Кәсіпорында қаржылык жұмысты ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Мая 2013 в 10:29, курсовая работа

Краткое описание

Кәсіпорындар қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамыту үшін қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Мұндай даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларысыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында ұлттық шаруашылықты басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігіне тікелей әсер етеді.

Содержание

КІРІСПЕ........................................................................................................................................3
І. КӘСІПОРЫНДА ҚАРЖЫ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫСДАСТЫРУ
1.1 Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары және олардың қаржысын ұйымдастыру..................................................................................................................................6
1.2 Кәсіпорындардың өзін - өзі қаржыландырудың сипаты мен мәні.........................10
1.3 Кәсіпорынның қаражат көздері және ішкі резервтер...............................................14
ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КӘСІПОРЫН ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН ҰЙЫМДАСТЫРДЫ ТАЛДАУ
2.1 Кәсіпорындардың қызметін қаржыландырудың ерекшеліктері.............................16
2.2 Қазақстанда кәсіпорынның қаржылық жағдайын дамыту жолдар.........................21
ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................................................23
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................................................................

Вложенные файлы: 1 файл

кәсіпорында қаржы жұмысын ұйымдастыру. кожабаева.doc

— 151.50 Кб (Скачать файл)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2. Кәсіпорындардың өзін - өзі қаржыландырудың сипаты мен мәні

 

Кәсіпорынның өзін-өзі  қаржыландыруы — нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің табысты болуының міндетті шарты. Бұл қағидат өнім өндіру мен кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасын ұлғайту жөніндегі шығындардың толық өтелуіне негізделеді, ол әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын меншікті көздері есебінен жауып отыратындығын білдіреді. Қаражаттардың уақытша жетіспеушілігі кезінде оған деген қажеттілік банктің қысқа мерзімді кредиттері мен коммерциялық несие есебінен (ағымдағы шығындарға пайдаланылады) және ұзақ мерзімді кредиттер есебінен (күрделі жұмсалымға пайдаланылады) қамтамасыз етілуі мүмкін, олар кәсіпорынның қарамағында қалатын пайданың есебінен өтелінеді.

Нарықтық экономика мен жекешелендіру процестерінің дамуы жағдайында өзін-өзі қаржыландыру қағидатын қамтамасыз етуге акционерлік капиталды, бағалы қағаздар бойынша дивидендтер мен пайыздарды, қаржы операцияларынан алынған табысты (пайданы) пайдалану арқылы қол жетеді.

Бюджеттік және салалық қаржы көздері өзінің маңызын жоғалтты және олар негізінен экономиканың құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, конверсияға қолданылады.

Өзін-өзі қаржыландыру кәсіпорындардың  толық қаржы дер-бестілігімен және жауапкершілігімен тығыз байланысты. Оларға өздерінің меншікті ресурстарын өз бетінше ұйымдастырып басқаруға, тартылатын және қарыз қаражаттарын іздестіріп, айналымға салуға құқық берілген. Мемлекет кәсіпорындардың қаржы ресурстарын қайта бөле алмайды. Қаржы қатынастарын мемлекет тарапынан реттеу бюджетке салық алудың, амортизациялық қорды қалыптастырудың, валюталық түсім-ақшаны бөлудің, бағалы қағаздарды өткізудің, шығындарды өзіндік құнға жатқызудың және т.т. жүйесі мен тәртібін белгілеу ақылы жүзеге асырылады.

Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы бюджет, қорлар алдындағы міндетті орындамағаны үшін заңнамада белгіленген қаржы санкцияларының жүйесімен анықталған. Бұдан басқа, кәсіпорындар өздерінің міндеттемелері бойынша меншікті мүлкімен жауапты болады.

Кәсіпорындардың қаржылық жауаптылығы  кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру жүйесімен және кәсіпорындардың қаржы ресурстарында сақтық компаниялардан түсетін сақтық төлемдердің рөлінің артуымен күшейіп келеді.

