ҚР макроэкономикалық саясаты еңбек рыногын мемлекеттік реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 19:48, курсовая работа

Краткое описание

Тоталитаризмді қабылдамау, либералды-демократиялық құндылықтар жүйесіне бағдар ұстау абстрактылық "мемлекетсіз"рыноктық үлгіге көшу керек екенін білдірмнйді. Қазақстанда саяси бостандығы мен демократияның негізі толығымен либерализацияланған рыноктар екенін білдіретін ой-пікір көпшілік үшін аксиома ретінде алынған еді. Бірақ та бұл тұжырымдама шетелдік тәжірбиені бұрғылаумен қатар, көп ғасырлық қазақ халқының орталықтандырылған билік менталитіне қайшы келеді(алайда, бұл ерекшелік ХХ ғ. әлеуметтік тәжірбиесі барысында шекті нысандарына жеткен еді).
Толығымен laіssez faіre-ға (мемлекеттің араласпауына) негізделген жүйе жоқ, ХIХ ғ. дейін де, кейін де болған емес. ХХ ғ. дамыған рыноктық экономикасы, сонымен қатар, дамып келе жатқан рыноктық экономикасы бар елдер сәттілігінің маңызды құрамдасы- бұл мемлекеттің реттіушілік рөлі.

Содержание

Кіріспе

I.Рынокты мәні, құрылымы, постсоциалистік экономикадағы қалыптасу механизмі
1.1 Рынокты мәні, құрылымы
1.2 Рыноктық экономикадағы мемлекеттік реттеудің мәні, әдістері және жүргізілу құралдары
1.3 Рынокты мәні, құрылымы, постсоциалистік экономикадағы қалыптасу механизмі

II. ҚР макроэкономикалық саясаты еңбек рыногын мемлекеттік реттеу
2.1 ҚР-ғы еңбек рыногының ерекшелігі
2.2 Халықты жұмыспен қамтудағы мемлекеттің әрекеттері
2.3 Рынок жағдайындағы баға. Бағаның мәні және атқаратын қызметтері

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Вложенные файлы: 1 файл

ПОСТСОЦИАЛИСТІК.DOC

— 173.50 Кб (Скачать файл)

 

 Ассоциацияларға, бірлестіктерге  біріккен, немесе өз бетінде әрекет  ететін шаруашылық субъектілерінің әртүлі топтары қолданатын әдістер жанама, яғни мемлекетік емес әдістерге жатады. Олар:

- нарықтық қатынастардың қатысушыларыныңарасындағы  нақты көрсетілген әрбір жақтың  келісімдерімен, оларды бұзғаны  үшін қатаң санкциялармен тиімді бақылау механизіміменжасалатын тікелей шаруашылық шарт;

-несие мен қарызды беру және  алу туралы өзара келісім; 

-кәсіпорындардың әртүрлі ассоциацияларын,  ақпараттық жүйелерді, фирмалық  дүкендерді, валюталық және басқада  аукциондарды ұйымдастыру;

-мамандандырылған банктер, қор және тауар биржалары арқылы нарықтық қатынастардың дамуына әсер ету;

-нақты өндірушінің тауарлары  мен қызметтеріне сұранымды мақсатты  түрде қамтамасыз еетін және  сұраным мен ұсынымды кешенді  зерттекуге негізделген кәсіпорынның  маркетингтік қызметі.

Нарықты ретеу әдістері-бұл нарық  механизімінің қалыпты жұмыс  жасауын қамтамасыз ету үшін қолданылатын мемлекет және оның мекемелерінің ұдайы  өндіріс процесіне мақсаты бағытта  әсер ету тәсілдері. Нарық мемлекетпен  және тауар өндіруші кәсіпорындармен реттеледі. Яғни, реттеу әдістерін оның реттеу субъектілеріне қарай, шартты түрде, мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарық тепе-теңдікке әсер ету тәсілдеріне қарай -тікелей және жанама деп класссификациялауға болады. Нарықты тікелей реттеу әдістеріне төлем қабілеті бар жиынтық сұранымды құру, сонымен бірге халық шаруашылығын тұрақтандыру үшін пайдаланатын орталықтандырылған тәсілдер жатады.

