Еңбек және еңбек ақы есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 19:17, курсовая работа

Краткое описание

Алдыменен жұмысымның кіріспелі бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған ісіме дұрыс көңіл аударатын шығар деп ойлаймын.Осы тақырыпты таңдағаным Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайында еңбек және еңбек ақы есебін ұйымдастырудың ролі мен мәнін арттыру.
Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы қимылын анықтап, бәсекелес-субъектіні айқындауға , сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
1.Енбек және еңбек ақы есебі................................................................3
1. Еңбекақы есебі және міндеттері.....................................................5
1.1Еңбекақының түрлері мен нысандары.............................................................5
1.2Еңбек пен еңбекақы есебінің міндеттері........................................................20
2.Еңбекақы есептеу.............................................................................23
2.1 Еңбекақы есептеу тәртібі................................................................................23
2.2 Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі.........................................................29
3 Еңбекақы жинағы............................................................................34
3.1Еңбекақы жинағы және оларды тарату..........................................................34
3.2 Қазақстандағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар.....................36
Қорытынды..........................................................................................................40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................41

Вложенные файлы: 1 файл

kurs_2074.doc

— 197.50 Кб (Скачать файл)
  • жүкті (екі қабат) және босануға байланысты демалыстағы әйелдер, сондай-ақ бала асырап алған әйелдер;
  • заңда қаралған жасқа дейін баланы қарауға демалыс алған әйелдер (ер адамдар);
  • оқу демалысындағы еңбекақылары түгел, жартылай сақталған, немесе сақталмаған жұмысшылар мен қызметкерлер, сондай-ақ жоғары  және арнаулы оқу орындарына  түсуге емтихан  тапсыру үшін еңбекақысы сақталмай жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлер;

- әкімшіліктің ұйғарымы  бойынша еңбекақысы сақталмай демалысқа кеткен жұмысшылар мен қызметкерлер және басқалар.

Кәсіпорындағы орташа еңбекақыны табу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлер санын анықтау  барысында нақтылы жұмыс істегеніне қарай үйлесімді (пропорционалды) түрде күніне немесе аптасына толық жұмыс істемейтін жұмысшылар мен қызметкерлер кіргізіледі. Алдымен жұмыс істеген адам/күні табылады. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің барлық жұмыс істеген сағатына, белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығына бөлінеді. Содан кейін барлық жұмыс істегенсағатын, күнін, айлық күнтізбелік күнге бөлу арқылы жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлердің  саны табылады.

Орташа еңбекақы есептеу  үшін есепке алынатын жұмысшылар мен  қызметкерлердің құрамына (қатарына) үйде отырып жұмыс істейтін жұмысшы-қызметкерлер де кіреді. Олардың саны ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген айлық еңбекақы қорының сомасын сол ұйымда негізгі қызмет атқаратын жұмысшылар менқызметкерлердің есепті айдағы орташа еңбекақысына бөлу арқылы анықталады.

Істелген жұмыс уақытының есебі.

Жұмыс істелген уақыт  көрсеткіші, жұмысшылар мен қызметкерлердің  еңбекақысын жұмыс істеген уақытына қарай есептеуге, оларға өндірілген өнімнің өнімділігін есептеуге  және жұмысшылар мен қызметкерлердің  белгіленген мөлшерін (нормасын) орындау барысын анықтауға, сонымен қатар жұмыс істегені жайлы статистикалық көрсеткіштерді алуға, жұмыс күнінің балансын анықтауға сонымен қатар жұмыс істегені жайлы статистикалық көрсеткіштерді алуға,  жұмыс күнінің балансын жасауға қолданады. Жұмыс істелген уақыт есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келуі, олардың жұмыс істегені, жұмыстың тоқтап қалуы және де жұмысқа келмеген жұмысшылар мен қызметкерлердің санаттары ( категориялары) бойынша табельде алфавит бойынша реттік нөмірі санына қарай жүргізіледі. Жалпы табельдер жұмыс істеген уақыты бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын есептеуге арналған.

Табельдерде кәсіпорынның әр құрылымының өкілдері бойынша  жұмысшылар мен қызметкерлердің  жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғанына байланысты белгіленген  шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғаны туралы құжаттарды осы табельге қосымша тіркеледі.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің  демалысқа шығуы, іссапарда болуы, жұмысқа себепсіз кешігуі, тағы басқа жағдайлар табельдетиісті белгіленген белгімен көрсетіледі.

