижесі. Мұнда ең бастысы - әркімге өз бөлімі мен дарынын көрсете білуге көмектесетін қолайлы жағдай қалыптасқан. Тек оны дұрыс, орынды пайдалана білу қажет. Біз қолма-қол валюта айырбастау бекетінен бастаған болатынбыз. Айырбастаудың тиімді бағамы мен қызмет көрсету жағдайына байланысты біздің қызметіміз үлкен сұраныста болды.

- Әрине, кездейсоқсыз болмайды, бірақ басқа жағынан алып қарағанда әрбір кездейсоқтық қолайлы мүмкіншіліктерді тудырады, бұл зандылық деп есептеймін. Негізінде, біздің бизнесте барлығы ой елегінен өткізіліп жоспарланады.

Біріншіден, Қарағанды Қазақстанның географиялық орталығы. Екіншіден, бұл - мүмкіншілігі зор индустриялы дамыған өнеркәсіптік аймақ. Үшіншіден, мұнда өте жоғары парасатты мүмкіншілік бар. Төртіншіден, космополиттік аудан бар. Бесіншіден, нарықтағы бос қуыстың болуы. Алтыншыдан, дәл осы жылдары елорданы - Астана қаласына көшipy жоспарланды.

Көптеген біздің жаңа идеяларымыз, жаңа қызмет түрлері болсын, не акцияда болсын әріптестер тарапынан қолдау тауып, банк бизнесінің жүйесіне табысты енгізілуде.

Егер «Валют-Транзит Банк» енгізген соңғы ноу-хоу туралы айтатын болсақ, несиеге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін банк «ізгi шешім» атты пайызсыз несие беру бағдарламасын әзірледі. Иә, иә, пайызсыз несиелер. Бағдарлама теңдессіз, өте тиімді және де патенттелген.

2003 жылдың қыркүйек айында Қарағанды  қаласында жалпы пайдалы аумағы 20000 шаршы метрді қамтитын «Валют-Транзит»  сауда-каржылық гипермаркеті ашылды, ол толығымен әлемдік қызмет  көрсету стандартына сәйкес келеді. Бұл шара Қарағанды қаласының 70 жылдығына арналды. Және бұл банк жоспарлаған жаңа жобалардың алғашқысы ғана.

 

Түйін

1. Құнды ауыстыру тәсілі бойынша негізгі капитал - айналым капиталы болып бөлінеді.

2. Пайдалану бағдарлары бойынша негізгі қорларды қалпына келтіру, қайтадан жасау, күрделі жөңдеу, жаңа кәсіпорындарды салу, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейту.

3. Капиталдың тозуы және оның түрлері.

4. Айналым капиталы айналымын арттыру жолдары.

5. Негізгi, айналмалы капиталды көбейту мен айналысын арттыру жолдары,  инвестицияны   көбейту. Бұл   процесті инвестициялау, дәл сол тауарларды алуға белгіленген ақшаны, жұмсалатын капиталды - инвестиция деп атайды.

Қайталауға арналған сұрақтар

1. Капитал қозғалысының түрлері

2. Негізгі және айналым капиталының түсінігі

3. Капиталдың тозуы

4. Айналым капиталының жылдамдығын арттыруға әсер ететін факторлар

5. Инвестицияның-маңызы

6. Экономиканы дамытудағы инвестицияның рөлі

 Айналмалы қорларды (капиталдарды) пайдалану материал сыйымдылығымен (ME) анықталады.

                                                           

 

8 тақырып.

ФИРМА (КӘСІПОРЫН) ШЫҒЫНДАРЫ ЖӘНЕ ТАБЫСЫ

 

8.1. Фирма шығынының құрылымы  және пайда

8.2. Фирманың шекті шығындары

    1. Масштаб тиімділігі

 

8.1. Фирма шығынының құрылымы  және пайда

Әрбір фирма өндірісті бастау үшін келешекте қанша пайда алатынын көз алдына дұрыс елестете білуі керек. Ол үшін сұраныс пен қызметті зерттеуге тиіс өндірілген өнімді қандай бағамен сатады, келешек табыспен шығынды салыстыру байланысты жұмыстарды іске асыру.

