Қарыз және несие бойынша есеп айырысу есебі және жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2015 в 21:13, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Рсепубликасының нарықтық экономикаға өтуіне байланысты қаржылардың бір саладан екінші салаға ауысуын, яғни қаржы қажет етіп отырған салаға қаржысы артық салалардан қаржыны бір-біріне ауыстыру механизмі несиеге негiзделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне несие алу ретінде экономикалық қызметтерін іске асырады. Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады. Ал осы несиелік қатынастар және несиенің формалары ұлттық несие жүйесін қалыптастырады.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................... 3-4
1 бөлім. Несиенің жүйесі және сипаттамасы.
1.1 Несие жүйесінің ұғымы және құрылымы ......................................5-7
1.2 Несиелеу объектілері мен субъектілері ...........................................8-10

2 бөлім. Несие бойынша есеп айырысу есебі.
2.1 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу..........................................................................................................11-13
2.2.Банк мекемелері несиелерінің есебі...............................................14-18
2.3.Банктен тыс мекемелердің несиелері есебі...................................19-21

Қорытынды............................................................................................22-23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................24

Вложенные файлы: 1 файл

несие және есеп айырысу.docx

— 67.41 Кб (Скачать файл)

     Қарыз  және несие бойынша есеп айырысу  есебі және жетілдіру

Мазмұны

Кіріспе ........................................................................................................... 3-4                                                                                                       

1 бөлім. Несиенің жүйесі  және сипаттамасы.

1.1 Несие жүйесінің ұғымы  және құрылымы ......................................5-7

1.2 Несиелеу объектілері  мен  субъектілері ...........................................8-10

 

2 бөлім. Несие бойынша  есеп айырысу есебі.

2.1 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу..........................................................................................................11-13

2.2.Банк мекемелері несиелерінің  есебі...............................................14-18

2.3.Банктен тыс мекемелердің  несиелері есебі...................................19-21

 

Қорытынды............................................................................................22-23

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................24

Қосымшалар................................... ................................... .......................25

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

     Кіріспе

  Қазақстан Рсепубликасының нарықтық экономикаға өтуіне байланысты қаржылардың бір саладан екінші салаға ауысуын, яғни қаржы қажет етіп отырған салаға қаржысы артық салалардан қаржыны бір-біріне ауыстыру механизмі несиеге негiзделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне  несие алу ретінде экономикалық қызметтерін іске асырады.  Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады. Ал осы несиелік қатынастар және несиенің формалары ұлттық несие жүйесін қалыптастырады.        Нарықтық экономика – күрделi, әрi жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бiр жағынан тауар және көрсетiлген қызмет нарығын қамтыса, екiншi жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегiнде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлiк нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмдi құрайды.          Ал бұл механизм несиеге негiзделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне  несие алу ретінде экономикалық қызметтерін іске асырады.  Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады. Ал осы несиелік қатынастар және несиенің формалары ұлттық несие жүйесін қалыптастырады.      Нарықтық экономикада несие-банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және оны экономикада белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады  Қазақстандағы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі – банктік жүйе, ал екіншісі – парабанктік жүйе (банктік емес мекемелер). 

Несие, негізінен, коммерциялық несие және банк несиесі түрлеріне бөлінеді. Айрықша түрі халықаралық несие Коммерциялық несие — сатушы тауарды сатып алушыға төлемін кейінге қалдыра отырып беретін несие. Бұл орайда айналым құралы ретінде, әдетте, вексель жүреді. Мұндағы вексель дегеніміз — несиегерге вексель беруші қарызгерден вексельде көрсетілген ақша сомасын белгіленген мерзімде төлеуді талап ету құқын беретін белгілі бір нысандағы жазбаша борыштық міндеттеме. Банк несиесінің әмбебаптық сипаты бар. Бұл ретте банктер, ақша иелері және басқа несие мекемелері несиегерлер болып келеді. Несиенің берілуі мен өтелуіне, ставка пайызының мөлшеріне байланысты тараптардың міндеттемесі мен экономикалық жауапкершілігі несиелік келісімдер негізінде шешімін табады. Банк несиені несиелеу мерзіміне қарай қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі мерзімге), орта мерзімді (1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімге) және ұзақ мерзімді (3 жылдан астам мерзімге) болып келеді. Ол қарызгерге тиесілі жылжымайтын мүлік, тауарлар, бағалы қағаздар мен өзге де құндылықтар кепілімен қамтамасыз етілуге тиіс. Сондай-ақ, несие түрлері несиелеу нысандары мен әдістері бойынша және басқа белгілеріне қарай жіктеледі.

Осылайша курстық жұмыс тақырыбын «Қарыз және несие бойынша есеп айырысу есебі және жетілдіру»  деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі  несие  нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық дамудың ажырамас бөлігін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жекелеген азаматтар да пайдаланады. Ал осы маңызды болып табылатын несиелік қатынастарды ұйымдастыру, несиелік мекемелердің іс-әрекетіне тікелей байланысты. Яғни, бір сөзбен айтқанда несие жүйесі  несиелік қатынастар мен несиелік мекемелер жиынтығын құрайды. Осы жұмысты орындаудағы негізгі мақсатым  несие жүйесінің құрылымын және ондағы несиелік қатынастарды экономикалық тұрғыдан талдап, еліміздегі несие жүйесінің дамуын, несиелік ұйымдар мен несиелік қатынастарды талдау болып табылады.       

