Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 08 Июня 2013 в 20:27, реферат

Краткое описание

Сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады. Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:
1) алынуға тиісті шоттар;
2) алынған вексельдер;
3) басқалар.

Содержание

Кіріспе 3
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік 5
Тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді
мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу және бекіту
Сатып алудың жалпы ережелер 7
Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып
алуды ұйымдастыру және өткізу 10
2.1 Конкурстық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту 12
2.2 Конкурстық комиссияны, сарапшыны (сараптау комиссиясын)
бекіту 20
2.3 Әлеуетті өнім берушілерді конкурс тәсіліментауарларды,
жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды
жүзегеасыру туралы хабардар ету 24
Қорытынды 28
Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Вложенные файлы: 1 файл

копия.docx

— 46.40 Кб (Скачать файл)

Конкурсқа қатысуға өтінім салынған конвертті ұсыну тәртібі, тәсілі, орны және соңғымерзімі (бірақ жұмыс күнінің жергілікті уақытпенон бес сағатынан кешіктірмей) және конкурсқа қатысуға өтінімдердің талап етілетін қолданылу мерзімі (мемлекетті корган және мемлекеттік мекеме өткізетін тауарларды, жұмыстардыжәне көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын конкурстық өтінімнің қолданылу мерзімі конкурстық өтінімдер ашылатын күннен бастап кемінде 45 күн, ал акцияларының (үлестерінің) елу пайыздан астамы бақылау пакеті мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорын, заңды тұлғажәне олармен аффилиирленген заңды тұлға өткізетіндігі- кемінде 35 күн болуға тиіс. Конкурстық құжаттамада көрсетілгеннен қолданылу мерзімі неғұрлым қысқа конкурстық өтінім кейінге қалдырылады.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу орны, күні мен уақыты (конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді берудің соңғы мерзімінен кейін екі сағаттан кешіктірмей).

Конкурс тәсілімен алдағы мемлекеттік сатып алуларда білдіруге уәкілетті тапсырыс берушінің және мемлекеттік сатыпалуды ұйымдастырушының өкілдері туралы мәліметтер.

Осы Ереженің 156-тармағында анықталған жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етудіенгізу шарттары, түрлері, көлемі мен тәсілі.

Конкурс тәсілімен өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бөлінген сома туралы мәліметтер (әрбір лотбойынша).

Жариялануға тиіс ақпаратты орналастыру жоспарланатын тапсырыс берушінің веб-сайтының электрондық мекен-жайы.

Үлгі конкурстық құжаттамаға 12-қосымшаға сәйкесконкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер туралы және бас мердігердің қосалқы мердігерлікке жиынтығыжұмыстар (құрылыс құнының), көрсетілетін қызметтер көлемінің үштен екісінен астамын беруге тыйым салу шарттары туралы мәліметтер.

Неғұрлым сапалы тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті ұсынатын конкурсқа қатысушыны анықтау үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада конкурсқа қатысушының конкурстық баға ұсынысына әсер ететін мынадай өлшемдерді конкурстық құжаттамада көздеуге міндетті.

Әлеуетті өнім берушіде және ол тартатын қосалқы мердігерде (бірлесіп орындаушыда).

Өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесі.

Заңның 8-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында белгіленген талаптардан асып түсетін тартылатын өткізілетін мемлекеттік сатып алудың мәні болып табылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің нарығында кәсібибіліктілік деңгейдегі мен жұмыс тәжірибесі бар мамандар.

Қазақстан Республикасының  техникалық реттеутуралы заңнамасына  сәйкес ұсынылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ерікті сертификаттауды жүргізуін растайтын құжат.

Мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес менеджменттің сертификатталған жүйесі (сертификатталған жүйелері).

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің функционалдық, техникалық, сапалық сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар.

Конкурстық құжаттама өзінің, сондай-ақ тартылатын қосалқы мердігерлердің (бірлесіп орындаушылардың) мынадай құжаттардың біреуін беру арқылы жалпы біліктілік талаптарға сәйкестігін растауға құқығын көздеуі тиіс.

Егер өнім беруші – Қазақстан Республикасының резидент емесі болса, онда оның біліктілік талаптарға сәйкестігін растау үшін Қазақстан Республикасының резиденттеріне арналған құжаттар не конкурстық құжаттаманың тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен Қазақстан Республикасының резидент емесі - әлеуетті өнім берушісінің біліктілігі туралы ұқсас мәліметтер бар құжаттар беріледі.

Мемлекеттік сатып алуды  ұйымдастырушы (мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы) әзірлегенконкурстық құжаттаманы тапсырыс берушінің бірінш басшысы (жауапты хатшы) не оның міндеттерін атқаратын тұлға бекітеді және әрбір бетіне осы Ереженің 19-тармағының 1) тармақшасына сәйкес анықталған тапсырыс берушінің уәкілетті өкілі бұрыштама қояды.

