Қазақстан халқының Ассамблеясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2014 в 21:07, реферат

Краткое описание

Қазақтардың мәдени - этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың берік негізі болып табылады. БүгінгікүніҚазақстанРеспубликасы 40 -танастамконфессияменденоминацияөкілдері, сондай-ақ 130 ұлтпенэтникалықтопөкілдерібейбітжәнеөзаратүсіністіктеөмірсүреалатындығыныңбірденбірмысалы.

Содержание

I. Қазақстан халқының Ассамблеясы
II. Қазақстан халқы Ассамблеясының институтын нығайту саласында
III. Ассамблея жүйелі институт ретінде қалыптасуы
IV. Ассамблея туралы заңдар

Вложенные файлы: 1 файл

саясаттану.docx

— 90.96 Кб (Скачать файл)

Марат  оспанов атындағы батыс-қазақстан мемлекеттік медициналық университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

 

 

 

Дисциплина:

Мамандығы: Жалпы медицина

Тобы: 117 «а»

Тақырыбы:

 

Орындаған: Аманшеева Айдана

Тексерген:


 

 

 

                                                                           Ақтөбе 2014ж




 

 

 

 

 

 

 

           Жоспар:

 

      1. Қазақстан халқының Ассамблеясы
      2. Қазақстан халқы Ассамблеясының институтын нығайту саласында
      3. Ассамблея жүйелі институт ретінде қалыптасуы
      4. Ассамблея туралы заңдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан халқының Ассамблеясы

Қазақтардың мәдени - этникалық дәстүрлерінен мұра болған рухани саладағы төзімділік қазіргі уақыт пен келешекте азаматтық әлемді сақтаудың берік негізі болып табылады. Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы 40 -тан астам конфессия мен деноминация өкілдері, сондай-ақ 130 ұлт пен этникалық топ өкілдері бейбіт және өзара түсіністікте өмір сүре алатындығының бірден бір мысалы.   
Қазақстандағы әрбір ұлттың өзінің этноқұрылымдары бар, 22 республикалық және аумақтық ұлттық-мәдени орталықтары құрылған. Әзербайжан, грек, ингуш, неміс, шешен, поляк, т.б. халықтардың ұлттық мәдени орталықтары жанында жексенбілік мектептер жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдегі қоғамдық тұрақтылық пен ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында 1995 ж. 1 наурызда  "Қазақстан халқының Ассамблеясы" (ҚХА) құрылды. 
ҚХА-ның мақсаты — республикадағы оқиғаларға баға беру және саяси жағдайларға болжам жасау негізінде қоғамдағы ынтымақтастықты қамтамасыз ететін іс-тәжірибелік ұсыныстар жасау, ҚР Президентінің республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілі ретіндегі қызметіне атсалысу. Ассамблея мәдени-ағартушылық , атап айтқанда, тілдер мен ұлттық мәдениеттерді, салт-дәстүрлерді қайта жаңғырту мен насихаттау; тәрбиелік, яғни қазақстандық және ұлттық отан сүйгіштікті қалыптастыру; ұлтаралық қатынастарды қадағалау негізінде ұлтаралық татулық пен келісімді нығайту; Қазақстанды мекен еткен ұлт өкілдері арасында достық қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын мемлекеттік саясат жүргізу жөнінде ұсыныстар дайындау ісімен айналысады. 
Ассамблеяның 350-ге жуық мүшесі бар. ҚХА-на мүшелікке кандидаттарды ынша жергілікті жерлердегі Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясы, республикалық және аймақтық ұлттық-мәдени бірлестіктері, Ассамблея Кеңесінің мүшелері тең арақатынас қағидасы бойұсынады. ҚХА-ның төрағасы- ҚР Президенті. Ол Ассамблея мүшелерінің ұсынысы бойынша төрағаның екі орынбасарын тағайындайды. Ассамблея мәжілістері арасындағы жұмысты ҚР Президентінің шешімімен Ассамблея кеңесі жүргізеді. ҚХА кеңесі ұлттық-мәдени орталықтар ардагерлер кеңесі өкілдерінен, Кіші Ассамблея жетекшілерінен, сондай-ақ, Ассамблеяға мүше басқа тұлғалардан құралады. ҚХА Қазақстанда өмір сүріп жатқан барлық халықтардың мәдениетін, тілін дамытуға қолайлы жағдай жасау бағытында Қазақстан халықтарының фестивальдерін, тілдер фестивальдерін, жексенбілік мектеп окушыларының мемлекеттік тіл мен ана тілін білу дәрежесін анықтайтын байқауларын, тіл саясаты мәселелері бойынша халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференциялар мен семинарлар, т.б. өткізеді.  
Тәуелсіздік жылдары ішінде Қазақстан барлық мұсылман, православтар, католиктер, протестанттар, иудейлердің дін уағыздау еркіндігін қамтамасыз етті. Діни институттардың елеулі сандық және сапалық дамуы басталды. Бүгінгі күні діни қоғамдастықтар саны 4173, ал 1990 жылы олардың саны небәры 670 болатын.  
Діни бірлестіктердің иеліктерінде 3129 табыну құрылымы, олардың ішінде 2229 мұсылман мешіттері, 258 православие және 93 католик шіркеулері, 6 синагога және 500-ден астам протестант шіркеуі мен намаз оқу үйлері бар.  
Құрбан айт пен Рождество Христово сияқты діни мейрамдар Қазақстанда демалыс күндері деп жарияланған.  
Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада 2003, 2006, 2009 жылдары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері өтті. Бұл форумдар елдің сыртқы саяси бағдарының дұрыстығын көрсетіп қана қоймай, конфессияаралық ынтымақтастықтың бірегей қазақстандық үлгісінің куәсі болды.  
Қазақстанда құрылған мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара қарым-қатынастар діндарлардың құқығы мен еркіндігін құрметтеудің демократтық қағидаттарына, қоғамдық және діни мүдделердің теңдігіне, серіктестік пен өзара түсіністікке ұмтылу қатынастарына негізделген. 

