Еңбекақы есебі және аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Декабря 2013 в 19:44, дипломная работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңдағы ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда. Сол себепті қалыптасқан құрылымды мүлдем жаңартып, экономикалық әлеуметтік және рухани дамуға жол ашатын демократиялық қоғам құруға сай экономикамызды нарықтық қатынастарға көшіреді. Осы негізде әлеуметтік, күрделі мәселелерді шешу – бүгінгі күннің басты талаптарының бірі болып саналады. Әсіресе, соңғы жылдары экономика елімізде түбірлі өзгерістер орын алуда. Мұның өзі қоғамдық және өндірістік қатынастарда болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерге тікелей байланысты.

Содержание

КІРІСПЕ
1 ЕҢБЕКАҚЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
1.1 Еңбекақы, оның түрлері, нысандары және жүйелері.........................................5
1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Есеп саясаты......................10
1.3 Еңбек есебі және нормативтік реттеу................................................................13
2 ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 «Адитекс ЛТД» ЖШС – нің экономикалық сипаттамасы...............................16
2.2 «Адитекс ЛТД» ЖШС – нде еңбекақы есебінің ерекшеліктері және жұмыс уақытын пайдалану есебі..........................................................................................21
2.3 Еңбекақыны есептеу және төлеу есебі..............................................................22
2.4 Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдар............................................................30
2.5 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың аналитикалық және синтетикалық есебі.............................................................................................................................37
2.6 «Адитекс ЛТД» ЖШС – ндегі еңбекақы төлеу қорын талдау.......................43
3 ЕҢБЕКАҚЫНЫҢ АУДИТІ
3.1 Еңбекақы бойынша есеп айырысуда аудиторлық тексерудің ақпараттық көздері мен мақсаттары.............................................................................................47
3.2 Еңбекақының дұрыс есептелуін және олардан ұсталынатын ұсталымдар мен аударымдардың заңдылығын тексеру.....................................................................50
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...............................................................59
ҚОСЫМША. «Адитекс ЛТД» ЖШС – гінің бухгалтерлік балансы....................61

Вложенные файлы: 1 файл

ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ ЖӘНЕ АУДИТІ.doc

— 594.50 Кб (Скачать файл)

Мысалы: құрамында алты жұмысшы жұмыс істейтін бригаданың сәуір айында өндірген өнімі мен істеген жұмысына тиісті еңбекақы қоры 151010 теңге 06 тиынды құрайды делік. Бұл жағдайда осы бригададағы әрбір жұмысшының еңбекақы мөлшері олардың мамандық дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына сәйкес былайша есептеліп шығарылады (кесте 1).

 

Кесте 1 - Әрбір жұмысшының мамандық дәрежесі мен жұмыс істеген уақытына байланысты еңбекақы мөлшері

 

Жұмысшылар мен қызметкелердің аты-жөні

Мамандық дәрежесі

Жұмыс істеген сағаттарының саны (сағат)

Тарифтің коэффициенті

Тариф бойынша есептелген еңбеқақы сомасы (теңге)

Қосымша табыс коэффициенті

Жұмысшыларға есептелген еңбеқақы сомалары (теңге)

   

1

2

3

4 (2х3)

5 (6*/4*)

6 (4х5)

1

Алимова М.

1

176

2.92

513,92

29.4

15109,25

2

Акылбеков Т.

2

176

3.81

670,56

29,4

19714,46

3

Бочко Н.

3

168

4.85

814,80

29,4

23955,12

4

Байратов К.

4

160

5.15

824,00

29,4

24225,60

5

Дусенов Р.

5

172

6.04

1038,88

29,4

30543,07

6

Халилова Г.

6

176

7.24

1274,24

29,4

37462,66

 

Жиыны:

 

1028

 

5136,40

 

151010,16


 

Қосымша табыс коэффиценті  бұл мысалымызда 29 (жиырма тоғыз) теңге 40 (қырық) тиынға тең болып отыр.

