Коммерциялық банктердің операциялары. Активті және пассивті операциялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 22:12, реферат

Краткое описание

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекете уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны әкономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығаның экономикалық негізі болып табылады.

Вложенные файлы: 1 файл

Коммерциялық банктердің операциялары актив және пассив.docx

— 24.91 Кб (Скачать файл)

Коммерциялық банктердің операциялары

Активті және пассивті операциялары

     Қазіргі кезде негізгі  дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша  салымдар тарту мен қарыздар  беру жатады. Банктер өз пайдаларының  көп бөлігін осы операциялар  бойынша пайыздық айырмадан алады.  Бірақ осы екі қызмет төңірегінде  банктік өнімдердің көптеген  нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

       Коммерциялық  банктердің желісі ақша нарығының  қалыптасуына ықпал етеді, ал  заңды және жеке тұлғалардың  мемлекете уақытша бос ақша  қаражаттарының болуы және оны  әкономика мен халықтың қысқа  мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға  пайдалану ақша нарығаның экономикалық  негізі болып табылады.

     Коммерциялық банктер  негізінен өз клиенттерінің шаршылық  қызметтеріне қызмет көрсетумен  байланысты несиелік есеп айырысу  және қаржылық операциялардың  барлық түрлерімен айналысады.

      Ұлттық банкінің  арнайы лицензиялары бар болса,  банктер басқа да банктік қызметтерді  жүзеге асыра алады. Соның ішінде  шетел валюталарымен операцияларды  жүргізу; халықтың ақшалай салымдарын  қарау; ақшаларды аударуға байланысты  қызметтерді көрсету.

      Осы операцияларды  топтай отырып, олармен атқарылатын  негізгі қызметтерді былай құруға  болады:

  • уақытша бос ақшалай құражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
  • экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
  • қолма-қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
  • инвестициялық қызметті;
  • клиенттерге басқа да қаржылық қызметтерді көрсету.

1) Банктің пассивтік операциялары

     Пассивтік  операциялар  негізіндебанктің ресурстары жинақталады.  Сондықтан да пассивтік операцияладың  коммерциялық банктер қызметіндегі  рөлі жоғары.

     Банк ресурстары пассивтік  операциялар нәтижесінде құрылатындықтан,  оған анықтама берген дұрыс.  Қаржы және несие сөздігінде: «пассивтік операциялар – бұл  несиелік және активтік операцияларды  жүзеге асыруға арналған банктің  өз ресурсын құру операциялары», - делінеді.

     Ал соңғы оқулықтарға  сүйенсек, пассивтік шоттағы немесе  активті-пассивтік шоттағы қаражаттардың  өсуін, яғни пассив пен активтің  арту формасын білдіретің операциларды  сипаттайды.

     Бұл анықтамалар бірін-бірі  толықтырады десе болады, себебі  біріншісі пассивтік операцияның  толық түсінігін бере алмайды.  Пассивтік операциялардың  көмегімен  банктер нарықтан несиелік ресурстарды  сатып алады.

    Пассивтік операциялардың  мынадай формалары болады:

  • коммерциялық банктердің бағалы қағаздарды алғашқы эмиссиялауы;
  • банк пайдасынан капиталдарды немесе қорларды ұлғайту және құру;
  • басқа да заңды тұлғалардан несиелер алу;
  • депозиттік операциялар.

     Пассивтік операциялар  айналыстағы ақшалай қаражаттарды  банктерге тарту мүмкіндік береді. Алғашқы пассивтік операциялардың  екі формасы негізінде банктік  ресурстардың бірінші тобы, яғни  меншікті ресурстары құралады. Келесі  екі формасы негізінде екінші  ірі топ – заемдық немесе  тартылған ресурстар құралады.

    Сонымен банктің ресурстары  екі топқа бөлінеді:

  • банктің меншікті қаражаттары;
  • банктің тартылған қаражаттарығ.

    Банктің меншікті қаражаттары  қатарына меншікті капиталы мен  оған сай келетін баптар кіреді. Коммерциялық банктердің меншікті  капиталының рөлі мен шамасы, басқа қызметпен айналысатын  кәсіпорындар және ұйымдарға  қарағанда өзіндік ерекшкліктерге ие. Банктің меншікті капиталы арқылы, оның барлық қаражаттарға деген қажеттілігінің 10%-ы өтіледі. Шын мәнісінде, меншікті және тартылатын қаражаттардың арасында шекті ең төменгі мқлшерде шекарасы болады.

      Банктің меншікті  қаражаттарының банктің үнемі  тұрақтылығын ұстап тұруда маңызы  бар. Банктің бастапқы құрылуы  барысында, осы меншікті құражаттары  алғашқы шығындарды, яғни жерге,  ғимаратқа, жабдықтауға, жалақыға  жұмсалатын шығындарды жабады. Себебі, меншікті қаражатсыз банктің  қызметін бастау мүмкін емес. Осы меншікті қаражаттар есебінен  меншікті қаражаты – бұл ұзақ  мерзімді активтерге жұмсалымдардың  басты көзі болып табылады.

