Әлеуметтік институт пен әлеуметтік ұйымдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Октября 2012 в 19:34, реферат

Краткое описание

Қоғам әлеуметтік байланыстар мен өзара әрекеттерсіз өмір сүре алмайды. Бұнда өзара әрекеттесуде қоғам мен индивидтің маңызды қажеттіліктерін қанағаттандыру негізгі сипатқа ие болады. Ондай өзара әрекеттер институционалдандырылады. Институционалдандыру – кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бағытында жұмыс істейтін әлеуметтік нормалар мен ережелерді, мәртебелер мен рөлдерді айқындау мен бекіту, оларды жүйеге келтіру процесі.

Вложенные файлы: 1 файл

әлеуметтік институттар.docx

— 31.59 Кб (Скачать файл)

3.1.4 Әлеуметтік институт пен әлеуметтік ұйымдар 

 

Қоғам әлеуметтік байланыстар  мен өзара әрекеттерсіз өмір сүре алмайды. Бұнда өзара әрекеттесуде қоғам мен индивидтің маңызды  қажеттіліктерін қанағаттандыру негізгі  сипатқа ие болады. Ондай өзара  әрекеттер институционалдандырылады. Институционалдандыру – кейбір қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру бағытында жұмыс істейтін әлеуметтік нормалар мен ережелерді, мәртебелер мен рөлдерді айқындау мен бекіту, оларды жүйеге келтіру процесі. Әлеуметтік байланыстар жүйесіндегі әлеуметтік институттар мен ұйымдар қоғамда әлеуметтік байланыстар мен қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Ағылшын социологы  Г.Спенсер ғылымға алғашқы болып «әлеуметтік институт» терминін енгізді. Ол әлеуметтік институттарды зерттей отырып, оның алты түрін сипаттап көрсетті. Олар: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, рәсімдік, діни, жанұялық. Спенсердің пайымдауынша, барлық әлеуметтік институттар әлеуметтік әрекеттердің тұрақты құрылымы ретінде қалыптасады.

Әлеуметтік  институт (лат. құрылым) – қоғамның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандырып, қоғамдық құндылықтар мен процедураларды біріктіретін байланыстар мен әлеуметтік нормалардың ұйымдасқан жүйесі.

Әлеуметтік институт қандай да бір салада қызмет ететін адамдардың жиынтығы және нақты заңдар, басқару  шешімдері және практикалық кешендер жүйесі болып табылады. Әлеуметтік институттар индивидтің, топтардың, тұтас қоғамның сұраныстарын, қажеттіліктерін  қанағаттандыруға бағытталады. Яғни, институттар - әрдайым дамып отыратын жүйе. Қоғамда  институттар мынадай түрлерге бөлінеді:

1) саяси  институт – қоғамды басқарып, оның тұрақтылығын, тұтастығын, тәртібін қамтамасыз етіп, қауіпсіздігін сақтауға бағытталады;

2) экономикалық  институт – қоғамның қажеттіліктерін, сұраныстарын қанағаттандыруға, экономикалық жүйені дұрыс бағытта дамытуға негізделеді;  

3) отбасы  институты – қоғамның биологиялық үздіксіздігін қамтамасыз етуге, ұрпақ жалғастырып, оны әлеуметтендіріп, тәрбиелеп, қоғамда жақсы азаматтың қалыптасуына бағытталады;

4) діни  институт – адамдардың рухани жан дүниесін байытып, олардың бойында адамгершілік қасиеттерді дамытуға, қиындық кезде дұрыс бағыт, қолдау көрсетуге арналады;

5) білім  институты – жастарға білім беріп, тәрбиелеуге, білікті кадрларды дайындап қоғамды рухани дамытуға ат салысуға бағытталады.

Әрбір институт өздеріне тиесілі  қызметтерді дұрыс атқарған жағдайда қоғам бекіп, тұрақтандырылып және үздіксіз дамып отырады.

Әлеуметтік  ұйым – белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылатын күрделі, өзара байланысқан, өзара иерархиялық әлеуметтік жүйелер, екінші қатардағы ірі әлеуметтік топтар. Әлеуметтік ұйым қоғамның әлеуметтік құрылымының элементі ретінде, қандай да бір топтың іс-әрекетінің түрі ретінде, әлеуметтік жүйенің элементтерін қалыптастырудағы ішкі тәртіп, келісімділік ретінде сипатталады.

