Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2013 в 20:41, реферат
Адамды клондау дегеніміз - бір адамның ядросын пайдалану арқылы тап сол кісіден аумайтын екінші бір адам жасап шығару. Бұл ретте қолдан жасалған адам табиғи адамның тірі көшірмесі болуы керек. Яғни, клон-адамның бет-әлпеті, мінез-құлқы, дене құрылысы, тіпті ақыл-ойы мен ерекше қасиеттеріне дейін өзінің пайда болуына мүмкіндік берген табиғи адамнан айнымайтын болуы тиіс. Осы жұмыспен айналысып жүрген бір топ ғалымдар өмірде ерекше жаратылған адамдарды жоғалтпауға немесе біреудің жалғызының орнын толтыруға, тіпті баласы жоқтарға сәби сүюге мүмкіндік беретін клондау әдісін қажет деп есептеп, бұл тәсілді одан әрі зерттеп, дамытқанды жөн көреді. Ал, ғалымдардың екінші тобы қолдан жасалған адамдардың көбеюі қоғамның қалыпты дамуына кедергі келтіруі мүмкін деген пікірді алға тартып, адамдарды клондау әдісіне қарсы шығуда.
Тірі ағзаның белгілі бір элементін пайдалана отырып, оны тура сондай етіп, көбейтіп шығару үдерісін клондау дейді. Алғашында микробиология және селекция ғылымында пайда болған клондау тәсілі бірте-бірте қанатын кең жая бастады. Жан-жануарларға жасалған тәжірибе жұмысы (кейбірі) сәтті шыққан соң, ғалымдар соңғы кездері адам баласын клондауға талпыныс жасауда.
Адамды клондау дегеніміз - бір
адамның ядросын пайдалану
Шындығына келгенде, адамдарды клондау әдісі әлі жете зерттелмеген. Бұған жасанды адамдар тобының пайда болуына қарсылық білдірген ғалымдардың дәлелді пікірі себеп болып отыр. Дегенмен, адамдарды қолдан жасаудың бірнеше жолы бар екен. Соның бірі әрі бірегейі - тірі жасушаның ядросынан алынған ДНК-ны әйелдің жұмыртқа жасушасына енгізу арқылы эмбрион жасау. Пайда болған эмбрионды жатырға енгізген соң жасанды баланың іштегі даму кезеңі басталады. Бұл - өте күрделі процесс, сондықтан бұл жұмыс ерекше сақтықты талап етеді. Жасанды адам жасау әдісін жетілдіру жұмысымен айналысып жүрген итальяндық ғалым Северино Антинори ережеге сәйкес істелсе, бұл жобаның нәтижелі боларына сенімді. Осы әдісті қолдану арқылы ғалым бұдан бірнеше жыл бұрын 62 жастағы әйелдің бала көтеруіне себепші болған. Аталған жобамен жұмыс істеуге өз елінде тыйым салынғанына қарамастан, Антинори ретін тауып жұмысын одан әрі жалғастыруда. Ғалым сәби сүйгісі келетін 5000 жұптың өзіне сенім артып, бақтарын сынауға келісім бергенін мәлімдей отырып, бүгінгі таңда жобаға қатысушы үш әйелдің аяғы ауыр екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, үшеудің екеуі Ресей мемлекетінің азаматшалары, біреуі мұсылман елінің ханымы болса керек. Аталмыш жобаның адам баласына тек қана қуаныш сыйлайтынын ұтымды пікірлерімен дәлелдеген ғалым көп ұзамай, бұл жұмысының қоғам тарапынан қолдау табатынына сенеді.
КЛОНДАУҒА КӨПШІЛІК ҚАРСЫ
Жасанды адам жасау жобасына АҚШ, Франция, Алмания, Жапония, Ұлыбри-тания, Бразилия, Бельгия, Италия, Испания секілді әлемнің көптеген елдері қарсылық білдіріп, бұл іске тыйым салатын арнайы заң да қабылдады. Адам баласын клондау ісін қылмыс деп санайтын аталмыш елдер мұндай жұмыспен айналысқан адамды қылмыстық жауапкершілікке тартады. Мысалы, АҚШ-та олар 10 жылға бас бостандығы-нан айырылғанымен қоймай, оған қоса 1.000.000 доллар көлемінде айыппұл төлейтін көрінеді. Адамды қолдан жасаушыларға Ұлыбританияда да кешірім жоқ, көзге түскен жағдайда клондаушыларды 10 жылдық түрме азабы күтіп тұр. Көрші Ресей елінде де клондау ісі қолдау таппады. Мұндай жұмысқа 2002 жылы бес жылға тыйым салған ресейліктер биыл бұл мерзімді тағы созды. Көршілер клондау жұмысы әлі толық зерттелмеген, әрі мұндай түйінді мәселемен айналысудың әзірге қажеті жоқ деп есептейді. Біздің еліміз де адамды клондау мәселесіне қарсылық білдір-ген мемлекеттер қатарында. Мәжіліс депутаттары былтыр желтоқсан айында адамды клондауға тыйым салу және суррогаттық аналыққа рұқсат беру жөніндегі Заң жобасын қабылдап, оны Сенатқа жолда-ды. Мұндай қадамға бала кө-теру қабілетінен айырылғандар тілегін ескеру негізінде амалсыз барып отырғандарын айтқан ҚР Денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев аталмыш әдіс арқылы сәби сүйгісі келгендердің міндетті түрде дәрігерлік тексеруден өтуі тиіс екендігін ескертті. Ереже бойынша, суррогат ана болуға шешім қабылдаған әйелдің өзінің туған балалары болуы тиіс. Және оның денсаулығы мықты, жасы 35-тен аспауы керек. ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Сәуле Диқанбаеваның мәлімдеуінше, қолдан ұрықтан-дыру жұмысына кем дегенде екі мың АҚШ доллары қажет. Мұндай қаржыны екінің бірі таба алмайтынын жеткізген вице-министр Үкіметтен материал-дық қаржы сұрау үшін құқықтық құжат қажет дегенді айтты. Денсаулық сақтау министрлі-гінің дерегі бойынша қолдан ұрықтандыру әдісі бойынша елімізде қазірдің өзінде 500 операция жасалған. Мұның сыртында суррогат-аналарды пайдалану арқылы жасалған операциялар да бар, бірақ олардың нақты саны белгісіз. Себебі, мұндай жұмыстар жөніндегі мәліметтер ережеге сәйкес құпия сақталады.
2005 жылдың 19 ақпанында Біріккен
Ұлттар Ұйымы клондаудың
ЖАСАНДЫ АДАМДАР ЗИЯНДЫ КӨРІНЕДІ...
Жасанды адам жасауға қарсылық білдірушілер мынан-дай бірнеше пікірді алға тартады. Олардың ойынша, біріншіден, өте көп қаржыны талап ететін клондаудың әзірге қажеті жоқ. Екіншіден, клондау әдісі арқылы пайда болған адам барлық жағынан осал болатын көрінеді. Денсаулығы нашар, ойлау қабілеті кем адамдарды қаптатып не керегі бар деген ғалымдар тобы клон-адамдардың көп жағдайда ұсқынсыз боп туатынын айтады. Үшіншіден, олар табиғи адам-дарға қарағанда өте ерте қартаяды екен. Ғалымдар клон-адамдардың 30 жасында ақсақал болып отыруы мүмкін деген болжам айтады. Төртіншіден, бір адамды жасап шығару үшін онымен бірге дамып келе жатқан өзге эмбриондарды өлтіру керек. Ал, бұл қылмыс емес пе? Бесіншіден, клон-адамдардың пайда болуы қылмыс әлемін де талай былыққа батыруы мүмкін. Сондай-ақ, қолдан жасалған тасбауыр адамдардың елдің шырқын бұзатын әрекеттерге барулары да ғажап емес. Мысалы, соғыс аңсаған кей мемлекеттер клон-адамдарды көбейтіп, «соғыс ойынын» ұйымдастыруы да мүмкін ғой. Міне, осы болжамдарға байланысты әлемнің көптеген елі клондау ісін дамытуға қарсылық білдіруде.
АЛ, ПАЙДАСЫ ҚАНДАЙ?
Адам баласын клондау мәселесі жөніндегі ғалым-дардың жасаған жағымсыз болжамдарын Северино Антинори жоққа шығарады. Ол өзінің жобасы қоғамға тек жақсылық әкеледі деп сендіруде. «Құдайдан бала сұрап, жылап жүргендерге өзінен аумайтын сәби сыйлауды жоспарлайтын жобаның жаман болуы мүмкін емес» дейді ол. Бұл жобаның шөлмектегі ұрықтандырудан айырмашылығы сол, тапсы-рыспен жасалатын баланың негізі - сол адамның ядросынан алынған ДНК. Және одан пайда болған эмбрион шөлмек ыдыста емес, кәдімгі әйелдің жатырында өсіп, жетіледі. Оның айтуынша, егер осы әдісті одан әрі дамытып, жетілдірсе, адам баласы тамаша жетістіктерге қол жеткізетін көрінеді. Аталмыш әдісті жетілдіру арқылы ерекше жаратылған адамдарды бойындағы қасиетін сақтай отырып, қайталап жасап шығаруға болады. Сүйікті адамынан айрылған адамдар оларды қайталап жасату -арқылы қайғысын басуға мүмкіндік алады. Ғалым жобасының пайдалы екендігін дәлелдей отырып, оны қоғамның қашан болса да қабылдайтынына сенеді.
Жасанды адам жасауға қарсылық білдірген отандас ғалымдардың пікіріне қарама-қайшы ой тастаған ресейлік белгілі тұлға Владимир Жириновский клондауды қажет деп есептейді. Ол клон-адамдардың пайда болуы ел экономикасының дамуы мен демографиялық мәселені шешуде де оң әсерін тигізеді деген пікірін ашық жеткізуде.
ДІН ӨКІЛДЕРІ МЕН ДӘРІГЕРЛЕР НЕ ДЕЙДІ?
Смайыл қажы Сейітбеков, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы:
- Адамды қолдан жасау дегеніңіз
- Аллаға қарсы шыққанмен бірдей.
Алланың бұйрығынсыз ештеңе
Мысалы, әйел бала көте-руге қабілетсіз
болса, өз күйеуі-нің ұрығын жасанды
жолмен шөлмектерде ұрықтандырып алып,
әрі қарай дәрігерлердің
– «Клондау» тақырыбы тек ғылыми ғана емес, әлеуметтік маңызға да ие болып отыр. Ең өкініштісі, бұл тақырыпты талқылап жүргендер арасында «клондауды» тереңінен түсінбей жатып, сөз ететіндер баршылық.
Ең алдымен, клон дегеніміз не және
жануарды немесе адамды клондау деген
терминді қалай
Клондау дегеніміз – қандай да бір тірі нысанның дәл көшірмесінің белгілі мөлшердегі санын жасау. Осы көшірмелерде тұқым қуалау белгілері міндетті түрде бірдей болуы керек, яғни бірдей гендердің жиынтығы болу тиіс.
Сөз арасында айта кетейін, «табиғи» клондау деген де бар. Бұл жерде аналық жұмыртқадан пайда болған егіздерді айтып отырмын. Алайда бір жұмыртқадан шыққан егіздер бір-біріне ұқсас болғанымен, айна-қатесіз бірдей емес.
Дүние жүзіндегі БАҚ біткен сөз етіп жүргендей, дарынды адамды клондау оңай шаруа емес. Осыдан он шақты жыл бұрын Шотландиядағы профессор Ян Вильмут бастаған ғалымдар тобы жануарды клондау әдісін жасады және оның негізінде долли қойы дүниеге келді. 1999 жылы АҚШ ғалымдары тышқан мен сиырды клондады, ал 2000 жылдың наурызында клонданған торайларға жан бітті. Бірақ клонды алу – жануардың дәл көшірмесі деп ұғу қате. Шын мәнінде, жануардың немесе адамның абсолютті дәл көшірмесін алу мүмкін емес. Мәселе клондаудың техникалық әдістерінде емес. Мәселе жануар мен адамның дербес құрылымдық-функционалдық дамуындағы өзгерістер мәнінің тереңде жатқандығында. Кейбір гендер белсенді жұмыс істесе, кейбіреулері әлсіз болып келеді. Ұрық – қызметі әртүрлі гендердің мозаикасы іспетті.
Жақында, Америка ғалымдары клондау арқылы алынған жануарлар генінің 4-5 пайызының дұрыс жұмыс істемейтіндігін анықтады. Оған қоса, қабылдағыш ұрғашы жануардың жатырындағы өсіп-өну жағдайы да бір қалыпты емес. Даму кезінде бірдей гендер әрқалай белсенділік көрсетеді. Қандай жетістіктерге қол жеткізейік мейлі, бәрібір де адамды клондаудың шындыққа айналуы неғайбыл.
Сондықтан да долли қойын жасаушы Ян Вильмут жақында Американың белгілі “Science” журналында «АДАМДАРДЫ КЛОНДАМАҢДАР!» деген ескерту мақала жариялады. Мен оның осы үндеуіне қосыламын және онымен айналысудың қажеттігі жоқ деп есептеймін. Әрбір адам өзінше қайталанбас жан. Сондықтан мұндай моральға қайшы келетін зерттеулерге тыйым салатын заң қабылдаған жөн.
Сонымен қатар клон арқылы алынған жануарлардың өмір ұзақтығы қысқа болады. Мысалы, әртүрлі зертханаларда алынған тышқан клондарының тіршілік етуі қатты баяулап, үйретілуі қиынға соққан.
Жануарларды клондау қазір қарқынмен жүргізіліп жатыр. Оны қолдаймын. Өйткені ол ғылымды дамытуға қажет. Ағзаларын алу үшін жануарлардың клондарын өсіру туралы жоба құрылып, қазір сол бағытта ғылыми-зерттеулер жүргізіліп жатыр. Мұндай ағзаларды адамға алмастырып салу барысы да жан-жақты зерттелуде.
Қытай - адам органдарын клондау жөніндегі зерттеулер бойынша көшбасында келеді
АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат. Қытайдың Ухань қаласында өтіп жатқан клетка инженериясы мәселелері жөніндегі қытай-француз симпозиумына қатысушылар, Қытай қазіргі уақытта адам органдарын клондау саласындағы зерттеулер бойынша озық келеді, деп санайды. Клеткалық инженерия - соңғы жылдары қарқынды дамып келе жатқан жаңа ғылым, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап. Ухань университеті жанындағы медициналық институттың профессоры Оуян Цзинпин ханымның атап көрсетуінше, адамның жекелеген органдарын клондау амалының адамның өзін тұтастай клондау проблемасынан айырмашылығы, онда этикалық нормалар қойылмаған. Бұл ғылымның жетістіктері кейбір ағзалардың жазылмайтын ауру проблемаларын шешуге көмектеседі, дейді ғалым.
Клондау – алғашқы бір молекуладан, жасұшадан немесе дарақтан көп үлгілер алу үдірісі. Клондалған жануарларға бір дарақтан (немесе бір ұрықтан) шыққан генетикалық ұқсас ағзалардың тобын жатқызады.
Мал шаруашылық тәжірибеде «құрастырылған»
жануарларды алу
Клондалған жануарларды алу екі әдісін айырады:
Дисекция әдісі. Монозиготты жануарлар алу негізінде тотипотенттік (әр бір бластомераның ұрықтан бөлінгенде өмір сүре алатын тұқым беру қасиеті) жатыр, ал осындай әдіспен клондарды алу негізінде жануарлардың биологиялық ерекшеліктері жатыр – бір жұмыртқалы егіздерді табу.
Монозиготты жануарларды алу әдістемесі келесі процедуралардан тұрады.