Аудит, пайда болуы мен дамуы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Января 2013 в 18:15, курсовая работа

Краткое описание

Курстық жұмыстың мақсаты: Аудит бізге осы уақытка дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуде үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда оның рөлі орасан зор.

Содержание

КІРІСПЕ ...................................................................................................................................3
I АУДИТТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ, МӘНІ, ПРИНЦИПТЕРІ....................................................5
1.1. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы......................................................8
1.2. Аудит мазмұны мен құрамы .......................................................................11
1.3. Аудиттің компоненттері мен негізгі принциптері ....................................13
II ҚАЗАҚСТАНДА АУДИТТІҢ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМЫ....................................................16
2.1. Қазақстанда аудиттің дамуы .......................................................................18
2.2. Қазақстандағы аудиттің нарықтық қатынастардың қалыптасуына әсері.19
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУДИТОРЛЫҚ КОМПАНИЯЛАРЫНЫҢ ДАМУЫ......................................................................................................................................21
3.1. «Центраудит-Қазақстан» Тәуелсіз аудиторлық компаниясы» ЖШС-ның даму жолы..............................................................................................................22
3.2. " Alliance Audit co " ЖШС құрылуы, көрсететін қызметі..........................24
ҚОРЫТЫНДЫ ........................................................................................................................27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ .......................................................................29
ҚОСЫМШАЛАР.......................................................................................................................30

Вложенные файлы: 1 файл

курсовой аудит.docx

— 116.09 Кб (Скачать файл)

Еліміздің экономикалық нарықтық қатынасқа көшу барысында-ғылыми мен  білім практикалық қызметтің  даму жолында жаңа ғылым саласының  пайда болуына алып келді. Бұл-аудит. Аудиттің мазмұнын терең анықтаудан бұрын бұл сөздің шығу тарихын  айтатын болсақ, ол алғашқыда "тыңдаушы" деген мағынада қолданылған. Осы  орайда "аудитор" сөзі нені білдіреді, оның міндеті неде, қай уақытта  пайда болған және қандай объективті жағдайлар оған қажеттілік туғызғанын қарастыру қажет.

Аудитор латыннның "audio" деген сөзінен шыққан, яғни ол "тыңдап тұр" деген мағынаны білдіреді. Шаруашылық-жұмыс  барысында тиісті мәліметті тексеруші  немесе бақылап-басқарушы тыңдаушы болған. Сондықтан ерте заманда "аудитор"- "тыңдаушы" дегенді білдіретін, яғни қандай да бір нәрсені тыңдайтын  адам. Ол адам қызмет барысында аудитор  деп аталынған.

Орта ғасырдың соңғы жылдарына  дейін барлық елде әріп танитын және жаза алатын адамдар өте аз болғандықтан, аудитор деп-лауазымды қызметкерледің қорытынды есебін тыңдауға тиісті қызметкерлерді "аудитор" едп атаған. Бір қызығы сол, алыс, ерте кездерде адамдар аудитор  қызметінде есеп берудің жазбаша түрінен, ауызша түрінде мәлімет есеп беруін артық санаған. өйткені кез-келген жазба құжатты қолдан әр түрлі етіп жазуға, өзгертуге болады деп түсінген. Ал, ауызша есеп, мәлімет беруде көзбе-көз отырғанда, есеп беруші өтірік айта алмайды деген. Қазақтың: "бет көрсе-жүз ұялады",-деген ұлы сөзінің мағынасы осы негізге келетін шығар, екіншіден "тыңдаушы" мен саған "сенемін"-деген, адамгершілік қасиет негізге алынған деп тұжырымдауға болады.

 

    1. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы.

 

Аудит бізге осы уақытқа  дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуден үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне  үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан  да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-сарапшы, аудитор  дайындау өте қажет жұмыс деп  табылған. 
Америка Құрама Штаттарындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясы зерттеу қорытындысына: "бұл аудит-қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді"-деп жазған.

Аудит мамандарын шет елдерде  әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та олар қоғам бухгалтері, Англияда-ревизор, Францияда-бухгалтер-сарапшы немесе есеп комиссары, Германияда-шаруашылық басқарушысы және тағы басқадай деп  те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне  қарамастан олардың барлығы бір  ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің бухгалтерлік қортыныды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау  ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі  мақсаты сол тексеру нәтижесін  тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.

Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмыспен шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп- атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды  береді. Аудитор өз кезегінде әр үрлі қызмет көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру туралы, салық мекемесіне есеп айырысу тәсілдері  туралы, банк операцияларын жүргізу  туралы тұжырымдарға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.

Аудит жұмысының тағы бір  ерекшелігі ол-шаруашылық субъектілеріне, өндіріс барысына байланысты, өнімді сату барысына, маркетинг мәселелеріне қатысты түсініктемелер, кеңес берумен  шұғылданады. Олай дейтініміз, ірі аудит фирмалары үлкен информатика орталығын қолданып жұмыс жүргізеді.