Әр түрлі тауарларды, жұмыстармен  көрсетілетін қызметтерді сатып  алу жөніндегі ашық не жабық конкурсты ұйымдастыру кезінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттамада осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді олардың біртекті түрлері бойынша лоттарға, ал лоттарға біртекті тауарларды оларды жеткізу (жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету) орны бойынша ұйымдастырады және бөледі. 

 

2.2 Конкурстық комиссияны, сарапшыны (сараптау комиссиясын) бекіту 

 

Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсімдерін орындауүшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы әрбір конкурсқажеке конкурстық комиссия құрады.

Конкурстық комиссия құру туралы шешімді тапсырыс берушіге бекіту үшін конкурстық құжаттаманы бергенге дейін бес жұмыс күнінде мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қабылдайды.

Егер мемлекеттік сатып  алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс берушіәрекет ететін болса, конкурстық комиссия құру туралышешімді конкурстық құжаттаманы бекіткенге дейін бес  жұмыскүнінде тапсырыс берушінің бірінші  басшысы (жауапты хатшы) не оның міндетін атқаратын адам қабылдайды.

Жұмыстарды мемлекеттік  сатып алуды жүзеге асырған жағдайдамемлекеттік  сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық комиссияның құрамына оны мен келісім бойынша тиісті қызмет саласындағы уәкілетті органның өкілдерін енгізе алады.

Сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық тапсырмасын және (немесе) техникалық ерекшелігін (олар қажет болған жағдайда) әзірлеу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы конкурстық құжаттаманы әзірлеу кезеңінде сараптау комиссиясын (сарапшыны тартады) құрады.

Конкурстық комиссияның  құрамына конкурстық комиссияның төрағасы, төрағасының орынбасары және мүшелері кіреді. Төраға болмаған уақытта оның функцияларын оны алмастыратын адам орындайды. Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрауғажәне кемінде үш адам болуға тиіс.

Конкурстық комиссияның  төрағасы болып мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының орынбасарынан төмен емес лауазымды адам айқындалуы тиіс. Егер мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болып тапсырыс беруші әрекетететін болса, конкурстық комиссияның төрағасы болып тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алуды өткізуді ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшесінің басшысынан төменемес лауазымды адам белгіленуге тиіс.

Конкурстық комиссияның отырысы конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы санының жай көпшілігі қатысқан кезде жүргізіледі және конкурстық комиссияның қатысып отырған мүшелері, оның төрағасы, оның орынбасары және конкурстық комиссияның хатшысы қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Қандайда бір конкурстық комиссиясының мүшесі болмаған жағдайда конкурстық комиссия отырысының хаттамасында оның болмау себебі көрсетіледі. Конкурстық комиссияның мүшесі дәлелді себеппен болмаған жағдайда конкурстық комиссия отырысының хаттамасында осы фактіні растайтын құжатқа сілтеме көрсетіледі. Конкурстық комиссияның кемінде бір мүшесі болмаған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының басшысы болмаған уақытта басқа қызметкермен ауыстыруды жүргізеді.

Конкурстық комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және егер оған конкурстық комиссияның отырысқа қатысып отырған мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусы берілген болса, қабылданған болып саналады. Дауыстар тең болған жағдайда конкурстық комиссияның төрағасы немесе ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары дауыс берген шешім қабылданған болып саналады. Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда осы конкурстық комиссияның кез келген мүшесі ерекше пікір білдіруге құқығы бар, ол жазбаша түрде айтылуы және конкурстық комиссия отырысының хаттамасына қоса берілуге тиіс.

Конкурстық комиссияның  ұйымдастыру қызметін конкурстық комиссияның хатшысы қамтамасыз етеді. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссияның мүшесі болып табылмайды және конкурстық комиссия шешімдер қабылдаған кезде дауыс беру құқығы жоқ.

Конкурстық комиссияның  хатшысы мемлекеттік сатып алуды  ұйымдастырумен өткізуге жауапты мемлекеттік  сатып алуды ұйымдастырушының құрылымдық бөлімшесі лауазымды адамдарының қатарынан белгіленеді.

Конкурстық комиссияның  хатшысы:

1) конкурстық комиссия  отырысының күн тәртібін қалыптастырады, конкурстық комиссияны қажетті құжаттармен қамтамасыз етеді, конкурстық комиссияның отырысын өткізуді ұйымдастырады;

2) конкурстық өтінімдер  салынған конверттерді ашу хаттамасын, конкурсқа қатысуға рұқсат беру туралы хаттаманы, конкурс қорытындылары туралы хаттаманы, сондай-ақ конкурстық комиссия отырыстарының басқа да хаттамаларын ресімдейді және оларға қол қояды;

3) мемлекеттік сатып алуды  ұйымдастырушыға конкурстық комиссия қол қойған отырыстар хаттамаларын, сараптаманың (сараптау комиссиясының) қорытындысын жібереді;

4) конкурстық өтінімдерді  ашқан сәттен бастап конкурс  тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтердімемлекеттік  сатып алу құжаттарының және  материалдардыңсақталуын қамтамасыз  етеді;

5) осы Ережеде көзделген өзгеде функцияларды жүзеге асырады.

Мемлекеттік сатып алуды  ұйымдастырушыда әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін анықтау үшін тиісті бейіндегі мамандар болмаған жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы сарапшылар ретінде мемлекеттік қызметшілерді өтеусіз негізде, ал өзге мамандарды тараптардың уағдаластығы бойынша ақылы, сондай-ақ өтеусіз негізде тартуы мүмкін.

Сарапшы ретінде қандай да бір адамды тарту үшін мемлекеттік сатып алу мәніне оның қызмет бейінінің сәйкестігі міндетті шарт болып табылады.

Сарапшыны ақылы негізде  таңдауды мемлекеттік сатып алуды  ұйымдастырушы Заңға сәйкес жүзеге асырады.

Бірнеше сарапшыны тартқан жағдайда мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы тартылған сарапшылардың қатарынан сараптау комиссиясын құрады және олардың арасынан сараптау комиссиясының басшысын анықтайды.

Сарапшылар (сараптау комиссиясы) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкестігі мәніне сараптамалық қорытынды береді және конкурстық комиссия шешім қабылдаған кездедауыс беру құқығы жоқ. Сарапшылардың (сараптау комиссиясының) қорытындысын, егер ол конкурстық құжаттамада көзделген талаптар шегінде жасалған болса ғана оны конкурстық комиссия міндетті түрде ескереді. Сараптамалық қорытынды жазбаша түрде ресімделеді, оған сарапшылар (сараптау комиссиясының мүшелері) қол қояды және конкурсқа қатысуға рұқсат туралы хаттамаға қоса беріледі.

Сарапшы сараптау комиссиясының  қорытындысы мен келіспеген жағдайда, осындай сарапшы жазбаша түрде ерекше пікір білдіреді, олсараптау комиссиясының қорытындысына қоса беріледі жәнеоның ажырамас бөлігі болып табылады.

Конкурстық комиссияның хатшысы мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының бірінші басшысының немесе конкурстық комиссияны құра отырып, бір уақытта оның міндетін атқаратын адамның шешімімен анықталады.

Мемлекеттік сатып алуды  ұйымдастырушының уәкілетті өкілі конкурстық комиссия құрылған және оныңхатшысын анықтаған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешіктірмей конкурстық комиссияның хатшысына конкурстық құжаттаманың түп нұсқасын және оның қосымшаларын береді.

Конкурс тәсілімен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды өткізу басталғанға дейін конкурстық комиссияның мүшелері, конкурстық комиссияның хатшысы, сондай-ақ сарапшы (сараптаукомиссиясы) бекітілген конкурстық құжаттамамен және оған қосымшалармен танысуға тиіс. 

 

 

 2.3 Әлеуетті өнім берушілерді  конкурс тәсіліментауарларды,

жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды

жүзегеасыру туралы хабардар ету 

 

 Мемлекеттік сатып  алуды ұйымдастырушының әлеуеттіөнім  берушілерді конкурс тәсілімен  тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабардар ету Заңның 18-бабына сәйкес жүргізіледі.

Мемлекеттік сатып алуды  ұйымдастырушының хабарламасында бар мәліметтер конкурстық құжаттамада көрсетілген мәліметтерге сәйкес келуге тиіс.

Ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру осы Ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді және мынадай мәліметтерді қамтуға тиіс:

1) мемлекеттік сатып алуды  ұйымдастырушының толықатауы, электрондық  және почта мекен-жайы;

2) жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алудың атауы;

3) мемлекеттік сатып алуды  ұйымдастырушы уәкілетті өкілініңтегі, аты, әкесінің аты, оның лауазымы  және байланыс телефоны;

4) тауарларды жіберудің,  жұмыстарды орындаудың, қызметтер көрсетудің атауы, сондай-ақ талап етілетін көлемі, орнымен мерзімі;

5) конкурстық құжаттаманың  көшірмесіналу орны мен тәсілдері;

6) конкурсқа қатысуға  өтінімдер беру орны және түпкілікті мерзімі, сондай-ақ конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашу күні, уақыты мен орны;

Информация о работе Конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу