Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Мая 2013 в 11:10, реферат
Энтеровирустар – құрамында РНҚ вирустары бар, Picomaviras (латынның рісо - өлшемі кіші, ma - РНҚ дегенінен) тұқымдасына, Ehteroviras туысына жатқызылатын вирустар. Полиомиелит вирустары, Коксаки, ECHO, 68-71 түрдегі энтеровирустары осы туыстың өкілдері болып табылады. Энтеровирустар - сфера түріндегі, біржіпті желілі плюс-жіпті РНҚ-дан және капсидтен тұратын ең кіші және барынша қарапайым түрде ұйымдасқан вирустар. Капсид симметриясы текше түрі бойынша орналасқан 60 ақуыздық суббірліктерден кұралған. Вируотардык сыртқы суперкапсиді жоқ. Олардың құрамында кемірсулар мен липидтер жоқ, сондықтан олар эфирдің жөне басқа да май еріткіштердің әсерін сезімтал емес.
Энтеровирустар
Тогавирустар
Рабдовирустар
Коксаки, ECHO вирустар және 68-71 типті энтеровирустар
5.Ротавирустар
6.Құтыру вирусы
Қолданылған әдебиет тізімі
Жоспар
5.Ротавирустар
6.Құтыру вирусы
Қолданылған әдебиет тізімі
1.Энтеровирустар
Энтеровирустар (гректің enteron - ішек сөзінен) - негізінен адамның ішегінде мекендейтін және қоршаған ортаға нәжіс арқылы шығатын вирустар.
Таксономиясы және жіктелуі. Энтеровирустар – құрамында РНҚ вирустары бар, Picomaviras (латынның рісо - өлшемі кіші, ma - РНҚ дегенінен) тұқымдасына, Ehteroviras туысына жатқызылатын вирустар. Полиомиелит вирустары, Коксаки, ECHO, 68-71 түрдегі энтеровирустары осы туыстың өкілдері болып табылады.
Морфологиясы жөне химиялық құрамы. Энтеровирустар - сфера түріндегі, біржіпті желілі плюс-жіпті РНҚ-дан және капсидтен тұратын ең кіші және барынша қарапайым түрде ұйымдасқан вирустар. Капсид симметриясы текше түрі бойынша орналасқан 60 ақуыздық суббірліктерден кұралған. Вируотардык сыртқы суперкапсиді жоқ. Олардың құрамында кемірсулар мен липидтер жоқ, сондықтан олар эфирдің жөне басқа да май еріткіштердің әсерін сезімтал емес.
Дакылды өсіру. Энтеровирустардык көпшілігі, Коксаки A вирустарынан басқасы, адам мен маймылдын тінінен алынған бастапқы және қайта егілетін жасушалық дақылдарда жақсы өсіріледі. Вирустардың көбею процесі жасуша цитоплазмаларында жүреді және оған цитопатикалық әсер ілесіп отырады. Жасушанын дақылдарында агар жабынының астында энтеровирустар түйіндақтарды түзіледі.
Антигендік құрылымы. Вирустардың антигендік қасиеттері капсидтік ақуыздардың 4 түрімон байланысты. Энтеровирустардың туыстығы үшін ортақ топтық ерекше комплеменп і байланыстырғыш және түрлік ерекшелікті антигендері бар.
Резистенттілігі. Энтеровирустар қоршаған ортаның әсеріне төзімді, сондықтан ұзақ уақыт бойы (айлар бойы) суда, топырақта, тамақ өнімдерінің кейбір түрлерінде жене тұтыну заттарында өмір сүре береді. Энтеровирустарға көптеген дезинфектанттардың (фенол, спирт, ББЗ -беткейлі белсенді заттар) әсерінің тиімділігі төмен, дегенмен де олар УК-сәулелерінен, кептіргенде, тотықтырғыштардың, формалиннің, 3 минут 50 °С температуранын әсерінен, кайнатқанда - бірнеше секундттарда жойылып кетеді.
Жануарлардың сезімталдығы. Энтеровирустардың патогендік қасиеті бойынша зертханалық жануарлар үшін елеулі түрде айырмашылығы бар.
Эпидемиологиясы және патогенезі. Энтеровирустар тудыратын аурулар барлық жерде таралған, жаппай кездесу сипаты бар, көбінесе балаларға жұғады. Энтеровирус инфекциясының суда, тағамда эпидемиялық кұрт кебею ошақтары жыл бойы тіркеледі, әсіресе жаз айларында жиі тіркеледі. Полиомиелит, Коксаки, ECHO вирустарың тасымалдаушылар кең тараған.
Инфекцияның көзі энтеровирустарды көп мөлшерде нәжісімен бөліп шығаратын науқастар мен тасымалдаушылар болып табылады. Негізгі таралу механизмі фекалды-оралды. Энтеровирустар су, топырақ, тағам өнімдері, тұтыну заттары, лас қолдар арқылы таралады, оларды шыбындар таратады. Алайда, аурудың алғашқы 1-2 аптасында энтеровирустар кысқа мерзімде мүрынжұтқыншақтан бөлініп таралудың ауа-тамшылы жолын қамтамасыз етеді.
Энтеровирустар ағзаға асқорыту жолы арқылы енеді, ауызжүтқыншақ жөне ащы ішек эпителилері мен лимфалық түйіндерінде көбсйіп, одан соң қанға түсіп вирусемияны тудырады. Вирустардың өрі қарайғы таралуы, сондай-ақ әртүрлі мүшелердің зақымдануы энтервирустың түріне және адамның иммундық статусына байланысты болады.
Клиникалық белгілері. Полиомиелит вирусы жеке нозологиялық түрді - полиомиелитті тудырады. Басқа энтеровирустар клиникалық белгілерінің әр түрлілігімен сипатталатын ауруларды туындатады, өйткені олар әртүрлі мүшелерді және тіндерді зақымдайды: ОЖЖ (полиомиелит тәріздес аурулар, менингштер және энцефалиттер), көлденең жолақ бұлшық еттерді (миалгия, миокардит), тыныс мүшелерін (тыныс мүшелерінің жедел аурулары), асқорыту жолы (гастроэнтерит, диарея), тері және шырышты қабатгы (конъюнктивит, бөртпелі немесе бөртпесіз қызба аурулары) және басқалары.
Иммунитеті. Энтеровирус инфекциясымен ауырғаннан соң ағзада тұрақты, түр ерекшелігі бар иммунитет қалыптасады.
Сақтандыруы. Көптеген энтеровирус ауруларының арнайы сақтандыруы жоқ.
2.Тогавирустар.
Таговирустар лат.(toga-плащ-жамылғы) – буынаяқтылар арқылы жұғатын, адамдарда жүйелі дене қызбасын және вирустық энцефалиттер қоздыратын арбовирустардың (arthropod borne –буынаяқтылармен берілетін) бір тобына жатады.
Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Togaviridae.
Туыстастықтары: 1.Alphavirus (Синдибис вирусы).
2.Rubrivirus (Қызамақ вирусы).
Құрылымы, Химиялық құрамы. Альфавирустардың құрылымы күрделі, мөлшері бойынша гетерогенді липидті сыртқы қабаты (суперкапсиді) бар, симметриясы куб (икосаэдр тәрізді) типті. Вирустың сыртқы құрамында гемагглютинині болады, гликопротейнді «тікенекшелермен» ұзындығы 10 нм қоршалған. Вириондары сфера пішінді, диаметрі 45-75 нм. Біржіпшелі (+) РНҚ молекуласынан тұратын геномы симметриясы куб типтес, капсидте орналасқан вирустық (+) РНҚ ақпараттық и РНҚ ның қызметін атқарады.
Антигендік құрылымы. Бұл вирутардың екі антигені бар. Олардың біреуі – туыстастық – спецификалық, нуклеокапсидпен байланысты. Екіншісі – түрлік және типтік – спецификалық, сыртқы қабықшасынын гликопротеидтердің құрамына кіреді (гемогглютинин).
Дақылдандыру. Кез келген вирустар сияқты оларды дақылдандыру үшін бірнеше тәсілдер бар:
Таговирустардың репрадукциялануы жасуша цитоплазмасында атқарылады. Репродукциялану циклы 4-8 сағатқа созылады. Вирус жасушаға адсорбцияланғаннан кейін оның ішіне виропексис (эндоцитоз) жолымен енеді. Вирустық (+) РНҚ цитоплазмада босанып шығады. Вирустық (+) РНҚ иРНҚ-ның молекуласының симметриясына ұқсас болғандықтан, (+) РНҚ рибосомалар танып алады және тасымалданады (трансляция). Өте үлкен полипротейнді молекула пайда болады.
Төзімділігі. Липидқұрамды сыртқы қабықшасы болтындықтан олар эфирдің, детергенттердің әсеріне сезімтал келеді, және де 56 С температурада сақтайды. Бұл вирустар УК сәулесінің, формалиннің, хлор құрамды дезинфектанттардың әсеріне өте сезімтал.
Эпидемиологисы. Альфавирустар табиғатта кең таралған, оңтүстік ендікте орналасқан елдерде жиірек кездеседі. Тасымалдаушы жәндіктердің белседілігінің арту мерзіміне байланысты індеттің маусымдылығы байқалады. Арбовирусты инфекциялар табиғи – ошақты ауруларға жатады және кең таралған тасымалданушылықпен сиатталады. Жәндіктерден басқа олардың, негізгі иесі омыртқалы жануарлар болып табылады (ұзақ мерзімді вирусемия болуына байланысты). Арбовирустар жәндіктердің сілекей бездерінде шоғырланады және сілекеймен бірге шығады. Вирустар кенелерде трансовариальды жолмен ұрпақтарына беріледі, яғни негізгі берілу механизмі болып табылады. Адамдаға әдетте масалар, кенелер, шіркейлер шаққанда жұғады (трансмиссивті жолмен берілу).
Патогенезі және клиникалық көріністері. Вирустар буынаяқтылардың тіндері мен ағзаларында, соның ішінде сілекей бездерінде, көбейеді. Адамдардың немесе жануарлардың қанын сорған кезде вирус қанға түсіп, ішкі ағзаларға тарайды. Қоздырғыштың ағашқы репродукциялануы қан тамырларының, лимфалы түйіндердің, фагоциттердің эндотелиялық жасушаларында ақарылады. Содан кейін көбеиген вирустар қайтадан қанға түседі, нәтижесінде осындай екіншілік вирусемия дене қызбасын көтеруге себепкер болады. Ал нейротропты вирустар ОЖЖ – өтіп, жасушаларының бұзылуын туғызады (энцефалиттердің ауыр түрін қоздырады). Альфавирустар және де дене қызбасы дамитын әртүрлі аурулар, тері беткейлерінде бөртпелер қоздыруы мүмкін, кейде артриттер, қан кету туғызуы ықтимал.
Иммунитеті. Ауырып тұрғаннан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады. Комплементбайланыстырушы антиденелер 1 жылға дейін сақталады, олардың жоғарғы титрде табылуы инфекцияға жақын арада шалдыққанын көрсетеді. Вирусбейтараптаушы антиденелер және антигемагглютининдер бірнеше жыл бойы сақталады.
Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеуге алынатын заттар: қан(вирусемия кезінде), жұлын сұйықтығы (меингоэнцефалит кезінде), несеп, секциялық материялдар.
Вирусты бөліп алып (индукциялау): біріншілік және ауыспалы жасша дақылдарына (ЦПӘ, түйіндақтар түзілу) және жаңа туылған ақ тышқандарға (сал болу, өлім туғызу) жұқтыру.
Емдеуі. Антивирустық преператтар – рибавирин, интерферон, реаферон т.б. қолданылады.
Алдын алуы. Спецификалық профилактика мақсатында инактивацияланған өлі вакцина қолданылады.
3.Рабдовирустар.
Рабдовирустар (грекше;rhabdos – шыбық, таяқ деген мағына береді) – сүтқоректілерде, балықтарда, жәндіктерде, қарапайымдыларда және өсімдіктерде әртүрлі зақымдану туғызатын, РНҚ – құрамды вирустар, олардың 80-нен астам түрлері белгілі. Rhabdoviridae тұқымдастығы өкілдерінің табиғи иесі кең ауқымды олар әртүрлі омыртқалы және омыртқасыз жануарларға патогенді.Адамдарға везикулярлы стоматит және құтыру вирустары патогенді болып табылады.
Таксономиясы.
Тұқымдастығы: Rhabdoviridae
Туыстастығы: Vesicolovirus - везикулярлы Индиана стоматит вирусы.
Lyssavirus - құтыру вирусы.
Ephemerovirus - сиырдың біркүндік қызба вирусы.
Cytorhabdoviru – салатта сарғшнекер қоздырытын вирус.
Nucleorhabdovirus - картопта сарғыш ергежейлік қоздыратын вирус..
Novirhabdovius - Гематопоэздің жұқпалы некрозын қоздыратын вирус
Құрылымы. Вириондары оқ (пуля) тәрізді немесе таяқша пішінд,мөлшері 170*70 нм.Сыртында екі қабатты липидқұрамды қабықшасы (суперкапсид) болады,одан гликопротеинді тікенешелер (ұзындығы 5-10 нм,диаметрі - 3 нм) шығып тұрады.Вирионның ортасында сыртқы қабатпен матристік ақуызбен( М) бөлініп тұратын,симметриясы спираль типті нуклеокапсид (РНП).Геномы біржіпшелі сызықшалы фрагменттелмеген (-) РНҚ.Вириондарының құрамында біренеше ақуыздар болады: капсидтік және матристік ақуыздар,РНҚ полимераза және басқа да ферменттер,және де сыртқы қабықшаның тікенек тәрізді өсінділерінің құрамына кіретін гликопротеин.
Антигендері. Нуклеопротеин (NP) топтықспецификлық антиген (ИФР,КБР мен анықталады).Сыртқы қабықшының гликопротеині типтік спецмфмкалық антиген,вирионның жұқпалылығына және гемагглютинациялаушы белсенділігіне жауапты (БР және ГАТР мен анықталады).
Репродукциялануы жасушаның цитоплпзмасында атқарылады.Рабдовирустардың репродукциялануы(-) РНҚ құрамды вирустадыкіне ұқсас. Рабдовирустар жасуша рецепторларына гликопротеині тікенекшелерімен байланысады да,эндоцитоз жолымен жасуша ішіне енеді.Содан кейін вирустың қабықшасы лизистенеді,босанған РНП (РНҚ + NP- нуклеоротеин+ полимераза ақуыздары (L және NS) немесе нуклеокапсид жасуша цитоплазмасына түседі.РНҚ полимеразаның көмегімен толықсыз (неполные) оң жіпшплі РНҚ (вирустық ақуыздардың синтезделуі үшін бес меншікті иРНҚ) және минус геномды РНҚ- ң синтезделуіне матрица болып табылатын,толықты (полные) оң жіпшелі РНҚ синтезделеді.Рибосомалармен иРНҚ- ң трансляциялануының нәтижесінде пайда болған вирустық ақуыздар Гольджи аппаратында өзгеріске ұшырайды да,жасуша плазмолемасына,яғни қабықшасына қосылады. Геномдық (минус жіпшелі) РНҚ- ның N, NS, L- ақуыздармен өзара әсерлесуінң нәтижесінде РНП пайда болады.Вирион құрастырылғаннан кейін бүршіктену тәсілімен жасушадан шығады.
4.Коксаки, ECHO вирустар және 68-71 типті энтеровирустар
Коксаки вирусы 1948 жьшы АҚШ Коксаки мекенінде полиомиелит тәрізді аурумен ауырған науқастың нәжісінен бөлініп алынған.
Коксаки вирусы жаңа туған тышқандар үшін патогендік дәрежесі бойынша 2 топқа бөлінеді - А Коксаки (баяу салды тудыра отырып қаңқа бұлшықеттерін зақымдайды) жөне Б Коксаки (тырысу салын дамыта отырып ОЖЖ зақымдайды; тышқандардың өліміне әкеледі). Антигендік қасиеті бойынша ажыратылатын А тобы 23 серологиялық топпен, В тобы 6 серологиялық топпен сипатталады.
ECHO вирусының аты сөйлемнің бастапқы әріптеімен белгіленеді:
enteric cytopathogenic human orphans viruses (сөзбе-сөз аударғанда: ішектік
иитопатогендік адамның вирус-жетімдері). Бұл вирус 1951-1953 жылдары
иолиомиелитті тәрізді ауыру науқастардан бөлінді. Полиомиелит пен
Коксаки вирустарынан айырмашылығы ECHO вирусы зертханалық
ркануарлардың барлық түріне патогенді емес. Антигендік қасиеті бойынша
іжыратылатын ECHO вирусының 30-дан астам серологиялык түрі белгілі.
Көптеген серологиялық типтері гемагглютинациялык қасиетке ие. 68-71
серологиялық типті энтеровирустар 70-жылдары бөлінді. Адам
шатологиясындағы өте маңызды орынды 70 типті вирус (жедел
геморрагиялық конъюнктивит пандемиясы кезінде бөлінген) пен 71 типті
вирус (менингит пен энцефалит эпидемиясы кезінде науқастардан
бөлінген) алады. Биологиялық қасиеті бойынша осы вирустар басқа
Информация о работе Энтеровирусты және нейровирустық инфекциялардың қоздырғыштары