Үшіншіден, аудит жұмысы ақша, құнды қағаз қаржысы мен  кәсіпкерлік жасайтындардың яғни, қаржы  компанияларының, банкілердің, биржалардың, акция иелерінің қорытынды бухгалтерлік есеп көрсеткіштерін, ақпарат (отчет) мәліметтерін тексеріп өзінің аудиторлқ қорытындысын жасауы. өз кезегінде осы аудитор  қорытындысы ақша, құнды қағаз  айналу операцияларын жүргізетін, делдал кәсіпкерлерге өзара немесе өндірістік кәсіпкерлер тобымен жұмыс істеуніе кепілдік береді. Қорыта келгенде, аудитор  қорытындысына сүйене отырып, ақшамен, кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындар, кәсіпкерлер күдіксіз өзара қарым-қатынасқа  түседі. Мысалы, банк несие беру үшін шаруашылық субъектілерінің өндірісінің  тиянақты жұмыс жүргізетін қаржылық жағдайының тұрақты екенін аудит  қорытындысы арқылы анықтайды. Сол  сияқты, кез-келген кәсіпорында өзара  қарым-қатынасқа сенімді болу үшін аудитордың қорытындысы болу қажет.

Осы жоғарыда айтылған аудит  ерекшеліктерін іс жүзінде қолдану  үшін экономикасы жоғары дамыған  елдерде, кәсіпорындардың мерзімдік  қорытындылары, бухгалтерлік отчеты тек  қана аудитор қорытындысы болған жағдайға ғана басылымға шығады. Кәсіпкерлер  сол басылымға шыққан есеп-ақпарат  мәліметтерін зерттеп, талдау жасағаннан кейін ғана өзіне қажет, сенімді  кәсіпорындармен қарым-қатынасқа  түседі. Яғни, анық мәлімет алу үшін мұқтаждығы бухгалтерлік ақпараттардың  дұрыстығын анықтайтын аудит жұмысының  қажеттілігін тудырады.

Аудитке қажеттілікті тудыратын  объективтік жағдайлар: 
- инвесторлар мен кәсіпорын әкімшілігінің бір-біріне сенімсіздік көрсетуіне байланысты. Себебі, олардың мүддесі бір емес. Әсіресе, кәсіпорын әкімшілігі өз пайдасына тиімді түрінде есеп жүргізуі мүмкін; 
- кәсіпорын әкімшілігінің ақпарат көрсеткіштері дұрыс болмаса, соған сәйкес шаруашылықты басқару шешімі дұрыс болмауынан; 
- кәсіпорын әкімшілігінің арнайы білімінің болмауы мүмкін; 
- кәсіпорын шаруашылығының күрделігіне сәйкес, "коммерциялық құпияны" сақтауға байланысты, есепке алынған мәліметтердің дұрыс болмай шығуынан.

Аудит бізге осы уақытқа  дейін белгісіз болды деп айтуға болмайды. Шет елдерде аудит ерте заманда дамыған. Бухгалтерлік есеп жүргізуде, экономикалық талдау жасауда, басшылық жүргізуден үлкен орын алған. Себебі, кәсіпорында басшылық жүргізуде, шаруашылықта бақылау жасауда, оған бірден-бір негіз болатын, бухгалтерлік есеп және аудит қызметі екеніне  үлкен көңіл бөлінген. Сондықтан  да, шет елдерде ерте кезден бастап арнайы бухгалтер-сарапшы, аудитор  дайындау өте қажет жұмыс деп  табылған. 
Америка Құрама Штаттарындағы ғалымдар аудиторлық фирмалардың жұмыстарын, атқаратын функциясы зерттеу қорытындысына: "бұл аудит-қызметінің идеясы, мазмұны мен мағынасына ерекше көңіл бөліп қарастыруға, талдауға тұрарлық жұмыс, біздің жағдайымызда оны қолдану, есепті жетілдіру мен өндірісті басқару ісінде зор әлеуметтік ұйымдастырушылық және экономикалық эффект берер еді"-деп жазған.

Аудит мамандарын шет елдерде  әр түрлі атайды. Мысалы, АҚШ-та олар қоғам бухгалтері, Англияда-ревизор, Францияда-бухгалтер-сарапшы немесе есеп комиссары, Германияда-шаруашылық басқарушысы және тағы басқадай деп  те атайды. Айтылуындағы өзгешеліктеріне  қарамастан олардың барлығы бір  ғана мақсатпен жұмыс істейді. Шаруашылық қызмет жасаушы субъектілердің бухгалтерлік қортыныды есебін тексеру, оның ішінде қаржылық деңгейін тексеріп анықтау  ерекше орын алады. Аудитордың ең негізгі  мақсаты сол тексеру нәтижесін  тұжырым жасау арқылы аудиторлық қорытынды жасау.

Дамыған елдерде ерте кезден бастап аудит жұмыспен шаруашылық субъектілеріне қызмет көрсету деп- атап кеткен. Оған себеп, кәсіпкер өз субъектісі туралы аудиторлық қорытынды алу үшін келісім-шарт жасау арқылы төлем жасайды, ал өз кезегінде келісім-шарт талабына сәйкес тексеру жасап, аудиторлық қорытынды  береді. Аудитор өз кезегінде әр үрлі қызмет көрсетеді. Мысалы, бухгалтерлік есеп жұмысын ұйымдастыру туралы, салық мекемесіне есеп айырысу тәсілдері  туралы, банк операцияларын жүргізу  туралы тұжырымдарға кеңес, тағы басқалай әр түрлі қызмет көрсете алады.

Қазақстан Республикасында  аудит фирмасы алғаш рет 1990 жылы Қазақстан Кеңес өкіметінің Министрлер Кеңесінің қаулысы бойынша құрылды (15.11.1990ж. №60). Осы қаулы негізінде  Республиканың Қаржы Министрлігі  жағынан шаруашылық есеп принциптерінде аудит орталығы "Қазахстанаудит" фирмасы ашылды, ал облыстарда оның территориялық бөлімшелері құрылды. 1992 жылдан бастап дербес акционерлік  компания болып, Республикамыздағы  барлық түрдегі меншіктегі кәсіпорындарға, мекемелерге аудиторлық қызмет көрсетіп отыр.

Еліміздегі аудит жұмысының  тиянақты дамуына бірден-бір негіз  болған, заң тұрғысынан жұмыс жүргізуге, құқылығын анықтап отырған, 1993 жылы 18 қазан айында Жоғары Кеңес қабылдап, бекіткен "Қазақстан Республикамыздағы  аудиторлық қызмет" туралы заңы. Бұл  заң аудит қызметін бір жүйеге келтіріп, оның тиімді жүргізілуін  қамтамасыз етеді. Осы заңға сүйене отырып еліміздегі аудиттің даму жолы анықталады, шет ел аудит фирмаларымен қарым-қатынас, бірлесіп аудит жүргізу, мамандану жолдары белгіленеді.

Қазіргі кезде біздің елімізде Еуропалық "үлкен алтылық" тобының  филиалдары жұмыс істейді. Сонымен  қатар, біздің елдің аудит фирмасы  да қосылып аудит жұмысын жасайды. Соның салдарынан аудит қызметінде тағы басқадай қызмет көрсетудің сапасы көтеріліп отыр. 
Қазақстан Республикасында нарықты қатынасқа көшу барысында тиянақты, қатал бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шет ел үлгісінен белгілі. Себебі нарықты қатынас принципімен дамуды қамтамасыз ету үшін ол елде-бәсекелестік шешуді рөл атқарады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету үшін өте қатал бақылау-тексеру болуы қажет. Соның нәтижесінде ғана нарықты қатынас жолымен дамудың тиімділігі іске асырылады. Немесе "ойын тәртібі" сақталмаған елде экономикасының нарықты қатынас жолымен дамуы іс жүзінде орындалмайды. Сондықтан да аудит жұмысының қажеттілігі көптеген себептермен анықталады. Олар, біріншіден, кәсіпкерлер өз шаруашылығының тиянақтылығын қамтамасыз ету , екіншіден, өз жұмысын өзі сенімді түде басқару, жүргізу , үшіншіден, кәсіпкерлер өзара қарым-қатынаста сенімді жұмыс істеу үшін және өзінің капиталының тиімділігіне сенімді болу .

Қазақстан Республикасының егемендік  алып, нарықтық экономикаға көшуі  қоғамдық өмірдің барлық жағынан  өзгеруіне әкелді. Елде кәсіпкерлік  қызметтегі әртүрлі субъектілердің ара қатынастарын реттейтін жаңа экономикалық институттар туындау  қажеттігі пайда болды. Оның ішінде аудиторлық институтқа деген қажеттілік өзгеше болды. Оның басты мақсаты  – бухгалтерлік және салықтық есептілікте  көрсетілетін ақпараттардың шынайылығын  бақылауды қамтамасыз ету. Ақша-қаражаттарын қолдану бойынша, заңды объектілерде сауда операциялары мен инвестицияларды  жүзеге асыру бойынша мәліметтер тәуелсіз аудитор көмегімен объективті түрде расталады.

Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен қатар  кредиторлар өз қызметтерінің саласында  барлық  көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне  өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз  аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық  тексерулер өздерін қызықтыратын  қаржылық  есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың  мемлекеттік органдары,   министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.

 

    1. Аудиттің мазмұны мен құрамы

 

Аудиторлық қызметтің  мазмұны қаржылық есеп беруді, төлем  есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес  беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен  қалпына келтру, ұйымның активтері  мен міндеттемелерін бағалау, салық  декларациясын толтыру, қаржы шаруашлық  қызметке экономикалық талдау жүргізу  бойынша тұтынушыларға қызметтер  ұсынытын аудиторлық фирмалардыңкәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

Қаржылық есеп беру аудиттің мақсаты – аудиторға қаржылық  қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі апектілер бойынша  қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатында стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тұтынушы  қоятын мақсатты түсінуіміз керек.

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық  ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық  операцияларды ақша қаражаттары  ман инвестициялардыңзамын жүргізу  бойынша сан алуан келісім  шарттық қатынастарға түседі. Қажетті  ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар  арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.

Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен  қатар кредиторлар өз қызметтерінің  саласында барлық  көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне  өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз  аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық  тексерулер өздерін қызықтыратын  қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың  мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.

Информация о работе Аудит, пайда болуы мен дамуы