Ол үшін әріптік, мысалы:

  • іс-сапарындағы жұмысшы-қызметкерлер үшін –і
  • демалыстағы жұмысшы-қызметкерлер үшін – д
  • жұмыстан себепсіз кешіккен жұмысшылар үшін –с тағы да басқа белгілер қолданылады.

Табельде жұмысшылар мен қызметкерлердің тек қана жұмысқа келген немесе жұмысқа келмеген күнін белгілеп қана қоймай, олардың  жұмысқа кешіккенін, мерзімінен тыс  жұмыс істеген уақытын, жұмыс  істеудің белгіленген уақытын, тағы басқа себептерді есептеу үшін белгілер қойылады.

Табельдер мен оларға негіз болған алғашқы құжаттар еңбекақы есептеуге және жұмысшы қызметкерлердің  жұмыс істеген уақытын есептеу  үшін пайдаланады. Сонымен қатар  цехтар мен бөлімшелер  бойынша  жинақталған деректер жұмыс уақытының балансын жасауға, нақтылы жұмыс істелген уақыты жайлы статистикалық есеп беруге пайдаланады. Бұл көрсеткіштер еңбектің өнімділігін анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар жұмыс уақытының пайдалану нәтижесінде анықтау үшін де қажет болып табылады.

 

1.3 Қазақстандағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар.

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін шот

Кредителетін шот

1

2

3

4

1

Жұмысшылар мен қызметкерлерге  еңбекақы, сыйақы және басқа да төлемдер есептелінді:

- Негізгі өндіріс жұмысшыларына;

-Қосалқы өндіріс жұмысшыларына;

-Цехтың қызметкерлеріне;

- Кәсіпорынның басқару  аппараттары қызметкерлеріне;

- Маркетинг бөлімінің,  басқа да тауарларды (қызметтерді,  жұмыстарды) сатумен айналысатын жұмыскерлерге;

 

 

902

922

932

821

 

811

 

 

681

681

681

681

 

681

2

- Жұмысшыларға кезекті  демалыс ақысын есептеу (егер  демалыс ақысын төлеуге резерв  құрылған болса)

- Демалыс ақысының  есептелген әлеуметтік салық  сомасы

 

685

 

685

 

681

 

635

3

Жұмысшылар мен қызметкерлерге  есептелген еңбекақыдан  ұсталатын табыс салығы сомасына

681

686

4

Жеке тұлғаларға есептелген  еңбекақыдан ұсталатын табыс  салығы сомасына

681

639

5

Жұмысшылардың еңбекақысынан  сот органдарының  шешіміне сәйкес орындалатын құжат бойынша ұсталатын сомаға

 

681

 

687

6

Жұмысшылардың еңбекақысынан  олардың есеп беруі бойынша ұсталатын  сомаларына

681

333

7

Бүлінген материалдық-құндылықтардың орнын толтыру мақсатымен  жұмысшылардың  еңбекақысынан  ұсталатын сомаға

 

681

 

333

8

Жұмысшылардың  еңбекақысынан олардың  алдыңғы уақыттарда алған қарыздары үшін  ұсталатын сомаларға

 

681

 

333

9

Есептелген, бірақ белгіленген  мерзімде таратылмаған еңбекақы (алушының келмеуіне байланысты)

681,682

687

10

Жұмысшылар мен қызметкерлерге кассадан төленген еңбекақы, сыйақ, жәрдемақы және  зейнетақы сомасына

681

451

11

Лауазымды тұлға болып  саналатын жұмысшылар  мен қызметкерлерге есептелген төлемдер (басқарма тексеру  комиссиясының, бақылау кеңесінің, тағы басқа мүшелеріне)

 

821

 

682

12

Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақыдан ұсталған табыс салығы сомасы

682

639

13

Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақы сомасы кассадан төленді

682

451

14

Жұмысшылардың алдағы уақыттардағы демалыс ақылары үшін есептелген резерв сомасына

903,913,923,821

685

15

Есептелген әлеуметтік салық сомасы

821,902,922,932

635


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1Еңбекақыдан ұсталатын және шегерілетін сомалар есебі.

 

Қазақстан Республикасы заңына сәйкес жұмыскердің еңбекақысынан: міндетті зейнетақы, жеке, табыс салығы, орындаушы қағаздар бойынша, сонымен  бірге жұмысшының жазбаша келісім бойынша, немесе жұмыс берушінің бастамашылығымен жұмыскердің келісімінің еңбекақы есебінде төленген авансты қайтару үшін (артық төленген соманы қайтару үшін) және т.б. жағдайларда ұстап қалулар болады.

