Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Мая 2013 в 21:03, дипломная работа
Эпос (грекше, eposn - әңгімелу, тарихтап айту) – көркем әдебиеттің байырғы негізгі тектерінің бірі, дәлірек айтқанда, өмір шындығын мол қамтып, кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі күрделі жанр, [15,45]. Эпостың туу, қалыптасу тарихы адам санасының алғаш ояну дәуірлеріне тамыр тартып жатыр. Қай халықтың болсын баяғы бабалар заманынан бері қарай ауыздан-ауызға таратып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырып келе жатқан әдеби туындылардың дені-эпостық жырлар.
Эпостық шығарманың арқауы – автор үшін ішкі субъективтік шындық емес, сыртқы объективтік шындық. Жекелеген адамдардың көңіл-күйі ғана емес, бүкіл халықтың тұрмыс-тіршілігі, тарихи тағдырлары мен ұлттық адам заңдылықтары .
І. Кіріспе (лиро-эпостық жыр және поэтика туралы түсінік)
ІІ. Негізгі бөлім:
І тарау «Қыз Жібек» жырының даму және қалыптасу тарихы.
1.1. «Қыз Жібек» жыры – қазақ фольклорындағы өлмес те өшпес туынды.
1.2. «Қыз Жібек» жырының зерттелу тарихы
ІІ тарау «Қыз Жібек» жырының поэтикасы
2.1. «Қыз Жібек» жырында қолданылған көркемдегіш-бейнелегіш
тәсілдер.
2.2. «Қыз Жібек» жырының тілі мен стилі
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
«Жаратты бір қаракөк тұлпар атты (56), Мұрындығы сары жез, Шытырма көйлек етінде (60), Астын шашбау шашында, Алтынды кемзол жейдеше (82), Көзінің гауһар қарасы (62), Қара жорға мінгені, қара торқа кигені (63), Ақ бетінде кіршік жоқ (63), Қызыл алтын сандығы (64), Тұлпардан туған көк жорға ат (64), Ақ маңдайы жарқылдап (65), Алмас қылыш сартылдап (65), Тігейін алтын сарайды (67), Оймақ ауыз, күлім көз (69), Ақ орда болды кіргенің (72), Асыл киім киінді (76), Көк бұйралы тұлпар бар (85), Алтын балдақ, ақ семсер, Аш белеңі ілгейсің (85), Бадана көзді кіреуке (85), Тоғыз қабат ақ сауыт (85), Алтынды сауыт көбесі (85), Шұбалған шаңға жолықты (86), Алтанды сауыт, шөже көз (92), құс қонбас құла жапанда, Жайықтың суы лай-ақ (100), Қынабы алтын қырқарың (109). Осы келтірілген мысалдардың бәрі айқындау болып тұр.
Мұсабай жырау нұсқасына қарағанда, Жүсіпбек Шайхысламұлының нұсқасында айшықтаудың түрі өте көп кездеседі. Мұның бір себебі, жырдың кейбір мазмұн желісінің қосынды болуы, екіншіден кейінгі жыршының сөз қолданысының шыңдала түскенінен деп түсінуге болады. Теңеу сүреттеп отырған құбылысты не затты, екінші балама затқа, не құбылысқа теңеп салыстыру. Жырдың екі нұсқасында да молынан кездеседі. Мұсабай жырау нұсқасы:
Оймақтай аузы бүрілген (8), Жібектің ауылын, әулиедей көреді (11). Таудан аққан бұлақтай, Төлеген деген бір дауыс, алынды барып құлаққа-ай (13), Бір шыбындай жаныңды, мұнша неге қинадың? (34), Саз балшықтай илейді (14), Жұлдыздай аты жылтылдап (43), Торғайдай мойнын жұлайын (45).
Жүсіпқожа нұсқасынан мысал:
Көзінің ағы мен қарасындай (51), Қосақтап қойдай бағып тұр (56), Танадай көзі жарқылдап (60), Туған айдай толықсып, Ақ сазандай бұлықсып (60), Туған айдай иіліп (63), Сыйға тартқан күмістей(63), Айдың көлдің қуындай, Патшаның алтын тонындай, әп-зәйзәм суындай (63), Сары алтынның буындай (63), Сымға тартқан күмістей (64), Асылдай боп есіліп (64), Сүмбідей боп жарады (64). Нұрдай болып шешіліп (64), Ор қояндай секірді (65), Ұршықтай саны бұлтылдап (65), Шапшақ тастай жылтылдап (65), Құйындай шаңы бұрқылдап (65), Тау суындай сыңқылдап (66), Бал шекердей сөзі бар (68), Наурыздың ақша қарындай (69), Ақ тауықтың қанындай (68), Жазы түскен сағымдай (68), Ай балтаның сабындай (68), Нар бураның санындай (68), Бұқардың гауһар тасындай (68), Халқын малдай бағады (69), Ағыным судай ағады (69), Ұсталар соққан кетпендей (69), Жұртым қойдай қағады (70), Болғанда айдай әлем, күндей күлем (72), Қояндай қарғып түседі (76), Кер маралдай керіліп (70), Жүйрік аттай ойқастап (76), Құнан қойдай бой тастап (76), Тау суындай құлтылдап (76), Ор қояндай ырғысып (76), Атқан оқтай жылысып (76), Сары майдай еріліп, Бейінете самал ескендей, Сүмбілдей жылтылдап, балқып толады, Өңірде шайтан көшкендей, қой ішінде марқадай, Қаршыға ілген үйректей, Аш күзендей бүгіліп, Бірдей болып үгіліп, қой тоғындай қорғасын, қамшы судай шашады, су сепкендей басылды, Тай құнандай тебіскен, Ботасы өлген түйедей зарла Жібек, Ішінен судай тынады, Қызылға соққан қырандай, Арық қойдай тырысып, Бітіпті хор қызындай саған келбет, Торға түскен тұйғындай пенде болып, көңілі ғарыптардың судай тасты, Малдай мойнын созады, Майпаңдап қаздай баяулап.
Әдеби тілді ажарлау аз, құбылту керек- дейді академик З.Қабдолов. Олай болса, ауыз әдебиетінде, астарын тіл оралымдарын құбылтуға жатады. Зат пен құбылысты астарлап келтіріп бкріп тұрады. Осындай тәсілдің бір түрі құбылту. Құбылыстың түрлері көп, әдеби тіліміздегі ең толымды, көре жылыұшырайтыны ауыстыру (метафора).
1987 жылғы басылымнан мысал алсақ.
Үстіндегі ақ сауыт, қан қылмай-ақ шешерсің, Қорамсаққа қол қойып, Іші күйгір жорғаға астындағы көзіңді салсаңшы, Сіз темір де, біз көнір, Ерітпекке келемін, Ханнан келген жаушымын, Жібекке келген даушымен, Тілге шешен жорға екен, келгеніңді білдіріп құлағына саламын, Мен бір жатқан айдаһар, Мен айтайын ит қалмақ, Қалмақ қайда, бұл қасқыр, кейін тастап жөнеді.
1900 жылғы басылымнан мысал.
Өзі жорға жануар құс қанатты, көзі оттай жанады, ? сом алтын, Қыз Жібектің дидары , қо,ам көлдің құрағы, суырылып озған пирағым, көлге біткен құрағым, қабырғамда қанатым, жауға барсам жарығым, жетегімде жан атым, Артымдағы құйрығым, Судан шыққан сүйрігім, Суырылып озған жүйрігім, От болып жанған көңілім, Қанатымда қияғым, Табанымда тұяғым, жылжымас жерден ауырым.
Академик жазушы М. Әуезов Жырың тілі де өте шебер: Тамаша бейне, өрнек нақышқа бай дегені көрегендікпен айтылған. Алматы Қазмемкөркемәдеббас) Жырдың бастауының өзі: Мен сөйлейін жарандар, Ал, тыңдаңыз жарандар деп кесуі, жұртты өзіне қаратудың, селт еткізудің тәсілі. Айтушыдан, тыңдаушының мықты болсынның? Тәсілі. Немесе Осы екен –деп Қыз Жібек , Бұл екен- деп, Қыз Жібек -деп келуі де, жырға ерекше күй беріп, әрлендіріп, ырғаққа, әуенге күш салмай, айтушы тек қана желіп отырады. Айта берсе тіпті көп.
Еліне бі саудагер келді дейді,
Бұлардың әбден жайын білді-дейді
Дейді,-дейді-деп аяқталуы да бір заңдылыққа бағынып тұр.
Немесе:
-Асуда аск бесе,-дейді,
Аса бір соққан жел,-дейд деген жер жолыда сәтте шыққан жаршаның жырлау стилі болып табылады. 1900 жылғы нұсқада негізінде мағынасы бас араб, парсы сөздері жиі кездеседі. Жыршы шынында да молда болғанға ұқсайды, оның үстіне құран-кәрімді жатқа білген, үлкен оқымысты, сауатты адам болғандығы байқалады. Әуелгіде жыр былайша басталады.
Дін мұсылман аманда,
Еіші жүздің ішінде,
Жағалбайлы елі бар,
Жағалбайлының мекені.
Ақ теңіз деген көл бар-деп оқиғаның болған жерінен, ру жер аттарынан хабар береді. Сол сияқты жырдың бірыңғай қаратпа сөзден басталып, елді өзіне таратып, оқиға кімге байланысты айтылатынын күні бұрын хбардар ету жыршының өзіндік стилі болу керек.
Жырда орыс тілінен енген сөздер де кездеседі, 1887 жылғы басылымда,
Повозкалы күймемен,
Парлатып жорға жіктіріп
Келмеді менің шеніме
Шекарасына көшіп
Кем жатқан салдатты,
-А солдаттар, солдаттар
Көп солдатты шулатып.
1900 жылғы басылымда:
Шаһизада кісі еді
Кісі бойы кіреует
Фірәукімен белдіктеп
Отырмын формасына қайран қалып.
1957 жылғы басылымда: Черное море деген орыс сөзі кездеседі. Жырдағы соғыс кезінде пайдаланатын құралдардың кейбіреулерін атап өткенді жөн көрдік. Көк сауыт, алтынды кебені, қозы жауларын жебе, қарамсақ, садақ, кірістен, қорамға мылтық бұның бір түрі берен мылытық болса, 1887 жылғы басылымда ақ сарық мылтықтың түрі кездеседі.
Қорыта келегнде Қыз Жібек жырының стилі мен тілі туралы айтарымыз осындай. Бір байқағанымыз, қай басылымда болсын жыршының өзіндік стилі сақталған. Жырдың әр түрлі басылымын алудағы мақсатымыз жырдың қай түрі көркем екендігін айқындау еді. 1900 жылғы басылымы өте көркем 1957, 1959 жылғы басылымдар осы нұсқаның негізін сақтаған.
Қазақ әдеби тіліндегі әсірелеу, көркемдеу тәсілінің ішінде фразеологизмдердің алатын орны ерекше. Бұл тіркес айтатын деген ойға айрықша әр, мәнерлік береді. Фразеологизмдер көркем шығарма тілін жандандыратын, астарлап бейнелеудің дайын құралы. Фразеологизмдер алуан түолі болғанымен оларға ортақ қасиет тұжырымдылық. Аз сөзге көп мағына сыйдыру ауыз әдебиеті тіліне тән қасиеттердің бірі.
Айтмұхамет Тұрышев 1998
жылы Қазақ тілі мен әдебиеті жұрналына
жарияланған Қыз Жібек жырындағы
фразеологизмдердің қолдануы деген
мақаласында тұрақты тіркестердің
троптың мынадай түрлері
Метоформа көркем әдебиетте көп жұмсалатын мәнерлі тілдік құралдың бірі. Көркі раушандығы , Алтауы бірдей бөрі еді. Тәуелдік жалғаудың бір жағындағы метаформа. Жауға барсам жарағым, Қабырғам, қанатым, Артымдағы құйрығым, Жетегімде жан атым. Қолғанатым, құйрығым, Судан шыққан сүйрігім, Суырылып озған жүйрігім.
Қарға жүнді қаттасым, Үйрек жүнді оттасым, Жалғыз інім баырым. Алтынды сүйек Төлеген, Атаңа лағмет алпыс ит, Тілсіз мақұлық жануар, Ит қарақшы, сол сықылды мүсінді, қылғын бауыр.
Теңеу. Теңеуде біріне-бірінің ұқсастығы бар екі зат салыстырылады. Бұл да көркемдеуші тілдік құралдың бір түрі. Және де теңеу жалпы көркемдеуіш құралдың қай түрі болсын жырда өте көп, біз бәрін келтіріп жатпаймыз. Толған айдай толықсып, Ақ сазандай бұлықсып, Буралып кетіп барады, Туған айдай иілген екі қастың арасы.
Эпипеп те-ойды бейнелі түрде мәнерлеп жеткізудің кең тарағантәсілі. Тоқтатып алып қалам деп, шыбын жанын қинадым.
Эвфемизм- зат, құбылыс,, оқиғаны тікелей айту қолайсыз, дөрекі көрініс оларды сыпайы сөздермен алмастырып айтвп жеткізу. Тілімізде эвфемизм болып келетін фпазеологизмдер баршылық. Қай іске талап қылмады, жер бесікке кіргенше адамзаттың баласы, Төлеген мырза, шырағым..., Айналацын күйеужан....
Стильдік фигуралар-ойды бейнелі, тартымды жеткізудің, шешен сөйлеудің тәсілдері.бҰлар жай тіркестердеде,тұрақты тіркестен де болады.
Гипорбола- бір затты асыра, әсірелей суреттеу.Алдына жылапкелген соң, Ат үстінен Төлеген көтеріп алды...Қабырғасы сөгіліп...Солқылдайды қара жер... Ұршықтай саны бұлтылдап.., Құйындай шаңы бұржырап, Төрт тұяқтан шыққан от, Жеті Қырдан асқанда, Қолтығынан аққан тер Төгіледі сылтылдап..,Дүржауһар сырғасын, Көтере алмай тұр құлағы, Күндейбалқып, көзінен ағып қанды жас, қайғыменен қан жұтып, Сауырынан аққан тер.., көктен құйған тамшыдай, Борбайынанан тамшылап, Үй орындай бір жерді, Төңкеретастап келеді, Нан пісіп тұрған деміне, Оттай қойлап жанасың , Тоғыз қабат сауыттың сегізінен өтеді, Қызыл қанға бояды қара қара жерді.
Литота. Белі нәзік талап тұр, Тартқан сымнан жіңішке, Үзіліп кетпей неғып тұр, Аш кезеңдей бергіліп, Бордай болып үгіліп, Тұлпардан қалған тұяғым, Алақаны тозады.
Синекдоха. Қанғырып өскен бір қу бас, Қу бауыр қия алмай, Сүйретңп барып ал тауы, Қу кәпірдің кеміне.
Қайталау. Бұл ойды дәл, оның беру үшін сөзді не сөз тіркесін қайталап қолдану. Өлкенің көркі тал болар, өзеннің көркі жар болар, Жігіттің көркі мал болар, қанаты бүтін тұлпар жоқ. Сары ағаш кескен сайын құм болады, заманы жылдан жылға сұм болады.
Перифраз. Бұл қарапайым жай сөз орнына бейнелі сөз тіркесін қолдану. Жақсының бал тамады тіл жағынан. Қыз бібек жырындағы фрозеологизмдердің қолданылуы.