Адвокаттық қызмет туралы заң

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2014 в 21:24, реферат

Краткое описание

Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.

Вложенные файлы: 1 файл

Документ Microsoft Word.docx

— 40.57 Кб (Скачать файл)

      23-бап. Адвокаттар  алқасы мүшелерiнiң жалпы жиналысы (конференциясы)

      1. Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы қызметiнiң кез келген мәселелерiн шешуге құқылы.

      2. Жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне мыналар жатады:

      1) адвокаттар алқасының  Жарғысын және Жарғыға өзгерiстер енгiзу туралы шешiмдер қабылдау;

      2) төралқаны, төралқа төрағасын, тексеру комиссиясын, тексеру комиссиясының төрағасын сайлау;

      3) Жарғыда көзделген  басқа органдарды және олардың басшыларын сайлау, осы органдар туралы ережелердi бекiту;

      4) адвокаттар алқасы  органдарының, адвокаттар алқасы  басшылары мен қызметкерлерiнiң қызметi туралы есептердi тыңдау және бекiту;

      5) адвокаттар алқасының  мүлкiне иелiк жасау тәртiбiн белгiлеу;

      6) есептi көрсеткiшке еселенетiн мөлшердегi мүшелiк жарна ставкаларын белгiлеу;

      7) органдардың және  адвокаттар алқасы басшылары мен қызметкерлерiнiң шешiмдерiне адвокаттардың шағымдарын қарау;

      8) адвокаттар алқасының басшылары мен қызметкерлерiн мерзiмiнен бұрын керi шақыру.

      3. Жалпы жиналыс (конференция) адвокаттар алқасы мүшелерiнiң  жалпы санының үштен екiсi немесе, тиiсiнше, конференция сайлаған делегаттар  құрамы болған жағдайда шешiмдер  қабылдауға құқылы.

      4. Жалпы жиналысты (конференцияны) жылына кемiнде бiр  рет адвокаттар алқасының төралқасы шақырады. Тексеру комиссиясының немесе алқа мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде төрттен бiрiнiң талап етуi бойынша алқа төрағасы отыз күн iшiнде жалпы жиналысты (конференцияны) шақыруға мiндеттi.

      5. Адвокаттар алқасының  Жарғысында жалпы жиналыстың (конференцияның) ерекше құзыретiне жататын өзге мәселелер көзделуi мүмкiн.

      24-бап. Адвокаттар  алқасының төралқасы

      1. Адвокаттар алқасының  төралқасы мен төралқа жасырын дауыспен төрт жыл мерзiмге сайланады.

      2. Адвокаттар алқасының төралқасы:

      1) адвокаттар алқасының  жеке және заңды тұлғаларға заң көмегiн, соның iшiнде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекеттiк бюджеттiң қаражаты есебiнен адвокаттар көрсететiн заң көмегiн көрсету жөнiндегi жұмысын ұйымдастырады; <*>

      2) жалпы жиналыстың (конференцияның) шешiмдерiн орындауды ұйымдастырады, жалпы жиналысты (конференцияны) шақырады;

      3) адвокаттардың  кәсiби және өзге де құқықтарын қорғайды;

      4) адвокаттар алқасының  мүшелiгiне қабылдауды жүзеге  асырады, алқа мүшелiгiнен шығарады, адвокаттардың тағлымдамадан өтушiлерiн даярлауды ұйымдастырады;

      5) адвокаттың әрекеттерiне  жеке және заңды тұлғалардан түскен шағымдарды (ұсыныстарды) тексеру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

      6) адвокаттардың  тәртiптiк терiс қылықтары туралы  материалдарды қарайды және кiнәлi адамдарға тәртiптiк жаза қолданады;

      7) адвокаттарды аттестациялауды  өткiзудi және олардың кәсiби бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады;

      8) осы Заңда (12-бап) көзделген реттерде адвокатты лицензиясынан айыру туралы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне өтiнiш жасайды;

      9) адвокаттардың  кәсiби деңгейiн көтеру жөнiндегi шараларды жүргiзедi, оң жұмыс тәжiрибесiн талдайды, қорытады және таратады;

      10) кодификациялық-анықтамалық жұмысты жүргiзудi ұйымдастырады, дербес немесе Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп адвокаттық қызмет мәселелерi бойынша әдiстемелiк құралдар мен ұсынымдар әзiрлейдi және басып шығарады;

      11) заң консультацияларын  құрады, олардың меңгерушiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      12) адвокат куәлiгiн бередi, оның нысанын Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi бекiтедi;

      13) адвокаттар алқасының  қаражатына Жарғы мен жалпы  жиналыс (конференция) белгiлейтiн тәртiппен иелiк жасайды;

      14) адвокаттар есептi, қаржы және статистикалық есептiлiктi және iс жүргiзудi ұйымдастырады;

      15) адвокаттар алқасы  мүшелерiнiң жалпы жиналысының (конференциясының) ерекше құзыретiне жатқызылғандарды қоспағанда, адвокаттар алқасы қызметiнiң өзге де мәселелерiн шешедi.

      Ескерту. 24-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425, 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       25-бап. Адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы

      1. Адвокаттар алқасы  төралқасының төрағасы болып, сайланған  күнiне дейiн кемiнде екi жыл тiкелей адвокаттар алқасының мүшесi болған адвокат сайлана алады.

      2. Алқаның Жарғысына сәйкес адвокаттар алқасы төралқасының төрағасы:

      1) төралқаның жұмысын  ұйымдастырады, оның отырыстарында  төрағалық етедi және төралқаның, алқа мүшелерiнiң жалпы жиналыстары (конференциялары) шешiмдерiнiң орындалуына бақылауды жүзеге асырады;

      2) төралқа аппаратының жұмысын басқарады, алқа аппаратының қызметкерлерiн жұмысқа қабылдайды және жұмыстан босатады;

      3) мемлекеттiк органдарда, қоғамдық бiрлестiктерде, басқа да ұйымдар мен мекемелерде адвокаттар алқасының атынан өкiлдiк етедi, олармен және азаматтармен хат жазысады.

      3. Адвокаттар алқасының  төралқасы төрағасының басқа өкiлеттiктерi Адвокаттар алқасының жарғысымен белгiленедi.

      26-бап. Адвокаттар  алқасының тексеру комиссиясы

      1. Адвокаттар алқасының тексеру комиссиясы оның бақылау-тексеру органы болып табылады.

      2. Тексеру комиссиясы, оның төрағасы алқа мүшелерiнiң жалпы жиналысында (конференциясында) төрт жыл мерзiмге сайланады.

      3. Тексеру комиссиясы  адвокаттар алқасының, заң консультацияларының, адвокаттық кеңселердiң қаржы-шаруашылық қызметiне, сондай-ақ жеке дара жұмыс iстейтiн адвокаттардың қаржылық қызметiне тексеру жүргiзедi.

      27-бап. Адвокаттар  алқасына мүшелiк

      1. Адвокаттар алқасына  мүшелiк мiндеттi болып табылады. Адвокат лицензиясы болған және алқа Жарғысын мойындаған жағдайда алқаға қабылдаудан бас тартылмауға тиiс. Адвокаттар алқасына мүшелiкке қабылдаудан бас тартуға сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

      2. Кiсi алқадан шығарылған, бiрақ адвокат лицензиясын сақтап  қалған жағдайда ол шығарылған  сәттен бастап кемiнде алты  ай өткеннен кейiн алқаға қайта қабылдануы мүмкiн. Бұл кезеңде адвокаттық қызметтi жүзеге асыруға жол берiлмейдi.

      28-бап. Адвокаттар  алқасы мүшесiнiң құқықтары

      1. Адвокаттар алқасы мүшесiнiң:

      1) алқаның, оның органдары мен лауазымды адамдарының жәрдемiн, кәсiби көмегiн және қорғауын пайдалануға;

      2) адвокаттар алқасының  органдарына сайлауға және сайлануға;

      3) адвокаттар алқасы  органдары алдына алқа қызметiне қатысты мәселелер қоюға, алқа мен оның органдарының жұмысын жақсарту жөнiнде ұсыныстар енгiзуге, шешiмдердi талқылау мен қабылдауға қатысуға, адвокаттар алқасы органдарынан олардың қызметi туралы құжаттар мен материалдар берудi талап етуге;

      4) алқа органдары  оның қызметiн немесе мiнез-құлқын тексерген және талқылаған барлық жағдайларда өзi қатысуға;

      5) алқаның жарғысында белгiленген тәртiп пен шарттарда адвокаттар алқасының мүлкiн пайдалануға;

      6) өз бастамасымен  алқа құрамынан шығуға құқығы бар.