Нарықтық экономика және меншіктің  әр түрлі түрлеріне негізделген  сан алуан ұйымдық-құқықтық нысандар кәсіпорындардың қалыптасуын және дамуын, жаңа меншік иесінің, жеке азаматтардың, сондай-ақ кәсіпорындар еңбек ұжымдарының пайда болуын қажет етеді. Бұл — маңызды алғышарт және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне мүдделіктің себебі. Бұл қағидатты іс жүзінде жүзеге асыру кәсіпорындарға берілген және мемлекеттің қолдауынсыз өзінің шығындарын қаржыландыру қажеттігіне ғана байланысты емес, сонымен қатар салықтарды төлегеннен кейін кәсіпорын, ұйым, фирма қарамағында қалатын пайданың (табыстың) үлесіне де байланысты.

Шаруашылық қызметінің нәтижелігіне мүдделік бірдей дәрежеде кәсіпорындар мен ұйымдардың ұжымдарына, жеке қызметкерлерге және жалпы мемлекетке тән нәрсе. Бұл қағидатты іске асыру лайықты  еңбек ақы төлеумен, мемлекеттің  оңтайлы салық саясатымен, таза табысты (пайданы) тұтыну мен қорланымға болуда экономикалық жағынан негізделген үйлесімдерді сақтаумен қамтамасыз етілуі мүмкін; кәсіпорындардың ұжымдарын қаржылық ынталандырудың қуатты тұтқасы олардың өздері тапқан қаражаттары есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға жұмсалатын шығындар болып табылады.

Қаржылық жауапкершілік  пен мүдделік — бір процестің — ша-руашылық жүргізудің тиімділігін арттырудың ынталандырмаларын жасау мен іске асыру процесінің екі жағы.

Сөйтіп, екі экономикалық категорияның — экономиканың негізгі буыны — кәсіпорын, ұйым, басқа шаруашылық субьекті сферасындағы қаржы мен коммерциялық есептің өзара байланысы көрінеді.

1. Жоспарлылық қағидаты  кәсіпорынның қаржылық қызметі өндірістің мақсаттарына, міндеттеріне, оларға жетудің белгіленген әдістеріне, жетудің дәйектілігі мен мезгіліне қарай оның параметрлерін есептеу арқылы алдын ала қарастырылатынын білдіреді. Есеп-қисаптар негізінде және белгіленген қаржы нормативтерін пайдалану арқылы арнаулы құжатта — қаржы жоспарында (болжамында) қамтитын көрсетілетін қаржы көрсеткіштері анықталады. Кәсіпорынның болжамды қызметі факторларының тұрлаусыздығы жағдайында қаржы көрсеткіштерін егжей-тегжейлі пысықтаудың — жоспарлаудың орнына болжау қолданылады, яғни қолда бар мәліметтерді зерделеудің, өзгермелі факторларды ғалыми өндеудің (үлгілеудің, экстраполяциялаудың) және қорытындылаудың негізінде кәсіпорынның қаржылық дамуының болжамы жасалады. Болжам кәсіпорындардың шаруашылық қызметінің нұсқалары бойынша бағалау және кейінгі шешімдерді қабылдау үшін қызмет етеді.

2. Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігінің барлық  нысандарының теңдігі қағидаты қатынастардың тұрақтылығы мен меншіктің түрлі нысандары — мемлекеттік, жеке меншік, шетел мемлекеттерінің және олардың заңды ұйымдары мен азаматтарының, халықаралық ұйымдардың нысандары дамуының мемлекет кепілдігінде жүзеге асырылады. Меншіктенуші өз білгенінше өзінің мүлкіне иелік жасайды, пайдаланады және басқарып ұйымдастырады, оған қатысты заңға қарсы келмейтін кез келген іс-әрекет жасайды, мүлікті кез келген шаруашылық және заңмен тиым салынбаған өзге де қызмет үшін пайдаланады.

3. Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың  қажетті қағидаты — басқарудың  барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы. Қаржы резервтері әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін. Қаржы резерві уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын жоюға және шаруашылықтардың қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастыруда  елеулі өзгерістер болуда. Әріптес кәсіпорындардың арасында деңгейлес байланыстар күшейіп келеді, олардың банк жүйесімен өзара іс-қимылы нығайып келеді. Бұл процестер салалық құрылымдардан бас тартып, жаңа үлгідегі құрылымдарды — экономикалық мүдделермен, бірыңғай акциялармен және мемлекеттің мүліктегі үлесімен байланысты ұқсастық негіздегі және көпсалалық құрылымдарды жасауда көрінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Кәсіпорынның қаражат  көздері және  ішкі резервтер

 

        Кәсіпорынның  табысы, оның мәні мен маңызы. Табыс — төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен қатар түрліше маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдың құндылықты алуды көрсетеді.

Кәсіпорындардың қаржысын ұымдастырудың қажетті қағидаты — басқарудың барлық деңгейлеріндегі қаржы резервтерінің (резервтік капитал, тәуекел қоры) болуы әр түрлі әдістермен өңдірістік және әлеуметтік қорлардың мөлшеріне пайызбен, пайда немесе табыстан тұрақты нормативтер бойынша аударымдар арқылы жасалуы мүмкін.

 Қаржы резерві дегеніміз  - уақытша болатын қаржы қиыншылықтарын  жоюға және шаруашылықтардың  қызметіне қажет қалыпты жағдайларды қамтамасыз етуге, сондай-ақ, әдетте, қаржы жоспарында қаралмайтын өндірістік және әлеуметтік дамумен байланысты шығындарды (ойда болмаған шығындарды) қаржыландыруға арналған қаржы түрі.

       Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің, артуы немесе капитал меншігінің кебеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі «Табыс» ұғымы жалпы мемлекетте, кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза табыс), ал жеке тұлғаларда халықтың ақшалай табысы, жеке табыс болып қолданылады.

Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауаларды сату және қызмет көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, несие   берілгендегі   алынатын   тиісті   пайыздар және   басқа   да   ақшалай   және   материалдың   түсімдер жатады.

Кәсіпорын   экономикасын   зерделеудің   негізгі   объектісіне жататындар:

•  кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп ондірісінің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру;

•    өндірісті басқару процесін ұйымдастыру;

       •     шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу;

•    өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысың қорландыру;

•    өндірістің материалдық-техникалық базасымен қамтамасыз етілуі, шикізаттар, материалдар жеткізілуі, босалқы қорды қалыптастыру және оларды ұтымды пайдалану;

                    өндірістің техникалық жағдайы  және қажетті өндірістік инфрақұрылымды  құру;

•   өндірістік шығындарды қалыптастыру, өнімнің өзіндік құн калькуляциясы, өндірістің баға саясаты;

•      өндірістің   қаржы   ресурстары,   шаруашылық   қызметінің тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелдік баға;

•   кәсіпорынның жаңартпашылық  қызметі, өнімнің сапасы, кәсіпорынның жаңартпашылық саясаты, экономикалық проблемалар;

•   кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау, еңбекті   ұйымдастыру,   еңбекке ақы  төлеу   жүйесі және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.

Сонымен, кәсіпорын экономикасы  — өндіріс факторларының жиынтығы (меншіктік және қарызгер), өндірістік емес факторлар (бала бақшалар, профилактория  және т.б.), айналыс қоры, дайын өнім, кәсіпорындардың есепшоттарындағы ақша қаражаттары, кұнды қағаздар, материалдық емес меншікті қор (патенттер, лицензиялар және т.б.), өнімді сату нәтижесіндегі табыстар немесе зияндар және түрлі қызмет көрсетулер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ  КӘСІПОРЫН  ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫН  ҰЙЫМДАСТЫРДЫ ТАЛДАУ

 

2.1.  Кәсіпорындардың қызметін қаржыландырудың ерекшеліктері

Экономика — бұл тауарлар мен  қызмет көрсетулерді өндіру,  бөлу,  сату  және  пайдалану  жөніндегі  қоғамдық ғылым, яғни адам  қызметінің саласы болып, адамдардың қажеттілігін қанағаттандыруға қызмет етеді және барлық экономикалық  ғылымдардың жалпы объектісі  болып табылады. Шаруашылық өміріндегі көкейтесті, ең маңызды процестерді танып білу және реттеу бағытында  көптеген экономикалық    ғылымдардың   ішінде    теориялық    және қолданбалы    экономиканы    бөлуге    болады.    Осылардың жиынтығын қысқаша «Қазақстандағы экономика», ал батыста — «Экономикс» деп атайды.

Теориялық және қолданбалы экономиканың негізі болып саналатындар:

•   экономикалық дамуды зерттеу;

•  жалпы   халық   шаруашылығы   саласының  жұмыс істеуін   және   жекелеген   кәсіпорындарды  (фирмаларды) зерттеу;

•  экономикалық  саясаттың  негізгі  принциптерін  алдын  ала әзірлеу.

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп ғана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбек қорларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.

Өндіріс, кәсіпорынның барлық жұмыс  қызметін сипаттау және түсіндіру —  «Кәсіпорын экономикасы» пәнін зерделеу болып табылады. Өндірістік қызметтердің заңдылығын түсіну негізінде нақтылы  өңдірістік мақсаттарды іске асыруда  шаруашылық әдістерін әзірлеуге мүмкіндік туады.

Кәсіпорын экономикасының даму негізінде  қоғамдық өндірістің дамуына объективті экономикалық заңдар жатады. Кез келген ұйымдастырушылық деңгейде экономиканы  басқару — бұл экономикалық заңдардың  талабына сай өндірістің қызмет етуі.

Қазіргі кезде кәсіпорынның мәртебесі, оны құрудың тәртібі мен жойылуы, мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік қызметтер, кәсіпорынның мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеледі.

«Кәсіпорын экономикасы» бағамын  зерделеуде, оның негізгі міндетін тұжырымдау қажет. Олар анықталатын  екі ережемен еріксіз қабылданады  және оның мәні мынада:

•   кәсіпорын   меншік   нысанына   және   салалық   құрамында   болуына  қарамастан  бірінші  буыны  халық шаруашылығының экономикалық негізі болып табылады,   ақырғы   соңында   кәсіпорынның   тиімді жұмыс    істеу    деңгейі    жалпы    халық    шаруашылығының   даму   деңгейі   мен   халықтың   әл-ауқатының деңгейіне байланысты болады;

•  нарықтық экономикаға өту бұрыннан әрекет еткен шаруашылық тетігін жан-жақты қарастыруды, оның құрылымына   жаңа   нысандар   енгізуді,   атап   айтқанда, кәсіпкерлік, бәсеке, бизнес-жоспар, еңбек мотивациясы, салық салу, т.б. қажет етеді. Осыған  сәйкес пәннің  негізгі   мақсаты   мына   төмендегілерден тұрады:

• кәсіпорындарда әрекет ететін шаруашылық тетіктерінің негізгі элементтерін қарау;

•   алдын   ала   анықтайтын   нарықтық   экономиканың талаптарына   сай   шаруашылық   жүргізудің   жаңа нысандары мен әдістерін кеңінен енгізу;

•   меншіктің   әр   түрлі   нысандарындағы   кәсіпорын экономикасы   мен   ұйымдастырудың   ерекшеліктерін зерделеу;

Кәсіпорын экономикасы және басқа  да экономикалық ғылымдармен байланысты.

Қайбір кәсіпорын болмасын өзінен-өзі тіршілік ете алмайды, ол жалпы зкономикамен тікелей байланысты, бірінші жағынан — өндіріс факторы рыногы, екінші жағынан — өткізу рыногы арқылы. Сондықтан да кәсіпорын экономикасы жеке кәсіпорындардың басқа шаруашылық құрылымдарымен қатынасатын рынокпен зерделеуге тиіс Сонымен ол шаруашылық процесін  ретіндегі қарайды.

Кәсіпорын экономикасы микро- және макроэкономикамен тығыз байланысты. Микроэкономика — бұл сала, кәсіпорындар, отбасылар, яғни жекелеген экономикалық құбылыстарды қамтитын зкономкалық ғылымның бір бөлігі.Осы салалардағы тауарлар және қаржы рыноктарын, банкілерді, түрлі фирмалар мен кәсіпорындарды, тағы басқаларды зерттейді. Мироэканомика сол сияқты жекелеген тауарларды өндірудің көлемін талай  тағайындайтынын және олардың бағаларын, халықтың жинақ ақшаларына   салықтар қалай ықпал ететінін, т.б зерттейді.  Ол кәсіпкерлік қызметінің      экономикасы мен ұйымдастыру мәселелерін де зерттейді.  Бұған жататындар:  бизнестің ұйымдық нысаны және құқықтың негізі, фирмалардың қаржы және      шаруашылық мәселелерін жоспарлау, бизнестің дамуы үшін капиталды     жұмылдыру тәсілі, рынокты монополиялау деңгейін бағалау әдісі, баға белгілеу мәселесі және өнімдерді сатудағы өндіріс шығындарын есептеу, т.б.

Информация о работе Кәсіпорында қаржылык жұмысты ұйымдастыру