     Банктің меншікті  қаражаттары-банктің экономикалық  дербестігін және қызмет ету  тұрақтылығын қамтамасыз ететін  әр түрлі қорлар мен бөлінбеген  пайда жиынтығы.

    Банктің меншікті қаражатына  жататындар:

  • банктің жарғылық капиталы;
  • банктің резервтік капиталы;
  • қосымша капиталы және пайда есебінен құрылған басқа қорлары;
  • сақтандыру резервтері;
  • бөлінбеген пайдасы.

    Банктің жарғылық капиталы  – банктің заңды тұлға третінде  міндетті түрде құрылуын және  өмір сүруінің экономикалық негізін  құрайды. Жарғылық капиталдың  төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық  банктердің пруденциалық нормативтерімен  реттеліп отырады. Банктің жарғылық  капиталы, оның құрылтайшыларының  қосқан жарналары немесе пайлары  сомасынан тұрады.

    Бағалы қағаз шығару  есебінен құрылған банктің жарғылық  капиталын банктің акционерлік  капиталы деп атайды. Акционерлік  капитал көлемі акцияны ұстаушылар  – акционерлер қосқан жарналардан  құралады.

    Қазақстанда екінші деңгейлі  банктер мынадай екі ұйымдық  формаларда құрыла алады:

  • пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында;
  • акционерлік банк;
  • шетел капиталының қатысуымен.

    Банктің меншікті қаражатының  түріне резервтік қор жатады.

    Резервтік қор – банк  қызметінде пайда болуы мүмкін  зияндардың орнын жабу мақсатында  құрылған ақшалай қаражаты.

    Резервтік қор банктің  тұрақты қызмет етуін қамтамасыз  етеді.

    Резевтік қордың шамасы  заңды түрде жарғылық қормен  теңескен жағдайда жарғылық капиталға  толығымен аударылады. Резервтік  қордың құрылуының негізгі көзіне  банк пайдасы жатады. Кейде банкте  пайда болмаған жағдайда резервтік  қор есебінен банктің артықшылығы  бар акциялары бойынша дивидендтер  төленеді.

     Қосымша капиталдар  негізгі құралдардың тозуына  байланысты аударылған аударымдар  есебінен және белгілі мақсатқа  бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде  құрылады.

     Бөлінбеген пайда  – акциялар бойынша дивидендті  төлегеннен кейін және резервтік  қорға аударғаннан қалған пайданың  бөлігі.

     Банктің тартылған  қаражаттары активтік операциялар,  оның ішінде, несиелік операциялардың 90%-ға жуықтай ресурстарға деген  қажетін қанағаттандырады. Олардың  рөлі біршама жоғары тұрады. Заңды  және жеке тұлғалардың уақытша  бос қаражаттарын тарта отырып, коммерциялық банктер халық шаруашылығының  қосымша айналым қаражаттарына  деген сұранысымен қатар халықтың  тұтыну қажетін қанағаттандырады.

     Банктердің ресурстарының  жалпы сомасында тартылған қаражаттар  үлесі олардың басым бөлігін  құрайды.

     Нарықтық қатынастардың  дамуына байланысты, сондай-ақ ескі  банктік жүйе үшін дәстүрлі  емес, уақытша бос ақшалай қаражаттарды  тарту тәсілдерінің болуы, тартылған  қаражаттар құрылымын толығымен  өзгертті десе де болады.

    Әлемдік банктің тәжірибеде  барлық тартылатын қаражаттарды  жинақтау тәсілдеріне байланысты  үлкен екі топқа бөледі:

I топ – депозиттер;

II топ – депозиттік емес тартылған  қаражаттар.

     Тартылған қаражаттар  ішінде ең көп бөлігіндепозиттер  құрайды. Депозиттер банк үшін  бірден - бір арзан ресурс көзі  болып табылады.

     Депозит – бұл  клиенттердің банктегі бір шотқа  салған және өздері пайдалана  алатын қаражаттары.

     Депозиттік емес тартылған  қаражаттар – бұл банктің қарыз  түрінде немесе меншікті қаражаттарын  сату жолымен тарататын қаражаттары.

     Депозиттік емес банктің  ресурс көздері мен депозиттер  өзара ажыратылады. Біріншіден, олар  персоналдық емес, яғни банктің  нақты клиентінің атынан тартылмайды;  екіншіден, мұндай қаражаттарды  тарту инициативасы банктің өзінен  туындайды.

     Депозиттік емес тартылған  ресурстармен көбіне ірі коммерциялық  банктер айналысады. Өйткені, депозиттік  емес қаражаттар ірі сомада  сатып алынатындықтан да, оларды  көтерме сауда операциялар сипатына  жатқызуға болады.

     Қазіргі банктік тәжірибеде  салымдардың, депозиттердің және  депозиттік емес ресурстардың  шоттарының әр түрлері кездеседі.  Бұл банктердің жоғарғы бәсекелестік  нарықта банк қызметтерінедеген  клиенттер топтарының сұранысын  қанағаттандыруға және олардың  қаражаттары мен уақытша бос  қаражаттарын банктік шоттарға  тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.

    Экономикалық мазмұнына  қарай депозиттерді мынадай топтарға  бөледі:

  • талап етуіне дейінгі депозиттер;
  • мерзімді депозиттер;
  • жинақ салымдар;
  • бағалы қағаздар.

     Талап етуіне дейінгі  депозиттер – бұл салым иелерінің  бастапқы талап етуіне байланысты  әр түрлі құжаттар арқылы қолма-қол  ақшаларын алатын әр түрлі  шоттардағы қаражаттар.

     Отандық банктік тәжірибеде  талап етуіне дейінгі депозиттерге  мыналар жатады:

  • мемлекеттік, акционерлік кәсіпорындардың, сондай-ақ әр түрлі шағын коммерциялық құрылымдардың ағымдық шоттарындағы сақталатын қаражаттар;
  • әр түрлі мақсатқа тағайындалған қорлардың қаражаттары;
  • есеп айырысудағы қаражаттар;
  • жергілікті бюджеттер қаражаттары және олардың шоттарындағы қаражаттар;
  • басқа банктердің корреспонденттік шоттарындағы қаражат қалдықтары.

      Талап етуге дейінгі  депозиттік шоттардың артықшылығы  олардың иелері үшін жоғарғы  өтімдіоігіне байланысты сипатталады.  Талап етуге дейінгі депозиттік  шоттарға қаражаттар, шаруашылық  және басқа да операциялар  -дың жүзеге асырылуы барысында  түседі және пайдаланылады. 

      Мерзімдік салым  депозиті – белгілі мерзімі  бар және тұрақты пайыз төленетін,  сол сияқты алдын ала алуға  шек қойылатын салым.

      Салым иесі келісілген  мерзімнен бұрын алған жағдайда  банк айып-пұл ретінде оған  тқленетін пайызды төлемей қалуға  толық құқылы.

      Мерзімді салымдар  мен мерзімді депозиттердің ерекшеліктері  болады:

  • есеп айырысу үшін пайдаланылмайды, әрі мұндай шоттарға ешқандай да есеп айырысу құжаттары толтырылмайды;
  • шоттағы қаражат баяу айналады;
  • тұрақты пайыз төленеді;
  • пайыз мөлшерінің ең жоғарғы деңгейі Орталық банк тарапынан реттеліп отырады;
  • ақшаны алуы туралы салым иесінің алдын ала хабардар етуі талап етіледі;
  • бұл шоттағы қаражаттар бойынша ең төменгі мөлшерде резервтер белгіленеді.

      Тағы біркеңінен  таралған салымның түрі – жинақ  салымдары. Олардың белгіленген  мерзімі жоқ, қаражатты алуда  ескертуін талап етпейді, салымның  жоғары шегі шектелген, ақшаны  салу және алу кезінде жинақ  кітапшасын көрсетуі қажет.

       Отандық  банктік  тәжірибеде жеке тұлғаларға ашылатын  жинақ салымдары салым операцияларының  мерзіміне және мазмұнына қарай  мынадай түрлерге бөлінеді:

  • мерзімді жинақ салымдары;
  • қосымша жарна қосатын мерзімді жинақ салымдары;
  • ұтыс салымдары;
  • ақшалай-заттай ұтыс салымдары;
  • мақсатты және ағындық салымдар;
  • алдын ала алуын хабарлайтын салымдар;
  • валюталық салымдар.

     Мерзімді жинақ салымдарға  тұрақты мерзімі белгіленетін  және сол мерзім өткенше алуға  мүмкінемес салымдар жатады. Мерзімді  жинақ салымдарына басқа жинақ  салымдарға қарағанда жоғары  мөлшерде пайыз төленеді.

     Мерзімді депозиттер  және жинақ салымдары депозиттік  ресурстардың біршама тұрақты  бөлігін білдіреді.

       Ағымдық жинақ  салымдар, негізінен, жалақы, зейнетақы,  үздіксіз төлемдерді төлеу үшін  жинақталатын және пайдаланылатын  өаражаттарды білдіреді. Мұндай  салымдар бойынша өте төменгі  пайыз төленеді.

      Мерзімді депозиттер  мен жинақ салымдарының бір  түріне депозиттік және жинақ  сертификаттарын жатқызуға болады.

      Депозиттік және  жинақ сертификаттары – бұл  салым иесіне белгілі мерзім  өткен соң, тиісті қаражатты  және оған есептелетін пайызды  алуға құқық беретін және оның  шотындағы ақшалай қаражатының  барлығын куәландыратын эмитент  банктің жазбаша куәлігі.

Информация о работе Коммерциялық банктердің операциялары. Активті және пассивті операциялары