Шпаргалкалар ша "Биологияға"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Июня 2013 в 21:13, шпаргалка

Краткое описание

1.Тіршіліктің жаратылу деңгейі
Тірі табиғат құрылымының жаратылу деңгейі біркелкі қалыппен баспалдақты бейімделу арқылы құрылатын қатармен сипатталады.Жоғарыда аталған деңгейлердің әрқайсысы түрлі құбылыстар ауқымында, жоғарыда және төменде орналасқан деңгейлердің өзара қатынас ерекшеліктеріне, түзіліс және жаратылыс ұстанымдарына байланысты өзіне тән айрықша заңдылықтармен ерекшеленеді.Тірі ағзалар жасушалардан құралады.

Вложенные файлы: 1 файл

БИЛЕТ 1.docx

— 129.47 Кб (Скачать файл)

БИЛЕТ 1

 

1.Тіршіліктің жаратылу  деңгейі 

Тірі табиғат құрылымының  жаратылу деңгейі біркелкі қалыппен баспалдақты бейімделу арқылы құрылатын  қатармен сипатталады.Жоғарыда аталған деңгейлердің әрқайсысы түрлі құбылыстар ауқымында, жоғарыда және төменде орналасқан деңгейлердің өзара қатынас ерекшеліктеріне, түзіліс және жаратылыс ұстанымдарына байланысты өзіне тән айрықша заңдылықтармен ерекшеленеді.Тірі ағзалар жасушалардан құралады. Жасушаның бактерия, біржасушалы балдыр, кірпікшелілер тәрізді дербес ағзалар болуы мүмкін. Бактерия жасушасы өте қарапайым, ал біржасушалы қарапайым жәндіктің құрылысы күрделі. Жасуша құрылысының қандай болғанына қарамастан тіршілік иесінің барлық қасиеттерін (тынысалу, қозғалу, қоректену, есу, даму және т. б.) көрсетеді.Көпжасушалы ағза құрамындағы жасушалар, ұлпалар немесе мүшелердің алғашқы заттары болғандықтан, арнаулы бағытқа катаң бағытталады. Олардың ерекшелігі — белгілі қызмет атқарады және ағзадан тыс өмір сүре алмайды (мысалы, жүйке ұлпасының, бұлшықеттердің және т. б. жасушалары).Тірі табиғат - көптеген алғашқы заттардан тұратын күрделі жаралымды өкімбилікті (иерархия) жүйе. Тірі табиғат әр алуандылығына қарамастан, бірнеше тірілік құрылым деңгейлеріне бөлінеді. Олар: молекулалық, жасушалық, мүшелік-ұлпалық, ағзалық, популяциялық-түрлік, биогеноздық, биосфералық деңгейлер. Бұл жүйелерде барлық негізгі тірілік қасиеттері бола тұра өздеріне ғана тән маңызды өзгешеліктері де болады. Тіршіліктің жаратылу деңгейлері

Деңгейлер

Дене Құрылымы

Қай ғылым зерттейді

Молекулалық, жасушалық, жасушаішілік

ағза жасушалары,сондай-ақ біржасушалардың жасушаішілік құрылымдары молекулалардан құралады

генетика, химия, физика

Мүшелік-ұлпалық

көпжасушалы ағзалар мүшелер мен ұлпалардан құрылады

цитология гистология

Ағзалық

жеке дарақтардан құралады

өлкетану, жануартану, вирусология, анатомия, физиология, морфология, гигиена

Популяциялық-түрлік

белгілі бір дарақтары өзара еркін шағылысады

экология, эволюциялық ілім, математика, генетика

Биогеоценоздық (шет елдерде  мұны экологиялық жүйе деп те атайды)

зат алмасу және қуат алмасу негізінде тірі ағзалар мен өлі құрамдас бөліктерді мекен ету жағдайларын біріктіре зерттейтін табиғи күрделі,жүйе

экология және жалпы биологиялық  ғылымдар

Биосфералық

Барлық биогеоценоздардың  жиынтығы.Жердегі барлық құбылыстыр кіреді

экология, физика, химия, геология, география


 

2.Түр тірі ағзалар жүйесіндегі негізгі құрылымдық өлшем бірлігі болып табылады. Кезінде К. Линней (1735) негізін қалайтын еңбек жасағанымен күні бүгінге дейін бұл ұғымға жалпы мақұлданған ғылымда анықтама жоқ. Қазіргі замандағы көбірек қолданылатын түсінік мынау: түр- бұл сыртқы белгілері және тіршілік әрекеттерінің үдерістері бойынша ұқсас, біркелкі жағдайларға мұқтаж, белгілі аумақта топтасып - популяция түрінде мекендейтін және өзге түрлермен бұдан түзбейтін дарақтардың тобы. Былай да анықтама беруге болады:түр бұл төрт өлшем бойынша ұқсас дарақтар тобы. Сол өлшем бойынша тірі ағзалардың бір түрі екіншісінен, тіпті жақын туыстастарынан ерекшелендіріледі. Анатомиялық - морфологиялық немесе жай ғана морфологиялық өлшемБұл көпке дейін негізгі ғана емес, жалғыз ғана болып келген ең ежелгі өлшем. Атап айтқанда Карл Линней, оған дейінгі барлық ғалымдар және одан кейінгі бірнеше ұрпақтар сол өлшемді қолданып келді. Морфологиялық өлшем дегеніміз бұл сыртқы және ішкі құрылыстың ұқсастығы. Бір түрге жататын өсімдіктердің гүлі және өзге мүшелерінің құрылысы бірдей болады. Бір түр жануарлары сырттай ғана емес, іштей де ұқсас болып келеді. Олардың жүрегі, өкпесі,миы және өзге мүшелерінің құрылысы бірдей.Бірақ, морфологиялық нышан түрді анықтауға жеткілікті болмай шықты. Тіпті XX ғасырдың өзінде-ақ егіз-түрлер деген табылды. Бұл сыртқы айырмашылықтары айқын білінбейтін жануарлар немесе өсімдіктердің мүлде дербес түрлері. Оларды салыстыру арқылы ажырату мүмкін емес. Физиологиялық-биохимиялық өлшемМұны көбінесе тек физиологиялық, кейде биохимиялық (тірі материяның химиялық құрамы) өлшем деп те атайды. Бұл өлшемді дарақтардың белгілі бір түрге тиесілігін анықтаған кезде оған биохимиялық талдау мен физиологиялық шамаластығын салыстыруды қолдану деп түсіндіріледі. Атап айтқанда егіз-түрлер осылай айқындалып, ажыратылды. Осы және генетиқалық өлшемді қолдану соңынан кейбір дербес түр деп есеп- телгендер біріктірілді. Генетиқалық өлшемБүгінгі күні негізгі өлшем болып есептеледі.Бұл ұғымға хромосоманың мөлшері, саны мен пішіні, көбею және эмбриогенез мерзімі, тіпті күйттеу мінез-құлығының «жүру жолы», еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ бере алуы қамтылады. Жалпы алғанда көбеюге байланыстылардың барлығы енеді. Қазіргі түрлер атап айтқанда биологиялық жыныстың оқшаулану арқасында толық жүйеленген бірлік болып есептеледі. Жыныстық оқшаулану тетіктері өте көп. Ата тегі ортақ гүлді өсімдіктердің жақын туыстас түрлерінде тозандық түтікте тозаңдардың өну мерзімі ерекше болады. Соның нәтижесінде бөтен түрдің аталық жасушасы ұрықтық капшықка түскенге дейінжұмыртқажасуша қартаяды немесе өте жас болады да, бөтен тозаң кабық пішіні мен құрамында айырмашылық болғандықтан өне алмайды. Алайда адамсынақтәжірибелерінде бұл биологиялық кедергілерді жеңіп, тұраралық будандастыру нәтижесінде өсімдіктердің іріктемелерін шығаруға қол жеткізді. Жануарларда жыныстық кедергілердің әр алуан реңдерге, күйттеу кезеңіндегі мінез-құлыққа және хромосомалар құрылысындағы айырмашылықтарға байланысты болуы мүмкін.