 

      Қазақстандық қоғам  дамуының жаңа кезеңіндегі Ассамблеяның  орны мен рөлін 2007 жылғы конституциялық  реформа айқындап берді, оның  нәтижесінде Ассамблея конституциялық  орган мәртебесін алды, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы «Қазақстан  халқы Ассамблеясы туралы» Заңы бойынша Ассамблея заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президенті құратын, мемлекеттік ұлттық саясатты әзірлеуге және іске асыруға ықпал ететін мекеме ретінде заңнамамен бекітілді. 
      Осы Заң Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік этносаясатты іске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттік және қоғамның азаматтық институттардың этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесін, оны қалыптастыру мен жұмысын ұйымдастыру тәртібін айқындайды. 
      Орта мерзімді келешекте институционалдық тұрғыдан Ассамблеяның алдында көрсетілген конституциялық және заңнамалық нормаларды барынша толық іске асыру міндеті тұр. 
      Ассамблея азаматтардың этноұлттық қатыстылығына, әлеуметтік жағдайына және саяси көзқарасына қарамастан, біріктіруші, мемлекет пен қоғамның дамуының өзекті мәселелері бойынша талқылау мен кең көлемді қоғамдық келісімді тұжырымдау үшін азаматтық сектордың топтастырушы алаңына айналуы тиіс. 
      Мемлекеттік этносаясатты әзірлеу және жүзеге асыру жөніндегі Ассамблеяның мақсаттары мен міндеттерін іске асыру саласында мыналар мақсатқа сай болмақ: 
      қоғамдық бірлестіктердің өкілдері есебінен Ассамблеяның сапалық құрамын жақсарту; 
      Ассамблеяны, оның Ғылыми-сарапшылық кеңесін, этносаралық факторларды ескере отырып, стратегиялық және салалық бағдарламалар әзірлеуге және сарапшылық жасауға, уәкілетті мемлекеттік органдардың этносаралық қатынастар саласындағы стратегиялық жоспарларын әзірлеуге тарту; 
      Ассамблеяның және оның аумақтық құрылымдарының жұмыс тетіктерін және ұйымдық құрылымын жетілдіру; 
      Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының тапсырмаларын уақытында және сапалы орындауды қамтамасыз ету үшін этносаралық қатынастар саласында мемлекеттік органдардың қызметіне жүйелі бақылау және мониторинг жүргізуді күшейту; 
      Ассамблеяның заң шығару қызметіндегі рөлін күшейту, Ассамблея сайлайтын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарымен өзара іс-қимылды нығайту; 
      жергілікті өкілді органдарда татулық, қоғамдық және этносаралық келісім мәселелері бойынша партияаралық ынтымақтастықты ұйымдастыруда Қазақстан халқы Ассамблеясы депутаттық тобының тәжірибесін тарату; 
      Ассамблея жанынан медиация бойынша құрылымдар жасақтау жөніндегі жұмысты жалғастыру және этносаралық қатынастар саласындағы мәселелерді шешу тәжірибесінде медиация процедураларын қолдану; 
      этномәдени бірлестіктерге және өңірлік ассамблеялардың хатшылықтарына тұрақты әдістемелік, ұйымдастырушылық және құқықтық көмек көрсету; 
      этносаралық қатынастар мәселелері бойынша мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің үнқатысуын қамтамасыз ететін семинарлар, конференциялар, басқа да іс-шаралар өткізу. 
      Ассамблеяның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін нығайту саласында: 
      Ассамблея Хатшылығын және оның құрылымдарын этносаралық қатынастар саласындағы мамандармен нығайту, Хатшылық құрамында жұмыстың жекелеген бағыттары бойынша секторлар құру; 
      Ассамблея Кеңесінің, оның жұмыс органдарының және Кеңес мүшелерінің рөлін, олардың Ассамблеяның алдына қойылған міндеттердің және қабылданған шешімдердің іске асырылуына жауапкершілігін арттыру; 
      этномәдени бірлестіктерден тағайындалатын Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасы орынбасарларының функционалдық міндеттерін,  құзыретін, жауапкершілігін айқындау және қызметінің тиімділігін күшейту; 
      консультативтік-кеңесші органдарды, азаматтық қоғам институттарымен жаңа үнқатысу алаңдарын, басқа да құрылымдар құру арқылы Тұжырымдаманы іске асыру мақсатында Ассамблея инфрақұрылымын, оның ішінде ірі жоғарғы оқу орындарының, ұлттық компаниялар мен кәсіпорындардың ұжымдарында, республиканың қалалары мен аудандары деңгейінде дамыту; 
      халықаралық ынтымақтастықты жандандыру және Ассамблеяның этностық азшылықтар проблемаларымен айналысатын халықаралық ұйымдармен байланысын қамтамасыз ету; 
      түрлі этностық топтар үшін интерактивті тренингтер мен семинарлар өткізу жөнінде арнайы жаттықтырушылар командаларын құру және іс жүзінде жанжалды жағдайларды бейтараптандыруға қабілетті медиаторлар тобын қалыптастыру. 
      Ассамблея қызметін ақпараттық және ғылыми-талдамалық сүйемелдеу саласында: 
      Ассамблеяның ғылыми-сараптамалық кеңесінің қызметін одан әрі жетілдіру және оның білім және ғылым, мәдениет салаларындағы мемлекеттік органдармен, Ұлттық ғылым академиясымен және этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу мәселелері жөнінде шетелдік және халықаралық ұйымдармен жұмысын үйлестіруді және мемлекеттік органдар үшін этносаралық қатынастарды одан әрі үйлесімді ету жөнінде практикалық ұсыныстар әзірлеуін жақсарту; 
      этносаралық қатынастардың тұрақты мониторингі жүйесін жетілдіру, ел басшылығы үшін тиісті ұсыныстар дайындап және енгізе отырып, қатерлер мен бүлдіргіш ақпараттық ықпалға қарсы шаралар әзірлеу; 
      өңірлік ассамблеялардың, этномәдени бірлестіктердің басшыларын оқыту үшін жағдай жасау, олардың жұмысына әдістемелік көмек көрсету, Қазақстандағы мемлекеттік этносаясатты іске асыру және этноконфессиялық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша тұрақты тренингтер өткізу; 
      Ассамблеяның бірыңғай ақпараттық ресурстарын қалыптастыру және жетілдіру, оның ішінде Ассамблеяның газетін, журналдарын, ғылыми-әдістемелік жинақтарын шығаруды, Ассамблеяның, өңірлік ассамблеялар хатшылықтарының, этномәдени бірлестіктердің интернет-ресурстары желісін, электронды кітапханалар құруды және олардың қызметін қамтамасыз ету; 
      қазіргі кезде жұмыс істеп жатқан жетекші сарапшы журналистер клубының негізінде этносаралық қатынастар тақырыбын насихаттайтын, этносаралық қатынастарды көрсету мәдениетін қалыптастыру мәселелері бойынша қазақстандық этножурналистиканы дамыту.

