Атқарушы билік органдарының жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Октября 2015 в 16:39, реферат

Краткое описание

Атқарушы билік органы – мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік басқарушылық қызметті жүзеге асыру, әкімшілік құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес.Атқарушы билік органы деп билікті бөлу принципіне сәйкес мемлкеттің тапсыруымен қоғамның шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік саяси өмірінің әр түрлі салаларында атқарушы өкім етуші қызметті нақты жүзеге асыратын мемлекеттік биліктік механизмінің буыны түсініледі. Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады. Яғни ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген, заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме.

Вложенные файлы: 1 файл

Атқарушы билік органдарының жүйесі.docx

— 39.87 Кб (Скачать файл)

 

 Атқарушы билік органдарының жүйесі.

Атқарушы билік органы – мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік басқарушылық қызметті жүзеге асыру, әкімшілік құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес.Атқарушы билік органы деп билікті бөлу принципіне сәйкес мемлкеттің тапсыруымен қоғамның шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік саяси өмірінің әр түрлі салаларында атқарушы өкім етуші қызметті нақты жүзеге асыратын мемлекеттік биліктік механизмінің буыны түсініледі. Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады. Яғни ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген, заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме. Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні олардың мынадай құқығынан көрініс табады: мемлекеттің атынан заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілер шығаратын құқығынан, құқықтық актілермен белгіленетін талаптар мен ережелердің сақталуына мемлекет атынан байқау жасауды жүзеге асыру құқығынан, заңды түрде міндетті болатын актілердің талаптарын орындауды қамтамасыз ету және өзінің сипаты бойынша мемлекеттік мәні бар иландыру, түсіндіру, көтермелеу сияқты шараларды, ал қажет болған жағдайдамемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен оларды бұзушылықтан қорғау құқығынан көрініс табады. Атқарушы билік органдары өздерінің мемлекеттік биліктік өкілеттіктерін тек қана мемлекеттік басқарушылық қызметтің мақсаты үшін пайдаланылады. Атқарушы билік органдары өзінің қызметінің мазмұны мен нақты бағыты бойынша айырылысады. Оларды мынадай түрлерге топтастыруға болады:1.Қызметінің аумақтық көлемі бойынша: республикалық және жергілікті атқарушы билік органдарын бөлуге болады.2.Құзіретінің көлемі мен сипатынақарай мынадай атқарушы билік органдары бар:- жалпықұзіретті, яғни, мемлекеттік басқарушылық қызметтің бәріне немесе көпшілік учаскелеріне таратылатын функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдар. (Үкімет, әкімдіктер);- салалық құзіретті, функциялары мен өкілеттіктерін өздеріне тапсырылған басқару салаларының шегінде жүзеге асыратын органдар. (министрліктер, комитеттер);- салааралық құзіретті, барлық немесе бірнеше салалық жүйелер үшін ортақ болатын өздерінің қарауына жатқызылған арнайы мәселелер бойынша өкілеттіктер жүзеге асыратын органдар;- аралас құзіретті, өзінің өкілеттіктерін әрі салалық, әрі салааралық көлемде жүзеге асыратын органдар.3.Құру тәртібі мен тәсілі бойынша :мемлекет басшысы құратын, мысалы, ҚРның Президенті ҚР Үкіметін, министрліктерін құрады;атқарушы билік органдарының өздері құратындары;жекелеген жағдайларда сайлау тәсілі қолданылады.4.Ведомстволық қарасты мәселелерді шешу тәртібі бойынша :құзіретінің негізгі мәселелерін алқалы негізде, оның құрамына кіретін адамдардың көпшілік даусымен шешетін алқалы органдар. Мысалы Үкімет;құзіретінің негізгі мәселелерін басшылары шешетін жеке дара басшылық органдары, мысалы, министрліктер, агенттіктер.5.Ұйымдастыру құқықтық нысандары бойынша ажыратылатын органдар, олар өздерінің көрінісін ең алдымен өздерінің атауларынан табады. Атқарушы билік органдарының жүйесідеп біріне бірі бағынышты органдардың өз араларында құзіретін бөлу негізінде олардың арасындағы тік байланыс түсініледі.Қазіргі кезде атқарушы билік органдарының жүйесі мыналардан тұрады: ҚР-ның Үкіметі, ҚР-ның министрліктері, ҚР-ның агенттіктері, ҚР-ның министрліктерінің комитеттері, әкімдіктер, әкімдер, өзге органдар.

9) Атқарушы билік органдарына қатысты Президенттің өкілеттіктері.

Президент – бұл бірінші кезекте Ел басшысы, мемлекеттің жоғары лауазымды тұлғасы. Ол мемлекеттің негізгі ішкі және сыртқы саясатының бағыттарын айқындап береді. Президенттің мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының келісімді түрде жұмыс істеуін және билік органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз ететіндігін орнықтырды. ҚР-ның Конституциясында мемлекеттік билікті заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлу орнықтырылған. Осы принципке орай биліктің әр тармағына өз қызметтерін орындау үшін қажетті деңгейде жеткілікті түрде өкілеттіктер берілген. Тек парламент заң шығару өкілеттігін берген жағдайда ғана шектеулі уақыт ішінде Президент заң қабылдай алады. Сот билігін жүргізуге Президенттің құқығы жоқ. Сондай-ақ атқарушы билікке қатысты да Президент заңда көзделген шараларды ғана қолдана алады. ҚР-сы Президентінің өкілеттігі президенттік басқару жүйесінің мазмұнымен алдын ала айқындалады. Президентке тізімі Конституцияда және Президенттің 1995 жылғы 26 желтоқсандағы «ҚР-ның Президенті туралы» Конституциялық заң күші бар Жарлығымен белгіленген кең өкілеттіліктер берілген:

1. Мемлекеттік билік органдарының құру жұмыстарына байланысты Президент өкілеттіктерге ие.

2.Атқарушы билік тармағы саласында Президентке өте көп өкілеттіліктер берілген. Президент үкімет жиналыстарында Төрағалық ете алады, атқарушы биліктің Актілерін тоқтата алады.

3. Мемлекет басшысы ретінде Президент сыртқы саясат және әскери салада да өкілеттіктерге ие. Ол елдің негізгі сыртқы саясат бағытын нақтылайды, келіссөздер жүргізеді және халықаралық шарттарға қол қояды. Президент сонымен бірге ҚР-ның әскери доктринасын бекітеді.

4. Президенттің өкілеттілігіне  азаматтық мәселесі, саяси баспана беру, ҚР-сы мемлекеттік наградаларымен марапаттау, жоғары әскери және арнаулы шен, дәреже беру, кешірім жасау сияқты өкілеттіктер кіреді. 

Атқарушы билік органдарына қатысты Үкіметтің өкілеттіктері.

ҚР-ның Үкіметі – ҚР-да атқарушы биліктің біртұтас жүйесін басқаратын алқалы орган. ҚР-ның Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Премьер-министр Кеңсесінің басшысы Үкімет мүшелері болып табылады. ҚР-сы Президенті өз қалауы бойынша Үкіметтің құрамына республикалық атқарушы билік органдарының өзге де басшыларын енгізуі мүмкін. ҚР-сы Президенті ҚР-ның Конституциясында қаралған тәртіппен ҚР-ның Премьер-министрін тағайындайды. Оны қызметінен босатуды Премьер-министрдің орнынан түсетіні туралы арызы бойынша немесе ол ӛз өкілеттіктерін орындай алмайтын жағдайда Президент жүзеге асырады. Премьер-министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді. Премьер-министр өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгізеді. Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды. Үкіметтің құрамына Үкімет мүшелері Республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың ӛзге де лауазымды адамдары кіреді. Президент Премьер-министрдің ұсынуымен Премьер-министрдің орынбасарлары мен министрлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, ҚР-ның Үкіметі атқарушы билік органдарының қызметіне басшылық жасайды және олардың жұмысына бақылау жасауды жүзеге асырады. Республика деңгейіндегі атқарушы билік органдары Үкіметке бағынышты және оның алдында жауап береді. Республика Үкіметі оның құрамына кірмейтін министрліктердің және басқа орталық атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасауды жүзеге асырады, олардың заңдарды, Республика Президенті мен Үкіметінің актілерін орындауын қамтамасыз етеді. Үкімет министрліктердің және өзге де орталық атқарушы органдар басшыларының ұсынуы бойынша министрліктер мен ӛзге де атқарушы органдар туралы ережелерді, сондай-ақ олардың аумақтық органдарының және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердің штат санының лимиттерін бекітеді; министрліктердің орынбасарларын, Үкімет құрамына енбейтін орталық атқарушы органдардың басшылары мен олардың орынбасарларын, республика ведомстволарының басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; республиканың министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары актілерінің қолданылуын толық не бір бөлігінде жоюға не тоқтата тұруға құқылы. Үкімет өзінің құзіретіне жататын мәселелер бойынша ұсыныстарды талдап жасау үшін Үкімет жанындағы комиссиялар, кеңестер мен консультативтік-кеңесші органдар құруға және таратуға құқылы.

Атқарушы билік органдары жоғары, орталық және жергілікті болып бөлінеді. Мемлекеттік биліктің жоғары атқарушы-өкімдік етуші органы Үкімет болып табылады. Үкіметті Республика Президенті құрады және ол қаулылар шығарады. Республика Премьер-министрі өкімдер шығарады. Үкімет қызметі республиканың барлық аумағын қамтиды. Үкімет өзіне бағынышты өзге де барлық атқарушы билік органдарын біріктіреді және олардың жұмысына бағыт беріп отырады.

Тиісті министрліктер, агенттіктер, ведомстволар атқарушы биліктің орталық органдары болып табылады. Министрліктер басты атқарушы орган болып табылады, ол мемлекеттік баскарудың тиісті саласына басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте, салааралық үйлестіруді жүзеге асырады.

Министрліктер Үкіметтің тікелей басшылығымен атқарушы - өкімдік етуші қызметті жүзеге асырады, ал министр Үкімет мүшесі болып табылады. Барлық министрліктердіңжалпы міндеттері мыналар: өз саласында мемлекеттік саясатты жасап, оны іске асыру; заң шығарушылық және нормативтік-құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу; салааралық үйлесімділікті жүзеге асыру және мемлекеттік баскару саласына басшылық жасау; әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; кадрлар даярлау; олардың біліктілігін жетілдіру және қайта даярлау, т. б. министрлікке жүктелген өзге де міндеттер.

Агенттік — Үкімет құрамына кірмейтін биліктің орталық атқарушы органы. Ол салааралық үйлестіруді, сондай-ақ арнаулы атқарушы және рұқсат етуші қызметтерді жүзеге асырады. Агенттікті Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент құрады, қайта құрады және таратады.

Ведомство — өз құзыретінің шегінде арнаулы атқарушы және бақылаушы-қадағалаушы қызметтерді, сондай-ақ салааралық үйлестіруді немесе мемлекеттік басқарудыңбағынышты саласына басшылықты жүзеге асыратын республиканың орталық атқарушы органының комитеті болып табылады. Ведомствоны тиісті орталық атқарушы органның басшысының ұсынуы бойынша республика Үкіметі құрады, қайта құрады және таратады.

Министрлік, агенттік, ведомство шығаратын акті нысаны — министр, агенттік төрағасы, ведомство басшысының бұйрығы болып табылады. Жергілікті атқарушы органдар — әкімдіктер. Жергілікті жерде атқарушы билікті республиканың әкімшілік- аумақтық құрылымына сәйкес облыстың, ауданның, қаланың, ауылдың, селоның, поселкенің әкімдіктері жүзеге асырады.

Жергілікті атқарушы органдар — жоспарлар, аумақты дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, жергілікті бюджетті жасауды жүзеге асырады және олардың атқарылуын қамтамасыз етеді, коммуналдық меншікті баскарады. Жергілікті атқарушы органдардың басшыларын тағайындайды және қызметтерінен босатады, жергілікті атқарушы органдардың жұмысына байланысты өзге де мәселелерді шешеді.[1]

2. Мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру 

 

Атқарушы билік мемлекеттік басқару органдары жүйесінен тұрады, ал бұл жүйеге Үкімет, министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен мекемелер, жергіліктіатқарушы органдар, мемлекеттік кәсіпорындар және мемлекеттік мекемелердің әкімшіліктері жатады.

Үкімет мемлекеттің жоғары атқарушы өкімет органы болып табылады. Қазақстан Республикасында атқарушы биліктің үлгісі президенттік басқару нысанына үйлестіріле құрылған. Бұл мемлекет басшысының төменнен жоғарыға дейінгі атқарушы органдарды қалыптастыруда, олардың қызмет атқаруында алатын шешуші рөлін білдіреді.

Үкімет Президенттің Парламент Мәжілісіне заң жобаларын енгізу жөніндегі тапсырмасын орындауға, заң жобалау жұмысының жоспарларын Президентпен келісіп отыруға міндетті. Үкімет Конституцияның 53 бабынын 6-шы тармақшасында көзделген ретте Республика Парламентіне есеп береді.

Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі конституци-ялык заңмен белгіленеді (1995 жылғы 18 желтоқсандағы "Қазакстан Республикасының Үкіметі туралы" мемлекет басшысының конституциялық заң күші бар Жарлығы). Үкіметті Премьер-министр, оның орынбасарлары, министрлер және мемлекеттік комитеттердің құрамында Республика Президенті құрады. Республика Премьер-министрі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгізеді. Үкімет мүшелері Қазақстан халкы мен Президентіне ант береді.