Егер тіпті жаңа тіршілік иесі - тұраралық будан пайда болса, бұл оның ұрпақ беруін көрсете алмайды. Жыныс жасушаларының ойдағыдай түзілуі үшін міндетті түрде ұқасхромосомалар арасындағы үлескілер алмасуынан етуі қажет. Тұраралық будандарда бұл болмайды, сондықтан жыныс жасушаларын түзбей, ұрықсыз (бедеу) қалады. Мәстек қашыр мен қарта қашыр тұраралық буданға айқын мысал бола алады. Бұлардың бір ата-енесі - есек, екіншісі - жылқы. Мұндай дарақтардық мөлшері орташа, өте төзімді, көп жұмыстар атқарады, өте қартайып, өледі. Алайда олардан ешқашан ұрпақ пайда болмайды. Өйткені жылқының хромосомалары есектід хромосомаларына ұқсамайды. Жылқының № 1 хромосомасы есектің № 1 хромосомасының түйірлерімен алмаса алмайды, өйткені олардың мөлшері және пішіні, сондай-ақ барлық қалған хромосомалар жұбы сәйкес келмейді.Түрді анықтау кезінде өлшемнің (критерий) қандай болса да біреуін ғана қолдануға болмайды. Тіпті бұл өлшем өте ежелгі (морфологиялық) болса да, негізгі (жыныстық) болса да пайдалануға келмейді. Бір ғана өлшемді пайдалану кезінде сөзсіз қателіктер кетеді. Түр иеленушілікті сенімді түрде анықтау үшін өлшемдер жиынтығының барлығын пайдалану қажет. Эволюциялық-географиялық өлшем.Мұнда түрдің таралуы,оның таралу аймағы және дәл сол ағза мүдделігіндегі табиғи жағдайлар жиынтығы қамтылады. Түрлердің барлығы өзінің таралу сапасы бойынша 2 үлкен топка бөлінеді. Түрлердід бірі үлкен таралу аймағында орналасады және сонымен катар бұлар аумаққа біркелкі топтармен таралады. Сондай-ақ өзге түрлер таралу аймағы бірінен-бірі жеке оқшаулап, аумаққа бытыраңқы орналасады. Бұл нақтылы түрдің қалай пайда болып орнығуына тәуелді жайт. Бірақ тірі ағзалар аумаққа зерзаттар бойынша біркелкі таралады деп салыстыруға бол- майды. Кез келген түр табиғатта популяция - оқшауланған дарақтар тобы түрінде өмір сүреді.Ғаламшарымызда бір географиялық нүктеде дарақтардың бір ғана формада өмір сүрген түрлері іс жүзінде өте аз. Тибет тау шыңдарында мекендейтін шегірткелер түрін осы ерекшелікке мысал етіп алуға болады. Барлық түрлер онда бірнеше ондаған метрден бірнеше шақырымға дейінгі таралу аймағында мекендейді.Түрлер жеке популяция формасында өмір сүреді. Популяция дегеніміз — бір аумақта, таралу аймағының белгілі бөлігінде үнемі еркін шағылысатын және дәл сол түрдің өзге топтарынан азды-көпті оқшауланған дарақтар тобы. Түр және популяция олардың негізгі айырмашылықтарын байқамай қалуы да мүмкін. Мұндағы негізгі мәселе еркін шағылысу. Популяция ұғымын мысалдармен көрнекі түсіндіріп көрейік. Солтүстік Қазақстанда орманды-даланың табиғи аймақтары басымырақ. Ол шоғырланған қайың-теректер айналасын дала қоршаған сүректі өсімдіктердің кішкене тоғайлы аралдары түрінде көрінеді. Осы шоғырларда өсетін өсімдіктер мен мекендейтін жануарлардың көптеген түрлері популяция түзеді.