Әлеуметтік ұйымның маңызды  сипаттары:

1) ұйым табиғи  мақсатта құрылады, яғни нақты  бір мақсаттарды тез уақыт  аралығы мен нәтижелі түрде  жүзеге асыру үшін қалыптасады;

2) ұйымдар әрдайым  адамдар бірлестігінің қызметін  қамтамасыз ететін құрал мен  тәсілдерді қалыптастырады;

3) ұйымдар адамдар  бірлестігінің қандай да бір  мақсатты іске асыруға бағытталған  іс-әрекеттерін реттеуге арналады;

4) ұйым мүшелері  иерархиялық саты бойынша атқаратын  рөлі мен мәртебесіне сай бөлінеді;

5) ұйым еңбек  бөлінісі негізінде және функционалдық  белгісіне қарай қалыптасады;

6) ұйым басқармасы  барлық элементтердің іс-әрекеттерін  бағыттап отыратын, оның бөліктері  мен ұйымның алға қойған мақсаттан  ауытқушылығын мүмкін деңгейден  шығармайтын орган болып табылады.  

 

 

 

Әлеуметтік институттар  және әлеуметтік үдерістер.

   «Әлеуметтік  институт» ұғымы. Институционалды теориялар. Г. Спенсердің институттар концепциясы. Э. Дюркгеймнің «ұжымдық сана» теориясы («О разделении общественного труда»). М. Вебердің дін институтын талдау («Протестантская этика и дух капитализма»). Г. Зиммелдің формальды теориясы. Т. Парсонстің әлеуметтік жүйе теориясы («Система координат действия и общая теория систем действия: культура, личность и место социальных систем», «Понятие общества: компоненты и их взаимоотношения», «Система современных обществ»). П. Бергер және Т. Лукманнің институттар теориясы  («Социальное конструирование реальности»).

   Әлеуметтік институтардың қызметтері. Жалпы және аранйы қызметтер. Мақсат бағдар, бейімделу, инетграция және латентті функциялар. Бақылау және тарихтылық факторлары. Әлеуметтік институттардың түрлеру.

   Әлеуметтік  институттардың құрлымы. Білім. Нормалар (өлшемдер). Рөлдер. Институттардың құрлымындағы білім. Фондық және арнайы білім. Институттардың нормативтік құрлымы. Нормативтік экспектациялар. Санкциялар жүйесі. Санкциялардың негізгі түрлері. Институттардың рөлдық репрезентациясы. Рөлдердің қалыптасу үдерісі.

   Институционализация. Хабитуализация институттардың қалыптасуына дейінгі үдеріс ретінде. Типизация. Типизацияның түрлері. Экстернализация. Объективация. Интернализация. Седиментация және дәстүр.

   Әлеуметтік институттардың легитимациясы.  «Легитимация» ұғымы. Легитимация институционалды тәжрибенің «ақтау» үдерісі ретінде. Легитимацияның деңгейлері: теириялыққа дейінгі деңгей, теореялық деңгей, «айқын»  теориялар деңгейі, символикалық универсум.

   Әлеуметтік институттардың эволюциясы. Жүйелердің эволюция теориясы. Г. Спенсердің эволюция теориясы. Т. Парсонстың эволюция теориясы («Функциональная теория изменения», «Понятие общества: компоненты и их взаимоотношения»).  Дифференциация, бейімделудің қабілетінің жоғарлауы, қосылу, құндылықты үлгілердің генерализациясы.

 

 

  1.   Тақырыбы: Әлеуметтік институттар мен әлеуметтік процестер.

 

  • Мақсаты: студенттерді әлеуметтік институттармен, әлеуметтік процестермен таныстыру. Оларға институттардың жіктелуін түсіндіру және әлеуметтік процестерді үйрету.

   

  • Дәріс жоспары:

1.Әлеуметтік институттардың  түрлері.

2.Отбасы әлеуметтік институттардың  қай түріне жатады.

3.Әлеуметтік институттардың  белгілері.

4.Әлеуметтік процес ұғымы.

5.Әлеуметтік процестің  деңгейі мен диапазоны.

  • Дәріс тезистері:

  Әлеуметтік институттар-жеке  адамдар мен топтардың әрекет  ету тәсілдерінің жүйесін, әлеуметтік  бақылау құралдары мен топтардың  әрекетін, қоғам мүшелерінің әлеуметтік  өмірін реттеп, қамтамасыз ететін  жүйесін білдіреді.

   Мазмұны жағынан  әлеуметтік институттар-бұл жеке  адамдардың белгілі бір жағдайларға  тікелей бағытталған тәртіптік  стандарттар жиынтығы. Әлеуметтік  институттар арқылы қоғамның  белгілі бір мүшелері өзінің  қажеттіліктерін іске асырады.

    Әлеуметтік институттарды  шешілетін жаттығуларына байланысты  бөледі. Әлеуметтік институттарға  өндіріс және міндеттерді бөлумен  айналысатын мекемелер жатады.

    Саяси институттар-билікке  күресумен оны іске асырумен, бөлумен айналысатын мекемелер.  Әлеуметтік институттардың дамуы  келесі басты варианттарда білінеді. Бірінші, жаңа әлеуметтік институттардың  пайда болуы. Бүгін, бұрынғы  СССР халықтарында мынадай маңызды  институттар пайда болады: әскер,  қаржы, дипломатия.

    Көптеген халықтар  әлеуметтік институттар арқылы  жоғарғы білім алатыны күмәнсіз.Екіншіден,  құралған әлеуметтік институттарды  жаңарту.

  а) құралған әлеуметтік  институттарда көбінесе дамуы  ішкі дифференцияция арқылы өтеді,  байланыс функцияларын мамандандыру, мекемелерді. Ескі институттарды  дифференциациялау арқылы жаңа  институттар тууының біз куәгері  болып келеміз. Осының арқасында  жалпы соттық жүйеден жеке  институт болып Конституциондық  сот дамыды. Осымен қатар наркоманиямен  күресу жеке институты пайда  болды.

  б) Институализденген  әлеуметтік байланыстарды қайта  регуляциялау басты мақсат болып  келеді. Осындай жағдайда осы  байланыстың басты қатысушылары  институттарды сақтап қалуға  тырысады, және оны кардиналды  өзгерту. Әлеуметтік институттарды  қайта регуляциялау-бұл күштердің  кері күресуімен жүретін, драмалық  қиын процесс. Әлеуметтік институттар-бұл  нақты тәсілмен ұйымдастырылған  тірі адамдардың практикалық  қарым-қатынасы.

   Мазмұны жағынан  әлеуметтік институттар-бұл жеке  адамдардың белгілі бір жағдайларға  тікелей бағытталған тәртіптік  стандарттар жиынтығы. Әлеуметтік  институттар арқылы қоғамның  белгілі бір мүшелері өзінің  қажеттіліктерін іске асырады.

    Әлеуметтік институттарды  шешілетін жаттығуларына байланысты  бөледі. Әлеуметтік институттарға  өндіріс және міндеттерді бөлумен  айналысатын мекемелер жатады.

    Саяси институттар-билікке  күресумен оны іске асырумен, бөлумен айналысатын мекемелер.  Әлеуметтік институттардың дамуы  келесі басты варианттарда білінеді. Бірінші, жаңа әлеуметтік институттардың  пайда болуы. Бүгін, бұрынғы  СССР халықтарында мынадай маңызды  институттар пайда болады: әскер,  қаржы, дипломатия .

     Социологияның  негізін салушы О.Конт қоғамды  зерттеу үшін, алдымен, отбасына  көңіл бөлу керек деп есептеді.Ол  қоғамды индивид бағыну мен  басқаруға үйренетін кішкене  қоғам деп есептеді. Отбасы, О.Конттың  пікірінше, оның үлгісі бойынша  қоғам құрылатын негізгі элемент,  әлеуметтік өмір мектебі деп  есептеді.

     Отбасы социологиясы — отбасын әлеуметтік институт ретінде зерттейтін социологиядағы негізгі бағыттардың бірі. Негізгі мәселелері отбасылардың өз қызметін орындау сипатын, әр түрлі типтегі отбасылардың өмірін, ажырасу себептері мен салдарын және т.б зерттеу болып табылады.

     Отбасы сияқты  әлеуметтік институттардың табысты  қызмет өтуін тарихтың қозғаушы  күшіне жатқызуға болады. Отбасының  дүниеге келу сәті бізге белгісіз, бірақ оның пайда болуы отбасылық  үй шаруасы, отбасының бірлескен  әлеуметтік және өндірістік әрекеттері  негізінде отбасын нығайтудағы  әр түрлі қызметке байланысты.

