Азаматтық қорғаныс

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2013 в 17:02, доклад

Краткое описание

Азаматтық қорғаныс - басқару органдарының мемлекеттiк жүйесi мен бейбiт уақытта және соғыс уақытында халықты, шаруашылық жүргiзу объектiлерi мен ел аумағын осы заманғы зақымдау құралдарының зақымдау (қирату) факторларының әсерiнен, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау мақсатында жүргiзiлетiн жалпы мемлекеттiк шаралардың жиынтығы;

Вложенные файлы: 1 файл

Азаматтық қорғаныс.doc

— 98.50 Кб (Скачать файл)

4. Жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын  жою мақсатында:  
1) уәкiлеттi органның басшысы:  
құтқару жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастыруға;  
жер сiлкiнiсiнiң күшi, қираған жерлер, шығындар мен оның зардаптарын жою жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат жинауды және оны жоғары тұрған органдар мен халыққа берудi жүзеге асыруға;  
2) орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың басшылары:  
жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жоюды, құтқару және шұғыл жұмыстар жүргiзудi, зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетудi және халықтың тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi басқа да iс-шараларды ұйымдастыруға;  
қираған жерлер, шығындар мен жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жою жөнiнде қолданылып жатқан шаралар туралы ақпарат жинауды және оны уәкiлеттi органға берудi жүзеге асыруға;  
3) ұйымдардың басшылары:  
жер сiлкiнiсiнiң зардаптарын жоюды, құтқару және шұғыл жұмыстар жүргiзудi, зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсетудi және қызметкерлердiң тыныс-тiршiлiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi басқа да iс-шараларды ұйымдастыруға мiндеттi.

7-бап. Теңiздер мен  iрi су айдындары деңгейлерiөзгеруiнiң  зардаптарынан қорғау жөнiндегiАзаматтық  қорғаныс шаралары

1. Теңiздер мен iрi су айдындарының  тасқындарынан, су деңгейлерiнiң  көтерiлуiнен және таяздауынан  қорғау жөнiндегi шаралар халықтың, шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң, инфрақұрылымның қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған және оларға:

теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң  өзгеруiнен болуы ықтимал зардаптарды  ғылыми зерттеу және болжау;

гидротехникалық және өзге де тосқауыл құрылыстарын жобалау, салу және пайдалануға беру;

аумақтарда құрылыс салуды теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң  өзгеруiн ғылыми зерттеулердiң нәтижелерiн  ескере отырып жоспарлау;

теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерi өзгеруiнiң, қоршаған орта жай-күйiнiң мониторингi жүйелерiн, жағалау аймағындағы су жайылу құбылыстары жайында халықты және шаруашылық жүргiзушi субъектiлердi құлақтандыруды ұйымдастыру кiредi.

2. Орталық, жергiлiктi өкiлдi және  атқарушы органдар, ұйымдар өз  құзыретi шегiнде теңiздер мен iрi су айдындары деңгейлерiнiң өзгеруiнен халықты, аумақтарды қорғау, мұның экономикалық залалын азайту мақсатында:

теңiздер мен iрi су айдындары беткi деңгейiнiң құбылуына болжам жасаудың ғылыми негiздерi мен әдiстерiн дамытуды қамтамасыз етуге;

су тасқындары болуы мүмкiн аудандарда гидротехникалық және өзге де тосқауыл құрылыстар салуды ұйымдастыру мен  олардың сапасын бақылауға;

су тасқындары болуы, су басып қалуы  және су астында қалып қоюы мүмкiн  аймақтарда жер учаскелерiнiң тиiстi нормативтiк актiлер ескерiлместен шаруашылық қажеттерiне арналған объектiлер салу үшiн бөлiнуiне жол бермеуге;

жер қойнауын пайдаланудың барлық сатыларында  Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген экологиялық талаптардың  басымдық берiлетiн тәртiппен сақталуын қамтамасыз етуге;

теңiздер мен iрi су айдындарының жағалау  аймақтарында жердiң, топырақ пен  өсiмдiк қабатының және жерасты  суларының тұрақты мониторингiн  қамтамасыз етуге мiндеттi.

8-бап. Пайдалы қазбалар  кен орындарын игеругебайланысты  төтенше жағдайлардан қорғау жөнiндегiАзаматтық қорғаныс шаралары

Қатты, сұйық және газ тектес пайдалы  қазбалардың кен орындарын игеруге  байланысты төтенше жағдайлардан аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiнiң  қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiнде  орталық, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар өздерiнiң құзыретi шегiнде iске асыратын шараларға:

пайдалы қазбалар өндiрудiң халыққа  және қоршаған ортаға жасауы ықтимал  зардаптарының қаупiн ғылыми зерттеу, болжау және бағалау;

пайдалы қазбалар өндiрудi дамыту болашағын  және оның геологиялық құрылымдардың орнықтылығына жасайтын әсерiн ескере отырып, аумақтарға құрылыс салуды жоспарлау, үйлер мен ғимараттар салу және пайдалану;

игерiлiп жатқан кен орындары аудандарындағы бұрыннан бар үйлер мен ғимараттардың  сенiмдiлiгi мен орнықтылығын арттыру;

қоршаған ортаның жай-күйi мен  игерiлiп жатқан кен орындарының  технологиялық жағдайлары мониторингiнiң  жүйелерiн ұйымдастыру және халық  пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлерге  болуы ықтимал төтенше жағдайларды  хабарлау;

кенiштердi игеруге байланысты төтенше жағдайлардан болуы ықтимал залалды азайту жөнiндегi алдын алу шараларын ұйымдастыру және жүргiзу, ал оларды жүргiзу мүмкiн болмаған жағдайда кен өндiрудi тоқтату және қорғаныш шараларының қажеттi кешенiн орындап, кенiштердi консервациялау кiредi.

9-бап. Халықты, аумақтар  мен шаруашылық жүргiзуобъектiлерiн  осы заманғы зақымдау құралдарынанқорғау  жөнiндегi Азаматтық қорғаныс шаралары

Халықты, аумақтар мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн осы заманғы  зақымдау құралдарын қолдану қатерi төнген және қолданылған жағдайда қорғау, одан болатын залал мен шығынды азайту мақсатында:

1) алдын ала:

бейбiт және соғыс уақытына арналған азаматтық қорғаныс жоспарларын  жасау;

азаматтық қорғаныстың басқару, құлақтандыру және байланыс жүйелерiн құру мен  дамыту және оларды пайдалануға әзiрлiкте ұстау;

Азаматтық қорғаныс күштерiн құру, жасақтау, жарақтандыру және әзiрлiкте  ұстау;

зақымдау құралдары қолданылған  жағдайда қорғану әдiстерi мен iс-қимыл  жасауға басқару органдарын дайындау және оған халықты жаппай оқыту;

Азаматтық қорғаныстың қорғану  құрылыстарын салу мен олардың қорын  жинақтау және оларды жұмыс iстеуге әзiрлiкте  ұстау;

Азаматтық қорғаныс шараларын орындауға  және халықтың тiршiлiгiне арналған жеке қорғаныс құралдарының, материалдық-техникалық құралдардың қорларын, резервтерiн жасау, жинақтау және дер кезiнде жаңартып отыру; 

эвакуациялық шараларды жоспарлау  мен жүргiзу;

шаруашылық жүргiзу салалары мен  объектiлерiнiң тұрақты жұмыс iстеуi жөнiндегi шараларды жоспарлау және орындау;

Азаматтық қорғаныстың әскери құрамаларының жұмылдырылу дайындығын қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды өткiзу;

2) зақымдау құралдарын қолданған  кезде:

зақымдау құралдарының қолданылу  қатерi мен қолданылуы жайында құлақтандыру, халықты iс-қимыл тәртiбi мен ережелерi жөнiнде хабардар ету;

халықты қорғану құрылыстарына  паналату, қажет болған жағдайда жеке қорғану құралдарын пайдалану;

жараланғандар мен жарақат алғандарға медициналық көмек көрсету;

iздеу-құтқару жұмыстары мен  басқа да шұғыл жұмыстарды  жүргiзу;

басқарудың, құлақтандыру мен байланыстың бұзылған жүйелерiн қалпына келтiру;

халықтың тiршiлiгiн қамтамасыз ету  объектiлерi мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiнде шұғыл авариялық-қалпына  келтiру жұмыстарын жүргiзу;

Азаматтық қорғаныс құрамаларының  әзiрлiгiн қалпына келтiру;

эвакуациялық шаралар жүргiзу жүзеге асырылады.

10-бап. Азаматтық қорғаныстың  инженерлiк-техникалықшаралары

Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары алдын ала әзiрленiп жасалады, өткiзiледi.

Азаматтық қорғаныстың инженерлiк-техникалық шаралары аумақтарды, елдi мекендердi, өнеркәсiп аймақтарын аудандық жоспарлау және оларда құрылыс салу схемалары мен жобаларын жасау кезiнде, ұйымдардың құрылысын салу, кеңейту, қайта құру және техникамен қайта жарақтандыру жобаларында көзделуге тиiс.

Аймақтарды  дамытуға, аумақтарда құрылыс салуға, елдi мекендер мен шаруашылық жүргiзу объектiлерiн салуға және қайта құруға арналған жобалау-смета құжаттамасы төтенше жағдайлар жөнiндегi аумақтық органдармен келiсiледi.

11-бап. Азаматтық қорғаныс бойынша  мамандар мен халықтыдаярлау

1. Азаматтық қорғаныс мәселелерi  бойынша даярлық Қазақстан Республикасының  барлық азаматтары үшiн мiндеттi  болып табылады және тиiстi оқу  бағдарламалары бойынша жүргiзiледi. Даярлау үшiн бұқаралық ақпарат  құралдары да пайдаланылады.

2. Орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың, ұйымдардың басшыларын даярлау және қайта даярлау әзiрлiк орталықтарында жүзеге асырылады.

3. Азаматтық қорғаныс үшiн мамандар  даярлау Қазақстан Республикасының  әскери, азаматтық оқу орындарында,  сондай-ақ шет мемлекеттерде және халықаралық орталықтарда жүзеге асырылады.

4. Ел халқын Азаматтық қорғаныс  бойынша даярлау мектепке дейiнгi мекемелерден бастап, жұмыс орыны,  тұрғылықты және оқитын жерi  бойынша жүргiзiледi.


Информация о работе Азаматтық қорғаныс