Автор работы: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2013 в 05:15, доклад
Қоршаған ортаны-«Жер-ана»,«Табиғат-ана»деп атап жатамыз.Бұл бір кездейсоқтық емес,себебі табиғат компоненттері адам қажеттіліктерінің барлығына дерлігін өтейді.
Сол табиғаттың негізгі компоненті-өсімдіктер. Адам баласы ежелден–ақ өсімдіктердің қадір-қасиетін ажыратып,қажетіне жарата білді.
І.Кіріспе..........................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлімі
2.1. Адыраспанға биологиялық сипаттама................................7
2.2. Халық наным-сеніміндегі адыраспан.................................8
2.3.Адыраспанның емдік,химиялық және фармакологиялық
қасиеттері.................10
2.4.Зерттеу материалдары.
Адыраспанды жинау,тұнбасын дайындау және йдалану.............15
ІІІ. Қорытынды...............................................................................19
Пайдаланылған әдебиеттер...........................................................21
Адамзаттың тіршілік етуі барысында өсімдіктер әлемінің алатын орны ерекше зор. Қазіргі медицинада қолданыста жүрген дәрі-дәрмектердің 40 пайыздай бөлігі тап өсімдіктер дүниесінен жасалады екен. Қоршаған орта өскіндерінің адам ағзаларын жақсартуға осындай өлшеусіз көмегі барын біздің ата-бабаларымыз бағзы замандардан бері жақсы білген. Сонау алты ғасыр бұрын өмір сүрген халықтық емші Өтейбойдақ Тілеуқабылұлының (1388-1478 жж.) «Шипагерлік баяны» соның бергі кезеңдердегі өнегесі ғана. Тарбағатай өңірінде 1787 жылы өмірге келіп,1850 жылы қайтыс болған атақты Ырғызбай Досқанұлы емші дәрілік өсімдіктерді жақсы білгендіктен, онымен жанды да, малды да емдеп, жаза алатын дәрежеге жеткен. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбайды дәрілік шөптерімен ауыр дерттен жазып шығарған деген сөз бар. Емші шипалы өсімдіктердің гүлінен, жапырағы мен тамырынан дәрі-дәрмек жасағанда, олардың қандай науқастарға ем болатынын табиғи түйсігімен дөп біліп, білігін одан ары дамытқан. Сол емшінің көп ауруға қолданатын дәрілік шөптерінің қатарында біз сөз етіп отырған адыраспан да болған.
Жасыратыны жоқ, адыраспан – барынша улы өсімдік. Оның мұндай қасиеті барын аталмыш өскінді ыстау үшін отқа тигізген кезінде ұшатын ащы түтінінің өзі байқатады. Өсімдіктің химиялық құрамына көз жүгіртсек, бұл сөзіміздің дәлелді екенін анық аңғара түсер едік. Адыраспанның тұқымында 3,5-6 пайыз алкалойд, 60 пайыз гармалин, 30 гармин және шамалы ғана мөлшерде гармалол, пеганин (вазицин) мен дезоксивицинон шөбінің құрамында 1,5-3 пайыз алкалойд, 60 пайыз пеганин мен вазицинон бар. Бұдан басқа аздау көлемде пеганидин, пегамин, дезоксипеганидин, пеганол табылған. Тамырында -1,7-3,3 пайыз, сабағында -0,23-3,57 пайыз, жапырағында – 1,07-4,96 пайыз, гүлінде – 2,82 пайыз, жемісінде – 1,08 пайыз, тұқымында 2,38-4,59 пайыз алкалоидты заттар, хинализин мен индол бар. Ал жас өсімдіктің тамырындағы алкалоидты заттың мөлшері 2 есе көп келеді.
Адыраспанның құрамындағы
-
гармин (банистерин) - C13H12ON2
- гармалин (гармидин) - C13H15ON2
- гармалол - C12H10ON2
- гарман - C12H10N2
- пеганин (вазицин) - C11H15ON2
- вазицинон - C11H10O2N2
- дезоксивазицинон, дезоксипеганин, пеганидин,
пеганол, пегамин, дипегин, хинолин, хинальдин.
Жоғарыда көрсетілген заттардың ішіндегі негізгілері:
Гармалин (C13H15ON2) – өсімдік құрамындағы негізгі алкалоид. Ол жүректің ерекше бұлшықеті мен жүрек ритмін қалпына келтіреді.Бірақ гармалинді жүкті әйелдергетағайындауңа болмайды,ол жатыр бұлшықетінің жиырылуын күшейтуі мүмкін. Гармалинді мөлшерден тыс қабылдау ағзаны улауы мүмкін.
Гармин (C13H12ON2) –гармалинмен салыстарғанда ағзаның улану қаупі төмендеу,жүйке жүйесін тыныштандыратын қасиеті бар,ағзада серотонинннің жинақталуына әсер етеді. Қазіргі уақытта гармин дәрілік заттар номенклатурасынан алынып тасталған,алайда гармин гидрохлориді туберкулез қоздырғыштарына (Mycobacterium tuberculosis),эпидемиялық энцефалитке,сал және Паркинсон ауруына қарсы жақсы әсер етеді.Бұл алколоид ағзаның психикалық сезімталдығын жоғарылататындықтан «телепатин» деген атқа ие болған.Леонардо да Винчи мен Микеланджело өздерінің шығармашылық қабілетін дамыту үшін адыраспанның осы қасиеттерін қолданған деседі.
Гарман (C12H10N2) – бұл алколоид аз мөлшерде адам мен кей жануарлардың эпифиз үсті безінің құрамынан табылған. Кейбір көріпкелдер гарманның метаболизмі адамның маңдайында,эпифиз бен бір қабатта орналасқан «үшінші көздің» пайда болуына көмектеседі деген жорамалдар айтқан.
Пеганин немесе Вазицин (C11H15ON2) – астма ауруында бронходилятатор ретінде жақсы әсер етеді.Қазіргі медицинада дезоксипеганин гидрохлоридін шеткі жүйке жүйесінің неврит, миастения, миопатия сияқты аурулары мен тоқ ішек жұмысын емдеуде қолданады.
Пеганидин – микробтар мен стафиллакокқа қарсы белсенді қасиетімен сипатталады.
Осыдан екі мың жыл бұрын
атақты грек дәрігері
Шамамен мың жылдай бұрын өмір сүрген ұлы ғұлама ,дәрігер Әбу Әли Ибн Сина өз еңбегінде адыраспанды буын аурулары мен буын жүйкелерінің(ауырған жерді адыраспан майымен майлау) қабынуында,зәр айдайтын дәрі ретінде қолданғанын жазған.
Қазіргі күнде халық арасында тұмау эпидемиясы кезінде адыраспан түтінімен бөлмені аластап ,тіс парадонтозы кезінде тұнбасымен ауыз қуысын шайып, ішек құрттарды түсіреді деп тұқымын аз мөлшерде пайдаланып,адыраспанның емдік қасиеттеріне сенеді.
Фармакологияда адыраспанды 1928 жылдан бері дәрі – дәрмекке пайдаланып келеді.Адыраспан шөбінен жасалған дәрілер қабыну ауруын, бас, зәр айдауды жақсарту, тер шығару, ішек құрттарын өлтіру, орталық жүйке жүйесін қоздыру үшін қолданылады. Гармин мен пеганин қан қысымын көтереді, тыныс алуды жиілетеді, асқазан мен жүректің жұмысын баяулатады.
Халық емшілері адыраспанды
адамның құяңын, сегізкөздің жүйке
ауруын емдеуге пайдаланған. Х
Адыраспанды жануарлардың тері ауруларын қолданғанХалқымыз малдың қотыр,қышыма ауруларына жақсы көмек көрсететінін ежелден-ақ байқаған.
Адыраспанның емдік қасиеттері бұдан да көп. Адыраспан ерітіндісінің ауыл шаруашылығындағы зиянкестермен күресте де орны ерекше.
Ол сонымен қатар ертеден бояғыш зат ретінде кәдеге асады. Оның тұқымынан негізінен жүннен тоқылған бұйымдарды бояйтын бояу алынады. Мәселен, ши тоқымасында әлі күнге дейін адыраспаннан жасалған бояуды пайдаланады.
Көшпелілер кесіртке тәрізді жәндіктер жараланғанда адыраспанға аунап жазылатынын байқаған. Малдың қотырын адыраспанды қайнатып жуған. Жүн мен қолөнерде қолдананылатын түрлі жіптерді бояу үшін адыраспанды көп мәрте қайнатып, қызылкүрең түсті бояу алады.
Түркияда ерте кезеңдерден-ақ адыраспаннан қызыл бояу алып, онымен өздерінің ұлттық бас киімдері–фесканы бояған.
Зерттеу материалдары
2.4.Адыраспанды жинау
Адыраспанды емшілер дәрілік шикізат ретінде шілде айында гүлдеген кезінде жинап алады екен. Алғанда да, сол тұрған бойы бәрін ала бермейді, оның енді пісіп-жетілген бұтақшаларын, жапырағы мен гүлін бір қиқымын жерге түсірмей көлдей орамалға түйеді. Осыдан соң тамырдан жоғары жағынан ұқыпты кесіледі. Кептірер кезде темір шатыр астындағы көлеңкелі, ауа өтіп тұратын жерге қойылады. Осылайша ол екі ай сақталуы керек. Ал тұқымын өскіннің қауашағы ашыла бастаған кезде теріп алады. Оны да төбесі жабық болғанымен, ауа өтіп тұратын бастырма астында кептіреді. Астына мата төсеп, сосын тұқымын шөбі мен қауызынан ажыратады. Осындай жолмен дайындалған өнімдер жыл бойы емдік мақсатта қолданылады.
2.4. Адыраспан тұнбасын дайындау және пайдалану
1.Тұндырма
жасау.
1 ас қасық үгітілген құрғақ шөпті 1 стакан
ыстық қайнап тұрған суға 1-5 минут салып
жабық ыдыста тұндырады. Оны 45 минут суытып
сүзіп алған соң пайдаланады. 1 ас қасықты
3-4 рет тамақ алдында ішеді. Ал, халық ішінде
дәріні таң атарда ішеді. Бұл дайындалған
тұнбаны күніне 2 – 3 рет суық тигенде
және малярия ауруына қолданылады.
2. Қайнатпа жасау.
1 ас қасық үгітілген құрғақ шөпті 1 стакан
салқын суға 1-3 сағат ұстап сонан – соң
шамалы отқа 30 минут жабық сырлы ыдыста
бұқтырып қайнатады. 10 минут суығаннан
кейін дәке арқылы сүзеді де 1 ас қасықпен
күніне 3-4 рет тамақ алдында ішеді.
3.Адыраспан майын алу
Адыраспанды ерте көктемде ескі тесік,жарылған қазанмен жауып қойған,бір ай шамасында оны ашып,қазан қабырғасындағы майлы қабатты қырнап,жинап алған. Бұл майлы зат буын ауруларында қолданғанда жақсы әсер берген.
4.Бұлау ванналары
Адыраспанның сулы ваннасын дайындау үшін 100 грамм кептірілген,майдаланған адыраспан шөбін алып,оның үстіне шамамен 15-20 литрдей қайнаған ыстық су құямыз.10-15 минуттан қайнатып, сүзгішпен сүзіп,тазалап,су температурасын реттеп осы ваннада 10 минуттай отыруға болады.Бұлау ванналары бел құяңын,сегізкөз,омыртқа ауруларына,денені суық қысып ауырғанда,ревматизмде жақсы көмектеседі.
Басты ем болатын түрі және әзірлеу тәсілі.
1. Сабағы
мен жапырағын қайнатып өлшем
бойынша ішсе талма, сал ауруы,
2. Құстыруға, сабағымен жапырағынан 30
грамм шаншып, 120 мг суға қайнатып шырынын
сүзіп алып 90 грамм бал, 60 грамм күнжіт
майымен
араластырып ішкізсе дереу құстырады.
3. Бастың созылмалы ауруына талмаға, 50
грамм шөбін 05 литр қызыл араққа қайнатып
күніне 30 грамм нан бір ай ішсе жақсы нәтиже
береді.
4. Ревматизм ауруларына, күніне 4-6 грамм
15 күн ішсе ауруды басады. Оған зығыр тұқымын
қосып жалғастырып ішсе демікпені басады.
5. Тіс ауруына, адыраспанның шөбімен ыстаса,
тістің қақсап ауырғаны басылады.
6. Буынның қабынуына жас сабағын жапырағымен
лайықты мөлшерде
жаншып,буынға тартады.
Дайындау мөлшері. Сабағы жапырағынан
қажетіне қарай 4-8 грамм тұқымынан 01-03
грамм дайындалады.
7. Адыраспан тұнбасымен ауыз қуысын күніне
2 рет шайса тіс пародонтозында жақсы
көмектеседі.
Осы ғылыми жұмыспен айналысу барысында адыраспанның тұнбасын,бұлау ванналарын,адыраспанның майын,қайнатпасын әзірлеудің әдістерін үйрене отырып,оны тәжірибе жүзінде тексердім
1.Адыраспан тұнбасы
а)Қолданылуы-өте аз мөлшерде қабылдағанда(күніне 3-рет 1-шәй қасық) суық тию симптомдарын жазады.Тұмаумен ауырғанда да осындай мөлшерде қолдануға болады.
б)Қолданылуы- сиыр терісіндегі жараны осы қайнатпамен күніне 3 рет жуу арқылы мен оның тез қайта бастағанын байқадым(5 күн)
2.Адыраспан қайнатпасы
Қолданылуы-аз мөлшерде қабылдаса ұмытшақтық,сіңір созылуына ем.Жылы қайнатпаға дәкені малып,тамақ ауруларына компресс жасауға да болады.
3.Адыраспанның бұлау ванналары
Қолданылуы-осы процедураны қолданған жақын туыстарым бел ауруының жеңілдеп қалғанын айтып отыр.
4.Адыраспанның майы
Қолданылуы-таптырмайтын шипалы дәрі,оны буын ауруларына қолданған,-ата-әжелеріміз осы күнге дейін айтып отырады.
5.Адыраспан түтінімен аластау
Қолданылуы- үйді бәле-жаладан,аурудан тазалайды.Мысалы тұмаумен ауырып жатқан адамды адыраспанмен аластаса,ауруы жеңілдейді,себебі адыраспанның ащы түтіні бөлмедегі микробтарды азайтады.
Қорыта айтқанда,ғылыми жұмыстағы келтірілген мәліметтердің бір бөлігі дәлелденген материалдар болса,келесі бірін мен тәжірибе жүзінде дәлелдеп,зерттеулер жүргіздім.Соның нәтижесінде адыраспанның кейбір беймәлім қырларын көрсете алдым,-деп сенемін.
6.Адыраспанның ыстық қайнатпасы
Қолданылуы-осы қайнатпамен тамақты күніне үш рет булау арқылы тамақтың созылмалы ауруларын емдейді.
7.Адыраспан майдаланған тұқымының зәйтүн майымен араластырылған шипалы қоспасы қоспасы
Осы қоспамен терідегі жараларды емдеуге болады.
Осы
жұмыста жоғарыда көрсетілген
адыраспанды жинап,кептіру,
Қорытынды
Ертедегі рецептер мен емдеу тәсілдері біздің заманымыздың ғалымдары мен дәрігерлерін таңдандырады, өйткені олар өзінің тиімділігі жағынан заманауи фармакологиялық препараттар мен емдеу процедураларынан еш қалыспайды.
Әбу Әли Ибн Сина-бұл аса дарынды емші, өз тәжірибесінде мыңдаған емдік шөптерді қолданған, бірақ өкінішке орай, уақыт өте келе ұрпақтар арасында ұмытылып бара жатыр.
Емдік қасиеті бар өсімдіктер ауруды емдеу мен оның алдын алуда қолданылады. Сондықтан да олар ағзаны қолдау және денсаулықты жақсарту мақсатында қолданылады. Дәрілік өсімдіктерді қолдану шаң-тозаң, темекі, ауаның ластануы сияқты зиянды факторларды азайтып, жүйке жүйесінің, күш түсуден болған бұлшық еттің шаршауын басады, табиғаттың әсерлерін нейтралдайды.
Атап айту керек, әрбір жеке жағдайда фитотерапияны қолдануда маманмен кеңесу қажет. Қазақстан медициналық тәжірибесінде дәрілік өсімдіктердің алуан түрлері қолданылады. Дәріханаларда түрлі ауруларды емдеуде мүмкіндігінше қолданылатын дайын жиынтықтар сатылады. Соңғы жылдарда дәрілік өсімдіктерден жаңадан препараттар алу бойынша ғылыми жұмыстар жасалынуын атап кеткен жөн.
Адамзат ұшырайтын аурудың түрі де көп, олардың шығу табиғаты да, емдеу тәсілі де әртүрлі, бірақ жазылу үшін ең бастысы – аурудан айығудағы науқастың өзінің ішкі сенімін күшейту. Бұл үшін фитотерапия таптырмас серік бола алады.
Заманауи фитотерапияның ерекшелігіне тоқталсақ, ол ғасырлар бойы жинақталынып, екшеленіп, нәтижесінде дәрілік өсімдіктермен емдеудің түрлі әдістерінің қалыптасуы болып табылады. Науқастың ішкі сезімі мен фитотерапияны бірге қолдана отырып, ауруды емдеуде үлкен нәтижеге қол жеткізуге болады.