     Социологтардың  отбасын бірнеше ондаған жылдар  бойы зерттегеніне қарамастан, қоғамның  осы бөлігін анықтауда келісім  де, оны зерттеуде бір ізді  әдіс те жоқ. Социологияның  пайда болуымен есімі тығыз  байланысты Огюст Конт қоғамды  отбасы арқылы тану керек, өйткені  отбасы — адамзат тегін жалғастырушы, ондай қоғам антропологиялық  деңгейде дами алмайды,- дейді.  Адамзаттың сақталуы - әлеуметтік  ұйымдасу әрекетінің қорытындысы,  әлеуметтік жүйенің табысты нәтижесі. Конт отбасын зерттеу адамның өңдірістік әрекетін түсіну мүмкін емес дейді. Оның отбасы тұжырымдамасында ажырасуды айыптайды.

     XX ғасырдың ортасынан қазіргі кезге дейін социологиялық әдістің бес түрі қалыптасты: интеракционистік, құрылымдық -функционалдық, жағдаяттық, эволюциялық және институционалдық. Отбасы ұғымын анықтаудағы әр түрлі пікірлерді ескере отырып, төмендегі дефиницияға келісуге болады: "Отбасы — ортақ тұрғын үйімен, экономикалық кооперациямен, ұдайы өндірумен сипатталатын әлеуметтік топ. Отбасына ең болмағанда екеуі әлеуметтік бағытталған жыныстық қатынас жасайтын және бір немесе одан да көп өз балалары, сондай-ақ тәрбиелеуге алған балалары бар ересек жыныс өкілі кіреді".

     Билік формасына  қарай отбасы патриархалды (күйеуі отбасының басшысы), матриархапды (әйелі басшы), құрамына қарай — отбасы нуклеарды (ата-анасы мен балалары), кеңейтілген (нуклеарды отбасы және бірнеше ұрпақтан тұратын туыстары) болып бөлінеді. Отбасы пайда болуы үшін экономика мен жеке меншіктің болуы, билік қатынасы мен бағыну, яғни отбасында, бүтіндей қоғамдағы сияқты, билікті бөлу төртібі бар, онда кімнің материалдық игілігі көп, сол басқарады. Отбасында билікті бөлуге жұбайлар арасындагы маххабат әсер етеді, мұнда сүйетін жұбай аз билікке ие, яғни психологиялық бағыныштылық болады. Егер жұбайлар бір-бірін бірдей мөлшерде сүйсе, онда отбасында бірдей билікке ие.

     Отбасын, қоғамның  бір бөлігі ретінде, социологтар  оның қызметін орындауға қатысты  қарастырады. Отбасының қызметі дегеніміз отбасы мен оның мүшелерінің белсенділігі, тіршілік әрекеті. Қоғамның отбасына қатысты, отбасының тұлғаға қатысты және тұлғаның отбасына қатысты қызметтерін анықтауға болады. Осыған байланысты отбасының қызметін әлеуметтік (қоғамға қатысты) және жеке (тұлғаға қатысты) деп бөлуге болады. Отбасы қызметі отбасы институтындағы қоғам қажеттіліктері мен отбасы тобына жоятын жеке тұлғаның қажеттіліктерімен тығыз байланысты. Отбасы қызметінің тарихы тереңде жатыр, қоғамның әлеуметтік-экономикалық жағдайымен тығыз байланысты, сондықтан уақыт өте келе қызмет сипаты қалай өзгерсе, иерархия да солай өзгереді. Отбасының негізгі қызметтері ретінде төмендегілерді атауға болады: репродуктивті, тәрбиелік, шаруашылық - тұрмыстық, экономикалық, алғашқы әлеуметтік бақылау (әлеуметтену), әлеуметтік-мәртебелік, демалыс және т.б.

     "Отбасы" ұғымы "неке" үғымымен тығыз  байланысты. Социологияда неке дегеніміз — отбасын қалыптастыру мен оған қоғамдық бақылау жасаудың дәстүрлі тәсілі, жыныстардың еркек пен әйелдің, арасындағы бір-біріне және өз балаларына, ата-анасына қатысты құқықтары мен міндеттерін белгілейтін қатынас формасы.

     Некенің төмендегідей  формалары бар: моногамия (бір еркек пен бір әйелдің арасындағы неке, бұл бүгінгі күнде ТМД, АҚШ Еуропа елдеріндегі бірден-бір форма) және полигамия (бір индивид пен бірнеше индивидтің арасындағы неке).

Информация о работе Әлеуметтік институт пен әлеуметтік ұйымдар