«Директ-костинг» жүйесінің теориялық негізі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Октября 2015 в 12:56, курсовая работа

Краткое описание

Алғаш рет шығындарды тұрақты және айнымалы деп неміс ғалымдары Т:Е.Клипштейн, О.Шманбах және Г.Гесс бөлді. Бірақ олар бұл классификацияның шарттарын нақты құра алған жоқ. Шығындарды өндірістің көлемінің өзгеруіне байланысты тұрақты және айнамалыға бөліп нақты құрған 1923 жылы Дж. Кларк болды. Ол өндірістің жиынтық шығындарды тұрақты және айнымалыға бөлу қажеттігіе негіздеді. Тұрақты шығындарға ол негізгі капитал амортизациясын, әкімшілік және техникалық персоналға кететін шығындарды жатқызады. Дж. Кларктың айтуынша айнымалы шығындар - бұл өндірістік өнім көлеміне тәуелді материалдар мен шикізаттар бағасы, электроэнергия, жұмыс күші құралдар эксплуатациясы.

Вложенные файлы: 1 файл

Директ-костинг 1-2 болим.docx

— 84.10 Кб (Скачать файл)

Калькуляциялау процесіне  өнімнің бірлігіне кететін тікелей және үстеме шығынның саласын есептеу кіреді. Тікелей шығындар шығындар есебінің  объектісі  өнім түрлері брйынша ұйымдастырылады. Ал үстеме шығындар тұрақты шығындар ұйымдастыратын шығындар есебінің объектісі немесе өнімнің түрі бойынша таратылады.

Үстеме шығындарды тарату әдісі өндірістің спецификасына тәуелді және оны кәсіпорын өз қалауына қарай таңдап алады.  Мысалы, Шымкенттік сыра заводында  үстеме шығындар өндірістік жұмыскердің негізгі жалақысына пропорционалды таратылады. Үстеме шығындарды есепке алудағы типтік операциялардың шоттар кореспонденциясы 6-кестеде берілген.

 

6-кесте 

Үстеме шығындарды есепке алудағы типтік операциялардың шоттар кореспонденциясы

 

Шаруашылық операциялардың мазмұны

Дт

Кт

1

Үстеме шығындарды негізгі, көмекші және өз өндірісіндегі шалафабрикаттар өндірістері арасында бөліп тарату

8010

8020

8030

8040

2

Негізгі және көмекші өндірістер цехтарының жалпыцехтық мұқтаждықтарына босатылған материалдар

8040

1310

3

Цех қызметкерлерінің еңбекақысы есептелінді

8040

3350

4

Сыртқы ұйымдардың көмегімен негізгі құралдарды жөндеумен байланысты шығындар есептен шығарылды.

8040

3310

3340

3390

5

Өндірістік айналымдағы негізгі құралдар бойынша тозу сомасы есептелінді

8040

2420

6

Негізгі құралдардың ағымдағы жалға берілген жал ақының сомасы көрсетілді, ағымдағы кезеңге қатысты 

8040

3360

7

Өндірістегі МЕА бойынша амортизация есептелінді

8040

2740


 

Кәсіпорын нарықтың қазіргі шарттарына үйрену үшін  тұрақты өзіндік құн және айнымалы өзіндік құн туралы жан-жақты ақпарат керек. “Директ-костинг” жүйесіне түрлері бойынша шығын есебі, пайда болу орны және тасмалдаушылар бойынша , өндірістік қызмет нәтежелер есебі, сонымен қатар  шығындар ме нәтежені талдау және басқару шешімін қабылдау кіреді. Енді сыра өндірісіндегі “директ-костинг” элементтерін келтірілген пунктер бойынша қолдану мүмкіндігін қарастырамыз.

Батыс мамандарының айтуынша, орны бойынша шығындар  соңғы шарттар бойынша, біріншіден,  жалпы шығындарды тұрақты және айнымалыға бөлу арқылы, екіншіден, нормативтік есеп және олардың фактілерден ауытқумен ұйымдастырылуы керек. Шығындардың пайда болу орны бойынша есептің проблемаларының бірі -  белгілі бір уақыт аралығында көлемнің өзгеруіне байланысты, ал өндіріс көлемінің  көрсеткіштерінің мағынасында өсуіне байланысты “ секіріс тәрізді” шығынның болуы.

Бұл  проблеманы   шығындарды 3 топқа бөлу арқылы шешуге болады:

  • Өндіріс көлемі өзгеруімен бірге пропорционалды өзгеретін  абсолютті айнымалы шығындар;
  • Салыстырмалы айнымалы (немесе салыстырмалы тұрақты)  -  секіріс тәрізді шығындар;
  • өндіріс көлемінің өзгеруінен тәуелсіз  абсолютті тұрақты шығындар;

Сыра өндіретін заводтың өндірістік есебіне «директ-костинг» элементтерін тиімді енгізу үшін қаржылық бөлім үстеме шығынның өндіріс көлеміне тәуелділігін зерттейді. Бұл мысалы үшін осы тәуелділіктің гипотизалық мәліметтерін аламыз. Үстеме шығындар үшін тәуелділіктің келесі көрсеткіштерін аламыз: өндірістік құралдар амортизациясы 25%-ке айнымалы, құралдарды жөндеу шығындары 30%, құрам бойынша және құралдардың эксплуатациясы 30%, еңбекақы қосқандағы цех персоналының құрамы 35%,  салық бойынша шығындар және МЕА амортизациясы толығымен тұрақты, лаборатория құрамы бойынша шығындар 40%-ке айнымалы. Есеп беру уақыт аралығындағы пайда болу орны бойынша шығын түрлері  В қосымшасында көрсетілген.

Жалпы шаруашылық шығындар тұрақты түрде болады, есеп берудің ұзақтығына тәуелді және ХҚЕС-қа сәйкес калькуляциялау объектілері арасындағы жанама әдіспен таратылмауы мүмкін, тікелей 5610 «Жиынтық табыс» шотына жіберіледі. Бұндай тәсіл «директ-костинг»  жүйесінің басты ерекшелігі болып табылады.

Шымкент сыра өндіретін заводының есеп саясатында 7210 «Жалпы және әкімшілік шығындар»  шоты 2 субшотқа бөлінеді. Өндірістік үстеме шығындарға келетін болсақ, бұл жерде «директ-костингті» пайдаланудың 2 жағдайын айтуға болады:

          Бірінші жағдай тек шектелген  өзіндік құнды калькуляциялаумен  байланысты, бөлімшелер бойынша  есеп  және пайда болу орны  бойынша  шығын арасында тек  айнымалы үстеме шығындар таратылады. Тұрақты шығындар таратылмайды, ол жалпы сома нәтежесінің  дебет шотына жазылады. Бұндай  жағдай өндірістік үстеме шығындар  есебі үшін 2 шоттың жүргізілу  қажеттілігін туғызады: «Тұрақты  өндірістік үстеме шығындар»  және «Айнымалы өндірістік үстеме  шығындар».

Екінші жағдай сыра өндіретін заводқа тиімдірек болып табылады, себебі толық өзіндік құн есебінде өндірістік үстеме шығынды тұрақты (айнымалы) шығынға бөлу принципін қолданудан тұрады. Бұл жағдайда тұрақты да, айнымалы да шығындар өндірістік үстеме шығынның өндірісітк шотына жабылады. Тұрақты шығындар көлемі  бөлімнің қызметінің көлеміне сәйкес кәсіпорынның өндірістік күштерінің нормалды жүктеуіне бағытталған смета бойынша қалыптасады.

«Директ-костинг» жүйесі бойынша шығындар мен нәтежелер есебінің келесі элементі – бұл тасымалдаушылар бойынша шығындар есеп                                (бұйымның бірлігінің өзіндік құнын калькуляциялау).  Тасымалдаушылар бойынша есеп 7-кестеде көрсетілген.

  

7-кесте                              

Тасымалдаушылар бойынша есеп

 

Шығын түрлері

Сыра сорттары

«Жигулевское»

«Казахстанское»

«Алатау»

Қалдықты есептеуге шикізат

69,2

80,3

118,74

Қосалқы материалдар

21,78

45,35

4,11

Суық

6,19

6,19

6,19

Жылуэнергиясы

9,29

9,30

9,31

Электроэнергия

2

2

2

Еңбекақы

36,16

36,16

36,16

Әлеуметтік салық

6,6

6,6

6,6

Айнымалы үстеме шығындар

12,45

12,45

12,45

-қайнату цехында

0,66

0,66

0,66

-ашыту цехында

0,86

155,2

90,9

-лагерлеуде

0,86

155,06

90,82

МРЦ

1,03

185,91

108,89

өткізу және басқару бойынша

9,05

1638,34

959,74

Айнымалы өзіндік құн

163,64

198,48

195,79

Тұрақты үстеме шығындар

36,74

36,74

36,74

Толық өзіндік құн

200,38

235,22

232,53


 

Тасымалдаушылар бойынша шығындар есебінің нәтижесі олар бойынша шығын есебіне байланысты. Егер тасымалдау бойынша шығындар  нәтиженің есебі толық өзіндік құнды есептеуге негізделсе, онда нетто-табыс немесе нетто-зиян есептелінеді. Егер нәтиже бөлшектік шығынға негізделсе, онда бұйымдық брутто-табыс анықталады. Тасымалдаушылар бойынша шығындар нәтижесінің есебі 8-кестеде көрсетілген.

 

8-кесте 

Тасымалдаушылар бойынша шығындар нәтижесінің есебі

 

Көрсеткіштер

                              Сыра сорты

“Жигулевское”

“Казахстанское”

“Алатау”

1 дал сыраның сату бағасы

220,00

256,67

253,50

Айнымалы өзіндік құн

163,64

198,48

195,50

Маржиналды табыс

+56,36

+58,19

+57,71

Тұрақты шығындар

36,74

36,74

36,74

Нетто – табыс

+19,62

+21,45

20,97


 

Табыстар - қаржының келуі немесе ак-тивтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың үлғаюы болып табылады, бүл акционерлер салымдарының есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі. Тасымалдаушылар бойынша шығындар мен түсімдеріне нәтижесінің есебіне сәйкес уақыт аралығындағы нәтижелерінің есебі 9-кестеде көрстілген.

 

9-кесте

Уақыт аралығындағы нәтижелер есебі, мың тг

 

 

Көрсеткіштер

                                          Сыра   сорты

 

Барлығы

Жигулевское

Казахстанское

Алатау

Периодтағы сатудан түскен түсім

229900

46457,27

26871

303228,27

Сатылған өнімнің айнымалы өзіндік құны

171004

35926

20754

227684

Маржиналды табыс сомасы

+58896

+10531,27

+6117

+75544,27

Периодтағы тұрақты шығындар

38393

6649

3894

48936

Периодтағы нетто-табыс

+20503

+3882,27

+2223

+26608,27


Республикада сыра өндіретін кәсіпорында дайын өнімнің ағымдағы есебі нормативтік өзіндік құн бойынша жүргізіледі.  Есеп беру кезеңінің соңында нормативтік өзіндік құн ауытқу пайызының сомасын есептеу жолымен фактілікке жеткізіледі. Ауытқу пайызы келесі формуламен анықталады:

 

                                            Ауытқу сомасы

Ауытқу пайызы =  


                            Қалдық + нормативтік өз.құн бойынша кіріс етілгендер  

Фактілік өзіндік құннан нормативтік өзіндік құнның ауытқуын  негіздеу үшін, кәсіпорынға дайын өнім процесін көрсету үшін «Өнім шығарылымы» деген шотты қарастыруды ұсынамыз.

 

 

    1.   Кәсіпорынның зиянсыздығын талдау

 

Батыстағы өндірісік есептің сипаттамасы талдау және басқару шешімін біріктіру есебі болып табылады. “Шығын-көлем-пайда” жүйесінің көрсетуіштерінің қатынасын талдау CVP (Cost-Volume-Profit) – кәсіпорын менеджерлерінің қолындағы ең күшті құралдардың бірі. Ол осы көрсеткіштер  арасындағы байланысты түсінуге көмектеседі:

- өнім көлемі сату көлеміне әсер етеді;

- сату көлемі сатудан түскен түсімдіанықтайды;

- өнімді өткізуден түскен түсім  және  өндірістік  шығындар  кәсіаорынның өнімдер  түолері бойынша түскен табысты анықтайды.

Осыған байланысты зерттеу нәтижесі кәсіпорын басшылығына сатудың критикалық деңгейін 5-суретте анықтауға мүмкіндік береді.

 


 



 

 

 

 

 

 

Сурет-5. Сатудың критикалық деңгейі

 

Зиянсыздықты талдау кезінде зиянсыздық  нүктесі  анықтау қажет. Оны экономикалық әдебиеттерде әртүрлі атайды: критикалық нүкте, тепе-теңдік нүктесі т.б.

Зияныздық нүктесі – кәсіпорынның барлық шығындарды жабады, бірақ өзі  табыс таппайтын жағдайдағы сату көлемі. Басқаша айтқанда бұл  нүктедекәсіпорын сатудан пайда таппайды, бірақ зиян да келмейді. Тепе-теңдік нүктеде шығынның жалпы көлемі түсіинің жалпы көлеміне тең болады.

Зиянсыздықты талдаудың басты мақсаты -  өндірістің  көлем деңгейі өзгергенде  қаржылық  нәтеже қандай болатынын анықтау.

Өндіріс көлемі – жиынтық шығынның, сатудан түскен түсімнің өзгеруне әсер ететін басты фактордың бірі. Зиянсыздықты талдағанда ең бірінші өндіріс көлемінің критикалық нүктесін анықтап алу керек. Бұл нүктені анықтаудың 3 әдісі бар: математикалық, графикалық және маржиналдық табыс. Енді осы әдістерді жеке-жеке қарастырамыз.

Информация о работе «Директ-костинг» жүйесінің теориялық негізі