Жеке табыс салығын  ұстау. Салық кодексінің 145-бап ставкасына сәйкес, еңбекақы, сонымен қатар жұмыс орындарынан төленетін төлемақылар, натуралды төлем ақыны қоса есептегендегі қызметкерлер табыстары, материалдық, әлеуметтік табыстарынан жеке табыс салығы ұсталады. Жеке табыс салығын есептеу, ұстау белгіленген заңдылықтар бойынша, ай сайын өспелі жиынтықтан жүргізіледі.

Салық жылы аяқталғанға  дейін қызметкер жұмыстан шығатын  болса, оның алған табыстарына сәйкес, нақтылы істеген мерзіміне қарай, қайта есептеу коэффициентін  пайдаланып (1) жеке табыс салығы қайта есептеледі.

Осы күнгі қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан тек заңда қаралған ұсталымдары ғана ұстап қалуға болады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан кәсіпорынның бухгалтериясы (есеп бөлімі) арқылы ұсталуға болатын (сомаларға) ұсталымдарға мыналар жатқызылады:

-Жинақталатын зейнетақы  қорына аударылатын сома (жұмысшылар  мен қызметкерлерге есептелген  еңбекақы сомасының 10 пайызы мөлшерінде).

-Табыс салығы (белгіленген  заңдарға сәйкес).

-Заң, сот органдарының  үкім қағазы бойынша ұсталатын  ұсталымдар (алимент, айыппұл, тағы  да басқалар).

-Несиеге сатып алған  тауарлары, заттар үшін жұмысшылар  мен қызметкерлердің міндеттемесі  бойынша белгіленген сомалар.

-Әр түрлі жарналар (жұмысшылар мен қызметкерлердің  жазбаша өтініші бойынша кәсіподақ  комитетіне, ұйымдарға, партияларға,  тағы басқаларға) төленетін төлемдер.

-Дербестік сақтандыру  шартына сәйкес жұмысшылар мен  қызметкерлердің жазбаша өтініші  бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін,  мүлкін және тағы басқалары  сақтандыруға байланысты жарна  аудару.

-Жұмысшылар мен қызметкерлердің  еңбекақысы есебінен берілген аванс пер артық төленген төлемдер сомасы.

-жеке менік үй салуына  банктен алынатын ұзақ мерзімді  несиені өтеу үшін ұсталатын  ұсталымдар.

-Жұмысшылар мен қызметкерлердің  жазбаша өтініші бойынша өзі  жұмыс істейтін шаруашылық субъектісінің  қарамағындағы, яғни меншігіндегі үйде тұрғаны үшін пәтерақы мен тұрмыстық қызмет үшін төленетін төлемдер және сол шаруашылық субъектісінің қарамағындағы мектепке дейінгі балалар мекемесіне (балабақшаға) балаларының барғаны үшін төленетін төлемдер.

-Ұйымға келтірілген зиянды өтеу үшін ұсталатын ұсталымдар.

Бұл айтылғандардан басқа  жұмысшылар мен қызметкерлердің  еңбекақыларынан өздерінің жазбаша  өтініштері бойынша жинақ кассаларына  салатын салымары, тағы да басқалар ұсталады.

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында жеке табыс салығын ұстау. Мысалы, «Қуат» серіктестігінде қызметкер Шалов Н.К. 2003 жылдың 22 желтоқсанында («Еңбек туралы» заңның 25-бабы, 3т) сәйкес жеке еңбек шартын бұзған. Қазіргі заңдылықтарға сәйкес есептелген қыметкермен жеке еңбек шарты бұзылған кезде, желтоқсан айында, қызметкерлерге 40570 теңге көлемінде пайдаланылмаған демалысы үшін өтмақы төленген. Қызметкердің 2003 жылғы жалпы табысы 666476 теңге әр айға шаққанда:

Қаңтар – 54203                                  шілде – 54203

  Ақпан -54203                                     тамыз – 54203

Наурыз – 72200                                  қыркүйек -53705

Сәуір -54203                                       қазан -54203

Мамыр – 36400                                  қараша – 54203

Маусым – 80750                                желтоқсан- 44000

Барлығы: 666476.

Жұмысшының жалпы табысына кесікті жалақымен қоса, қосымша  төлемақылар кірген:

Наурыз айында-Наурыз мейрамына қарсы сыйақы 17997.

Мамыр айында-уақытша  еңбекке жарамсыздығы жайлы жәрдем ақы -12000.

Медициналық қызметті өтегені  үшін, растайтын құжат негізінде  бір жолғы төлем 26547.

Қыркүйек айында 9 айдың  қорытындысы бойынша сыйақы -11502.

2003 жылғы әр айға  шаққандағы жеке табыс салығын  ұстау, еңбекақы бойынша есеп  айырысу есеп карточкасында көрсетілген.

Табыс салығының ұсталынуы 681 шоттың дебеті 639 шоттың кредиті «жеке  табыс салығы субшоты арқылы көрсетіледі».

Жалақыдан ұстап қалу тек заңда көзделген жағдайларда  жүргізіледі. әрбір жалақы төлемі кезінде  барлық ұстап қалулардың жалпы мөлшері жалақының 50 пайыздан аса алмайды.

Қызметкерлердің жалақысынан  бухгалтерия ұсталымдардың мынадай  түрлерін ұстап қалады:

1.Табыс салығын.

2.Орындаушы қағаздар  бойынша.

3.Несие сатып алынған  тауарлар үшін тапсырмалар мен  міндеттемелер бойынша.

4.Жазбаша тапсырмалар, жеке сақтандыру шарттары бойынша.

5.Егер шаруашылық субъектісі  кәсіподақтардың немесе тәуелсіз  кәсіподақтардың федерация кеңесінде  тіркелген болса, 1 пайыздан кәсіподақ  жарнасы.

6.Жалақы есебінен берілген  авансты өтеу.

7. жеке тұрғын үй құрлысына берілген несиені өтеу есебіне.

8. Жұмысшының жазбаша  келісімі бойынша шаруашылық  субъектісіне тиесілі тұрғын  үй үшін пәтерақы төлеу.

9.Демалыстың өтелмеген  күндері үшін.

10.Кәсіпорынға келтірген  зиянды өтеу.

11.Айыппұлдар мен мойнындағы  ақша.

12.Ведомстволық мектепке дейінгі мекемелерде баларды ұстау үшін.

Табыс салығын ұстау. «Салық және бюджетке төленетін басқа  да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан  Республикасы Президентінің Жарлығына  сәйкес (01.01.98 ж. өзгерістерін ескергенде) жылдық орташа кіріс пен шегерімдер арасындағы айырма ретінде есептелген кіріс салық салу объектісі болып табылады. 29-бапқа сәйкес табыс салығын есептеу салық жылы ішінде біркелкі (ай сайын) жүргізіледі. Соған байланысты 01.01.97 ж бастап қайта есептеу коэффициенті ендіріледі. Мұның өзі 12 санының салық салынатын кірістің есептік сомасы анықталатын айлар санына қатынасы болып табылады. Қаңтар =12 (12/1), ақпан=6 (12/2), наурыз=4 (12/3), желтоқсан = 1 (12/12). Салық жылы аяқталғанға дейін қызметкер жұмыстан кететін болса, ол алған нақты табысына орай табыс салығын қайта есептеу керек. Қажет болған жағдайда кірістің есептік сомасынан аванспен ұсталған табыс салығының сомасын қайтару керек.

Халықтық соттың шешіміне, нотариалды органдардың атқарушы жазуларына, өтем алу туралы әкімшілік органдардың қаулысына сәйкес берілетін атқарушы қағаздар бойынша ұстап қалу негізгі жалақыдан, тұрақты сипаттағы барлық қалған төлемдерден, соның ішінде сыйақылар мен еңбекке уақытша жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыдан жүргізіледі. Келіп түскен атқарушы қағаздар арнайы тізілімде тіркелуге тиіс. Алименттер есепті айдағы негізгі және қосымшадан табыс салығы ұсталғаннан кейін қалған сомадан ұсталады. Кәмелетке толмаған балаларды күтуге арналған алимент бір бала үшін жалақының 25 пайыз мөлшерінде, екі бала үшін-жалақының 33 пайызы, үш және одан көп балалар үшін -50 пайызын құрайды. Белгіленген төлем күнінен кейінгі үш күн ішінде  ұсталған алименттердің сомасы алушыға төленуге немесе өтем алушының шотына аударылуы керек. Борышекер кәсіпорыннан кететін болса, шаруашылық субъектісінің бухгалтериясы атқарушы қағазға барлық ұсталған алименттер туралы белгі қойып, оны мөрмен растайды, егер белгілі болса, оның жаңа жұмыс орнын немесе тұратын жерін көрсетеді.

Информация о работе Еңбек және еңбек ақы есебі