 Нарықты жанама зерттеу әдістері  негізінен адрессіз, бірақ барлық  шаруашылық субъектілері үшін  міндетті болып табылады. Олардың қызметі көбінесе экономикалық қаракетің шарттары мен нәтижесіне әсер етумен байланысты. Нақты өмірде олар бір-бірімен тығыз байланысты және әсер ету обьектісі ретіндегі меншік типіне қарай жіктеліп әртүрлі тіркесте қолданылады.

 

          Мемлекеттік реттеудің түрлері

 

 Мемлекеттік және рыноктық  реттеу қандай мөлшерде үйлестірілу  қажет, мемлекеттік араласудың  шектері мен бағыттары қандай  екені жөнінде теоретикалық көзқарастардың  және оларға сәйкес тәжірибелік  тұжырымдардың кең ауқымды спектпрі бар- ұлттық шаруашылықты басқарудағы толық мемлекеттік монополизмнен шекті экономикалық либерализмге дейін, бұнда экономика тек ешнәрсемен шектелмейтін жеке кәсіпкерлік кезінде ғана тиімді болады деген пікір қалыптасқан. Осындай шекті нұсқалар арасында аралас нұсқалар да бар, мысалы рыноктық және мемлекеттік реттеушілерді үйлестіретін Қытай нұсқасы, ФРГ мен Австрияның әлеуметтік бағдарланған рыноктық шаруашылығы. Аралас экономиканың швед үлгісі және т.с.с.

Мемлекеттік монополизмнің аса  жоғары дәрежесі жүзеге асқан шаруашылықтың түрі- бұл біздің елде құрастырылған орталықтан басқарылатын экономика. Оның негізінде бәрін қамтитын директивті жоспарлау жатты, яғни нені және қандай мөлшерді шығару керек, бұнда қандай ресурстарды пайдалану керек, қандай мөлшерде еңбек пен капитал жіберілуі керек, еңбектің ақысы қандай болу керек жөніндегі мәселелері орталықтан шешілді.

Жоспарлы экономикада  бұрмаланған болса да, тура байланыстар  бар болды, бірақ кері байланыстар  жоқ болатын. Жылжымайтын және бұрмаланған қағаздар кезіндегі кері байланыстардың жоқтығы жүйені тұтынушылық сұраныс динамикасына сезімсіз ғылды. Бұдан шыққан салдардың бірі- бір салалардағы артық өндіру және басқа бір салаларда тапшылық. Тапшылық жоспарлы экономиканың ерекше белгісі болып табылды.

Экономиканы басқарудағы  мемлекеттік монополизмнің нұсқасында нарықтық экономиканың тиімділігі тәуелді  болатын бәсекелестік механизімі оқшауланып қалады.

Кез-келген экономикалық жүйеде, соның ішінде рыноктық экономикада, мемлекет- мәжбүр ету құқығы және мүмкіндігі бар (мысалы салық саясаты, мемлекеттік заңдылық саласында) экономикалық агент ретінде әрекет етеді. Мәжбүр ету саяси философиямен негізделеді, бұнда жеке мұқтаждықтар қоғамдық мұқтаждықтарға бағынады. Мәжбүр ету, егер ол мемлекетпен кеңінен тұжырымдалса, бәсекелестік пен рыноктық баға жасауға негізделген еркін кәсіпкерліктің артықшылықтарын жоққа шығарады. Айтылып кеткен мәселелерді шешу үшін мемлекеттің қарауында құралдардың айтарлықтай кең жиындығы бар. Олардың ең маңызды дегендеріне жататындар: фискалдық және ақша саясаты; әлеуметтік саясат және табыстарды реттеу саясаты; сыртқы экономикалық саясат. Фискалды саясатқа бюджеттік қаражаттарды меңгеру бойынша мемлекет қызметі жатады. Бұл қызметтің бір жағы салық салу жүйесі арқылы қаражаттарды жинаумен байланысты болса, басқасы- оларды шығындаумен байланысты.