Мәселен,әлгі қайыңдар және теректер будандасады, яғни бір шоғырдағылар тозаңданады. Оларды бөліп жатқан шалғынды кеңістіктің үлкен болуы мүмкін екенін де ескеру керек, сондайда бір шоғырдағылардың көршілес шоғырдағыларға тозаңының ешқашан түспеуі де мүмкін. Сондай-ақ балықтар популяция мысалына шағын көлдерді алуға болады. Бірін-бірі өзен жалғастырмаса, балықтардың көршілес көлдегі туыстарымен шағылысу мүмкіндігі болмай қалар еді.Таралу аймағының кеңдігі жеткілікті болса да географиялық кедергілері күшті болмағандықтан, бір немесе саны шағын дарақтардың жылыстауы мүмкін. Солай бола тұра кез келген түр ішінде популяцияның генетикалық жүйесі оқшауланган қалпында қалады. Атап айтқанда популяция сондықтан негізгі эволюциялық өлшем бірлігі болып табылады. Барлық торғайларда популяциялар- дың әрқайсысында бір мезгілде біркелкі өзгерістер пайда болады деп ойлаудын. өзі мүмкін емес. Түрлердің барлығы толығымен өзгешелігі ұқсас тұқым қуалау өзгерістерін жинай алмайды. Сөйтіп, атап айтқанда бір популяцияның ішінде тіршіліктің жаңа формасын түзуге жеткізетін үдерістер жүрмейтіні айқын болады.Егер қолайлы өзгеріс пайда болса, онда оның өзі бір популяция ішінде сұрыптаумен «орнығады», өйткені дарақ осы популяцияда көбеюмен бірге дәл осы өзгерісті ұрпақтарына береді. Бұл оң мутацияны жеткізушілер саны популяцияда бірнеше ұрпақ арқылы едәуір артады. Сонымен бірге дәл сол түрдің іргелес популяция- ларында бұл мутация сол сәтте ғана емес, тіпті еш уақытта пайда болмауы да мүмкін. Бір популяция ішінде тұқым қуалау өзгерістерінің; біртіндеп жиналуынан түршелер пайда болады.Түрше.Түрден кіші жүйелік санат. Сол түрдің өзге популяцияларының дарақтарынан көбінесе сыртқы (бір немесе бірнеше) түрлері айқын көрінетін кем дегенде 75% дарақ ерекшеленетін географиялық оқшауланған популяциясы осы түршеге жатады. Түршелер жиі және көп мөлшерде таралу аймағы кең түрлерде қалыптасады. Өйткені үлкен аумақтарда жағдай біркелкі бола бермейді. Жануарлардың бір түрге жататын өкілдерінде солтүстіктен оңтүстікке жылжыған кезде дене мөлшері кішірейетіні байқалған. Ал солтүстік жануарларында дененің шығыңқы бөлігі (тұмсық, құлақ) қысқалау келеді.Бір аумақтағы әр алуан түршелер өкілдері әдетте жақсы шағылысады.Бұл генетикалық өзгерістердің жиналуы әзірше жыныстық оқшаулануға жеткізбейтініне дәлел болады. Ұрпақтар қатарында жинақтала салысымен өзгеріс шағылысуды тоқтатады, сөйтіп түршелер дербес түрлер деп аталатын болады. Бұл үдеріс, әрине, ұзақ та құрделі. Алайда ғалымдар біз өмір сүріп жүрген қазіргі кезде оның кейбір көріністерін бақылауға қол жеткізді. Мәселен, Еуразия аумағында тиіндердің бес түршесі өмір сүреді. Түршелердің әркайсысы өзге түршемен шағылысатын болып шықты. Алайда еуропалық және қиыр шығыстық ең шеткері жерлердегі түршелерінің дарақтарын аулаған кезде оларды шағылыстыру жүзеге аспай қалды.Сөйтіп, өтпелі формаларға ауысқан кезде бұл тиіндер жыныстық оқшау- ланған түршелерді түзіп те үлгерген.Жаңа түрлер және олардық ұсақ (түрішілік) санаттары - түршелер мен популяция түзу үдерістері микроэволюция деп аталады. Микроэволюция - түр түзу көбінесе оқшаулануға негізделеді. Осыған орай ол негізгі екі: географиялық және экологиялық түр түзу типтеріне бөлінеді.