Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 21:03, дипломная работа
Эпос (грекше, eposn - әңгімелу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі күрделі жанр, [15,45]. Эпостың туу, қалыптасу тарихы адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын баяғы бабалар заманынан бері қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан әдеби туындылардың дені-эпостық жырлар.
Эпостық шығарманың арқауы – автор үшін ішкі субъективтік шындық емес, сыртқы объективтік шындық. Жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдырлары мен ұлттық адам заңдылықтары .
І. Кіріспе (лиро-эпостық жыр және поэтика туралы түсінік)
ІІ. Негізгі бөлім:
І тарау «Қыз Жібек» жырының даму және қалыптасу тарихы.
1.1. «Қыз Жібек» жыры – қазақ фольклорындағы өлмес те өшпес туынды.
1.2. «Қыз Жібек» жырының зерттелу тарихы
ІІ тарау «Қыз Жібек» жырының поэтикасы
2.1. «Қыз Жібек» жырында қолданылған көркемдегіш-бейнелегіш
тәсілдер.
2.2. «Қыз Жібек» жырының тілі мен стилі
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Мұсабай жырау нұсқасында:
Алтауының қарындасы,
Жібек сұлу деген бар екен,
Айтулының өзі екен,
Қырымдағы сұлу қыз екен,
Оймақтай аузы түрілген,
Ішкен асы асалдың,
Тамағынан көрінген,
Қостан әйкен тағынған,
Жүз теңгелік опа ендік,
Екі бетке жағылған (88)
Жүсіпбекқожа нұсқасында:
Қыз Жібектің құрметі,
Жаһаннан асқан сәулетті,
Ләйлі-Мәжнүн болмаса,
Өзгеден артық келбеті,
Үш қыз бар қасында-ай,
Өзі он төрт жасында-ай,
Көбісінің өкшесі,
Бұқараның гауһар тасындай,
Ақ маңдайы жарқылдап,
Танадай көзі жарқылдап. (69)
Жыршы Қыз Жібектің сұлулығын екінші затқа балап, салыстыру арқылы көрсетіп, нұрландырып отырады. Мысалы,
Қыз Жібектің ақтығы,
Наурыздың ақша қарындай
Ақ бетінің қызылы,
Ақ тауықтың қанындай.
Қандай әсем сурет. Психологиялық параллемизм бар, екі затты ұқсату бар. Қыз Жібек ақ емес, наурыздың ақша қарындай, ақтан да ақ, осыдан артық ағартуға бола ма? Қыз Жібектің беті қызыл емес, ақ тауықтың қанындай қызыл. Осыдан артық Қыз Жібектің бетін қызартуға бола ма? Әрине, жоқ. Бағана көш салтанаты туралы сөз болғандықтан, енді нақты мысалмен осы көшті көрсетелік.
Мұсабай жырау нұсқасы:
Қыз Жібектің аулы
Жылғалы сайдан көшіпті,
Уық буын шешіпті,
Жібек көштің соңында
Сексен қазға жетіпті,
Он екі жорға жегіпті. (11)
Жүсіпқожа нұсқасы:
Бір көш шықты түбектен,
Көш алдына қараса
Бір қыз кетіп барады,
Отыз түйе жетелеп,
Сары мая үлектен,
Мұрындағы сары жез,
Бұйдасын ескен жібектен
Толған айдай толықсып
Бұралып кетіп барады. (61)
Осы жырдағы көшті бастап бара жатқан, сары мая, сары жез мұрындыққа тағылған жібек бұйда, оны жетелеп, толықсып бара жатқанның бірі-бәрі, бірін-бірі толықтырып жырға ерекше күй және әр беріп тұр. Мұндай жыр сұлуын тебіренбей оқу мүмкін емес. 1887 жылғы Мұсабай жыраудың нұсқасын кейінгі кезде көп түзеп, өңдеуге түскені анық байқалады. Керісінше бұл жырда кеткен олқылықтың орны 1900 жылғы басылымда айқын көрінеді.
1900 жылғы нұсқада астарлаудың
сан алуан түрлері кездеседі. М
Кірістен оғы кетеді,
Топ арғынға жетеді,
Селдірлеген шетінен,
Жетеуінен өтеді,
Аруағы оның асады,
Төлеген сынды мырзаның
Қанын судай шашады.. (89)
Немесе,
Бұлайша талғап Сансызбай,
Қарамсаққа қол салды
Бір салғанда мол салды,
Садақты қолға алады,
Толықсып тұрған кәпірді,
Талғап тартып қалады. (21)
Енді жырда кішерейту қалай берілген, соған мысал келтірелік.
Қалынға соққан қырандай,
Қанатымнан қайрылдым,
Тасқа тиіп тұяғым,
Табанымнан тайырылдым (97)
Қалың жолды қақ жарып,
Арық қойдай тырысып, Тарта тарта Жібектің алақанына тозады. (114)
1887 және 1900 жылғы басылымдарды салыстырып көркемдік стилін біршама аштық. Енді 1894 ж «Қыз Жібек хикаясы», 1957, 1959 жылғы басылымдар туралы бір ауыз сөз айтқанды жөн көрдік. 1894 жылғы Қазан қаласында басылған нұсқасы. Мұнда жырдың кіріспесі қара сөзбен әңгімеленіп беріледі. Мазмұны жырланғаннан көрі, көбінесе қара сөзді әңгімесі басым. Жалпы, 1894, 1957, 1959 жылғы басылымдардың мазмұн желісі бір. Тек қана кейбір сөздерде әлқиссаның түсінігінде ауытқулар бар. Мысалы, 1894 жылда жазатын (93), 1957 жылда «Жауаптұғын» немесе 1894 жылда «Мекке таман барамын» болса (95), 1957 жылда «Мекке тарап барамын» - деп өзгеріске ұшыраған.
Қорыта айтқанда тіл байлығы ерекшелігі жағынан «Қыз Жібек» жыры қазақ ауыз әдебиетінде жеке дара тұрған ғажап туынды, шын мәніндегі шедевр екендігіне күмән жоқ.
2.2 «Қыз Жібек» жырының тілі мен стилі.
Ғашықтық жырлар ішінде ең сүйіктілерінің бірі-«Қыз Жібек» (көлемі үш мың жылдан артық). Жырдағы басым тақырып махаббат, жастардың азаттық аңсары. Дегенмен, «Қыз Жібек» көп ретте қаһармандық эпикалық дәстүрдің өрнегін танытып отырады. Төлегеннің әкесі Базарбайдың елін, байлығын мадақтау Жағалбайлы елінің мекені деп Ақ Теңіз бен Қара Теңіз көлдерін атау әсірелеу, қиял желісі. Базарбай зарығып жүріп, сексен жасқа келгенде Төлегенді көріпті. Жігіттің сымбат, келбеті де ерекше әсерленіп суреттеледі.
Төлеген деп қойыпты ұлдың атын,
Құдай артық жаратқан оның затын,
Баланы сипат қылып айтып болмас.
Көрген жан ақынынан бір танатын.
Мазмұнды жанды сурет Жібектің сұлулығымен қатар кербездігін, ұяты күштілігін, зеректігін, тәкәппәрлығын көп қырлы етіп көрсетеді. Бұл айтқанымызды мына жолдар растаса керек.
Кер маралдай керіліп,
Сари маңдай еріліп,
Тәңірі берген екі аяқ,
Бір басарға ерініп...
Атқан оқтай жылысып,
Ор қояндай ырғысып,
Қылаң етіп, қылт етіп,
Сылаң етіп, сылт етіп,
Тау суындай құлтылдап
Сүмбілдей жылтылдап,
Буындары бұлтылдап,
Мықындары былқылдап,
Айдынды туған Қыз Жібек,
Отауға қарап жөнеді.
Осындағы теңеме, балама сөздердің бәрі де ескі эпикалық поэзияның қорынан ауысқан, көне өмірдің ерекшелігіне сәйкес туған кестелер екені көрініп тұр. Бірақ, осы дәстүрлі бояу бейнелер Жібектің қайталанбас тұлғасын нақтылауға жараған. Демек, бұл арада эпикалық әсірелеулер сұлу қыздың сырт кескінін емес, ішкі толқындарын да алуға себеп болған. Бұл кезеңі келгенде эпикалық қайталама теңдеулердің тірі суретке айналып, мінезді талдауға қызмет ете алатындығын көрсетеді. Жаопы қазақтаң эпикалық поэзиясында жазба әдебиеттің талабына еркін жұмсалуға лайық, мейлінше әсем, сәнді тіркестер мен баламалар өте көп. «Үлкен теңіздер мен көлдерлің беті бөлінгенімен түбі тереңде тұтасып жататын секілді эпос та жазба әдебиеттің де көп белгілері ұласып, ұштасады,- деп белгілі ғалым Рахманқұл Бердібай әділ бағасын берген. Р.Бердібай. (Эпос ел қазынасы) Жазба әдебиетке тән белгілердің біразы «Қыз Жібек» жырынан табылғандай.