Егер   кәсіпорындарда   өнім   өндірудің   тапсырмасын  артығымен   орыңдағаны,   жұмыс   істеу   барысында   ақау жібермегені, күрделі де қиын жұмысты атқарғаны, тағы басқалар  үшін  сыйақы  берілетін  болса,  онда  ол  сома бригаданың  жұмысшылары   мен   қызметкерлерінің  арасында   олардың   кесімді   еңбекақы   сомасына   үйлесімді (пропорционалды)  түрде  бөлінеді.   Кейбір  жұмысшылар мен қызметкерлер бір айдың ішінде бірнеше бригаданың құрамында  жұмыс  атқаруы   мүмкін.   Мұндай   жағдайда әрбір жұмысшы өзінің істеген жұмысы туралы мәлімет жазады. Осы деректі мәлімет негізінде сол жұмысшының немрсе қызметкердің есепті айдағы еңбекақысы есептеліп шығарылады. Жоғарыда  жалпы  көрсетілген  бригаданың табысын   жұмысшылар   мен   қызметкерлердің   арасында олардың жұмыс істеген уақыты мен олардың мамандық дәрежесіне қарай бөлу әдісі, бригада мүшесінің барлығын бірдей  адал   ниетпен  жұмыс  істеуге ынталандырмайды. Соған байланысты соңғы кезде еңбекақы сомасын бригада мүшелерінің  арасында   олардың   еңбекке   қатысу   коэффициентіне  қарай  бөлу әдісі  кеңінен  қолданылуда.   Ол үшін бригададағы жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір   мүшелеріне   ай   сайын   олардың   еңбекке    қатысу коэффициентін анықтайды. Жұмысты жақсы істеген, еңбек   өнімділігін   арттырған   жұмысшылар   мен   қызметкерлерге жоғарылату коэффициенті беріледі де, ал еңбек тәртібі мен техникалық қауіпсіздік ережесін бұзғаны үшін және құрал-саймандарға немқұрайлы қарағаны, тағы басқалар кемшіліктері үшін төмендету коэффициенті беріледі. Жұмыстағы  жетістіктері  мен жіберілген  кемшіліктерінің әрқайсысына байланысты ұйымдарда әр түрлі төмендету  және  жоғарылату коэффициенті  қарастырылады. Кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлерге негізгі аталатын  кесімді  және   мерзімді  еңбекақыдан  басқа түрлі  қосымша  еңбекақы  болып  табылатын  бір сыйақылар және жәрдемақылар төленуі мүмкін. 

Мерзімдік еңбекақыға жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, мерзімнен тыс уақытта істеген жұмысына есептелетін қосымша төлем, демалыс немесе қосымша мейрам күніне төленетін төлемдер, жұмыстың ауырлығы мен зияндығына төленетін қосымша төлем, өнім өндірудегі ақауға байланысты төлемдер, біреудің орнына жұмысты атқарғаны үшін төленетін төлем, тағы басқа төлемдер және өзіне белгіленген жұмыс уақытында істегеніне есептелетін төлемдер жатады. Мерзімдік еңбекақының жай мерзімді және мерзімді сыйлықты болып екіге бөлінеді.

Жай мерзімді жүйесі бойынша жұмысшы қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифті немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.

Мерзімді сыйлықты жұмысшы қызметкерлеріне тұрақты еңбекақы мөлшеріне тарифте немесе штатта көрсетілген еңбекақысына қосымша өндірген өнімнің көлеміне, санына, сапасына, тағы басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беріледі.

Мерзімді еңбекақыны есептеу

Халық   шаруашылығының   әр түрлі   салаларындағы ұйымдарда  қызметкерлерге төленетін мерзімдік еңбекақы толтырылған табельдердің   негізіне   ай   бойғы   қызмет атқарған (белгілі бір есеп айырмасын) уақытқа есептеледі. Негізінде мерзімдік еңбекақы бойынша есеп айырысатын уақыт есебіне күнтізбелік (календарьлық) ай, күн немесе сағат алынады.  Егер тұрақты еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер толық бір ай қызмет атқаратын немесе жұмыс істеген болса, онда оларға штаттық кестеде қаралған   немесе   кәсіпорынның   басшылығы   бекіткен мөлшерде еңбекақы сомасы толығымен төленеді. Егер ай сайын тұрақты мөлшерде еңбекақы алатын жұмысшылар мен   қызметкерлер  есепті   айда   бірнеше   күн жұмысқа немесе қызметке келе алмай қалған болса, онда оларға төленуге   тиісті   еңбекақы   сомасы қызметкердің толық ай жұмыс істеуіне тиісті белгіленген соманы   сол   айдағы   жұмыс   күндерінің   санына   бөліп алынған   нәтижені,   яғни   сол   айдан  бір   күнге   тиісті еңбекақы   сомасын   сол   айдағы  қызметкердің жұмыс істеген күндерінің санына көбейту арқылы табылады.

Мысалы:  сәуір  айында  22  жұмыс  күні  бар,   айына 55000  теңге  тұрақты   еңбекақы  алатын  жұмысшы,  сол айдағы 15 күн жұмыс істеп, 4 күн ауырып қалған және 3 күн қоғамдық жұмыс атқарған делік (кесте 2).

 

Кесте 2 – Мерзімді еңбекақыны есептеу

 

Аты-жөні

Қызметтік еңбекақы сомасы,тг

Істелген күндер саны

Ауырған күндер саны

Қоғамдық жұмыс,күндер

Есептелген еңбекақы сомасы,тг

Сагинаев А.

55000

15

4

3

45000


 

Қызметкерлердің    ауырып    қалған    күніне,    жәрдемақы  бюджеттен (әлеуметтік қордан) төленеді. Ал қалған 18 күні үшін (15 күн жұмыс істегені +3 күн қоғамдық жұмыс атқарғаны) еңбекақы ұйымның есебінен төленеді.

Бұл соманы анықтау үшін бір айға белгіленген тұрақты  еңбекақы мөлшерін, яғни 55000 теңгені  осы айдағы жұмыс күнінің санына яғни 22  күнге  бөлеміз  (55000/22).  Содан кейін оған нәтижені (2500 теңге) жұмыс істеген және қоғамдық жұмыс атқарған күндері сандарының қосындысына көбейтеміз. Бұл жағдайда жоғарыдағы мысалымызда көрсетілген жұмысшының сәуір айында тиісті мерзімді еңбек-45000 теңге болады. (2500 * (15+3)) = 45000 теңге.

Кәсіпорындарда қызметкерлерге мерзімдік еңбекақы жұмыс істеген  күні мен сағатына байланысты төленетін  жағдайларда, олардың бір күнге  немесе бір сағатқа белгіленген  сомасын нақтылы жұмыс істеген  күндері мен қоғамдық жұмыстағы  басқадай қосымша еңбекақы төленуге тиісті күндердің немесе сағаттардың жұмысына көбейту арқылы табылады.

 

    1.  Кәсіпорында бухгалтерлік есепті ұйымдастыру. Есеп саясаты

 

Кәсіпорынның өте маңызды  элементі болып бухгалтерия болып табылады, шаруашылық құралдардың есебін және кәсіпорын объектілерінің есебін жүргізеді.

Сонымен қатар бухгалтерия  функциясы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауы, оны жақсарту үшін  жұмысты басқаруда қандай бағыттарды қолдану керектігін зерттейді. Бухгалтерия салықтардың дәл және дер кезінде төленуін, сонымен қатар кәсіпорын ақша құралдарын қадағалайды.

«Адитекс ЛТД» ЖШС  – нде бухгалтерлік есепті жүргізу барысында әр жұмысшы өз міндеттерін атқарады.

Кәсіпорын бухгалтері келесідей  қызметтер атқарады:

Есептеуге салыстыруды  жүргізу, жабдықтаушылармен дебиторлық және кредиторлық берешектерді бақылау, бюджеттен салықпен есеп айырысудың аналитикалық есебін жүргізеді, айлық берілгендерін жинайды: салық органдарына салық төлемдеріне бойынша есеп-құрап тапсырады, олардың уақытында төленуін бақылайды, есептің дұрыстығын бақылайды.

Ал бухгалтер-кассирдің  атқаратын қызметі келесідей:

Бухгалтерлік есепте қабылдау және бухгалтерлік есептің алғашқы құжатамаларын дайындайды, есептік өңдеуге олардың бақылауын жүзеге асырады, ақша құралдардың қозғалысымен айналысады, есепті қызметкерлердің аванстық есебін дер кезінде және толық жапқандығын бақылайды, кәсіпорын қызметкерлеріне еңбекақы төлеу, сыйақылардың, іс-сапар және басқа шығындардың төленуін іске асырады, касса кітабын кіріс және шығыс құжаттардың негізінде жүргізеді, кітап қалдығымен ақшалы сомалардың нақты барын салыстырады, жалпы касса есебін құрастырады .

 Кәсіпорында  құжаттау  бухгалтерлік есептің негізі  болып табылады, кәсіпорындағы орындалған  шаруашылық операцияларына сәйкес  үздіксіз толтырылып, олардың мазмұнын  толық ашып көрсетеді және  ол бухгалтерлік есептің негізі.

Бухгалтерлік ресімдеу құжаттарды есеп мақсаттары үшін бухгалтерия қызметкерлері жасайды. Оған жинақтаушы ведомость-анықтамалар, бөлу ведомостері және басқалар жатады. Көбіне бұл құжаттар көмекші рөл атқарады және бухгалтерия жұмысын жеңілдетуге, оңайлатуға, жылдамдатуға және есептік жазуларды әзірлеуге арналып жасалады.

 Кәсіпорын бухгалтерлік есеп пен есеп берудің деректерінің шынайлығын қамтамасыз ету үшін мүлік пен қаржы міндеттемелеріне түгендеу жүргізеді.

Түгендеу – бұл  мүліктердің заттай нақты қолда  барын шоттарда көрсетілген бухгалтерлік есеп деректерімен сәйкестігін тексерудің әдісі. Түгендеу Қазақстан Республикасындағы «Бухгалтерлік есеп пен есеп беру туралы» Ережеге және негізгі құралдарды, тауарлы-материалдық қорларды, ақша қаражаттары мен есеп айырысуларды түгендеу жөніндегі негізгі ережелерге сәйкес жүргізіледі.

Кәсіпорындағы түгендеудің  негізгі міндеттері:

    • негізгі құралдардың, тауарлы-материалдық құндылықтардың, ақша қаражаттардың нақты қолда барын айқындау;
    • нақты қолда барын бухгалтерлік есептің деректерімен салыстыру арқылы тауарлы-материалдық құндылықтардың, ақша қаражаттардың сақталуына бақылау жасау;
    • сапа стандартына жауап бермейтін, яғни өзінің бастапқы сапасын ішінара жоя бастаған тауарлы-материалдық құндылықтарды анықтау;

Түгендеу жылдық есептемені жасамас бұрын жыл соңында міндетті түрде жүргізіледі. Түгендеуді тұрақты жұмыс жасайтын түгендеу комиссиясы жүргізеді. Комиссияның құрамына түгенделетін мүлікті, бағаның қалыптасу тәртібін, бастапқы есепті жақсы білетін, тәжірибелі қызметкерлер енуге тиіс.

Есеп құжаттарындағы операцияларды тіркеу үшін арнайы нысан кестелері: карточкалар, кітаптар, тізімдемелер мен журнал-ордерлер және тағы басқа түріндегі есептік тіркелімдер қолданылады.

Есептік тіркелімдер  шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есептің шоттарында көрсетуге қызмет етеді.

Тіркелімдерді толтыру  барысында немесе басқа да жіберілген қателіктерді түзетуге есеп тіркелімдерінде  келесі әдістер: түзетпелі, қосымша  жазу және қызыл сторно қолданылады.

Кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің фактілері бухгалтерлік есеп пен бухгалтерлік есеп беруде уақытында көрініс табады.

Қолданылатын есеп әдістері шығындар мен міндеттемелерді айқын  бейнелейді.

Есептің таңдалынған  әдістері әр айдың соңғы күнтізбелік  күніне айналымның талдамалық есебі  мен шоттар бойынша қалдықтардың синтетикалық есеп мәліметтерінің теңдігін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорынның есеп саясаты  бухгалтерлік есепті орынды және үнемді жүргізудің негізі.

Кәсіпорынның есеп саясаты кәсіпорында қолданылатын бухгалтерлік есеп жүйесінің тұтастығын және оны құраушы әдістемелік, техникалық, ұйымдастырушылық жақтардың барлығын қамтиды.

Информация о работе Еңбекақы есебі және аудиті