Географиялық тип кезінде аналық түрдің таралу аймағы бөлініп қалады екен, яғни оның популяциясы географиялық тұрғыда оқшауланады. Мысалы, бірнеше ондаған жылдарға созылған куаңшылық салдарынан Австралия орталығында өмір сүруге мүмкіндік іс жүзінде болмай қалғандықтан, бір кездері бірегей болған бұйра тотылар түрі географиялық оқшаулануға тап болды. Олардық таралу аймағы екі мұхиттың жағалауына ығысты, ал материк орталығында тотылар мекендемейтін, жеңіс бермейтін шөл орналасты. Қуаңшылықтың беті қайтқан кезде тотылар таралып, қайтадан материктің ортасынан орын тепті. Сөйтіп олар оқшауланған биологиялық дербес түр болып шықты. Анықтап айтқанда шағылыса алмайтын дербес түрлер пайда болды. Жеке аралдарда (Галапагосс) қорегіне қарай кунақтардың тұмсығы өзгеріп отырады . Көп жағдайда географиялық түр түзілу аналық түрдің жай ғана едәуір аумаққа таралу нәтижесі болады. Қарағайдың екі түрі осылай қалыптаскан. Сібірлік қарағайдың бастапқы аналық түрі оңтүстік-шығысқа қарай едәуір жылжып, Қорей түбегіне дейін жетті. Корейдің жұмсақ ауа райы ОрталықСібірдің; қатал, күшті континенталды ауа райынан өте ерекшеленеді. Популяциялар осы жағдайларға пайдалы мутацияларды жинақтай бастады. Гүлдеу мерзімі,тұқымжәне қылқандар мөлшері өзгеріп, екі жаңа дербес түр: сібірлік қарағай және даурлық қарағай біртіндеп қалыптасты.Экологиялық түр өзгеруде жаңа формалар бір аумақта пайда болады, яғни таралу аймағы тұтас қалпында қалады. Экологиялық түр түзу үдерісінің мәні бастапқы түр популяцияларының әр түрлі орта жағдайларына бейімделуінде, олардық оқшауланып, дербес түрлер сапасына ие бола бастауында. Сірә бұл үдеріс географиялық оқшауланудан сирегірек өтетін болса керек, алайда бұл да іске асады. Мәселен, шымшықтардың арнаулы қорекке бейімделуінен бөлінбеген алғашқы таралу аймағына дербес бес түр қалыптасқан.Түр түзудің мұндай типіне көл экожүйесінен көптеген мысал- дар келтіруге болады. Өйткені көл бір ғана географиялық нүкте ғой, оның ішінде табиғи кедергі жоқ және болуы да мүмкін емес. Алайда сонымен бірге қандай да бір көлдің әр бөлігінің экологиялық шамаластығы әр түрлі болып келеді. Мәселен, судың түбі мен беткі кабатындағы су температурасы және химиялық құрамы бойынша ерекше, сондай-ақ жағалау және орталық аумағындағы тірі ағзалар мөлшері мен типінде айырмашылық болады. Солардың әркайсысында арнаулы қорек ресурстары - біреуінде сан алуан балдырлар, екіншісінде балықтардық уылдырықтары және шабақтарыболғандықтан, қорек түрлері де өзгеше болып келеді. Зерттеушілер Ланао (Филиппин) көлінде бұдан 10 мың жыл бұрын бес туысқа жататын балықтардың 18 жаңа түрінің бастапқы балық түрінен түзілетінін дәлелдеді.Бұдан 10 млн жыл бұрын пайда болған Байкал көліндегі (Ресей) жәндіктердің (омыртқасыздардық) орасан көп эндемик (жергілікті) түрлері сипаттап жазылған.Эндемик дегеніміз - бұл ғаламшарда тек бір орында ғана өмір сүретін ағзалар. Байкалда тек бүйірлеп жүз- гіштердің ғана 250-ге жуық эндемик түрлері өмір сүреді .Белгілі түрлердің қалыптасуы кезінде бұл түр түзу типтері бірін- бірі алмастырып, толықтырып, бірлесе әрекет етеді.