Үкімет ұйымдык жағынан алқалы орган болып табылады, яғни оның шешімдері Үкіметтің отырысында алқалы түрде қабылданады.

Министрлік Республиканың мемлекеттік басқарудың тиісті салаларындағы, сондай-ақ заңдар деңгейінде салалық үйлестіруге басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады.

Мемлекеттік комитет - Республикада мемлекеттік басқарудың тиісті салаларда бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізетін және заңдарға сәйкес осымақсаттарда салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

Үкіметтін құрылымынан Үкіметтің құрамына кірмейтін, бірақ оның иелігінде болатын орталык, атқарушы органдарды (Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және өзге де республикалық мемлекеттік баскару органдарын) және Республиканың ведомстволарын (министрліктегі, мемлекеттік комитеттегі комитеттер, департаменттер, агенттіктер) бөліп айтқан жөн.

Үкіметтің билік жүйесіндегі жоғары орган ретіндегі рөлі оны елдің бүкіл аумағында іске асырылатын барлық орталык және жергілікті атқарушы органдарда қолданылатын өкілеттігінен көрінеді. Сонымен қатар оның билігіне жатқызылған мәселелерді дербес шешеді (Конституцияның 66 - бабы). 

 

Жергілікті атқарушы органдар еліміздің атқарушы билігінің бірегей жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және олар жергілікті жерлерде жалпы мемлекеттік саясатты тиісті аумактарды дамыту мүддесімен үйлестіре жүргізуді көздейді.

Жергілікті аткарушы органдардың өкілеттілігі, жауапкершілігі, қызмет тәртібі Конституцияның 87 -бабымен бірге "Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және аткарушы органдары туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Заңымен, сондай-ақ басқа заңдармен және заңға сәйкес нормативтік-құқықтық кесімдермен реттеледі. Осы заңмен әкімнің міндетіндегі жеке өкілеттікті де, әр түрлі салалар мен қызметтерді тұтас аткарушы орган, яғни әкім және оған бағынатын органдар жүзеге асыратын өкілеттікті де белгілейді.

Атқарушы билік органдары билікті жүзеге асыруға қатысуға бағытталған саяси мекеме ретінде түсінуге болады.

Кез келген мемлекеттік басқару органы атқарушы билік органы болып табылады, ал атқарушы билік органы үнемі мемлекеттік басқару органы болады.  

 Қазіргі кездегі атқарушы  билік органының құқықтық мәртебесінің  негізі толығымен жалпы көзқараспен  мінезделуі мүмкін. Атқарушы билік  органдары өздеріне жүктеген  қызметті жүзеге асыру үшін  мемлекеттік биліктік өкілеттіктермен  бөлінген. Атқарушы билік органның  атқарушылық билікті жүзеге асыруға  арналған мұндай өкілеттілігі  басқа да мұндай өкілеттілік  берілген органдардан ерекшеленеді.   

 Атқарушы билік органдарын  мемлекет бюджеттен қаржыландырады. Атқарушы билік органдарының  құқықтары Қазақстан Республикасының  Конституциясымен , субъектілерінің  жарғыларымен және мәртебесін  бекітетін басқа да нормативтік  құқықтық актілермен айқындалған.   

 Осы  тұрғыдан Баяновтың пікірі бойынша: « Атқарушы билік органы – мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік – басқарушылық қызметті жүзеге асыру, әкімшілік – құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Бұл сияқты құқықтық қатынастардың өзге қатысушыларының әкімшілік  - құқықтық  мәртебесі көбінесе атқарушы билік органдарының қызметінің аясында шындыққа айналады. Сондықтан олардың әкімшілік – құқықтық мәртебесін жан – жақты қарауды қажет етеді.  

 Атқарушы билік органының  ұғымы белгілі бір шамада «ұйым»  деген ұғымнан туындайды, ол тар  мағынада қандай да бір бірлескен  қызметті жүзеге асыру үшін  құрылатын және осы мақсат  үшін аз дәрежеде болса да  ресімделген адамдар ұжымының  жекелеген бөлігін білдіреді. Мысалы, өндірістік ұжым – тар мағынадағы  ұйым, ал өндірістің саласы –  кең мағынадағы ұйым.  Сонымен ұйым дегеніміз – белгілі бір қызметті атқаратын адамдардың ұжымы. Бұл – ұйымды белгілі бір құрылым ретінде түсіну.  

Информация о работе Атқарушы билік органдарының жүйесі