Жаза ұғымы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Октября 2015 в 17:02, реферат

Краткое описание

Жаза — сот үкімі бойынша қылмыс жасады деп танылған азаматтарға қатысты әр елдің Қылмыстық заңдарында көрсетілген баптарға сәйкес қолданылатын мәжбүрлеу шарасы. Жазаның негізгі мақсаты әлеуметтік әділетті қалпына келтіру, заң бұзған адамдарды тәрбиелеп, қайта қатарға қосу, оларды алдағы уақытта жаңа қылмыс жасаудан сақтандыру болып табылады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі бойынша, жаза белгілеу кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамға қатер төндіру дәрежесі, айыпкердің жеке басы, оның мінез-құлқы, жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар ескеріледі.

Содержание

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1. Жаза ұғымы
2.2. Жазаның түрлері
2.3.Жазаны тағайындау
Қорытынды

Вложенные файлы: 1 файл

Жаза.docx

— 42.48 Кб (Скачать файл)

Осы келтірілген мысалда орын алып отырған әртекті жазаларды косу тәртібі ҚК-тің 61-бабымен реттеледі, онда қылмыстардың жиынтығы және үкімдердің жиынтығы бойынша жазаларды ішінара немесе толық қосу кезінде бас бостандығынан айырудың бір күніне қамаудың немесе тәртіптік әскери бөлімде ұстаудың бір күні, бас бостандығын шектеудің екі күні, түзеу жұмыстарының немесе әскери қызмет бойынша шектеудің үш күні, қоғамдық жұмыстарға тартудың сегіз сағаты сәйкес келеді делінген.

Кейде сот жиынтық құрайтын қылмыстар үшін әртүрлі, пара-пар емес жазалар тағайындайды.

Мысалы, бір қылмыс үшін — айыппұл салу, екінші үшін — бас бостандығынан айыру, үшінші үшін — белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жазасын қолданады. Әрине, бұл жерде жеңілдеу жазаның катаңдау жазаға — бас бостандығынан айыруға сіңіру принципін қолдануға болады (егер негіз болса). Бірақ бұл жағдайда жазалаудың ықпалы, әсіресе сіңірілген жазаның    жеке сақтандыру мүмкіндігі пайдаланылмайды. Сондықтан да айыппұл салу, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, арнаулы әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградаларынан айыру, сондай-ақ   мүлікті   тәркілеу   сияқты   жазаларды   бас  бостандығын шектеу, түзеу жұмыстары, қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау, бас бостандығынан айыру   түріндегі   жазалармен   қосқан   кезде жазалардың бірінші тобы дербес орындалады (ҚК-тің 61-бабы). Егер жиынтыққа кіретін қылмыс үшін қосымша жазалар тағайындалса, онда олар да, негізгі жазалар сияқты, бірін бірі сіңіре алады немесе біріне бірі қосыла алады. Әртекті қосымша   жазаларды қосқан күнде де (мысалы, айыппұл салу мен мүлікті тәркілеуді) олар дербес орындалады. Қылмыстар жиынтығы бойынша қосымша жазаларды түпкілікті тағайындау тәртібін ҚК-тің 58-бабының 5 бөлімі реттейді, онда қылмыстар жиынтығы бойынша тағайындалған негізгі жазаға жиынтықты құрайтын қылмыстар үшін тағайындалған қосымша жазалар қосылуы мүмкін делінген. Қосқаннан кейінгі түпкілікті қосымша жаза қылмыстың осы түрі үшін белгіленген ең көп мерзімнен немесе мөлшерден асуға тиіс емес (ҚК-тің 40,41, 50, 51-баптары).

ҚК-тің 58-бабында белгіленген тәртіп іс бойынша сот үкімі шыққаннан кейін сол сотталған адамның бірінші іс бойынша үкім шыққанша басқа қылмыс жасағандығы анықталған жағдайға да таралады. Бұл жағдайда түпкілікті жаза мерзіміне бірінші үкім бойынша толық немесе ішінара өтелген мерзім кіреді. Бұл норма жиынтық құрайтын қылмыстар әр бөлек уақытта ашылып, осы әр бөлек қылмыстар үшін айыпкерді соттау әр уақытта шығарылған екі немесе одан көп үкімдер бойынша жүзеге асырылған жағдайға да қатысты. Мысалы, адам екі қылмыс жасайды — бұзақылық және ұрлық. Бұзақылық үшін ол сотталғанда, оның ұрлығы әлі ашылмаған. Бұзакылық үшін үкім шыққаннан кейін 6 ай өткен соң, ол ұрлық үшін жауапқа тартылып сотталады. Бұл жағдай да қылмыстар жиынтығы деген ұғымға сай келеді, себебі адам бір қылмыс бойынша сотталғанға дейін екі қылмыс жасаған. Сондықтан да бұл ретте де жаза тағайындаудың ҚК-тің 58-бабы белгілеген тәртібі қолданылады.