 

Мемлекеттік реттеудің құралдары

 

Фискальды саясат – экономиканың макроэкономикалық тұрақтылығына  жету үшін маңызды құрал болып  табылады. Мемлекеттік шығындар мен  салықтарды оңталандыру арқылы, іскерлік белсенділікті ынталандыруға, жұмыссыздық пен құнсыздануға ықпал етуге болады. Бұл құралдың қате қолданылуы – аса жоғары салықтар, мемлекеттік бюджеттің шығын бөлігінің бұрмаланған өлшемдері – фискалдық саясатты экономиканы тұрақсыздандыратын факторға айналдырады.Дәл осы қаражаттар арқасында мелекет ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешеді, халықтың қоғамдық игіліктер мен қызметтерге қажеттілігін қамтамасыз етеді, экологиялық, әлеуметтік мәселелерді және басқа да көптеген мәселелерді шешеді.

Маңыздылығы бойынша ақша саясатының да рөлі зор. Ақша массасын реттей отырып, мемлекет бағаларға, инвестициялық үрдістерге және халықтың тұтынуына, ұлттық өндірістің көлеміне және экономикалық өсім қарқындарына ықпал ете алады. Реттелген регламентталған ақша саясатынсыз құнсызданумен күрес сәтсіздікке апарады.

Кез-келген мемлекет белгілі бір  әлеуметтік саясатты жүргізеді. Табыстарды қайта үлестіру қызметін мемлекеттік  салық жүйесі арқылы, сонымен қатар, тұрмысы төмен халыққа мемлекеттік  жәрдемдесу әр түрлі әлеуметтік бағдарламалар арқылы, жұмыспен қамтылу саласында және т.с.с. белгілі бір саясатты жүргізу арқылы жүзеге асырады. Әлеуметтік саясатқа мемлекеттің білім, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. саласындағы қызметін жатқызуға болады.

Экономикалық саясаттың маңызды құралдарының ретінде- сыртқы экономикалық қызмет етуді мемлекеттік реттеу сауда- саттық және валюталық реттеуді жүзеге асырады. Валюталық шектеулер мен валюталық интервенцияларды, квоттауды, лицензиялауды, кедендік бажды, субсидияларды, салықтарды және т.б. қолданады.

Экономикалық саясатты жүргізудің барлық құралдар өзара тығыз байланысқан. Және бір салада шешімдерді қабылдаған кезде олардың басқа салаларға  ықпалын ескеру қажет. Сөйтіп, мемлекеттік  шығындар мен салықтардағы, яғни фискалдық  саясаттағы өзгеріс сәйкесінше ақша массасының өзгерісін талап етеді. Фискалы және ақша саясаттарындағы өзгерістер инвестицияларға, жұмыспен қамтылуға, табыстардың деңгейіне, ұлттық өндірістің көлеміне және таза экспорттың мөлшеріне әсер етеді. Себеп- салдық байланыстар басқаша да болуы мүмкін. Негізгі айтатын- экономикалық саясаттың бірде- бір құралы басқалардан дербес түрде әрекет етпейді.

Рыноктық экономиканың қалыптасуы мен дамуы тарихы үшін экономикадағы  мемлекеттің рөліне кеңейту кезеңдеріне  оның ықпалының  азаюына және керісінше де ауытқулар тән. Экономикаға мемлекеттік араласудың мәселелері жөнінде ой- пікірлердің бірыңғайлығы жоқ. Батыс экономистері, әрдайым, қандай мәселелерді рынокқа қалдырған жөн, ал қандайларын мемлекетке тапсырған жөн деп жүргізуде.