1. Фирма шығындарының құрылымы

Тауар мен қызметті өндіру процесіндегі және өткізудегі фирманың шығындарын қарастырамыз. Ең алдымен көңіл аударатынымыз ашық және баламалы шығындар, біріншісі де, екіншісі де фирманың қызметін есепке алады. Ашыққа жататындар фирманың өндірістік факторларды пайдаланғаны үшін төленген шығындар. Өндірістің классикалық факторы болып есептелетіндер еңбек, жер (табиғи ресурс) және капитал. Фирманың барлық ашық шығыны, негізінен, өнімді өндіруге қолданған өндірістік фактордың орнын толтырады. Бұған кіретіндер еңбек ақы түрінде еңбекке төлеу, жер – жер төлемі капитал – негізгі және айналмалы қорлар шығындары. Сонымен бірге кәсіпкердің еңбегіне төленетін төлемдер өндіріс және сатуды ұйымдастыру шығындарына жатады.

Ашық шығынның барлық жиынтығы өнімнің өзіндік құны болып есептеледі. Нарықтық бағамен өзіндік құнның айырмашылығы – пайда болады.

Мысалы, жер иесі рентасын төлемейді, сонымен бірге жерді өзі өңдейді, жалға беруден бас тартады және қосымша табысты алмайды, осымен байланысты қызметпен шұғылданбайды. Фабрикаға жұмыс істеуге жалданбайды, еңбек ақы алмайды. Кәсіпкер өз ақшасын өндіріске салғаннан кейін, банкке салмайды және ссудалық пайыз алмайды.

Ашық шығынды және балама шығынды есептеу арқылы фирманың пайдасын толық анықтауға болады. Жиынтық табыспен және барлық шығындар арасындағы айырмашылық пен экономикалық пайданы анықтайды.

Пайда дегеніміз –

1. Тікелей және жанама шығындар.

Шығынның ашық және баламалы болып бөлінуі басты мүмкіндік болып есептеледі. Сонымен қатар шығын-ның сыныптамасының  тікелей және жанама түрі бар.

Тікелей шығындарға мыналар жатады: шикізат пн материалдар құны, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы, амортизациялық өтемдер, жал төлемі, салықтар.

Жанама шығындар – бұл тауармен байланысты емес шығындар фирмаға толық қатынасты.

Бұған жататындар: әкімшілік шығындар, жалдау ақысы, аммортизациялық өтемдер, қарыз пайызы т.с.с.

2. Азаймалы қайтарым заңы.

Фирма өндіріс факторын белгілі пропорцияда пайдалануға тиіс, тұрақты және өзгермелі фактор арасындағы тұрақты фактордың бірлігіне шектен тыс өзгермелі факторды көбейтуге болмайды. Бұл кезде азаймалы қайтарым заңы әсер етеді. Оны келесі үлгіден көруге болады (8.1. кестеден).

Өндіріс көлемінің өсуіне байланысты фирма шығынының өзгеруінің тәуелділігі.

Өндіріс көлемінің өсуімен және сату өзгергенде фирманың шығыны өзгереді:

 

 

 

 

8.1. кесте





 

 

 


А) Бір қалыпты. Бұл жағдайда шекті шығын әр уақытта тұрақты шама және бірлік тауардың өзгермелі шығынына тең.

Б) Жеделдетілген. Бұл жағдайда шекті шығын өседі, өнімнің артуына байланысты. Бұл ахуалға байланысты азаймалы қайтарым заңымен, не болмаса материалдармен басқа фактордың қымбаттауына қарай айналым сыныптамасына жататын шығындар.

В) Баяу сатушылық. Егер фирманы сатып алу шығыны шикізатқа, материалға азайса, өнім көлемі өссе, онда шектеулі шығын қысқарады.

