Еңбек және еңбек ақы есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Декабря 2013 в 19:17, курсовая работа

Краткое описание

Алдыменен жұмысымның кіріспелі бөлігіне шолу жасағаным, өзім жазған ісіме дұрыс көңіл аударатын шығар деп ойлаймын.Осы тақырыпты таңдағаным Қазақстан Республикасында нарықтық экономика жағдайында еңбек және еңбек ақы есебін ұйымдастырудың ролі мен мәнін арттыру.
Басқару мен нарықтық экономиканың дамуына, әр түрлі деңгейдегі басқару шешімдерін әзірлеуге, негіздеу мен қабылдауға субъектінің нарықтағы қимылын анықтап, бәсекелес-субъектіні айқындауға , сондай-ақ субъектілердің қаржылық және шаруашылық қызметі туралы сапалы, уақтылы ақпаратты қалыптастыру бухгалтерлік есептің басты мақсаттары болып табылады.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3
1.Енбек және еңбек ақы есебі................................................................3
1. Еңбекақы есебі және міндеттері.....................................................5
1.1Еңбекақының түрлері мен нысандары.............................................................5
1.2Еңбек пен еңбекақы есебінің міндеттері........................................................20
2.Еңбекақы есептеу.............................................................................23
2.1 Еңбекақы есептеу тәртібі................................................................................23
2.2 Еңбекақы жүйелері және тариф жүйесі.........................................................29
3 Еңбекақы жинағы............................................................................34
3.1Еңбекақы жинағы және оларды тарату..........................................................34
3.2 Қазақстандағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар.....................36
Қорытынды..........................................................................................................40
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................................41

Вложенные файлы: 1 файл

kurs_2074.doc

— 197.50 Кб (Скачать файл)

Несиеге сатылған тауарлар үшін ұстап қалу саудаласушы ұйымның жазбаша тапсырмасы, міндеттемесі негізінде жүргізіледі. Есептеудің екі әдісі бар:

1-әдіс. Субъект банктен  (немесе өз қаражаттары есебінен) қарыз алады және саудаласушы  кәсіпорынмен толықтай есеп айырысады  да, тауарды өз қызметкеріне сатып  әпереді. Осы тауарларды алған қызметкерлердің жалақысынан ай сайын белгілі бір сома ұсталады. Мұның өзі қызметкердің шаруашылық субъектісі алдындағы берешегін кемітуге жатады.

2-әдіс. Сауда жасаушы  ұйымның жазбаша тапсырма-міндеттемесінің  негізінде (тауарларды қызметкер сатып алғанда) қызметкердің жалақысынан ай сайын белгілі бір сома ұсталады және сауда жасаушы ұйымның шотына аударылады.

Матеиалдық залалды (кемшілік, ұрлық-қарлық) өтеу бойынша ұстап  қалу көшірмелердің, жалпы жиналыстың хаттамасының немесе сот органдары шешімінің негізінде жүргізіледі. Мұнда ұстап қалудың мөлшері мен мерзімі көрсетіледі. Ақаудан және бүлінуден болған ысыраптар ақау туралы актінің негізінде өтеледі.

Кәсіподақ жарналарын ұстап  қалу айға есептелген жалақының барлық сомасына 1пайыз мөлшерінде жүргізіледі.

Берілген жоспарлы және жоспардан тыс аванстар сақтандыру қағаздарының немесе сақтандыру агенттерінің куәлігі (ұйғарымы) негізінде ұсталады.

8.Қызметкерлермен еңбекақы  бойынша есеп айыысуды ресімдеудің  тәртібі.

Есеп айырысу және есеп айырысу-төлем ведомостары еңбек-ақы бойынша есеп айырысудың негізгі тіркелімі болып табылады. Бұл жалақы бойынша және әрбір қызметкерден ұсталатын барлық ұсталымдардың түрлері бойынша деректер көрсетілетін жиынтық деректер.

Қызметкерлердің табысы – жұмыс беруші төлейтін табыстан  салықтың шегерім сомасын алғандағы пайда болып табылады.  Қызметкерлердің кез – келген табыс түрі жатады, яғни жұмыс берушінің берген, ақшалай немесе  натуралды нысандағы төлемі,  сонымен қатар жұмыс берушінің материалдық, әлеуметтік көмегі немесе басқа да  материалдық пайдасы болвп табылады. Жұмыскерлердің табысын анықтағанды, салынатын салым көздерінен,  салықтың жыл бойы әр ай сайынғы  шегерімге жататындары мыналар:

  1. Қазақстан Республикасының  заңдылықтары бекіткен айлық есептік көрсеткіш  сомасының көлемі;
  2. Жұмыскер отбасындағы әрбір мүшеге,  асыраудағы жанның қай айдан бастап пайда болғанын есептеу арқылы келетін айлық көрсеткіш көлемінің соммасы.

Көрсетілген шегерімдер  отбасының бір мүшесіне ғана, яғни салық төлеушінің пайдасына қолданылады.  Жұмыскер табысының жеке табыс салығы жұмыскер табысының қолдану жолымен  есептеледі оны (Кесте 6) көруге болады.

Салық ай сайынғы  қортынды тәртіп бойынша  мемлекеттік органдар бекіткен жағдайда аударылып немесе ұсталып отырады. Салық төлеушінің   пайдасына саналатын көздерге мыналар жатады: мүліктік табыс, жеке кәсіпкердің  салық салынатын табысы,  адвокатпен жеке меншік нотариустардың табысы.

Салық салынатын табыс  көздері үшін салықты салық төлеуші  өз еркімен,  салық салынбайтын  көздер үшін салық шегерімі соммасы ставкасын қолдана отырып төлеуге болады.  Бұл салықтың пайда түрін 10 жұмыс күні көлеміндегі жеке табыс салығы  декларациясын тапсыру кезінде төлейді.

Кесте 6. 2003 жылға  жеке табыс салығының ставкалары.

Салынатын табыс

Ставка

15 еселік жылдық  есептік  көрсеткішке дейін (ЖЕК)

Салынған табыс сомасының 5 %

15-40 еселік жылдық есептік  көрсеткіш

15 еселік ЖЕК + 8 сомасынан  асатын салық сомасы

40-200 еселік ЖЕК

40 еселік ЖЕК + 13 % сомасынан асатын салық сомасы

200-600 еселік ЖЕК

200 еселік ЖЕК + 15 % сомасынан асатын салық сомасы.

600 еселік ЖЕК және  одан жоғары

600 еселік ЖЕК + 20 % сомасынан  асатын салық сомасы.


 

Егер жұмыскер еңбекақысы  (12 еселік) бір жыл бойынша 12 еселік минималды көлемді көрсететін болса, онда оның салық  салынатын ставкасы «0» тең болады, яғни тоқсан бойынша орта айлық табысы еңбекақының  минималды көлемінен аспайды. Дивидент, сыйақы, ұтыс түріндегі пайдағы 15 %  ставкамен салық салынады. Адвокаттар мен жеке нотариустардың табысы 10 % ставкасымен салық салынады.

Әлеуметтік салықты  объект бойынша  салынатын салық  ставкасымен ай сайын төленеді. 2004ж 1 қаңтарынан бастап бұл салық түрі жекелеген жұмыскерлер пайдасына  жеке табыс  салығы сияқты  шкаласында төленеді.

 

 

 

 

 

Кесте 7. Әлеуметтік салықтың ставкалары. 

Салынатын пайда

    Салық ставкасы

15 жылдан есептік көрсеткішке  дейін (ЖЕК)

Салынатын табыс сомасынан 20 %

15-40 еселік ЖЕК

15 еселік ЖЕК + 12 % сомасынан  асатын салық сомасы

40-200 еселік ЖЕК

40 еселік ЖЕК + 9 % сомасынан  асатын салық сомасы

200-600 еселік ЖЕК

200 еселік ЖЕК + 9  %  сомасынан асатын салық сомасы

600- еселік ЖЕК және  одан жоғары

600 – еселік ЖЕК  + 7 % сомасынан асатын салық сомасы


 

Сонымен  қатар шетел  мамандарының табыстарына  салынатын  әлеуметтік салықты төлеу тәртібі өзгертілді. 2004 ж қаңтарынан бастап салынатын салық базасы  ұлғайған сайын төменгі ставка  шкаласымен төленеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Жұмысшылыр мен қызметкерлерге еңбекақы есептегенде бухгалтерлі есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар.

№1

Операциялар мазмұны

Дебиттелетін шот

Редиттелетін шот

1

2

3

4

1

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы, сыйақы және басқа да төлемдер есептелінеді:

-Негізгі өндіріс жұмысшыларына;

-Қосалқы өндіріс жұмысшыларына;

-Цехтың қызметкерлеріне;

-Кәсіпорынның басқару аппараты қызметкерлеріне;

-Маркетинг бөлімінің, басқа  да тауарларды (қызметтерді, жұмыстарды) сатумен айналысатын жұмыскерлерге;

 

 

902

922

932

821

 

811

 

 

681

681

681

681

 

681

2

-Жұмысшыларға кезекті демалыс  ақысын есептеу (егер демалыс  ақысын төлеуге резерв құрылған болса)

-Демалыс ақысынан есептелген  әлеуметтік салық сомасы

 

685

 

685

 

681

 

635

3

Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан зейнетақы  қорына ұсталынатын сомаға;

 

681

 

686

4

Жеке тұлғаларға есептелген еңбекақыдан  ұсталатын табыс салығы сомасына

 

681

 

639

5

Жұмысшылардың еңбекақысынан сот  органдарының шешіміне сәйкес орындалатын  құжат бойынша ұсталған сомаға

 

681

 

687

6

Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың  есеп беруі бойынша ұсталатын  сомаларына

681

333

7

Бүлінген материалдық-құндылықтардың орнын толтыру мақсатымен жұмысшылардың еңбекақысынан ұсталатын сомаға

 

681

 

333

8

Жұмысшылардың еңбекақысынан олардың  алдыңғы уақыттарда алған қарыздары  үшін ұсталатын сомаларға

 

681

 

333

9

Есептелген, бірақ белгіленген  мерзімде таратылмаған еңбеақы (алушының келмеуіне байланысты)

 

681,682

 

687

10

Жұмысшылар мен қызметкерлерге кассадан төленген еңбеақы, сыйақы, жәрдемақы  және зейнетақы сомасына

 

681

 

451

11

Лауазымды тұлға болып саналатын  жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген төлемдер (басқарма тексеру комиссиясының, бақылау кеңесінің, тағы басқа мүшелеріне)

 

821

 

682

12

Лауазымды тұлғалар есептелген еңбекақыдан  ұсталған табыс салығы сомасы

 

682

 

639

13

Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақы сомасы кассадан төленді

 

682

 

451

14

Жұмысшылардың алдағы уақыттардағы демалыс ақылары үшін есептелген резерв сомасына

 

903,913,

923,821

 

685

15

Есептелген әлеуметтік салық сомасы

821,902,

922,932

 

635


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қортынды.

  Қазақстан Республикасының  тәуелсіздік алып өз алдына  егемендік ел болғанына  да он бес жылдай уақыт болыпты. Осы жылдардың аралығында  көптеген өзгерістер болды. Кеңес Одағы тұсындағы  жоспарлы экономика жолымен дамып келген еліміз шаруашылықтарды нарықтық жолға көшірді. Осыған сәйкес  шаруашылық субьектілеріндегі  бухгалтерлік есеп жұмысына  да өзгерістер енгізу керектігі анық байқалды. 1995 жылы 26 желтоқсанда «Бухгалтерлік есеп» туралы заң қабылданды. Осы заңға сәйкес 1996 жылдың 18 қарашасында қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есебінің  бас шоттар жоспары құрылды, ал 1997 жылдың қаңтарынан бастап жаңа бухгалтерлік есеп стандарты іс жүзінде қолданыстары басталды. Осыған сәйкес  елімізде еңбекақы есебі жүйесінде де  біраз өзгерістерге тап болды. Себебі еліміздегі еңбекақы есебінің дұрыс жүргізілуі  дұрыс қадағалануы жұмысшылар мен қызметкерлерге, дұрыс бөлінуі өте маңызды. Еңбекақының орташа көлемі еліміздің экономикалық деңгейінің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сонымен қатар жұмысшылар мен қызметкерлердің жасаған еңбегінің сапалығы мен нәтижелігіне дұрыс бағаланып қажетті еңбекақысын  жақсылап еспте төленуі, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа ынтасының жоғарылауына септігін тигізеді. Қорытындылай келетін болсақ елімізде  заман талабына, экономика  деңгейіне сәйкес әлі де қосымшалар, өзгертулер әлі де енгізілуі мүмкін. Өйткені   мемлекетіміз дами түсе  басынан әртүрлі кезеңдерден өтіп нәтижесінде дамыған елге айналуға тиіс.

Бұл курстық жұмыста  еңбек және еңбек ақы есебіні  басқару мен ұйымдастыру принциптері  қаралды.

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

  1.  Басқару есебі [Мәтін]: Оқулық /Авт.:В.Л.Назарова, М.С.Жапбарханова, Д.А.Фурсов,С.Д.Фурсова;  Т.Рысқұлов атын. қазақ экон. ун-ті.- Алматы: Экономика, 2005.- 298 б.

 

  1. С.Б.Баймұханова, Ә.Ж.Балапанова «Бухгалтерлік есеп» Оқу құралы  Алматы-2003 жыл
  2. Қ. К. Кеулімжаев, З.Н.Әжібаева, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп принциптері» Оқу құралы. Алматы-2003 жыл
  3. Мамыров, Нұрғали Құлшыманұлы ж.б. Микроэкономика [Мәтін]: оқу құралы / Мамыров, Нұрғали Құлшыманұлы, Есенғалиева, ҚаламқасСембайқызы, Тілеужанова, Манатжан Әшімқұлқызы.- бас.- Алматы: Экономика, 2004.- 420 б.:

 

  1. В.Л.Назарова «Бухгалтерский учет хозяствующих субьектов» Учебник Алматы-2003
  2. В.Л.Назарова «Шаруашылық жүргізуші субьектілердің бухгалтерлік есебі» Алматы-2005
  3. Назарова В.Л.  Бухгалтерлік есеп [Мәтін]: оқу құралы /ҚР білім және ғылым м-трлігі;  Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық ун-ті.-Алматы; Экономика 2005 ж.

 

  1.  Н.А.Наумова, И.П.Васильевич, Л.В.Нуридинова «Основы бухгалтерского учета» Москва-2000
  2. В.К.Радостовец, Т.І.Ғабдуллин, В.В.Радостовец, О.И.Шмидт «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Оқу құралы Алматы-2003 жыл



Информация о работе Еңбек және еңбек ақы есебі