 

Билет 2

1. Жасушаның химиялық құрамы [өңдеу]

Жасушаның құрамында 80-нен  астам химиялық элементтер кездеседі. Олар жасушадағы зат алмасу процестеріне қатысады. Әрбір жасушаның құрамы агзалық және бейагзалық қосылыстардан тұрады. Ағзалық қосылыстарға: нәруыздар (белок), майлар, көмірсулар және нуклеин қышқылдары жатады. Бейағзалық қосылыстар: су және минералды тұздар. Ағзалық қосылыстар жасуша құрамының 20-30% үлесіне тең.1. Нәруыздар - көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт және т. б. элементтерден тұратын күрделі ағзалық заттар. Нәруыздар 45°-80° С-да ұйиды. Олардың құрамы 20 аминқышқылынан тұрады.2. Майлар үш элементтен құралған, олар: көміртегі, сутегі, оттегі. Майлар судан жеңіл, суда ерімейді. Май глицерин мен май қышқылынан тұрады.3. Көмірсулар - майларға ұқсас, көміртегі, сутегі, оттегіден тұрады. Көмірсу деп аталу себебі, сутегі мен оттегінің арақатынасы сумен бірдей. Демек, сутегі атомы оттегі атомынан 2 есе көп деген сөз. Көмірсуларға әр түрлі суда тез еритін тәтті (кристаллы) қанттар жатады. Бұлардың ішінде көбірек таралғандары - глюкоза (жүзім қанты) менгликоген (жануарлар крахмалы). Гликоген бауыр мен бұлшықеттер жасушаларында кездеседі.Нәруыздар, майлар және көмірсулар - жасуша цитоплазмасының, ядросының және органоидтарының негізгі құрылыс материалдары болып саналады. Нәруыздардың молекулалары жасушадағы химиялық реакцияларды тездетуге қатысады. Нәруыздар мен көмірсулар ыдырағанда энергия бөлінеді. Майлар жасуша жарғақшасының құрамында көп болады, әрі энергия көзінің негізгі қоры болып табылады.Жасушаның бейағзалық заттары - су мен минералды тұздар. Жасуша цитоплазмасында су мөлшері аздау болады. Сондықтан цитоплазма - қоймалжың, жартылай созылмалы сұйықтық. Су жасушаға еріткіш ретінде өте қажет. Себебі жасушадағы түрлі химиялық реакциялар тек еріген заттардың арасында жүреді. Қорек заттары жасушаға тек сұйық (еріген) күйінде қабылданады. Жасушаның 80%-ы су. Оңдагы кажетсіз өнімдер мен зиянды заттар су арқылы сыртка шығарылады.Жасуша цитоплазмасында тұздардан көбірек кездесетіндері: хлорлы натрий, хлорлы калийден баска натрий, калий, кальций, магнийлердің фосфорлы және көмірқышқылды тұздары. Минералды тұздар судың жасушалар мен жасушааралық заттардың арасында теңдей бөлінуін қамтамасыз етеді.Нуклеин қышқылдары (лат. nucleus - ядро) жасуша ядросында түзілетіндіктен осылай аталған. Нуклеин қышқылдарының құрамында көміртегі, оттегі, сутегі және фосфор болады. Нуклеин қышқылдары 2 топка бөлінеді:

Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ);

Рибонуклеин қышқылы (РНҚ).

ДНҚ - жасуша хромосомасында (ядрода) болады, ол тұқымқуалау белгілерін ата-аналарынан ұрпақка берілуін кадағалайды. Жасушадағы нәруыздардың құрамын анықтайды. РНҚ - жасушаның цитоплазмасында  болады. РНҚ әр жасушаның өзіне ғана тән нәруыздардың түзілуіне қатысады.

2. Өсімдіктердің көбеюі.

 

Тірі организмдерде міндетті түрде болатын касиеттердің бірі ол артына ұрпақ қалдыру, басқаша  айтқанда бір особьтың өзі секілді  жас особьтардың тұтас сериясын немесе кем дегенде біреуін беруге қабілеттілігі.Көбеюдің бір-бірінен  принциптік айырмашылығы бар екі  түрі белгілі. Жыныстық және жыныссыз.Жыныссыз көбею.Жыныссыз көбеюдің екі түрі бар: вегативтік және нағыз жыныссыз. Кейбір сатыдағы өсімдіктерде жыныссыз көбеюдің осы екі түрінің арасында айқын шекара болмайды.Вегатативтік көбеюі.Вегетитивтік көбеюі талломның, тамырдың, сабақтың, бөліктері арқылы жүзеге асырыллады. Ол өсімдіктердің регенерацияға қабілеттілігіне, яғни өсімдіктің бір бөлігінен тұтас роганизмнің пайда болуына негізделген.Бір жасушалы өсімдіктерде ( балдарларда, бактерияларда) вегатативтік көбеюі жасушаның тең екіге бөліну арқылы жүреді, ал коллониялы және көп жасушалы өсімдіктерде талломдарының бірнеше бөліктерге бөлінуі арқылы, саңырқұлақтарда мамандаған бір жасушалы құрылым арқылы жүзеге асырылады.Жабық тұқымды өсімдіктерде вегетативтік көбеюі тамырдың, сабақтың, жапырақтың бөліктермен және бүршектері арқылы жүзеге асады. Сонымен бірге төсімдіктер тамыр сабақтары, түйнектері, сабақтың өзгерген түрлері арқылы да вегетативтік жолмен кобеюі алады. Ауыл шаруашылығ практикасында көкініс, жеміс-жидек және сәндік ретінде өсірілетін өсімдіктерді қолдан көбейтудің мынадай бөліктері пайдаланады: түйнектерін ( картоп, георгин); тамыр сабақтарын ( құртқашаш - флокс); мұртшаларын                    (бүлдрген) баданаларын ( пияз, қызғалтақ); тамырдың атбасын шие көптеген мәдени жағдайда өсірілетін өсімдіктер қалемшелерімен, иілген сабақтармен, сонымен бірге телу арқылы да көбейеді.Нағыз жыныссыз жолмен көбеюі.Нағыз жыныссыз жолмен көбкюі арнайы мамандаған жасушылар арқылы іске асыралады. Споралардың қатта қабықшасы болады және олар желмен таралады. Зооспоралардың қаттық қабықшасы болмайды және тамыршаларыныңкөмегімен қозғалады. Олар жыныссыз көбею органы болып табылады және спорангилардың ішінде жетіледі.Спораның түрі көп шығу тегіне және атқаратын қызметіне қарай оларды екі топқа бөледі:жыныссыз көбеөге арналған споралар және жыныстық жолмен көбеюге арналған споралар.Жыныссыз көбеюге арналған споралар митотикалық бөліністерден соң пайда болады және тікелей жаңа особьтар беруге қабілетті келеді. Пісіп жетілген спора аналық ағзаны тастап шығады да өсімдіктердің көбеюін және тарауын қамтамасыз етеді. Мұндай споралармен көбею төменгі сатыдағы өсімдіктерге тән ( абалдырларға, саңырқұлақтарға).Жыныстық жолмен көбеюге арналған споралар аналық особьты бере алмайды. Олар гаплойдты, өйткені мейоздың негізінде пайда болады. Мұндай споралар саңырауқұлақтардың кейбір топтарында және жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде болады.Жоғары сатыдағы өсімдіктерде спорадан алдымен өскінше ( проталий, потонема) пайда болады. Онда гаметалар жетіледі. Гаметалар қосылғаннан кейін хромосомалардың диплойдты саны қалпына келеді.Жыныстық көбею.Жыныстық көбеюдің мәні өсімдікте арнайы мамандаған клеткалардың- гаметалардың (п) түзілуімен, олардың екеу – екеуден жұптасып қосылуымен ( капуляция) және зиготаның түзілуімен (2п,) одан жаңа өсімдіктің пайда болуымен байланысты.Гамета дегеніміз ядросында хромосомдардың саны гаплоидты болатын жыныстық клетка. Өзара қосылатын гаметалардың бір-бірінен құрылысы жағынан ( формасы, мөлшері, қозғалғыштығы ), міндетті түрде физиологиясы жағынан айырмашылығы болады. Гаметалардың қосылуының нәтижесінде пайда болған организмде аналық пенаталықтың тұқым қуалаушылық қасиеттері бірігеді. Егер қосылатын гаметалар формасы, мөлшері және қозғалғыштығы жағынан бірдей болса, бірақ аналық  пен аталықтың тұқым қуалаушылық қасиеттері бірігеді. Егер қосылатын гематалар фопмасы, мөлшері және қозғалыштығы жағынан бірдей тболса, онда олардыизогаметалар, ал жыныстық процесті изогамиялық деп атайды. Егер гаметплардың формасы бірдей болса, бірақ аналық гаметанын мөлшері аталыққа қарағанда біршама үлкендеу және баяу қозғалатын болса, ондай гаметаларды гетерогаметалар, ал жыныстықпроцесті гетерогамиялық деп атайды. Жыныстық процесті оогамиялық деп атайды, егер аналық гамета үлкен шар тәрізді, қозғалмайтын ( жұмыртқа клаекасы), ал аталығы өте ұсақ болуы эволюциялық деңгейдің бірден-бір көрсеткіші. Изогомиялық жолмен көбю жыныстық процестің ең қарапайым формасв болып табылады. Гаметалар гаметангиялар деп аталатын органдарда жетіледі.