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 бөлім. Несие жүйесі

1.1 Несие жүйесінің  ұғымы және  құрылымы

 

  Нарықтық экономикада несие – банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.  Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезеқте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.       Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б. АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың өндірістік және өндірістік емес саласын банк саласының қамтуы, несиелік мекемелердің көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін артқа қалдырады. Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-жылдардың басында 60-65 трлн. доллар соммасында бағаланған. Американдық шаруашылықта пайдалынатын ақшалай капиталдың орта есеппен ¾ бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд. долларды құрады.

Несие жүйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.        Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлм айналымының аса ауқымды ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.              Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің бір-біріне қарыз беру барысында, аталған несие формасында ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алушы субьект несие беруші тауар несиесін алғанын куәландыратын вексальді, сондай-ақ салынған мүлік туралы парақты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар субьектілеріне- шаруашылық жүргізуші субьектісі және банк жатады. Несиелік қатынастардың мпзмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды. Несиелік қатынастар мен несие фрмаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынада несие жүйесі ұғымын құрайды.

  Ал несие жүйесі тар мағынасында – бұл несиелік есеп айырысу қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және бақа да қаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.

Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік жәңе банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандырылған несие-қаржы мекемелері.

Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін бөліп қарастыруға болады:

• Орталық (эмиссиялық) банк;

• Коммерциялық банктер;

• Мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық, ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және тағы да басқа).

Қазақстан республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) несиелік профелі.

  Банктердің несиелері әкономиканы тұрақтандыруда ең маңызды фактор болып табылады. Сондықтан да, қазіргі таңда банктік несие формасының рөлі арта түседі.

 

                                         

 

                                    

 

 

                                          

 

 

 

 

                                           Несие түрлері

        

                                                     

           

                                                                                              

       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2.  Несиелеу  объектілері  мен субъектілері 

 

  Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыда несиелік мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынастар субъектілері деп атауға болады. Несие берушіге мемлекет, банктер (орталық және коммерциялық), банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ халықаралық қаржы ұйымдары да жатады.

  Несиелеу объектісі – бұл несиенің пайдаланылған заты, яғни несиенің іске асырылу аясы деп түсінуге болады.

  Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс шығындары түрінде, сол сияқты, егер несиенің материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген жағдайда, банк шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде болады. Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат қорларын, сатып алады. Жартылай өнімдер, азық – түліктер және өнеркәсіптегі дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары жатады.

Ұзақ мерзімді несиелеу объектісіне жататындар мынадай түрлерге бөлінеді:

• өндіріс объектісінің құрылысы;

• өндіріс объектісін қайта құру, техникалық жағынан қайта қаруландыру, кеңейту;

• техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;

• жаңа өнімді шығаруды  ұйымдастыру.

Несиелеу принциптері негізінен несиелік процесс, яғни банктік несиенің берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары: несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде қатынасу нәтижесіндегі және т.б. анықталады.

Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері 2 топқа бөлінеді:

І – топқа. Жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:

• несиенің мақсаттылығы;

• несиенің дифференциалдығы.

ІІ – топқа. Несиенің мәнін бейнелейтін принциптер.

• Несиенің мерзімділігі;

• Несиенің қайтарымдылығы;

• Несиенің төлемділігі;

• Несиенің қамтамасыз  етілуі.

Несиені қамтамасыз етудің келесі бір жолы – несиені сақтандыру.

Несие әдістері – несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорынның қаражат айналысының шеңберіне қатынасу тәсілдері.

Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің 2 әдісі қолданылған:

1. қалдық бойынша

2. айналым бойынша

  Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы (яғни, несиені беру және қайтару) несиелнетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болып келеді. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы – материалды құндылықтар (шикізат, негізгі және қосымша материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар тағы басқа), аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және жөнелтілген тауарлар жатады. Мұндай несие әдісіне компенсациялық сипатта болады, өйткені, компенсациялық несие жай несиелік шоттар бойынша беріледі. Сондай-ақ бұл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан шегеру жолымен жүзеге асырылады.

  Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы несие қозғалысы материалдық құндылықтар айналымымен, яғни олардық түсу және жұмсалуына байланысты анықталады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болады, себебі несиенің берілуі тікелей төлемдегі қатысты және ең бастысы, заемдық қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылады. Айналым бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиенің көмегімен жүргізіліп, арнайы несие шарттары бойынша беріліп отырған. Бұл жерде несиенің қайтарылуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер есебінен банктік несиелік шотқа түсу арқылы жүзеге асқан.

Қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады:

• айналым бойынша несиелеу әдісі;

• қалдық бойынша несиелеу әдісі;

• айналым – қалдықтық.

  Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің айналысындағы қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген объективті қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп, бұл қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады.

Информация о работе Қарыз және несие бойынша есеп айырысу есебі және жетілдіру