 

 

1.3 Рынокты мәні, құрылымы, постсоциалистік экономикадағы қалыптасу механизмі

 

Мемлекеттің макроэкономикалық процеске қатысуы осы процестің бөлінбейтін  элементіне айналды. Мемлекет белсенділігінің  артуына қарамастан, бүгінгі таңда  өркениетті елдердің экономикасы өзінің нарықтық негізін сақтауда.

Нарықты экономика- таңдау және еркін  кәсіпкерлікке негізделген. Мемлекет- еркін таңдаушылықты шектейтін  күш. Мемлекеттің экономикалық өмірге белсенді араласуының мынандай үш себебін  көрсетуге болады.

Біріншіден, мұның қажеттілігі нарық қатынастары механизмінің "өзегі"- бәсекелестік күрес болып табылатындығы. Бәсекелестік монополияның пайда болуы факторларының бірі екені белгілі. Монополияның дамуы- нарықты экономиканың бәсекелестік бастамасын бұзады. Бұл макроэкономикалық проблемаларды шешуге теріс әрекетін тигізеді қоғамдық өндірістің тиімділігін төмендетеді. Бұдан келіп бәсекелестік батаманы арнаулы қорғау және экономикадағы монопольдік тенденцияны шектеу қажеттілігі пайда болады. Мұндай қиыншылықты тек мемлекеттің монополияға қарсы әрекеті ғана жеңе алады.

 Екіншіден, нарық  механизміне "пайда жоқ"өндіріс  түрлері аз емес. Ең алдымен  олар капиталдың орнын ұзақ  мерзімде толтыратын өндірістер. Оларды меңгеру жеке меншік кәсіпорындарға біршама қиындықтар туғызады.

Үшіншіден, нарықтың өзін- өзі реттеу мүмкіндігінің шектелуінен  туындайтын себептер бар. Мемлекет өз күшін экономикалық жүйенің тепе- теңдігін қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтуды  қажетті деңгейде сақтауға, ақша айналымын бақылауға және т.б. макроэкономикалық проблемаларды шешуге бағыттайды.

Қазіргі кезде дүние  жүзілік экономикаға тән нәрсе- нарықты жүйе ешқандай елде таза түрінде  кездеспейді, тіпті ол А. Смит пен  К. Маркстің заманында да болған жоқ. Екінші мәселе- нарықтық қатынастар қалыптасқан елдерге қарағанда, әміршілдік- әкімшілдік жүйеге негізделген мемлекет бұл жүйенің жеткілікті дамымау себебіне байланысты бар жауапкершілікті қоғамның қарапайым мүшелерінің иығына салып қойды. Әміршілдік- әкімшілдік жүйе нарық құрылымын ығыстыра немесе оның сипатын бұза отырып /деформайиялау/, шаруашылық субьектісін экономикалық тұрғыдан ынталандырудың орнына, пайдаға деген "қамөорлықтан"емес, банкротқа да ұшырау қаупінен "құтқарды."Бұл жүйе ондаған жылдар бойы кәсіпорындардың зиян шеккен шығындарының орнын мемлекет тарапынан саясат жүргізуде. Мәселен:

Қазіргі кезде рентабельді  емес зиян шеккен мекемелердің басым  көпшілігі мемлекеттік бюджеттің  қаржыландыруда.

Өндіргіш ресурстарды  орынсыз шығындап, пайдалану әдісі әлі де болса қолданылуда.

Жаңа және прогрессивтік  технологияны енгізу қажеттілігіне  үстірт көзқараспен қарау бүгінге  дейін басым түсуде.

XX- ғасырда дамыған  елдер дағдарыс пен күйзеліс  кезеңінен өтеді. Мысалы, АҚШ президенті  Рузвельттің "адалдық бәсекелестік"және 1929-1933 ж тоқыраудан шығу тәсілдері сол кезде түбегейлі қауіпті деп саналады. Ал Рузвельтің өзін "түпкі социалист" атандырды.  

Бұрынғы Одақтағы және Шығыс  Еуропа елдеріндегі қалыптасқан  әміршілдік-әкімшілдік жүйенің дағдарысқа ұшырап күйреуі, олардың нарықтық экономикаға бет бұруы XIX-ғ-ғы капитализмге қайта оралу деп есептейді. 

Мемлекет белгілі бір  таптардың мүдделерін қорғай отырып, бір жағынан, қоғамдық қажеттілікті қамтамасыз ету мүмкіндігін анықтайды, ал екінші жағынан, осы қажеттілікті қамтамасыз ету жолдарын іздестіріп, жүзеге асырады.

Буржуазиялық мемлекет мына төмендегі функцияларды орындайды:

заңдылық

салық салу

ақша айналымын реттеу

монополиялыққа қарсы  әрекеттер жасау

өндірістің инфрақұрылымын жасау.

Бұл мемлекеттің, әсіресе, қоғам таптары мен қалың топтарының арасындағы қарама- қайшылықтарды басуға бағытталған әлеуметтік міндетін ерекше бөліп айтуға болады.

 Қазіргі кезде буржуазиялық  мемлекет жеке меншік капиталды  пайдаланудың тиімділігі төмен  болатын өндіріс сферасында шаруашылық жүргізу міндетін атқарады. Осыған байланысты меншіктің ерекше секторы мемлекеттік меншік пайда болады. Дамыған капиталистік елдерде олардың үлесі әр түрлі. Мысалы, олар 80-жылдары АҚШ-та мемлекет кәсірорындары өндірген өнімдерінің ұлттық табыстағы үлесі 1-2% қана болды. Ал Батыс Еуропа елдерінде бұдан басқаша жағдай қалыптасқан. Австриядағы мемлекет секторы барлық өндіріс күштерінің 37% қамтиды. Батыс Германияда оның үлесі ұлттық байлықтың 21% тең. Басқа елдерде мемлекеттік сектордың жалпы ұлттық өнімдегі үлесі мынаған тең: Австрияда-25%, Францияда-20%, Швецияда-14%, Италияда-12%

Мемлекеттің нарықты  экономикада атқаратын қызметтерін  мына топтарға бөледі:

  тиімділікті  қамтамасыз ете отырумен қатар,  нарықтың бір "қателігі"- монополиялыққа жол бермеу. Қазіргі кезде экономика нарық коньюнктурасы көптеген жіберіледі. Бұндай қателіктердің себебі өндіріс пен тұтынудың тиімсіздігі. Бірақ экономика "сырқатын" жоюдағы мемлекет әрекетін еске ала отырып, оның өз "қатесін" елеусіз қалдыруға болмайды, яғни мемлекеттің өзі әдейі тудыратын жағдайды ескерту қажет. Мемлекеттің экономикаға араласатын маңызды құралдары: салық, баға және проценттік ставкалар

 нарықты жүйе балалар  мен қарттарды және кедейленген  жұртшылықты сырт қалдырып, тауарларды "қалталы" /ақшалы/қоғам топтарына "жіберетіндіктен"/бағыттайды/ мемлекет әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз етуге тырысады.

Нарықтың бағалық механизмін жақтаушылар және оны сынаушылар нарық жүйесінің тиімділігіне қарамастан, ол елеулі теңсіздікке жол ашада. Мемлекет ол жағдайды өзгерте алады және өзгертуге міндетті. Мұндай ситуацияны өзгерту мынандай екі жолы бар:

Біріншіден, прогрессивті салық салу.

Екіншіден, зейнеткерлер, еңбекке жарамсыз көп балалы, жұмыссыздар  жәнк т.б. мұқтаж азаматтардың табыстарын қорғау шараларын қарастыру

Информация о работе ҚР макроэкономикалық саясаты еңбек рыногын мемлекеттік реттеу