Ассамблея жүйелі институт ретінде қалыптасып, қадамын нық басты

Астана. 22 қараша. Baq.kz - Қоғамдық келісім мен ел бірлігі – Ассамблея жұмысының және Қазақстан этносаясатының негізгі бағыты ретінде жалғаса беретін болады. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы М.Тәжин осылай деді. 

«Сіздермен биылғы жылы атқарылған шараларды зерделеп, алда тұрған міндеттерді нақтылап алу мақсатында бас қосып отырмыз.  
2013 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы тарапынан айтулы жұмыстар атқарылды. Елбасы, Ассамблеяның биылғы ХХ сессиясында бұл институттың Қазақстан қоғамындағы ерекше орнын атап көрсетті. Президент Ассамблеяға «қоғамдық келісімнің бас институты, жалпыазаматтық, жалпыұлттық, ішкі саяси мүдделерден жоғары конституциялық орган» деген баға берді.  
Сондықтан да, қоғамдық келісім мен ел бірлігі - Ассамблея жұмысының және Қазақстан этносаясатының негізгі бағыты ретінде жалғаса беретін болады.  
Елбасы Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы бекітілгенін білесіздер. Тұжырымдаманы іске асыруға арналған Іс-шаралар жоспары жан-жақты сарапталып, нақты шаралардың тізімі жасалды. Бүгінгі таңда бұл құжат рет-ретімен іске асырылуда», - деді М.Тәжин.  
Оның айтуынша, осының өзі – Ассамблеяның жүйелі институт ретінде қалыптасып, қадамын нық басқанын дәлелдейді. Сонымен қатар, қабылданған барлық шешімдер Қазақстан халқы Ассамблеясының әрбір мүшесінің алдына үлкен міндеттер жүктейтінін ұмытпауымыз керек.

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                

 

 

 

 

 

 

 

                     Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 20 қазандағы N 70 Заңы

 

Егемен Қазақстан" 2008 жылғы 21 қазан, N 319-320 (25290)

 

                                                                  МАЗМҰНЫ     

 Осы Заң Қазақстан  Республикасындағы мемлекеттiк ұлттық  саясатты iске асыруға, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге, мемлекеттiк және қоғамның азаматтық институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара iс-қимылының тиiмдiлiгiн арттыруға бағытталған Қазақстан халқы Ассамблеясының мәртебесiн, оны қалыптастыру мен жұмысын ұйымдастыру тәртiбiн айқындайды.

1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР    

  1-бап. Қазақстан халқы Ассамблеясының құқықтық мәртебесi     

1. Қазақстан халқы  Ассамблеясы (бұдан әрi — Ассамблея) — заңды тұлға құрылмай, Қазақстан Республикасының Президентi құратын, мемлекеттiк ұлттық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға ықпал ететiн мекеме. 
      2. Ассамблея өз қызметiн Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жүзеге асырады. 
      3. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары — облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) өкiмдерi жанындағы заңды тұлға құрылмай, қызметiн Ассамблея үйлестiретiн мекемелер.    

   2-бап. Қазақстан Республикасының Ассамблея туралы 
              заңнамасы     

1. Ассамблея туралы  заңнама Қазақстан Республикасының  Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. 
      2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.    

