Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Марта 2014 в 14:23, курсовая работа
Кез-келген ұйымның немесе кәсіпкердің шаруашылық қызметін іске асырудағы басты мақсаты-пайда табу. Ұйым немесе кәсіпкер осы мақсатын іске асырудағы бірінші мәселе - ол капиталдың жеткіліктілігі. Мен курстық жұмысымның тақырыбын «Ұйымның меншікті капиталы» деп таңдаған себебім- ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыруына, өмір сүруіне, қаржылық түрақтылығына әсер ететін бірден - бір экономикалық категория ол - меншікті капитал. Меншікті капиталдың рөлі сондай, тіпті Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар шаруашылық қызметпен айналысу үшін міндетті түрде белгілі - бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің ақшалай көрінісі ұйымның меншікті капиталы болып табылады
Кіріспе.....................................................................................................................................3
1. АҚ «БТА» БАНКТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
1.1Меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама…....……5
1.2 Меншікті капиталдағы өзгерістер процесі....................................................................7
2. АҚ «БТА» БАНКТІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕСІН ТАЛДАУ
2.1 АҚ «БТА» банктің қызмет ету жағдайы......................................................................10
2.2 АҚ «БТА» банктің ұйымдық құрылымы.....................................................................16
2.3 Банк активтері мен пассивтерін талдау………………................................................19
3. БАНКТІҢ ӨТІМДІЛІГІ МЕН ТИІМДІЛІГІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ
3.1 Банктің пайдалылығын есепке алу арқылы өтімділікті талдау.................................39
3.2 Қызмет ету тиімділігі мен пайдасын анықтау.............................................................40
4. ТЕХНИКА ҚАУІПСІЗДІГІ
4.1 Мемлекеттік мекеменің техника қауіпсіздігін сақтау................................................43
4.2 Мемлекттік мекеменің санитарлық нормалары..........................................................43
Қорытынды.........................................................................................................................45
Қолданылған әдебиеттер тізімі………
Акционерлік қоғам барлық кредит берушілерге акцияның сатып алынатыны туралы хабарлауы керек. Ал кредит берушілер қоғамнан өз жұмысын азайтуда тоқтатуды және өздеріне келтірген залалдың орыны толтыруды талап етуге құқылы.
Заңға сәйкес сатып алынған акция құны қоғам шығарған акцияның жалпы санының 25%-інен аспауы керек, ал акцияны сатып алуға қоғам бағыттаған қаражат қоғамның 10% өзіндік капиталынан аспауы керек.
Жарғылық капиталдың бекітілген мөлшерін қамтамасыз ету үшін және құрылтайшылардың (акционерлер, инвесторлар) тұрақты түрде дивидендтер алу қызығушылығын сенімді қорғау үшін кәсіпорындарда резервтік капитал құрылуы мүмкін.
Резервтік капитал - акционерлік қоғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субьектінің негізгі қызметінен алынған залалдарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражаттармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншік капиталы болып табылады.
Резервтік капиталды құрудың негізгі мақсаты акция құнының төмендеуі тәуекелі туындаған жағдайда жарғылық капиталдың белгіленген мөлшерін ұстап тұру, себебі жарғылық капитал осы резервтер есебінен толып отырады. Резервтік капитал ұйымның мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін екі жыл ішінде қалыптасуы керек.
Резервтік капиталдың есебі 5300-ші «Резервтер» бөлімшесінің мынадай пассивті шоттарында жүргізіледі: 5310-ші «Құрылтай құжаттарында белгіленген резервтік капитал», 5320-шы «Қайта бағалакға арналған резерв», 5330-шы «Шетелдік валютаны қайта есептеуге арналған резерв», 5340-шы «Басқа да резервтер». Заңдармен белгіленген резервтік капиталдың есебі. Шаруашылық жүргізуші серіктестіктің (ЖШС, АҚ және басқалары) резервтік капиталы құрылтайшылардың құжаттарында (жарғысында, құрылтайшылардың шарттарында) белгіленеді, сондай-ақ белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтеді. Жыл сайын түскен таза табыстан аударып отыру акционерлердің жалпы жиналысында белгіленеді. Оның мөлшері жарияланған жарлық капиталдың 15%нен кем болмауы керек.
5340 «Басқа да резервтер» шотында заң тәртібімен көзделген ең төменгі мөлшерден тыс жасалған резервтік капиталдар есептелінеді.
2.3 Меншікті капиталға бақылауды ұйымдастыру
Жарғылық капитал кәсіпорын мүлкіне оны құрған кездегі қатысушылардың салымының жиынтығы болып табылады. Жарғылық капиталды белгілеу мен қалыптастыру тәртібі және пайдалану шаруашылық жүргізуші субъектінің іс қызметінің өрісі мен жағдайына, ұйымдастыру – құқықтық түріне байланысты
Жарғылық капиталды тексергенде аудитор бірінші кезекте келесі жағдайларды қарастырады:
а) жарғылық капитал көлемінің құқықтық - нормативтік акті талаптарына сай болуын;
ә) жарғылық капитал мөлшерінің өзгеру ықтималдығын;
б) бухгалтерлік есепте жарғы капиталының шамасына ықпал ететін операцияларды көрсетудің және қолданған корреспонденциялардың дұрыстығы.
Жарғылық капиталды тексеру, бақылау бағдарламасына мынадай бақылау процедуралары кіреді.
Жарғылық капиталдың бақылау бағдарламасы
2.3.1-кесте
|
Баланс көрсеткіштерінің Бас кітап мәліметтеріне сәйкестігін тексеру |
Жарғылық капитал қозғалысының синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізудің дұрыстығын тексеру |
Жарғылық капиталды қалыптастырудың дұрыстығын тексеру |
Құрылтайшылардың жарнасын (салымдардын) кіріске алудың толықтығы мен мерзімділігін тексекру |
Жарғылық капитал өзгерісінің негізділігін және оны құрылтайшы құжаттарға енгізудің мерзімділігін тексеру |
Кәсіпорынның жарғылық капиталға жарна ретінде салынған мүлікті және басқада мүліктік құқықтарды түгендеу |
Қолданыстағы заңнамамен салыстырғандағы жарғылық капитал есебінде анықталған ауытқуларды жою жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу мен негіздеу |
Резервтік капитал - іс жүзінде заңнамамен құрылтайшы құжаттарға сәйкес болжанбаған шығындарды және инвесторларға осы мақсаттарға арналған табыс көлемі жетпеген жағдайда инвесторларға шығынның орнын жабу үшін құрылады.
Басқаша айтсақ, резервтік капитал – кәсіпорынның тоқтаусыз жұмысына және үшінші тұлғалардың мүдделерін сақтауға кепіл болып шығады. Мұндай қаржылық көздің бар болуы үшінші тұлғаларға кәсіпорынның өз міндеттемелерін орындайтығына сенім артырады. Резервтік капиталдың пайда болуы міндетті және ерікті сипатта. Алғашқы жағдайда ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ал екінші жағдайда – кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында, немесе оның есеп саясатында белгіленген тәртіпке сәйкес құралады. Егер кәсіпорынның құрылтайшы құжаттарында резервтік капитал құру көзделмесе, оны құруға құқы жоқ.
Заңнама бойынша резервтік капитал құруға міндетті кәсіпорындар оны баланстың «Резервтік капитал» бабы бойынша көрсетеді. Осылайша ашық акционерлік қоғам резервтік капиталды қоғамның шығындарын жабу үшін жарияланған жарғылық капиталдың 15%-нен кем емес мөлшерде жасауы тиіс.
Қоғамның резервтік капиталы мемлекттік тіркеуден өткен уақытынан бастап екі жыл ішінде құрылуы тиіс. Ол акционерлік қоғамның жалпы жиналысы белгілейтін мөлшерде, таза табыстан (пайдадан) жыл сайын аудару жолымен қалыптасады.
Егер қайсыбір төлемдер нәтижесінде қоғамның резервтік капиталы оның жарияланған жарғылық капиталының 15%-нен кем болып қалса, онда қоғам көрсетілген шамаға дейін резервтік капиталды толықтыру үшін аударымды жаңғыртуға міндетті.
Қосымша төленген капитал – меншікті акцияларды өткізу құнының атаулы құнынан артқан сомасы болып саналады. Акциялар бойынша сыйақы, меншікті акцияларды өткізу құнының атаулы құнынан артқан сомасы К-т 531 «Қосымша төленген капитал» шотының корреспонденциясында Д-т 431, 441, 451 шоттарымен бірге немесе 334 «Басқа да дебиторлық берешек » шотында көрсетіледі.
Аудитор қосымша төленген капиталдың мөлшерін анықтаудың дұрыстығын тексеруі, баланстағы осы бап бойынша қалдықты 531 «Қосымша төленген капитал » шоты және осы шот кредиті бойынша 13 журнал – ордерінің мәліметтерімен салыстыру қажет.
Меншікті капиталдың тағы бір элементі – қосымша төленбеген капитал, ол негізгі құралдардың және ұзақ мерзімді инвестициялардың оларды қайта бағалау нәтижесінде бастапқы құнның ұлғайған сомасы болып табылады.
Менің курстық жұмысымда қарастырған тақырыбым «Ұйымның меншікті капиталы». Ұйымның шаруашылық қызметін жүзеге асыруына, өмір сүруіне, қаржылық тұрақтылығына әсер ететін бірден - бір экономикалық категория ол меншікті капитал. Меншікті капиталдың рөлі сондай, тіпті Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар шаруашылық қызметпен айналысу үшін міндетті түрде белгілі - бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс, осы мүліктердің ақшалай көрінісі ұйымның меншікті капиталы болып табылады. Сонымен меншікті капитал қазіргі уақытта кәсіпорындардың жұмыс істеуі үшін бірден-бір алғышарт болып табылады. Қорытындылай келгенде курстық жұмысымда 2 бөлімге тоқталдым:
Бірінші бөлімде Ұйымның меншікті капиталының теориялық аспектілері, меншікті капиталдың экономикалық мәні және элементтеріне сипаттама, меншікті капиталдағы өзгерістер процесі.
Екінші бөлімде Меншікті капиталдың экономикалық сипаттамасы және меншікті капиталдың есебі, ұйымның меншікті капитал көздерінің есебі, меншікті капиталға бақылауды ұйымдастыруға тоқталдым.
Меншікті капиталдағы өзгерістер туралы есеп ұйымның меншікті капиталының қозғалысы мен жағдайы туралы, жарияланған капиталдағы, төленбеген және қосымша төленген капиталдағы өзгерістер туралы, сонымен қатар резервтік капиталдағы және бөлінбейтін пайданың (залалдың) құрылуы туралы көрсеткіштерді қамтиды. Меншікті капитал кәсіпорындардың шаруашылық қаржыларын қалыптастырудың меншікті көздері болып табылады және оның мөлшері кәсіпорынның барлық активтерінің сомасынан оның міндеттемелерін алып тастағандағы сомаға тең болады.
Меншікті капиталдың есебін ұйымдастырғанда бухгалтерия жұмысының қарқының кеңейту мен кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметіне бақылауды жақсарту және де кәсіпорынды басқаруды дұрыс қолға алуда маңызды болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер
1. «Шаруашылық серіктестіктер туралы» Заңы, 2012ж.
2. «Акционерлік қоғам туралы» Заңы, 2012ж.
3. Қ.К.Кеулімжаев «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» 2003ж.
4. Тоқсанбай С.Р. Толық экономикалық орысша-қазақша сөздік. 2006ж.
5. Дүйсенбаев К.Ш, Төлегенов Э.Т, Жұмағалиев Ж.Т. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» Алматы 2001ж.
6. Абленов Д.О. «Аудит негіздері» Алматы 2005ж.
7. Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик, 2003 ж.
8. Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.
9. А.Қ. Мейірбеков, Қ.Ә. Әлімбетов. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы «Экономика» 2003ж.
10. Радостовец В.К., Габдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И., «Бухгалтерлік есеп» Алматы 2003ж.
Информация о работе Мемлекеттік мекеменің техника қауіпсіздігін сақтау