Жалға алынған негізгі құралдардың экономикалық маңызы мен мәні

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2014 в 05:47, курсовая работа

Краткое описание

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады, ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады.
Негізгі құралдар - бұл материалдық өндіріс және өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойында (бір жылдан артық) қызмет ететін материалдық активтер. Осы уақыт ішінде олардың құны өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына біртіндеп ауысады.

Вложенные файлы: 1 файл

1 бөлім.docx

— 117.27 Кб (Скачать файл)

1 Жалға алынған негізгі құралдардың экономикалық маңызы мен мәні

    1. Кәсіпорынның негізгі құралдарын бағалау және жіктеу, олардың танылуы

Кез келген өндіріс өз қызметіне құрал-жабдықтарын тартса ғана жүреді, ал ол еңбек заттары (шикізат, материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар) және еңбек құралдары (машина, станок) болып бөлінеді. Бұл арада еңбек құралдарының құрамы сыртқы белгісімен емес, олардың өндіріс процесінде атқаратын роліне қарап анықталады. Мысалға, заводта дайындалған бу қазаны сол зауыт үшін дайын өнім болып саналады, ал орнату үшін сатып алған субъект үшін осы қазан еңбек құралы болып табылады.

Негізгі құралдар - бұл материалдық өндіріс және өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойында (бір жылдан артық) қызмет ететін материалдық активтер. Осы уақыт ішінде олардың құны өндірілетін өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына біртіндеп ауысады.

Негізгі құралдарды есептеуді дұрыс ұйымдастыру және тозу мөлшерін есептеу үшін негізгі құралдарды ғылыми негіздеп жіктеудің маңызы зор. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың бірыңғай типтік жіктеуі қолданылады.

Халық шаруашылығының салалары бойынша негізгі құралдар 19 топқа бөлінеді: өнеркөсіп, құрылыс, сауда, ауылшаруашылығы, көлік, орман шаруашылыры және т.б.

Негізгі құралдарды салалық белгісі бойынша топтастыру, халық шаруашылырының салаларындағы негізгі құралдардың жайы жөнінде мәліметтер алуға мүмкіндік береді.

1.Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді.

Негізгі өндіріс құралдарына өндіріс процесіне тікелей қатысатын объектілер жатады, олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына (машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды (ғимараттар, құрал-жабдықтар- өткізгіш қондырғылар). Негізгі өндірістік құралдардың пайдалануын сипаттайтын шолушы экономикалық көрсеткіш – қор қайтарымдылығы болып табылады, ол негізгі құралдардың бір өлшеміне шаққандағы өндірілетін заттай немесе ақшалай түріндегі өнімді көрсетеді.

Өндірістік емес негізгі құралдар – тұтынуға арналған құрал-жабдықтар. Олар ұжымның мәдени-тұрмыстық (ғимараттар, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мүлкі, т.б.) қажеттіліктерін ұзақ мерзім бойы өтеуге арналған.

2. Иелігіне қарай негізгі құралдар меншікті және жалға алынған болып бөлінеді.

Меншікті дегеніміз – субъектіге тиесілі және оның балансында көрініс табатын негізгі құралдар.

Белгіленген мерзімге шарт бойынша басқа субъектіден алынған негізгі құралдар, жалға алынған құралдар болып саналады. Оларды жалға берушінің балансында есептейді. Жалға алу мерзімі аяқталған соң немесе ол аяқталмай тұрып, жалға алушы келісілген бағамен сатып алуына болады.

3. Пайдалану сипатына қарай негізгі құралдар жұмыс істеп тұрған, істемей тұрған (тоқтатылып қойған) және қор ретінде тұрған болып бөлінеді.

Қолданыстағы жұмыс істеп тұрған негізгі құралдар әрекет етіп тұрғандар болып саналады.

Жұмыс істемей тұрғандар – бұл жұмысы тоқтатылған немесе басқа жағдайларға байланысты уақытша пайдаланбайтын негізгі құрал-жабдықтар.

Қорда тұрғандар болып жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтарды жоспарлы түрде олардың қосалқы бөлшектерін ауыстыру үшін тоқтатылған объектілер есептеледі.

4. Заттық құрамына қарай негізгі құралдар мүліктік және мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктікке көрінісі бар, яғни санауға және өлшеуге болатындар (үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар) жатады. Мүліктік еместерге пайдаланатын жер, орман алқабы, су ресурстары (ғимараттардан басқа), күрделі қаржы салымы, яғни заттай нысаны жоқ шығындар (жер учаскелерін, егістік үшін пайдаланатын жерді өңдеу, жалға алынған негізгі құралдарға күрделі қаржы жұмсау, т.б.) жатады.

 

Негізгі құралдардың жіктелуі 1 суретте көрсетілген.

 

Негізгі құралдар

       
 

 

Өндірістік

Өндіріс процесіне қатысу сипатына байланысты

 
     

Өндірістік емес

       
 

 

Меншікті

       

Иелігіне қарай

 

Жалға алынған

       
     

временно ввезенные

       
   

Жұмыс істеп тұрған

       

Пайдалану сипатына

Жұмыс істемей тұрған

(консевіленген)

       
     

Қорда тұрған

       

 

Мүліктік

Заттық құрамына

 
     

Мүліктік емес


1 сурет Негізігі құралдардың  белгілері бойынша жіктелуі

 

Әр кәсіпорында негізгі құралдар атқаратын функциясын және мақсаттық тағайындалуына байланысты топтарға және шағын топтарға бөлінеді, 2 суретте бейнеленген.

 

Негізгі құралдар

       

Жер

   
       

Үйлер

   
       
 

Ғимараттар

   
       

Өткізгіш құралдар

күш беретін машиналар мен жабдықтар

       

Машиналар мен жабдықтар

жұмыс машиналары мен жабдықтар

       

Көлік құралдары

 

өлшеу және реттеу приборлары қондырғылар және лабораториялық жабдықтар

     

Шаруашылық мүлік кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары

 
       

Өндірістік мүлік және соған жататын заттар

 

есептеу техникасы

       
     

басқадай машиналар мен жабдықтар

       

Жұмыс және өнім малы

   
       

Көп жылдық екпелер

   
       

Жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз))

   

     

Басқада негізгі  құралдар

   

  1. сурет Негізгі құралдардың топтарға және шағын топтарға жіктелуі

 

Әр субъектіде негізгі құралдар мақсатына және атқаратын қызметтеріне қарай мынадай түрлерге бөлінеді: жер, үйлер, ғимараттар мен құрылыс-жайлар, өткізгіш тетіктер, машиналар ман құрал-жабдықтар, күш беретін машиналар мен жабдықтар, жұмыс машиналары мен жабдықтар, өлшеу мен реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар, есептеу техникасы, басқа машиналар мен құрал жабдықтар, көлік құралдары, құрал-саймандар, өндірістік мүлік және жабдықтар, шаруашылық мүлкі, жұмыс және өнім малы, көпжылдық екпе ағаштар, жерді жақсартуға шыққан күрделі шығын, басқа да негізгі құралдар.

Келтірілген негізгі құралдардың әрқайсының құрамына енетіндер:

-  жер – субъект меншігіне сатып алған жердің көлемі мен құны;

- үйлер – халыққа еңбек етуге, тұруға, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсетуге жағдай жасауға және материалдық құныдықтарды сақтауға арналған әлеуметтік құрылыс объектілері. Әрбір тұрғын үй мүліктік объекті болып табылады;

- ғимараттар мен құрылыс-жайлар – еңбек заттарын өзгертуге қатысы жоқ белгілі бір қызметтерді орындау жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік құрылыс объектлірі (шахта ұңғысы, мұнай мұнарасы, бөгет, көпір, автомобиль жолы). Барлық жағдайлары бар әрбір жеке ғимарат мүліктік объект болып табылады;

- өткізгіш құралдар – электр, жылу немесе механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу желілері, трансмиссиялар, құбырлар). Электр желілері бойынша, мысалы, электр станциясы бөлу қондырғыларының желісі немесе генератор клеммаларынан бөлу қондырғыларына дейін, қабылдау подстанцияларынан және подстанциялардан трансформатор жайына дейін мүліктік объект бола алады;

- машиналар мен жабдықтар – күш беретін машиналар мен жабдықтар; жұмыс машиналар мен жабдықтар; өлшеу және реттеу аспаптары және қондырғылар мен лабораториялық жабдықтар; әрбір машина, егер ол басқа мүліктік объектінің бөлшегі болмаса, оған кіретін бейімделген құралдарды, соған тиісті заттарды, аспаптарды, қоршауды, фундаментті қоса алғанда, мүліктік объекті болып саналады. Негізгі құралдардың бұл тобы бес топтан тұрады:

1) күш беретін машиналар мен жабдықтар – жылу және электр энергиясын өндіретін генератор-машиналары; түрлі энергияны механикалық энергияға, яғни қозғалыс энергиясына айналдыратын двигатель-машиналары (тракторлар мен өздігінен жүретін шассилер, бу двигательдері, электрлік двигательдер).

-2)жұмыс машиналары мен жабдықтар – еңбек өнімдерін жасау процесінде еңбек затына механикалық, жылу және химиялық әсер етуге арналған машиналар, аппараттар және құрал-жабдықтар (токарьлық бұранда кесетін станоктар, ағаш кесетін аралар);

3) өлшеу және реттеу приборлары, қондырғылар және лабораториялық жабдықтар - өлшеуге, өндірістік процестерді реттеуге арналған аспаптар мен қондырғылар, сондай-ақ лабораторияларда пайдаланатын приборлар мен аппаратуралар (дозаторлар, амперметрлер, микроскоптар);

4) есептеу техникасы – процестерді жылдамдату және автоматтандыруға арналған машиналар, қондырғылар, аспаптар (компьютерлер, басқарушы және басқа есептеу машиналары);

5) басқадай машиналар мен жабдықтар – машиналар, аппараттар және басқа құрал-жабдықтар (телефон станцияларының, радио тораптарының жабдығы, өрт сөндіргіш машиналар); көлік құралдары – адамдар мен жүктерді тасымалдауға арналған қозғалыс құралдары (автомобиль, темір жол және су көлігінің қозғалмалы құрамы, жегін көлігі). Әрбір объект өзіне тиісті барлық бейімдегіш құралдары мен заттарын қоса алғанда мүліктік объект болып табылады; құрал-саймандар – қол еңбегінің механикаландырылған немесе механикаландырылмаған құралдары немесе металдарды, ағашты және т.б. өңдеу үшін машиналарға бекітілген заттар (кесетін, соғатын және нығыздайтын еңбек құралдары).

Басқа мүліктік объектінің құрамына кірмейтін заттар ғана мүліктік объект болып табылады;

- өндірістік мүлік және соғна жататын заттар - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдету үшін қызмет ететін өндірістік заттар; еңбекті қорғауға көмектесін жабдықтар; сұйық, сусымалы және басқа материалдарды сақтауға арналған сиымды заттар; өндірістік арналымы бар басқа да заттар.

Басқа мүліктік объектінің бөлшегі болып табылмайтын және дербес мәні бар заттарда мүліктік объекті бола алады;

- шаруашылық мүлік кеңсе және шаруашылық мекемелерінің заттары (орындықтар, шкафтар, кілемдер). Дербес мәні бар әрбір объект мүліктік объект бола алады;

- жұмыс және өнім малы – ат, өгіз, түйе және басқа жұмысқа пайдаланыт малдар; өнім беретін мал – мүйізді ірі қара мал; асыл тұқымды айғырлар мен биелер, буралар мен інгендер; бұғылар, маралдар, еркек шошқалар мен мегежіндер, ешкілер, саулық қой мен қошқарлар. Әрбір ересек мал мүліктік объект болып табылады.

- көпжылдық екпелер – қолдан егілген көпжылдық екпелер (жеміс және жидек ағаштары, жүзімдіктер, гүлдердің көпжылдық түрлері, роза плантациялары, өсімдіктен жасалған қоршаулар, жерді қорғайтын өсімдіктер). Жас өсімдіктер даму деңгейі толық жетілген (жеміс-жидек бер бастаған) өсімдіктерден бөлек есепке алынады;

- жерді жақсартуға байланысты күрделі шығындар (ғимаратсыз) – ауыл шаруашылық мақсатта пайдалану үшін жер қыртысын жақсартудың ашраларына жұмсалған мүліктік емес сипаттағы шығындар (жер учаскелерін жоспарлау, жерді егін егу үшін өңдеу, егіс даласын тастардан тазарту);

Информация о работе Жалға алынған негізгі құралдардың экономикалық маңызы мен мәні