  3-бап. Ассамблеяның мақсаты

Ассамблеяның мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлiн арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негiзiнде қазақстандық азаматтық бiрдейлiктi және бәсекеге қабiлеттi ұлтты қалыптастыру процесiңде Қазақстан Республикасында этносаралық келiсiмдi қамтамасыз ету болып табылады

4-бап. Ассамблеяның негiзгi мiндеттерi     

 Ассамблеяның  негiзгi мiндеттерi: 
      1) этносаралық қатынастар саласында мемлекеттiк органдармен және азаматтық қоғам институттарымен тиiмдi өзара iс-қимылды қамтамасыз ету, қоғамда этносаралық келiсiмдi және толеранттықты одан әрi нығайту үшiн қолайлы жағдайлар жасау; 
      2) халық бiрлiгiн нығайту, қазақстандық қоғамның негiз қалаушы құндылықтары бойынша қоғамдық келiсiмдi қолдау және дамыту; 
      3) қоғамдағы экстремизмнiң және радикализмнiң көрiнiстерi мен адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қысым жасауға бағытталған әрекеттерге қарсы тұруда мемлекеттiк органдарға жәрдемдесу; 
      4) азаматтардың демократиялық нормаларға сүйенетiн саяси-құқықтық мәдениетiн қалыптастыру; 
      5) Ассамблеяның мақсаты мен мiндеттерiне қол жеткiзу үшiн этномәдени және өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң күш-жiгерiн бiрiктiрудi қамтамасыз ету; 
      6) Қазақстан халқының ұлттық мәдениетiн, тiлдерi мен дәстүрлерiн өркендету, сақтау және дамыту болып табылады.    

   5-бап. Ассамблея қызметiнiң принциптерi      

 Ассамблея қызметiнiң принциптерi: 
      1) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдылығы; 
      2) халық пен мемлекет мүдделерiнiң басымдылығы; 
      3) нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге деген қатынасына, нанымдарына немесе кез келген өзге де жағдайларына қарамастан, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының теңдiгi; 
      4) Ассамблея мүшелерiнiң тең құқылығы және оның құрамындағы қызметi үшiн дербес жауапкершiлiгi; 
      5) жариялылық болып табылады.    

   6-бап. Ассамблея қызметiнiң негiзгi бағыттары     

 Ассамблея қызметiнiң  негiзгi бағыттары: 
      1) мемлекеттiк ұлттық саясатты әзiрлеуге және iске асыруға жәрдемдесу; 
      2) қазақстандық патриотизмдi қалыптастыруға жәрдемдесу; 
      3) мемлекеттiк тiлдi және Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн дамыту; 
      4) этносаралық саладағы өңiрлiк саясатты жетiлдiру; 
      5) демография және көшi-қон саласындағы жоспарлар мен iс-шараларды әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; 
      6) елде және шет елдерде этносаралық жене конфессияаралық келiсiмнiң қазақстандық моделiн насихаттау; 
      7) этносаралық келiсiмге қол жеткiзуге бағытталған ағартушылық және баспа қызметiн жүзеге асыру; 
      8) этносаралық қатынастар жай-күйiнiң, оның iшiнде мемлекеттiк тiл мен Қазақстан халқының басқа да тiлдерiн қолдану саласында мониторингтi жүзеге асыру; 
      9) мемлекеттiк ұлттық саясат мәселелерi жөнiндегi заң жобаларына қоғамдық-саяси сараптама жасауға қатысу; 
      10) шет елдердегi қазақ диаспорасына ана тiлiн, мәдениетi мен ұлттық дәстүрлерiн сақтау және дамыту, оның тарихи Отанымен байланыстарын нығайту мәселелерiнде қолдау көрсету; 
      11) этносаралық қатынастар саласындағы келiспеушiлiктер мен дауларды реттеу, қақтығысты жағдайларды болдырмау жөнiнде ұсынымдар әзiрлеу және практикалық шараларды iске асыру және оларды 
шешуге қатысу; 
      12) этномәдени қоғамдық бiрлестiктерге әдiстемелiк, ұйымдастырушылық жене құқықтық көмек көрсету; 
      13) этносаралық қатынастар мәселелерi бойынша мемлекеттiк органдар мен қоғамдық бiрлестiктердiң диалогын қамтамасыз ететiн семинарлар, конференциялар өткiзу, өзге де iс-шараларды жүзеге асыру; 
      14) этносаралық және конфессияаралық келiсiмдi қамтамасыз ету мәселелерi бойынша азаматтық қоғам институттарымен және халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау; 
      15) Қазақстанның басқа да этностарына өздерiнiң тарихи отанымен байланысын дамытуға жәрдемдесу; 
      16) этносаралық келiсiмге жәрдемдесетiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн өзге де қызмет болып табылады.     

