Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 14:23, курсовая работа
Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асырудағы басты мақсаты-пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе - ол капиталдың жеткіліктілігі. Мен курстық жұмысымның тақырыбын «Ұйымның меншікті капиталы» деп таңдаған себебім- ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыруына, өмір сүруіне, қаржылық түрақтылығына әсер ететін бірден - бір экономикалық категория ол - меншікті капитал. Меншікті капиталдың рөлі сондай, тіпті Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар шаруашылық қызметпен айналысу үшін міндетті түрде белгілі - бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің ақшалай көрінісі ұйымның меншікті капиталы болып табылады
Кіріспе.....................................................................................................................................3
1. АҚ «БТА» БАНКТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама…....……5
1.2 Меншікті капиталдағы өзгерістер процесі....................................................................7
2. АҚ «БТА» БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ
2.1 АҚ «БТА» банктің қызмет ету жағдайы......................................................................10
2.2 АҚ «БТА» банктің ұйымдық құрылымы.....................................................................16
2.3 Банк активтері мен пассивтерін талдау………………................................................19
3. БАНКТІҢ ӨТІМДІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
3.1 Банктің пайдалылығын есепке алу арқылы өтімділікті талдау.................................39
3.2 Қызмет ету тиімділігі мен пайдасын анықтау.............................................................40
4. ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ
4.1 Мемлекеттік мекеменің техника қауіпсіздігін сақтау................................................43
4.2 Мемлекттік мекеменің санитарлық нормалары..........................................................43
Қорытынды.........................................................................................................................45
Қолданылған әдебиеттер тізімі………
II.Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамаысы және меншікті
капиталдың есебі
2.1 Меншікті капиталдың есебін ұйымдастыру
Кәсіпорынның жарғылық капиталының мөлшері, сол ұйымның шығарған акцияларының түрлері, (жай және артықшылығы бар) акциялардың сандары, сондай-ақ бір акцияның атаулы (номиналдық) құнына сәйкес акционерлік қоғамның серіктестіктердің, өндірістік кооперативтердің жалпы жиналысында бекітіледі. Жалпы кез-келген ұйымның жарғысы тиісті мемлекеттік органдарда (Әділет министрлігі) тіркеуден өткізілуі тиіс. Қандайда болмасын қоғамның акциясын сатып алатын мүшесі ол акцияларды қоғамға немесе үшінші тұлғаға сатуға ұсыныс жасауына құқығы бар.
Шаруашылық серіктестіктердің жарғылық капиталына салынатын салымдары, ақша да, бағалы қағащдар да, мүлік те, мүліктік құқық та және басқа да мүліктер (интелектуалдық қызметтің нәтижесінде берілген құқын да қоса алғанда) болуы мүмкін.
Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарлық капиталына натуралды нысанда салынатын салымдары немесе барлық құрылтайшылардың келісімі бойынша немесе барлық құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша мүліктік құқығы ақшалай нысанда бағаланады. Осындай салымдардың құнының сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен асып түсуі керек, бірақ сол бағалауды тәуелсіз эксперт (бағалаушы) қуаттауы керек.
Шаруашылық жүгізуші субъектілер қайта тіркелген кезде қатысушылардың ақшалай салымдары бухгалтерлік құжттармен не болмаса аудиторлық есеп берулерімен қуатталып бағалануы мүмкін.
Осындай бағалау кезінен бастап, бес жыл бойы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылтайшылары (қатысушылары) өздері қосқан сомаларының шегінен артық бағаланған салымдарына субъекті кредиторларының алдында бірлесіп жауап береді.
Егер де салым ретінде субъектіге пайдалану құқы берілсе, онда бұл салым үшін төленетін төлемнің мөлшері, құрылтайшылардың құжаттарында көрсетілген барлық мерзімі үшін есептелген сомадан анықталады.
Мүліктік құқы жоқ және басқа да материалдық емес игіліктерді жеке салым ретінде жасауға рұқсат етілмейді, сондай-ақ қатысушылар серіктестікке бір-бірінің қарызын өзара есептеуге жатқызуына болмайды.
Қосымша және жауапкершілігі шектелген серіктестіктердің жарғылық капиталының бастапқы мөлшері құрылтайшылардың салым сомасына тең болады және құжаттарын мемлекеттік тіркеуден өту үшін берілген күнінде, оның мөлшері жүз айлық есепті көрсеткіштен кем болмауы керек.
Аталған серіктестіктер тіркеуге дейін өздерінің жарғылық капиталының жалпы сомасының 25℅-тей мөлшерінде соманы төлеуге міндетті. Бірақ ол жарғылық капиталының минималды сомасынан кем болмауы керек. Жалпы жиналыстың шемімімен бекітілген мерзімде серіктестіктің барлық қатысушылары жарғылық капиталына берешегін толығымен өтеуі тиіс.
Ол мезгіл серіктестіктің тіркелген күнінен бастап саналады және ол бір жылдан аспауы керек. Егерде серіктестіктің қатысушылары белгіленген мерзімде өз үлестері бойынша міндеттемесін орындамаса, онда қатысушылар өзінің есебінен бермеген үлесінің бір бөлігін қосуы керек, болмаса олардың жарғылық капиталы қосатын үлесіне дейін азайтылады.
Акционерлік қоғамның жарияланған жарғылық капиталының мөлшері бірыңғай валюта көрсетілген барлық шығарылған акцияның номиналды (атаулы) құнына тең болады. Ұйым өзінің шығады деп жариялап қойған акцияларының барлығын немесе тек бір бөлігін ғана шығаруы және орналастыруы мүмкін. Ол жағдайда жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік тіркеуден өтпес бұрын жарияланған жарғылық капиталының толық төленуін қарастырады. Ашық акционерлік қоғамы өзінің жарияланған жарғылық капиталының кем дегенде 25℅ тіркеместен бұрын төлеуі тиіс.
Жарияланған жарғылық капиталының минималды көлемі ашық акционерлік қоғам үшін - бес мың минималды есептік көрсеткішін, ал жабық қоғам үшін - жүз минималды есептік көрсеткішін құрайды.
Акционерлердің жалпы жиналысында анықталған әрі жарияланған санының шегінде акцияны шығарудың жағдайы, мерзімі, саны директорлар Кеңесінің шешімен белгіленеді.
Қоғамның шығарылған (төленген) жарғылық капиталының деңгейі шығарылатын акцияның номиналдық (атаулы) құнына тең болады. Шығарылған (төленген) жарғылық капитал жаңадан шығарылған немесе сатып алынған және жойылған акцияларына сәйкес өзгеруі мүмкін. Бұл жерде шығарылған акцияның номиналды құнының жиынтық сомасы әрбір қоғам типіне белгіленген минималды деңгейден төмен болмауы керек.
Қоғамның жарияланған жарғылық капиталы түгелдей төленіп және орналастырып біткен соң ғана, ұлғайтуға рұқсат беріледі. Жарияланған капитал мен шығарылған капиталдың арасында айырмасы болса, онда сол сомаға жарғылық капитал азайтылады.
Жарияланған жарғылық капиталын ұлғайту және азайту туралы шешім акционерлердің жалпы жиналысында қабылданады, бірақ оларды минималды деңгейден төмендетуге рұқсат етілмейді.
Барлық кредиторларға кем дегенде 30 күн бұрын хабарланған соң, жарияланған жарғылық капиталын азайтуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда кредиторлар өзінің алашағын толық деңгейде, әрі тез арада талап етуге құқылы.
Заңға сәйкес акциялар акционерлердің келесі құқықтарын қанағаттандырады:
Қоғам тек иесі жазулы (атаулы) акцияны шығаруға құқы бар. Иесі жазулы (атаулы) акцияның қозғалысы, яғни акцияның өз ұстаушысын ауыстыру, қатаң тәртіпте арнайы құжатта акционерлік қоғамның акционерлерінің тізімінде белгіленеді. Иесі жазулы (атаулы) акцияның құнын, тек тізімге енгендер ғана пайдалана алады.
Жарғылық капиталдың қолда бары және қозғалысы 5020-шы «Жай акциялар», 5010-шы «Артықшылығы бар акциялар», 5030-шы «Салымдар мен жарналар» шоттары енетін 5000-ші «Жарғылық капитал» деген шоттар бөлім- шесінде жүргізіледі.
5000-ші «Жарғылық капитал» бөлімшесінің шоттары бойынша қалдығы, оның құрылтай құжаттарында көрсетілген жарғылық капиталының мөлшеріне сәйкес келуі керек. 5000-ші бөлімшесінің шоттары бойынша жазу жарғылық капиталдың белгіленген тәртібі бойынша жүреді, олардың ұлғайған немесе азайған жағдайында құрылтай құжаттарында да тиісті өзгерістер енгізіледі.
Біздің отандық тәжірибеде кәсіпорынның меншікті капиталының құралу көздері болып мыналар саналады: жарғылық капитал, резевтік капитал, арнайы бағыттағы қорлар, мақсатты қаржыландыру мен салымдар (келіп түсулер),жаргерлік міндеттемелер, баланс пассивінің бірінші бөлімінде көрсетілген бөлінбеген табыс, сонымен қатар құрылтайшылармен есеп айырысулар, тұтыну қорлары, алдағы кезең шығындары мен төлемдер резервтері, қосымша төлебеген капитал, резервті капитал және бөлінбеген капитал кіреді.
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы жарғылық
капитал операциялардың мазмұны
№ |
|
1 |
Үлес қосушылар мен салымшылардың акционерлік қоғамның жарғылық қорына қосқан үлесінің сомасы |
2 |
Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының қосқан пайлар және басқадай үлестер есебінен құрылуы (қалыптасуы) |
3 |
Серіктестіктердің (акционерлік қоғамдардан басқа) жарғылық қорының акционерлердің шығып кетуі себебінен азаюы |
4 |
Кәсіпорынның өзінің акцияларының айналымнан шығарылғандарының құнына |
5 |
Серіктестіктердің (акционерлерден басқа) қоғамның жарғылық қорына қосқан пайлары және басқадай үлестері қайтарылды |
6 |
Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және басқа да салымшылардың акционерлік қоғам жарғылық қорына қосуға тиісті қарыздары |
7 |
Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың оң курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты өсуі |
8 |
Жарғылық қорға шетелдік валюта түрінде қосуға тиісті қарыздардың теріс курстық (бағамдық) айырмашылыққа байланысты кемуі |
9 |
Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың ақшалай түрде қосқан үлес сомаларының келіп түсуі |
10 |
Үлес қосушылар мен құрылтайшылардың және салымшылардың акционерлік қоғамға материалдық емес активтер, негізгі құралдар, материалдар, тауарлар түрінде қосқан үлестерінің кіріске алынуы |
11 |
Акционерлік қоғамның акционерлерден сатып алған өзінің акцияларының құнына |
12 |
Сатылып алынған акциялардың сатып алу және атаулы құнының арасындағы айырмашылығының сатып алынған уақытында көрсетілуі: -егер акциялар өзінің атаулы құнынан төмен бағаға сатылып алынса; -егер акциялар өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылып алынса; |
13 |
Өзінің атаулы құнынан жоғары бағаға сатылған акциялардың айырма сомасы |
14 |
Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты бастапқы құнының өсуі |
15 |
Негізгі құралдарды қайта бағалауға байланысты оларға бұрын есептеліп жинақталған тозу құнының өсуі |
16 |
Негізгі құралдарды пайдалануына қарай қайта бағалау сомасының анықталған көлемде бөлінбеген пайдаға апарылмағаны |
17 |
Инвесторлардың, |
18 |
Қайта бағалаудың нәтижесінде алын- ған ұзақ мерзімді қаржы инвестицияларының бастапқы құны сомасының өсуі |
19 |
Бұрын жүргізілген қайта бағалаудың нәтижесінде ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялардың бастапқы құнының өскен сомасына бағасының кемуі |
20 |
Ұзақ мерзімді қаржылық инвестицияларды есептен шығарған уақыттағы, олардың бұрын қайта бағалаған сомасы |
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы резервтік капитал бойынша жүргізілетін операциялардың мазмұны
№ |
|
1 |
Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капитал сомасының қалыптасуы |
2 |
Акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капитал сомасының қалыптасуы |
3 |
Кәсіпорынның ағымдағы жылда пайда таппауына немесе тапқан пайдасының жетіспеуіне байланысты артықшылығы бар акциялар бойынша дивидент төлеу үшін жұмсалған резервтік капитал сомасы |
4 |
Кәсіпорынның есепті кезеңдегі немесе алдыңғы (өткен) жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы |
5 |
Ағымдағы жылғы зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы |
6 |
Өткен (алдыңғы) жылдың жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы |
7 |
Акционерлердің қабылдаған қаулысына сәйкес резервтік капиталдың сомасы есебінен субъектінің жарғылық капиталын арттыруға бағытталған сома |
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы бөлінбеген пайда бойынша жүргізілетін операциялардың мазмұны
№ |
|
1 |
Кәсіпорынның бөлінбеген табысы есебінен акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерде резервтік капиталға бөлінген сома |
2 |
Кәсіпорынның бөлінбеген табысы есебінен акционерлік қоғамның жарғысында белгіленген мөлшерден артық резервтік капиталға бөлінген сома |
3 |
Кәсіпорынның есепті кезеңдегі немесе алдыңғы жылдардағы жабылмаған зияндарын жабуға жұмсалған резервтік капитал сомасы |
4 |
Есепті кезеңнің соңында кәсіпорынның бөлінбеген табысына жатқызылатын таза табыс сомасы |
5 |
Есепті кезеңнің соңында анықталған кәсіпорынның шеккен зиян сомасы |
6 |
Ағымдағы жылғы шеккен зиянды жабуға бағытталған резервтік капитал сомасы |
7 |
Негізгі құралдардың белгіленген әдісіне сәйкес есептелген амортизация сомасының қайта бағалауға байланысты бөлінбеген табысқа жатқызылғаны |
8 |
Өткен жылғы акционерлерге дивидент төленгеннен қалған бөлінбеген табыс сомасы ағымдағы жылдың бөлінбеген табысына аударылды |
9 |
Кәсіпорынның өткен (алдыңғы) жылдағы жабылмаған зиянын өтеуге бағытталған резервтік капитал сомасы |
10 |
Кәсіпорынның есепті жылы шеккен зиянының сомасы алдағы кезеңде өтеуге қалдырылды |
11 |
Кәсіпорынның ағымдағы жылда өнімдерді (тауарларды) сатудан, қызметтерді көрсетуден,негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, құнды қағаздарды сатудан және дивидент түрінде алған табыстарының сомасына |
12 |
Кәсіпорынның ағымдағы жылда көрсеткен қызметтерінің, сондай-ақ сатқан тауарларының, негізгі құралдарының, материалдық емес активтерінің, құнды қағаздарының өзіндік құнына |
Қазіргі таңда Ұйымның меншікті кпиталдың есебін ұйымдастыруда әр түрлі жүйедегі мүмкіндіктері бар. Оларды қалыптастыру кәсіпорындардың көлемінің, қызмет ауқымының әр түрінде қолданыс табуда.
Меншікті капиталдың есебін ұйымдастырғанда бухгалтерия жұмысының қарқының кеңейту мен кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметіне бақылауды жақсарту және де кәсіпорынды басқаруды дұрыс қолға алуда маңызды болып табылады.
Меншікті капитал қаржылық есеп беруде бірден - бір бөлінбейтін қажет категория. Халықаралық қаржылық есеп стандартында қарастырылған стандарттау құралы кәсіпорынның қаржылық есеп беруі бухгалтерлік есебі емес. Көптеген отандық бухгалтерлер халықаралық қаржылық есеп стандартын аша отырып, белгілі бір операцияны қалай есептейтінін, алғашқы құжаттарды дайындау және толтыру туралы одан реттеуші құжаттар, нормативтік актілер іздемекші болады. Бірақ, бұл былай емес. Батыстық бухгалтерлер үшін қаржылық есеп инвесторлармен, меншік иелерімен қарым-қатынас жасайтын тіл ретінде манызды, себебі оларға кәсіпорынның есебі қалай жүргізілетіні, яғни жеңілдетілген режимде немесе журнал-ордерде немесе есептің автоматтандырылған әдісін қолдану-қолданбау манызды емес. Бухгалтерлік есепті жүргізуде ақпаратты жинау және әзірлеу қағидасы сол қалпы қалады, өйткені халықаралық қаржылық есеп беру стандарты бухгалтерлік есепті жүргізуді реттемейді. Сондықтан да бухгалтерлерге есепті жүргізуде стандарттың әрбір әрбірін қатал ұсыну міндетті емес. Халықаралық қаржылық есеп стандарты бұл қоғамдық қызығушылықтарды сипаттайтын, қаржылық есеп беруді дайындау мен ұсыну тәртібі үшін қажет жүйе. Халықаралық қаржылық есеп стандарты көптеген мемлекеттерде қолданылатын бизнес тілі. Сондықтан да Қазақстанға инвесторлар қажет болғандықтан эконмикалық тиімді, ал инвесторлар болса қаржылық ақпаратты халықаралық қаржылық есеп стандартына сәйкес ұсынуды талап етеді.
Кәсiпорынның жарғылық капиталы қызметтi бастауды қамтамасыз ету үшiн жаңадан құрылған кәсiпорынның жасаған қаражаттарының сомасы болып саналады.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, шаруашылық жүргізуші ұйымдардың алуан түрлері құрылады.
Ол акцияларды орналастырудың немесе сатудың, жеке капиталын салудың, мемлекеттiң қаражаттарының, материалдық емес активтердiң және басқа да мүлiктердiң немесе мүлiктiк құқықтарының есебiнен құрылады. Сонымен қоса, жарғылық капитал жаңадан құрылған заңды тұлғалар өз қызметiн бастау үшiн бастапқы материалдық базасы болып та табылады, ол құрылтайшылардың (акционерлердiң, қатысушылардың) қатысу үлесiн және кепiлдiк сипатын анықтайды.
Информация о работе Мемлекеттік мекеменің техника қауіпсіздігін сақтау