      2. Адвокаттар алқасының мүшелерi өзiнiң құқықтары мен мiндеттерi жөнiнен тең болады.

      29-бап. Адвокаттар  алқасы мүшесiнiң мiндеттерi

      Адвокаттардың жалпы  мiндеттерiне қоса (осы Заңның 15-бабы) адвокаттар алқасының мүшесi:

      1) адвокаттар алқасы  Жарғысының талаптарын сақтауға;

      2) адвокаттар алқасы мен оның органдарының жалпы жиналысының шешiмдерiн орындауға;

      3) мүшелiк жарналар төлеуге;

      4) адвокаттар алқасының төралқасына өз жұмысы туралы есептi табыс етуге мiндеттi. <*>     

      Адвокаттар алқасының  мүшесi адвокаттар алқасының алдында  мүшелiк жарналар төлеу мiндеттемесiнен  басқа өзгедей бiржақты мүлiктiк мiндеттемелердi мойнына алмайды.

      Ескерту. 29-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425 Заңымен.

      30-бап. Адвокаттар  алқасы мүшелерiнiң тәртiптiк жауапкершiлiгi

      1. Осы Заңның, басқа да нормативтiк құқықтық актiлердiң, алқа Жарғысының талаптарын бұзғаны үшiн адвокаттар алқасының мүшелерi тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылуы мүмкiн.

      2. Тәртiптiк iс жүргiзу  адвокаттар алқасы төралқасының құзыретiне жатады.

      3. Тәртiптiк жаза шаралары, оларды қолдану, алып тастау мен шағымдану тәртiбi адвокаттар алқасының Жарғысымен белгiленедi.

      4. Осы баптың ережелерi тағлымдамадан өтушi адвокаттарға да қолданылады.

      31-бап. Адвокаттар  алқасынан шығару

      1. Адвокатты алқадан адвокаттар алқасының төралқасы мынадай жағдайларда:

      1) адвокаттық қызметпен  айналысу құқығына арналған лицензиясынан  айырылған немесе қолданылуы  тоқтатылған;

      2) адвокат өзiнiң кәсiби мiндеттерiн орындау кезiнде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары мен нормаларын бiрнеше рет бұзған;

      3) бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi салдарынан адвокаттың өз кәсiби мiндеттерiн орындай алмайтыны анықталған;

      4) мүшелiк жарнаны ұдайы төлемеген;

      5) кәсiпкерлiк қызметпен, сондай-ақ өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысқан;

      6) өз тiлегi бойынша;

      7) алқа Жарғысында көзделген өзге де жағдайларда шығарады.

      2. Осы баптың 1-тармағының 2), 3)-тармақшаларында көзделген негiздер  бойынша адвокатты алқадан шығару  адвокатты лицензиясынан айыруға әкеп соғады.

      3. Алқадан шығаруға алқа төралқасының шығару туралы қаулысының көшiрмесi адвокатқа берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн.

      Ескерту. 31-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425, 2007.01.12. N 222 (ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

       32-бап. Заң консультациясы

      1. Заң көмегiн көрсету  жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру үшiн  адвокаттар алқасының төралқасы заң консультацияларын құрады.

      2. Заң консультациясы  орналасатын жердi адвокаттар алқасының төралқасы белгiлейдi.

      3. Заң консультациясы  адвокаттар алқаларының құрылымдық бөлiмшесi (филиалы) болып табылады. Оның өз атауы мен тиiстi адвокаттар алқасына тиесiлiлiгi белгiленген мөрi мен мөртаңбасы, заң көмегiн көрсетудi ұйымдастыру үшiн қажеттi өзге де атрибутикасы болады. Заң консультациясы адвокаттар алқасының жалпы жиналысы (конференциясы) бекiткен Ереже негiзiнде iс-қимыл жасайды.