Аталық гаметалары антеридилерде, аналық гаметалары- төменгі сатыдағы өсімдіктерде оогонилерде, ал жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде архегонилерде жетіледі. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің гаметангиларымен споррангилары бір клеткалы болады, ал жоғарғы сатадағы өсімдіктерде олар көп клеткалы .Балдырлар мен саңырауқұлақтардың кейбір топтарында тұрақты түрде жыныс процестері болғанымен жыныс органдары болмайды. Олардың зиготасы маманданбаған клеткалардың немесе олардың бір мүшелерінің қосылуы  арқылы пайда болады. Жыныстық процестің мұндай түрін зигогамиялық, немесе тірку арқылы ( коньюгациялық ) көбею деп атайды. Егер гамета түзбейтін екі бір клеткалы особьтар қосылатын болса, онда мұндай жыныстық процесті хологимия деп атайды.Өсімдік циклінде ядролық фазалардың алмасуы.Өсімдіктердің өмірлік циклінде,жыныссыз және жыныстық жолдармен көбеюінің кезектесіп келіп отыратын, беогілі бір қалыптасқан жүйесі жене өзара байланысты болады. Олар өсімдіктердің әртүрлі табиғи топтарында әртүрлі өтеді.Көбею кезінде ядролық фазаларының алмасуына талдау жасаудың негізінде мынадай жағдай дәлелденді. Спорофит ( спорофаза) дегеніміз хромосомдар саны жұп болып келетін клеткалардан тұратын жыныстық спораларды және олар түзілетін спорангиларды беретін особьты атайды. Жыныстық көбеюге арналған споралар түзілгенде мейоз  процесі жүреді, сондықтан да олар барлық уақытта гаплоидты ( п) . Жыныстық көбеюге арналған споралардан гаметофиттер ( гематофаза ) жетіледі, ал оларда жыныстық клеткаларды беретін, яғни гаметаларды беретін көбею органдары пайда болады. Гаметофиттің барлық клеткалары, оның ішінде гаметаларда гаплоидты (п) болады. Жыныстық процестің нәтижесінде ( гаметалар  қосылғанда ) зигота түзіледі. (2п) . Бұл жерде жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің барлығына тән, ал көптеген төменгі сатыдағы өсімдіктерде бірқатар ауытқуларға ұшырайтын жалпыға бірдей типтік схема беріліп отыр. Жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктерде 2 жұп гаметалар бір мезгілде қосылады. Гүлді есіущіктердың: кебею мүшелері: гүланалық (аналық мүше) және аталық (аталық мүше). Гаметалар осы мүшелерде пісіп жетіледі. Пісіп жетілген тозаң дәні қауызбен капталған және екі гаплоидты: жынысты және өсімді жасушасы болады. Жалпы алғанда тозаң ұрықтану үдерісіне жақсы бейімделген. Егер өсімдік желмен тозаңданатын болса, онда өсімдік тасымалды жеңілдету және ұрықтану мумкіндігін арттыру үшін құрғақ, жеңіл тозаңды көп өндіреді. Егер бунақденелілер тозандандыратын өсімдік болса, онда тасымалдаушылардың (көбелек, түкті ара, шыбын, т.б.) денесіне жабысу үшін әдетте тозаң кедір-бұдырлы болып келеді. Тозаңның қауызы да гүлдің гүланалық аузына тұтылатындай болып құрылады. Әр алуан түрге жататын өсімдіктер гүланалық аузымен химиялық және механикалық үйлесімсіздіктерден будандаса алмайды. Ұрықтану соңынан тозаң тұтікшесінде өну үдерісі басталады. Мұны өсімді жасуша іске асырады. Жынысты жасуша бір рет митоз жолымен бөлінеді. Соның нәтижесінде ұрықтануға қатысатын екі гаплоидты аталық жасуша (спермий) пайда болады. Аналық жыныс жасушасы аналық аузындағы жатын ішінде болады, бұлар «ұрық қапшығы» деп аталады. Дұрысырақ айтқанда ұрық қапшығынын, ішінде сегізгаплоидты ядро қалыптасатын өте үлкейіп өскен бір жасуша деуге болады. Сегіз ядроның біреуі жұмыртқажасуша болып шығады, екі ядросы қосылып, «косарланған орталық жасуша» түзеді, ал қалған ядролардан қосалкы жасушалар калыптасады, олар үрықтануға қатыспай, тіршілігін жояды.Сонымен, гүлді өсімдіктердің ұрық қапшығында гаплоидты (жалғыз-жалғыздан) жұмыртқажасуша, диплоидты (қосарланған) орталық жасуша және тағы бесгаплоидты ядро немесе жасушалар қамтылады, соңғыларды ескермесе де болады. Ұрықтану мезетінде аталық жасушаның біреуі жұмыртқажасушаға, екіншісідиплоидты орталық жасушаға қосылады. Қосылу нәтижесінде жұмыртқажасуша және аталық жасушадан - қосарланған зигота, ал орталық жасуша және екінші аталық жасушадан үшплоидты эндосперм (тұқымның қоректік заттар қоры) түзіледі. Қосарлы ұрықтану ретіндегі мұндай күрделі үрдіс өсімдіктерге икемді материалды үнемдеуге мүмкіндік береді. Ұрықтың түзілуі сенімсіз болса, гүлді өсімдіктер қоректік заттарды биосинтездеуге энергия шығындамайды.

Информация о работе Шпаргалкалар ша "Биологияға"