Осы жағдайды келесі кестеден көруге болады.

Өзгермелі ресурстың бір түрінде тек жұмысшы күші өзгереді. Ол 8.2 кестеде көрсетілген.

8.2 кесте

Жұмысшы саны, адам

Өнімді шығару, ед.

Шығын, мың теңге

Еңбек ақыны төлеу

Шекті

1

0

0

-

2

5

2

0,400

3

15

3

0,100

4

35

4

0,050

5

50

5

0,0667

6

60

6

0,100

7

65

7

0,250

8

65

8

-

9

55

9

-


Біздің пайымдауымызша жұмысшы күші өзгермелі болып есептеледі. Күнделікті жағдайда фирма көп өзгерістерге тәуелді болады. Өндірісті ұлғайту үшін көп мөлшерде шикізат, материалдар, энергиялар керек. Шығынның бір бөлігі тұрақты жылдық төлем, сақтандыру жарнасы, қолданылған құрал - жабдықтардың құны. Қысқа мерзім кезінде шығынды тұрақты және өзгермеліге бөлсек, сол кезде қайтармалы өзара заңы әсер етеді.

3. Тиімділік масштабы

Оң және теріс тиімділік масштабы

Фирма ұзақ мерзімдік уақыт интервалында пайдаланатын өндіріс факторын, барлығын өзгертуі мүмкін. Басқалай айтқанда барлығы да өзгермелі  болады. Ұзақ мерзімдегі шығынды талдау фирманың ұзақ уақыттағы бағдарламасын айқындауға байланысты. Ірі кәсіпорын мен орташа кәсіпорынның қандай мөлшерде өнім шығару атының қандай вариант ыңғайлы екенін анықтау үшін шығынды барынша азайту керек. Практикада неге машина жасау және металлургия саласында ірі кәсіпорындар, ал киім тігуде орта кәсіпорындар жұмыс істейтінін білген дұрыс. Қызмет көрсету тек ұсақ фирмаларда шоғырланған.

Нан пісіру зауыты тоқаш шығарады делік. Күнде 1000 тоқаш шығарғандағы орташа қисық жиынтық шығыны АТС  8.3 кестеде көрсетілген.

8.3 кесте





 


 

                                        1000      2000           3000            Q

Азаймалы қайтарым заңының әсерін қайтару үшін, өндіріс ауқымын ұлғайту керек, ол үшін жаңа цех ашу, жаңа технология қолдану т.с.с. Мұның өзі мыңдаған жаңа орындардың ашылуына  салалас өндірістердің дамуына жеткізеді.

Азаймалы қайтарым заңы өз әсерін тигізе отырып көп көлемде өнім өндіру кезінде, біздің мысалда, нан зауыты1000 тоқаш пісіргенде ең аз шығын өз шегіне жетеді.

Егер біз оған әрі өндіріс көлемін ұлғайтсақ, онда орташа жиынтық шығын АТС, жоғары көтеріледі. Ең төменгі шығын 2000 қарағанда 3000 тоқаш. АС догмасы, қисық жазушы АТС1, АТС2, АТС көтеріледі. Ең төменгі ұзақ мерзімді шығын, орташа жиынтық шығын қисығын жасайды, әрбір өндіріс ауқымында әртүрлі. Ең төменгі шығын мөлшері 2000 тоқаш пісіргенде жүзеге асады.

Осындай жағдайдың болуын экономика түсіндіреді. Оң және теріс тиімділік ауқымының болу есебінен тиімділік ауқымы оң өндіріс көлемінің мөлшері өскен сайын орташа шығын азаяды, мөлшері, егер олар көбейсе керісінше болады.

Енді тиімділік ауқымы немен түсіндіріледі дегенге келсек

Тиімділік ауқымыныңмасштабының оң және теріс түсінігін көп жағдаймен түсіндіруге болады. Үнемдеу, өндіріс, көбеюі және көбейтуге байланысты, оның себебі:

Информация о работе Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі