Аудиторлық дәлелдеу және құжаттау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Ноября 2013 в 19:47, курс лекций

Краткое описание

Аудиторлық тексеру барысында аудиторлармен жинақталып талданған аудиторлық қорытынды жасауға мүмкіндік беретін ақпарат аудиторлық дәлелдер деп аталады. Қаржылық есеп берудің дұрыстығы жөнінде аудитор өзінің негізделген пікірін білдіруі үшін бақылау тесті мен мәндік процедуралар сияқты процедураларды пайдалана отырып қажетті аудиторлық дәлелдер жинайды.

Содержание

Лекция 9

1.Аудиторлық дәлелдер және олардың түрлері.

2. Аудиторлық дәлелдер алу көздері. Аудиторлық дәлелдеу олардың іс-әрекеттері.


Лекция 10

Аудиторлық құжаттау және олардың түрлері.

Жұмыс құжаттарының ролі мен маңызы.

Вложенные файлы: 1 файл

Тақырып 5.docx

— 99.30 Кб (Скачать файл)
  1.  
    Кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысаны және ұйымдық құрылымы туралы ақпараттар;
  2.  
    Заңдық құжаттардан, келісімдерден және жинақтардан үзінді немесе олардын көшірмесі;
  3.  
    Ревизияланатын кәсіпорынның аудитін жоспарлау процессінің негіздемесі;
  4.  
    Аудиторлық тексеруді өткізу бағдарламасы;
  5.  
    Орындалған аудиторлық процедуралардың өткізілу уақыты және көлемі, сонымен бірге олардың нәтижелері туралы жазулар;
  6.  
    Ассистенттер орындаған жұмыстарды аудитордың тексергендігінің және алдағандығының дәлелдеулері;

 
2. Жұмыс құжаттарына қойылатын  талаптар 
 
Жұмыс құжаттары төмендегі ақпараттарды растауға (дәлелдеуге) тиісті: 

  1.  
    Бухгалтерлік жазулар қаржылық және басқа қорытынды есеп берулерге сәйкес орындалған;
  2.  
    Жұмыс бірдей жоспарланған және бақыланған;
  3.  
    Аудитті жоспарлау мақсаты үшін ішкі бақылау жүйесін түсінуге қол жеткізілген;
  4.  
    Дәлелдеулер алынған, аудиторлық процедуралар жүзеге асырылған және тексерулер пікірлердің дұрыс білдірілгендігін растау үшін жетік дәлелдеулер алатындай етіп жүргізіледі.

 
Аудитор оның дайындаған жұмыс құжаттарын аудиторлық қорытынды жасау үшін аға аудитор немесе аудиторлық фирманың жетекшісі мұқият қайта қараған кезде ол құжаттардың мазмұнында сәйкессіздік немесе толық еместік табылып қалуы мүмкін екендігін мойыңдауға тиісті. Бұл жерде кейбір жұмыс құжаттарын клиент дайындайтындығын айта кету керек. Клиентті кеңсе жұмыстарына жіберуге болады, содан соң, бірақ оларды аудитордың өзі тексеруіне тура келеді. Ондай құжаттар төмендегілер болуы мүмкін: 

  •  
    Тексеруші баланс.
  •  
    Банк шоттарынан үзінділер.
  •  
    Түгелдеу тізімдемесі.
  •  
    Дебиторлар мен кредиторлардың тізімі.

 
- Келіп түскен және шыққан негізгі құралдардың, материалдық емес активтердің және т.б. тізімі. 
 
Тексеруші балансты жұмыс құжаттарының «жон арқасы» деп жиі атайды. Себебі ол қаржылық қорытынды есепті құру мақсатында Бас кітаптағы шоттар бойынша қалдықтарды жазу құралы ретінде және баланстың жекелеген шоттары бойынша жұмыс құжаттарының көрсетушісі ретіңде қызмет атқарады. 
 
Жұмыс құжаттарының толық саны (тізімі) әрбір аудиторлық ұйымның өзінің фирмаішілік стандарттарымен анықталуға тиісті. 

  •  
    Жұмыс құжаттарының нысандарын (үлгілерін) жасауға стандартты тәсіл пайдаланылған жерде кейбір артықшылықтарға қол жеткізілуі мүмкін. Ондай нысандар жұмыс құжаттарын жүйелеуге мүмкіндік береді, талдау жасау үшін ақпараттар алуды, сондай-ақ, келешекте оларды пайдалануға мүмкіндік жасау үшін белгілі бір схема бойынша сақтау процессін жеңілдетеді. 

 
Тестілер жазылған барлық жұмыс  құжаттарында тест жүргізгендердің  аты-жөні, сонымен бірге тест нәтижелерінің  қысқаша мазмұны және оның тиімділігі туралы қорытынды болуға тиісті. 
 
Баланстағы немесе табыстар мен шығыстар жөніндегі қорытынды есептегі цифрларды растаушы кестелерде: 

  •  
    жинақтаушы (негізгі) және баланс пен негізгі кестедегі цифрлардың қайдан шыққандығын көрсететін қосымша кестелер болуға тиісті;
  •  
    қосымша және негізгі кестелердің арасында, сонымен бірге жүмыс құжаттарындағы немесе шоттардың өздеріндегі кез-келген цифрларды түсіндіруді оңайлату үшін қосымша және негізгі кестелердің арасында өзара байланыс болуға тиісті;
  •  
    аудитор жылдар бойынша динамикаға қатысты шын ақпараттар алу мүмкін болу үшін өткен жыл бойынша салыстырмалы цифр беруге тиісті;
  •  
    егер шоттарда қорытынды түзетулер (корректировка) жасалған болса, жөнделген болуға тиісті;
  •  
    кестелердегі цифрларды тексеру үшін өткізілген тестілер көрсетілуге тиісті.

 
Аудитті өткізу үшін аудиторға қажет кестелерді клиенттің өзі алдын-ала дайындап қоюы мүмкін. Аудитордың уақыты мен шығынын үнемдеу үшін осы кестелердің көшірмесін пайдалану жөнінде келісім жасалынуы керек, бірақ аудитор олардың сенімділігіне көз жеткізуге тиісті. Егер клиентте дайын кесте болмаса, онда аудитор кестені дайындауды одан сұрауына болады.


Информация о работе Аудиторлық дәлелдеу және құжаттау