      4. Заң консультациясын  адвокаттар алқасының төралқасы  тағайындайтын меңгерушi басқарады.

      33-бап. Адвокат  кеңсесi

      1. Адвокат кеңсесi мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады.

      2. Адвокат кеңсесi адвокаттардың заң көмегiн көрсетуiнiң материалдық, ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында құрылады /ұйымдастырылады/.

      3. Адвокат кеңсесiн адвокаттар алқасының мүшесi (мүшелерi) құрады.

      Адвокат тек бiр ғана адвокат кеңсесiнiң құрылтайшысы (тең құрылтайшысы) бола алады.

      4. Бiр адвокат құрған адвокат кеңсесi өз қызметiн Жарғының негiзiнде жүзеге асырады.

      Адвокат кеңсесiн  бiрнеше адвокат құрған жағдайда Құрылтай шарты да құрылтай құжаты да болуы мүмкiн.

      Адвокат кеңсесiнiң  құрылтайшысы (құрылтайшылары) мемлекеттiк  тiркеуден өткен соң он күн мерзiмде бұл туралы тиiстi адвокаттар алқасына жазбаша хабарлауға және оның қарамағына адвокат кеңсесiнiң құрылтай құжаттарын беруге мiндеттi.

      5. Адвокат кеңселерiн  құруға мемлекеттiк органдардың  арнайы рұқсаты талап етiлмейдi.

  33-1-бап. Адвокаттық қызметтi жеке-дара жүзеге асыру <*>

      1. Кәсiби қызметтi жеке-дара жүзеге асыруға шешiм қабылдаған адвокат бұл туралы адвокаттар алқасын хабардар етедi. Хабарламада адвокаттың тегi, аты, әкесiнiң аты, оның тұрақты тұратын жерi көрсетiледi.

      2. Кәсiби қызметтi заңды тұлға құрмай жеке-дара  жүзеге асыратын адвокат банктерде  есеп айырысу және өзге де  шоттар, жеке мөр, мөртабандар, жеке бланкiлер иеленуге құқылы.

      Ескерту. 33-1-баппен  толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2003.06.03. N 425 Заңымен.

4-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

      34-бап. Осы Заңның орындалуын қамтамасыз ету

      1. Осы Заңның күшiне енуi сәтiнде адвокаттық қызметпен айналысуға арналған патенттерi адвокаттарды Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi белгiлеген мерзiмде Әдiлет министрлiгiнiң шешiмiмен құрылатын комиссиялар аттестациялауға тиiс.

      Аттестациялық комиссияның  құрамына:

      Әдiлет министрлiгiнiң өкiлдерi;

      Адвокаттар одағының  өкiлдерi;

      құқықтанушы ғалымдар  кiредi.

      2. Аттестациялаудан  өткен адвокаттарға жүргiзу аяқталған  күннен бастап үш ай iшiнде осы Заңға сәйкес адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиялар берiледi. Осы Заңда белгiленген лицензияларды ресiмдеу мен беру кезеңiнде осы Заң күшiне енгенге дейiн адвокаттық қызметпен айналысуға арналған патенттер осы Заңда көзделген ережелер негiзiнде өз күшiн сақтайды.

      3. Комиссиялардың  аттестациялауынан өтпеген адвокаттар  патенттерiнiң күшi аттестациялау күнiнен не комиссия шешiмiне Әдiлет министрлiгiне шағым жасалған кезде, шағым бойынша шешiм қабылданған күннен бастап тоқтатылады.

      4. Осы Заң күшiне енгiзiлуiне байланысты бұрын жұмыс iстеп келген адвокаттар алқалары облыстық, республикалық маңызы бар қалалар, астана аумағында адвокаттардың бiрыңғай алқасы құрылғанға дейiн өз жұмысын жалғастыра бередi. Адвокаттардың бiрыңғай алқалары осы Заң күшiне енген кезден бастап алты ай iшiнде құрылуға тиiс. Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметiн бiр өзi ғана жүзеге асырып жүрген адвокаттар алқалары осы Заң күшiне енген кезден бастап алты ай iшiнде өз жарғыларын осы Заңның талаптарына сәйкес келтiретiн болсын.

Информация о работе Адвокаттық қызмет туралы заң