ҚК-тің 58-бабының 6 бөлігінде көрсетілген жағдайларда қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау мынадай үш кезеңнен өтеді:

1) сот жаңа үкім бойынша, яғни  кейін ашылған қылмыс үшін  жаза тағайындайды;

2) екі үкім бойынша тағайындалған  жазалардың жұмсақтауын қатаңдауына  сіңіру жолымен немесе жазаларды  толық немесе ішінара қосу  жолымен, бұрынғы шығарылған үкімдерді  ескере отырып, түпкілікті жаза  тағайындайды.

3) ҚК-тің 62-бабының ережесіне сәйкес  бірінші үкім бойынша   жазаның нақты өтелген мерзіміне есептеу жасалады. Жаза мерзімін есептеу дегеніміз — егер адам үкім шыққанша бас бостандығынан айырудың алты айын өтесе, ал сот оған үкім бойынша 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын түпкілікті тағайындаса, онда қылмыстар жиынтығы бойынша екінші үкім шығарылған кезге дейін оған 2 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын өтеу керек.

Бірнеше үкімдер бойынша жаза тағайындау. ҚК-тің 60-бабына сәйкес, егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ, жазаны толық өтегенге дейін жаңадан қылмыс жасаса, бұл жағдайда үкімдердің жиынтығы орын алады. Сонымен:

1)  адамға жаза тағайындаған үкімнің болуы;

2) ол жазаны сотталған адам  әлі толық өтемесе;

3) жаңа қылмыс үкім шыққаннан  кейін, бірақ жазаны толық өтегенге  дейін жасалса, бұлар үкімдер  жиынтығының белгісі болып табылады.

Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда жаңа қылмыс адамды бұрын жасаған қылмысы үшін сотталғаннан кейін жасалынады. Бұл мән-жай айыпкердің қоғамға қауіпті адам екендігін, заңда оған қатаң жаза қарастырылуға тиіс екендігін көрсетеді.

ҚК-тің 60-бабына сәйкес, егер сотталған адам үкім шығарылғаннан кейін, бірақ жазаны толық өтегенге дейін жаңа қылмыс жасаса, сот жаңа қылмыс бойынша тағайындалған жазаға бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін толықтай немесе ішінара қосады. Бас бостандығынан айыру түріндегі түпкілікті жаза жиырма бес жылдан аспауға тиіс. Егер үкімдер жиынтығына 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы не өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасы заңда көзделген тым болмаса бір қылмысты жасағаны үшін айыпты деп танылған үкім кірсе, онда бас бостандығынан айыру түріндегі үкімдер жиынтығы бойынша түпкілікті жаза 30 жыл шегінде тағайындалуы мүмкін. Үкімдер жиынтығы бойынша белгіленген түпкілікті жаза жаңа жасалған қылмыс үшін тағайындалған жазадан да, соттың бұрынғы үкімі бойынша тағайындалған жазаның өтелмей қалған бөлігінен де катаң болуға тиіс.

Жазалардың бірдей, сондай-ақ әртекті түрлерін қосу (оның ішінде қосымшаларын да) ҚК-тің 58 және 61-баптарында белгіленген тәртіп бойынша жүргізіледі (бұл тәртіпке өткендегі мөселені қарастырғанда түсініктеме берілген).

Сонымен сот үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда мына тәртіпті сақтайды:

1)    алдымен жаңа жасалған қылмыс үшін жазаны анықтайды;

2)    сол жазаға сот алдыңғы үкім бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігін толықтай немесе ішінара қосады.

Үкімдер жиынтығы бойынша жаза тағайындау тәртібінің ҚК-тің 58-бабында белгіленген тәртіптен айырмашылығы сол, бұл жерде тек жазаларды қосу принципін ғана қолдану көзделген   (ал ҚК-тің 58-бабында жазаларды сіңіру принципі де көзделген). Екінші айырмашылығы — бас бостандығынан айыру сияқты жазаның үкімдердің жиынтығында жиі  колданылатын түрін қосқандағы ең көп мерзімге қатысты.

Сотталған адамға жаңа қылмыс жасағаны үшін , қылмыстың осы түріне белгіленген ең жоғарғы жазаны тағайындау сот практикасында кездесіп калады. Мысалы, бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеп жатқан адамға жаңа үкім бойынша 5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу немесе 30 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру тағайындалады. Бұл жағдайда сот бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігін жаңа үкім бойынша тағайындалған жазаға сіңіру принципін қолдануға мәжбүр болады (бұл принципті қолдану заңда көзделмесе де).

Қосуға болмайтын жазалар, оның ішінде қосымша жазалар дербес орындалады (ҚК-тің 61-бабы). Қылмыстың қайталануы болған жағдайда сот жазаны үкімдер жиынтығы бойынша тағайындай отырып, жаза тағайындаудың ҚК-тің 59-бабында белгіленген ережесін сақтауға тиіс. Бұл ережелер жаңа үкім бойынша тағайындалған жазаның түрін, мерзімін және мөлшерін анықтауға қатысты. Мысалы, егер бұзақылық үшін жаза өтеп жатқан адам ҚК-тің 181-бабының 1 бөлігі бойынша қорқытып алушылық жасаса, онда жасаған екінші қылмысы үшін сот тек 1 жыл 6 айдан 3 жылға дейінгі аралықта бас бостандығынан айыруды ғана тағайындай алады.

Белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза қолдану. ҚК-тің Ерекше бөліміндегі баптардың санкциялары жазаны жеке даралауы үшін сотқа көптеген мүмкіндіктер беруді көздейді. Бірақ өмірде кездесіп қалатын кейбір нақты істердің өзіндік ерекше мән-жайларын ескерсек, санкцияның ең төмен шегіне тең жазаны немесе балама санкцияның ең жеңіл жазасын тағайындағанның өзі жосықсыз катал боп саналады, жазаның ҚК-тің 38-бабында көзделген мақсатын қанағаттандырмайды. Сондай жағдайлар ескеріліп ҚК-тің 55-бабында былай көрсетілген: ерекше мән-жайлар және әрекеттің қоғамда қауіптілік дәрежесін едөуір азайтатын басқа да мән-жайлар болған кезде, сондай-ақ топтық қылмысқа қатысушы сол топ жасаған қылмыстарды ашуға белсене жәрдемдескен кезде жаза осы кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті бабында көзделген ең төменгі шектен төмен тағайындалуы мүмкін, не сот жазаның осы бапта көзделгенінен неғұрлым жеңіл түрін тағайындауы не міндетті жаза ретінде көзделген қосымша жаза түрін қолданбауы мүмкін.

Төменгі шектен төмен жаза тағайындағанда сот сотталған адамға жазаның санкцияға көрсетілген түрін анықтайды, бірақ бұл жаза төменгі шектен төмен мөлшерде тағайындалады. Мысалы, санкцияда 100-ден 200-ге дейін айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл көзделген, ал сот 50 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындайды. Басқа мысал. Санкцияда 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген. Сот ҚК-тің 55-бабын басшылыққа алып, сол бап бойынша 2 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды. Бірақ, жазаның осы түрі үшін ҚК-тің Жалпы бөлімінде көрсетілген ең аз мөлшерден төмен жаза ҚК-тің 55-бабы бойынша тағайындалуы мүмкін емес. Мысалы, 25 айлық есептік көрсеткіштен аз мөлшердегі айыппұл немесе 6 айдан аз мерзімге бас бостандығынан айыру.

ҚК-тің сотталған адамның әрекеті сараланатын бабының санкциясында көзделгеннен жеңілірек жаза тағайындағанда жазаның сол санкцияда көрсетілмеген, бірақ одан жеңіл түрін тағайындайды. Жазаның заңда көрсетілгенінен жеңілірек түрін белгілегенде сот ҚК-тің 39-бабында келтірілген жазалар жүйесін басшылыққа алады. Мысалы, ҚК-тің бұл бабы бойынша санкция бас бостандығынан айыру мен қамауға алуды балама қарастырады. Сот бостандығын шектеуді тағайындайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Жазаға тән ерекшелік – міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз – жазаның мәжбүрлеу, зорлау сипаты. Олар күш көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.

Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалынған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.

Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты - жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын әлеуметтік нәтиже.

Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының алдында тұрған міндеттерден туындайды.

Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға қатысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.

Жазаның мақсаты ҚК-тің 38 – бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

  1. Ағыбаев А.Н. /Қылмыстық  құқық, жалпы бөлім/ Алматы – 2001 ж.

  1. Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва -  1995 г.

  1. Наумов А.В. // Қылмыстық құқығы/ Астана – 2001 ж.

  1.  Звечаровский И.Э. // Уголовная ответственность. Москва -  1995 г.

  1.  Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы //Алматы – 2001ж

  1.  Лейкина Н.С. // Личность преступника и уголоная ответственность 

М. 1995 г

  1. Наумов А.В. //Осы  заманғы  қылмыстық құқықтың негізгі тұжырымдамалары. Алматы – 1999 ж.

 


Информация о работе Жаза ұғымы