   7-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Ассамблеяға 
              қатысты құзыретi     

1. Қазақстан Республикасының  Президентi: 
      1) Ассамблеяны құрады және қайта ұйымдастырады; 
      2) Ассамблея қызметiнiң бағыттарын айқындайды; 
      3) Ассамблея басшылығының лауазымды адамдарын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 
      4) Ассамблея Сессиясын шақырады; 
      5) Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады. 
      2. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентiне Қазақстан халқы Ассамблеясын өмiр бойы басқару құқығы тиесiлi.

2-тарау. АССАМБЛЕЯНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ  ЖӘНЕ БАСҚАРУ ОРГАНДАРЫ    

  8-бап. Ассамблеяның құрылымы     

 Ассамблеяның  құрылымын Ассамблея Сессиясы, Ассамблея  Кеңесi, Ассамблея Аппараты (Хатшылығы), облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) ассамблеялары құрайды.     

  9-бап. Ассамблея Сессиясы     

1. Ассамблея Сессиясы  — Ассамблея мүшелерiнiң жиналысы (бұдан әрi — Сессия) Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады. 
      2. Сессияны Қазақстан Республикасының Президентi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде бiр рет шақырады. Кезектi Сессияны шақыру туралы өкiм кезектi Сессияның еткiзiлетiн күнi, орны жене күн тәртiбi көрсетiлiп, ол басталғанға дейiн отыз күннен кешiктiрiлмей қабылданады, бұл туралы ресми бұқаралық ақпарат құралдарында хабарланады. 
      3. Кезектен тыс Сессия Ассамблея Төрағасының, Ассамблея Кеңесiнiң бастамасы бойынша немесе Ассамблея мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен бiрiнiң өтiнiшi бойынша шақырылады жене оны өткiзу туралы шешiм қабылданған күннен бастап бiр ай мерзiмде өткiзiледi. 
      4. Сессияның ерекше құқығы: 
      1) Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң тоғыз депутатын сайлау; 
      2) Ассамблеяның орта мерзiмдiк перспективаға арналған стратегиясын айқындауға тұжырымдамалық ұстанымдарды әзiрлеу жене оларды Ассамблея Төрағасының қарауына енгiзу; 
      3) Ассамблеяның жұмыс жоспарын және Ассамблеяның орта мерзiмдiк перспективаға арналған стратегиясын iске асыру жөнiндегi бiрiншi кезектегi iс-шараларды бекiту; 
      4) Ассамблея мүшелерiнiң есептерiн тыңдау; 
      5) жалпы мемлекеттiк маңызы бар этносаралық және конфессияаралық келiсiм мәселелерi бойынша азаматтардың және қоғамдық бiрлестiктердiң өтiнiштерiн қарау болып табылады. 
      5. Егер Ассамблея жұмысына оның мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде үштен екiсi қатысса, Сессия заңды болып есептеледi. 
      6. Сессияның шешiмi, егер оған қатысып отырған Ассамблея мүшелерiнiң жартысынан астамы дауыс берсе, қабылданды деп есептеледi. 
      Дауыс беру тәртiбi мен нысанын Сессия айқындайды. 
      7. Сессияның шешiмiн Ассамблеяның Төрағасы бекiтедi. Ассамблея Сессиясының шешiмдерiндегi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға жiберiлген мемлекеттiк ұлттық саясат жөнiндегi ұсынымдар мен ұсыныстар мiндеттi түрде қарауға жатады. 
      Сессияның жұмысы Сессия шешiмiмен бекiтiлетiн регламентпен реттеледi. 
      8. Ассамблеяның Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң тоғыз депутатын сайлауы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңымен реттеледi.    

Информация о работе Қазақстан халқының Ассамблеясы