Басқа халықтар сияқты, қазақ елі де көне заманнан бері сұлулық пен әсемдікті айрықша ардақтай білген. Оны сөз өнерімен қастерлеген. Көрік пен келбеттің, шынайы сұлулық пен табиғи әсемдіктің тамаша үлгісі «Қыз Жібек» жырындағы көш сүретінен аңғарылады. Қыз Жібекті іздеп келе жатқан Төлегеннің талай көшке жетіп, қыз дидары мен қылығына көз салған тұстарында қаншама көркемдік таным жатқанын көруге болады. Мысалы:
Көш алдына қараса,
Бір қыз кетіп барады,
Шытырма көйлек етінде,
Нұр сәулесі бетінде,
Бұралып кетіп барады,
Перінің қызы секілді.
Бұл сипаттаудағы әсем де ажарлы суреттер эстетикалық әсер туғызатыны сөзсіз.
Толған айдай толықсып,
Ақ сазандай бұлысып,
Алтынды қанша қолға алып,
Әбжыландай толғанып,
Бұралып кетіп барады,
Жын соққандай теңселіп,
дегендегі сөз баяулары нақты портрет жасауға қажетті қимыл мен детальдарды аңғартады. Он бір көштен өткен Төлеген:
Орта бойлы дембемеше,
Алтын шыны кеседей,
Екі көздің шарасы,
Бейіште жанған шамшырақ
Көзінің гауһар қарасы
Туған айдай иілген.
Екі қастық арасы
Сымға тартқан күмістей
Он саусақтың саласы
Сондай-ақ боп туар-ау,
Адамзаттың баласы,-
дегенде сөз бояуы кірігіп, ажарлы ару портреті көлеңдейді. Бұдан да асқан сұлу бар ма екен деген ой қылаң бере бастағанда жаңа бір көшке жетеді. Жыр әуені өз тыңдаушысын әсемдік пен сұлулықтың буына әбден жығып алған соң, әсірелеудің биік шегіне жетеді де кілт бұрылады. Бұдан әрі суреттеу қиындап, сөз бояуы таусыла бастаған шақта көркемдік қулыққа көшеді. Тыңдаушысын тәнті еткен ақын енді өзінің поэтикалық мүмкіндігінің азайып қалғанын сезген соң, көш алдындағы келбетті бәйбішені, яғни Жібектің анасын суреттеуден басқа амалы қалмайды. Салдығы мен серілігі қыздардан асып түсетіндігін жыр өрнегіне қосып өріп, әсемдікті ардақтау, одан ләззат алу сезімен эстетикалық танымға айналдырады.
Осындай ажарлы көрініс пен шынайы әсемдіктің әр алуан құбылысын түсіне білген оқушы енді өз қиялына ерік беріп, Қыз Жібектің сұлулығын көңіл көзінен өткізеді. Бір ғажабы- жырда Қыз Жібектің бейнесі жасалмайды. Ақынның осалдығынан емес, қиял жүзіндегі сұлулықтың әсері күшті екендігін ескергендіктен туған көркемдік тәсіл. Сондықтан тыңдаушысы, оқушы өзінің көркемдік танымында әсемдік пен сұлулықтың келісті ажарын енді өзі кестелейді.
(Т.Кәкішов Қазақ әдебиеті сынының тарихы.
1887 жылғы Мұсабай жырау нұсқасында Орта жүз бен Кіші жүз барымталасып жау болып, Жайықтың арғы жағындағы Шыбық судың бойын жайлаған Қыпшақ деген ел Орта жүз Базарбайдың 550 жылқысын тартып алады. Базарбай 200 кісі қуғынға жібермекші болады. Қыпшақ елінде Алшынбай деген бай бар екен, оның алты ұлы бір қызы бар екен. Қызының аты Жібек. Кетіп бара жатқанда, күйменің терезесінен оны Төлеген көріп қап, ғашық болады.
1990 жылғы Жүсіпбекқожа Шайхысламұлының нұсқасында жыршы біраз толғап келіп, дін мұсылман заманында Кіші жүз ішінде Жағалбайлы елі бар, олар ақ теңізді жайлап, жаз жайлауды Қара теңізді қоныс қылған екен. Жағалбайлы елінде, Базар деген байдың үш қатынынан тоғыз ұлы оба ауруынан қайтыс болған соң, Базарбай тағы алты қатын алыпты, оның ең кішісі толғатып, аман есен бір ұл туған екен. Оның аты Төлеген деп қойылыпты. Іле-шала бір ұл туып, атын Сансызбай деп қояды. Міне, көріп отырсыздар екі жырдың басталуы, осылай екі түрлі болып келіп, 1887 жылғы басылымда Төлеген 200 жігітпен Қыпшақ еліне аттанады. Жібек көшпен бірге кетіп бара жатқан Қаршыға ақын Төлегенді мақтап жыр нөсерін төгеді. Төлеген де жырлап Қаршығаға жауап береді. Одан кейін Төлеген мен Жібек айтысып, жыршы Қыз Жібектің нақты бейнесін суреттеп береді. 1900 жылғы басылымда саудагер Төлегенге Ақ Жайық жақта сұлу Қыз Жібек деген бар, соны іздеп шық деген ақыл-кеңес береді. Сөйтіп анасы батасын беріп, Төлеген Қыз Жібектің ауылына аттанады. Төлеген қасына 200 емес 10 жігіт қосшы, 15 жігіт басшы алып, жолда келе жатқанын Сырлыбайдың бас жылқышысы Қаршыға естіп, алдынан шығады. Төлеген кетіп бара жатқан көшті аралап, Қыз Жібекке жолығады. 1887 жылғы басылымда Төлеген 550 жылқысын Алшынбайға беріп, Қыз Жібектен рұқсат алып, келе жатқанда, 60 жігіт нөкері бар, Бекежан Төлегенді өлтіреді. 1900 жылғы басылымда: Қаршыға мен Төлеген көшті аралап, әрең дегенде Қыз Жібекке жолығады, үш ай жатып, қалыңдық ойнап, еліне қайтпақ болады.
Егерде, Төлеген бұл жырда аман-есен келіп, Базарбайға болған жайтты айтса, 1887 жылғы басылымда : Төлеген үйіне жетпейді жолда Бекежан тосып жүріп өлтіреді. Төлеген өлгелі жатқанда ұшып бара жатқан бес қаздан Сансызбай деген інісіне сәлем айтады.
1900 жылғы басылымда Төлеген елінен қайта аттанарда Сансызбай інісіне ақыл айтып, Шеге ақынды қасына ертіп, Жайыққа аттанады. Сөйтіп, Жібекке келе жатқанда, Бекежан тосып жүріп өлтіреді. Бекежанның Жібекке, Төлегеннің өлгенін естіртуі, екі басылымда да бірдей. Сөйтіп Жібектің алты ағасы Бекежанды өлтіріп, Төлегеннің кегін алады.
Мұсабай жырау нұсқасында Қорен хан Жібектің алты ағасымен келісіп Жібекті алғалы жатқанда, Сансызбай мен Шеге алып қашқалы жатқанын біліп қойып ұрыс салып, Сансызбай оны жеңіп, Жібекті алып мұратына жетеді.
1900 жылғы Жүсіпбекқожа версиясында Сансызбай алты қаздан Төлегеннің өлгенін естіп, ағасының сүйегін іздеп шығады. Жолда бір қойшыға кезігіп, Жібекті қалмақтың ханы Қореннің алғалы жатқанын естиді. Жібек қалмақтың Сандалкөк деген атын мініп Сансызбай, Шеге үшеуі қашып шығады. Соңынан қуып жеткен қалмақпен жекпе-жек шыққан Сансызбай Қоренді өлтіреді.
Мінекей, жырдағы қысқаша ерекшеліктер туралы айтатын болсақ, ол-осындай. Жырдың мазмұны жағынан алғанда 1900 жалға басылым, біршама толық жырланған. Және осы басылым кейінгі жарларға арқау болған ба дейміз. Сөзіміз нақты болу үшін енді жырдың стилі мен тіліне жүгініп көрейік. Жырда көркемдегіш құралдардың барлық үлгілері кездеседі. Айталық айқындау (эпитет) заттың, құбылысының айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз «Қыз Жібек» жырында болсын, басқа жырларда болсын, ең бір көп кездесетін түрі.
Мұсабай жырау нұсқасында:
...Бидай өңді нұр жүзді (8), күмістен қоңырау-тақтырап, Жібектен жабу жаптырып... Сексен қыз нөкерге, Алтыннан сая көтертіп...(9)
Сарайшықта арай бар, Сары орамал орай бар (15), үстіндегі ақ сауыт, Қан қылмай-ақ шешерсің (20). Сондай сұлу Жібекті Қорен алмақ болады (30). Үрдің мен қосылып (33), Үр жігіт ол қылып, Алтын домбыра қолға алды (33), Таудан аққан қара қан (47), Қозы жауыран оқ алды (46), жеті қабат жер астына кетеді (45), Шашақты қара ту алып (43), бұл арада шашақты ту- таңбалы бейне (эмблема). Алты қанат орданы (37), Темірден келіп киіпсің, көк арбаға мініпсің (29). Жетім құлан бізде бар, Төлеген киген ақ сауыт (23). Ақ сырық мылтық қолға алды (21), Мінген аты көк еді (20), Ақ балдақ қылыш байлаған (18), Ақ күймеге енгізіп (17), Ал жағын көрің мен бе едім (9)? Ақ жұлынғы мойында (9), Астынды ер сатып алады (9).
1900 жылғы басылым, Ж.Шайхысламұлының нұсқасы: