Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Сентября 2015 в 19:34, реферат
Қазақстан Республикасының «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» заңы дамуында кемістігі бар балаларға көмек көрсетудің тиімді жүйесін жасауға, оларды тәрбиелеу, оқыту, еңбекке және кәсіби даярлау ісімен байланысты проблемаларды шешуге, балалар мүгедегінің алдын алуға бағытталған.
Аномальды балалар – белгіленген тәртіппен расталған, туа біткен, тұқым қуаланған, жүре пайда болған ауруларды немесе жарақаттардың салдарынан тіршілік етуі шектелген, дене немесе психикалық кемістігі бар балалар.
Кіріспе.................................................................................................................3
І тарау Аномальды балалардың педагогикалық - психологиялық
ерекшеліктері.
Аномальды балалардың даму тарихы.................................................. 7
Аномальды балалардың негізгі категориялары және оның
Ерекшеліктері........................................................................................17
ІІ тарау Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларға арналған мекемелер
Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша аномальды балаларды
оқыту және тәрбиелеу мәселелері........................................................39
Аномальды балаларға көрсетілетін психологиялық-
медициналық-педагогикалық консультация қызметі.........................42
Қорытынды.......................................................................................................48
Пайдаланған әдебиеттер..................................................................................50
12-сыныптың түлектері емтихан тапсырады, оларға «8жылдық» білім алды деген куәлік беріледі. Мұнда балалардың сөйлеу және сөздік-логикалық ойлауының қалыптасып, дамуына ерекше назар аударылды. 1 сыныптан 7 сыныпқа дейін балалар арнайы оқу бағдарламасымен және арнайы оқулықтармен оқытылады. Ал, 8-12 сыныпқа дейін жалпы оқу бағдарламасы бойынша оқытылып отырады. Сыныптың құрамы 12 адамнан тұрған. 12 жастан бастап жұмысқа дайындық топтарында 5-7 адамнан оқытылды. Мектеп-интернаттағы алдын алу және қалпына келтіру, гигиеналық және консультациялық жұмыстарды маман-дәрігерлер (оториноларинголог, психоневролог, педиатр) жүргізді.
1) он жылдық; 2) он екі жылдық.
Сынып құрамы 12 адамнан тұрады. Зағиптарға
арналған мектептерде политехни
Аномальды балаларды
Организмнің аномальды тұрғыдан бұзылу механизмі қандай деген мәселеге өте ерте кезден көңіл бөлінді. Бір немесе екі орган жұмыс істемей қалғанда, басқалалары өзара қандай қарым-қатынаста болады? Бала естімегенде оның көзі қандай күйде болады? Көрмеген кезде құлақ қандай қалыпта болады? Баланың орталық жүйке жүйесі бұзылғанда, сезім органдары қандай күйде болады? Атап айтқанда, мұндай мәселелермен Дарвин және жаратылыс ғылымының басқа да өкілдері айнлысты. Қазіргі уақытта дамуында ауытқуы бар балалардың ішкі процестері мен механизмдерін танып білуге үлкен көңіл бөлінуде.
Аномальды балаларды зерттеу
жүйесінде ғылымның жаңа
Психологтарға келетін болсақ, олардың назары қашан да аномальды балаларға аударылып келгені мәлім. Ал педагогтарға келсек, олар керең баланы оқытуға бола ма, көзі көрмейтін балаға жазуды үйретуге бола ма деген мәселемен айналысты. Осыған байланысты бұлардың арасында прогрессивті және реакцияшыл көзқарастары бар көптеген теориялар да орын алды.
Педагогтар аномальды
Арнаулы мекемелердің құрылуымен бірге кеңес дефектологиясы дами берді. Кеңес дефектологтары алдында аномальды балаларға кімдерді жатқызуға болады? – деген басты проблема тұрды. Мұндай балалардың даму ерекшеліктері қандай? Олардың типологиясы қандай болуы тиіс?
Шет елдердің өкілдері аномальды балаларға кімдерді жатқызуға болады деген мәселе төңірегінде әлденеше идеалистік теориялар ұсынды. Шет елдік дефектология ғылыми өкілдеріне біріншіден мынадай пайымдаулар тән болатын: қайсыбір органның бұзылуы (кемістігі) қызметі бұзылған соның өзін ғана қамтиды деп есептеді. Мысалы, дұрыс есітпеу тек кереңдікке ғана байланысты, соқырлық тек көздің зақымдануына ғана байланысты деді. Қайсыбір органның немесе жүйенің бұзылуы бала дамуының осы жағына ғана қатысы болады деп жорамалдады. Шын мәнісінде мұның бәрі де әлдеқайда қиындығы мол мәселе болып шықты. Сондықтан кеңес дефектологтары алдында аномальды балалардың даму ерекшеліктерін ашу міндеті тұрды.
Шет ел дефектологиясы өкілдеріне тән екінші бір ерекшелік болды. Олар мынадай, ақау-кемістіктің өзі (дефект) аномальды баланы оқытуды ұйымдастырудың бастамасы деп санады. Ақауды жойып, оған барлық іс-әрекетті бағындырып, соның өзімен байланыстыру керек деп қарайды. Мұның мәнісі, егер бала көрмейтін болса, онда көздің көруі арқылы қабылданатын түйсіктерді, білімді оқытудан шығарып тастау негізінде құрылуы керек. Кемістікті жалпы дамудан тыс оқшау қарап түсіну және ақауға барлығын да бағындыру – буржуазиялық теорияның басты бағыты болды.
Соңғы он жыл ішінде аномальды балалардың ақыл-ойы дамуын педагогикалық тұрғыдан анықтау өте қиын. Ақыл-ойы кем бала белгілі бір дәрежеге дейін ғана көтеріле алады, сондай-ақ мылқау-керең балалар да дамудың жоғарғы сатысына көтеріле алмайды, өйткені олардың сөйлеуге тілі болмайды дегенді жақтайтын неше түрлі жорамалдар пайда болды.
Шет ел ғалымдары қалыпты балалық шақты бірнеше кезеңге бөледі:
0-3 жасқа дейін – биологиялық
кезең, 3-7 жасқа дейін – алғашқы
дағдылар кезеңі, 7-12 жасқа дейін
– нақтылы көріп-білгенін
Кеңес дефектологтары аномальды балалар жөніндегі мұндай көзқарастарға үзілді-кесілді соққы берді. Бұл проблеманы шешуде белгілі психолог Л.С.Выготский үлкен үлес қосты. Аномальды балалардың дамуындағы кемістікті ол бірініші сатылы және екінші сатылы деп бөлді. Егер баланың естуі бұзылып, көзі көрмей қалса, биологиялық бірінші кемістік. Кеңес мамандары, бірінші кемістіктен кейін табиғи сипаты мүлдем өзгеше, екінші кемістік пайда болады, деп көрсетті. Керең баланың құлағы зақымданғаннан кейін екінші кемістік пайда болып, ол бүкіл сөйлеу органдары дұрыс болғанына қарамастан, сөйлемей қалады. Баланың тілі болмағанына байланысты, оның ұғымы мен түсінігі де әлдеқайда төменгі дәрежеде дамиды. Егер адамның көзі көрмесе, ол өзін қоршаған тіршілікке, айналасына көз жібере алмайды. Сөйтіп онда дәл осы кеңістіктегі тіршілік жөніндегі ұғымның дамуы жеткіліксіз болады.
Бірінші кемістіктің табиғаты қандай? Бұл – организмнің белгілі бір қолайсыз жағдайлармен ұштасуы. Ол жағдайлар іштен туа немесе тұқым қуа және туғаннан кейін пайда болуы мүмкін.
Өмірде нағыз тұқым қуатын кемістіктер соншама көп те емес, демек, біз көбінесе туғаннан кейінгі кемістіктің дамуымен жұмыс істей аламыз. Ал туғаннан кейінгі кемістіктер көптеген жағдайда бала өмірінің алғашқы жылында пайда болады. Энцефалит, менингит т.с.с. көп жағдайда есту, интеллектуалдық ерекшеліктер және т.б. бұзады.
Ауруларды болдырмау жолында ұшаң-теңіз жұмыстар істелді. Көп жағдайда адамның қорасаннан (оспадан) соқыр болып қалатыны да мәлім. Қорасанға қарсы алдын-ала егу адам баласын ондай қасіретті аурудан және оның зардабынан құтқарды.
Екінші кемістіктің табиғаты қандай? Бұл – бірінші кемістіктен қалған организм ақауларының нәтижесі. Бала оларды өз өмірі ішінде, бірінші кемістік қалыптасқаннан кейін алады.
Бірінші кемістік пен екінші кемістіктің алдын алуға бола ма?
Қазіргі кезде біз кереңдік пен соқырлықтың азайғанын білеміз. Бұл кеңінен жүргізілген профилактикалық жұмыстың нәтижесі. Алайда кейбір жағдайда бірінші кемістікпен күресуге осы заманғы құрал әлі де дәрменсіздік көрсеткенімен, екінші кемістікпен күресте жағдай мүлдем басқаша. Мұнда аномальды баланы арнайы оқыту шарттары және тәрбиелеу арқылы екінші кемістіктің пайда болуына жол бермей, алдын алуға болады.
Егер дер кезінде оқытып, үйретсе керең бала ешнәрсе есітпегенімен оның сөйлеу тілі дамитын болады. Шынында мектеп жасына дейінгі керең баланың сөйлеу тілі қалыптасып, кәдімгі дені сау бала тәрізді өсіп-дамиды. Мұндай құрал педагогтың қолында. Біз, міне осы құрал арқылы баланың дамуындағы кенжеліктің, кеш қалушылықтың алдын аламыз.
Бірінші кемістік – аса күрделі де ауыр кемістік, денедегі бір мүшенің бұзылуы. Бірақ жеке адамның дамуындағы одан да ауыры – екінші кемістік. Екінші кемістік баланың сан қырлы болып өсуіне әсер етеді, оның жалпы өсуіне, ой-өрісінің дамуына кедергі болады.
Аномальды баланы оқытып, тәрбиелеу үшін, оның даму заңдарын білу керек. Сондықтан оны оқытып, үйрету процесі бізде өзара байланысты екі жүйеден – ғылым негіздері ілімімен қаруландырудан, баланың өсіп-дамуын толықтырудан тұрады. Сондықтан да дефектологтар жасап, қарастырып жатқан екінші мәселе – «компенсация» (толықтыру) теориясы деп аталады.
1.2. Аномальды балалардың
негізгі категориялары және
Балалар дамуындағы аномальды балаларды арнаулы мектептерге жібереді. Аномальды балалар – физикалық немесе психикалық дамуы ауытқыған балалар. Кемістік немесе дефект балаларда іштен туа және жүре пайда болуы мүмкін. Іштен туа пайда болған кемістіктің болуы әр түрлі себептерге байланысты:
Жүре пайда болған кемістік – бұл баланың нәресте кезінде жұқпалы аурулармен науқастануы. Мысалы: эпидемиялық менингит, полиомелит, қызылша, скарлатина, т.б. аурулар.
«Аномальды балалар» - термині
бұл арнаулы мектептерде
Аномальды балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың физикалық дамуына және ақыл-ой дамуына қарай ұйымдастырылады. Кейбір балалардың кемістіктерін түзегеннен кейін, оларды кәдімгі мектептерде оқытуға болады. Ал кейбіреулері арнаулы мектептерде оқытылады және сонда тәрбиеленеді. Аномальды балалардың білім алу қабілеті әр түрлі болады. Кейбір балалардың білімді меңгеру дәрежесі кәдімгі жалпы білім беретін мектептердің жай ғана оқу бағдарламасын игерумен шектеледі. Ал кейбіреулердің мүмкіндіктері шексіз болады. Әрбір категориядағы балаларға біздің елімізде белгілі оқу орындары белгіленген:
Аномальды балаларды тәрбиелеу және оқыту бұл күрделі педагогикалық жұмыс болып есептелінеді.
Ақыл-ойы кем балалардың ерекшелігі
Ақыл-ой кемістігін
Олигофрения негізінен баланың орталық жүйке жүйесінің, әсіресе бас миының зақымдалуынан болатын кемістік. Бас миының зақымдалуына әр түрлі сыртқы және ішкі жағдайлар себеп болады. Сыртқы факторларға - ананың жүкті кезіндегі гриппке, сүзекке, қызылшаға, сары ауруға және басқа да әр түрлі жұқпалы дерттерге шалдығыуы, ананың организміне жайылған уытты заттардан құрсақтағы нәрестенің улануы және босану кезіндегі болатын әр түрлі зақымдар жатады.
Информация о работе Оңтүстік Қазақстанда аномальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелері