Қарыз және несие бойынша есеп айырысу есебі және жетілдіру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2015 в 21:13, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Рсепубликасының нарықтық экономикаға өтуіне байланысты қаржылардың бір саладан екінші салаға ауысуын, яғни қаржы қажет етіп отырған салаға қаржысы артық салалардан қаржыны бір-біріне ауыстыру механизмі несиеге негiзделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып, өздерiне несие алу ретінде экономикалық қызметтерін іске асырады. Кәсiпкерлердiң өзара жасаған дәл осы мiндеттемелерi экономикалық механизмнiң тұрақтылығы болып табылады. Ал осы несиелік қатынастар және несиенің формалары ұлттық несие жүйесін қалыптастырады.

Содержание

Кіріспе ........................................................................................................... 3-4
1 бөлім. Несиенің жүйесі және сипаттамасы.
1.1 Несие жүйесінің ұғымы және құрылымы ......................................5-7
1.2 Несиелеу объектілері мен субъектілері ...........................................8-10

2 бөлім. Несие бойынша есеп айырысу есебі.
2.1 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу..........................................................................................................11-13
2.2.Банк мекемелері несиелерінің есебі...............................................14-18
2.3.Банктен тыс мекемелердің несиелері есебі...................................19-21

Қорытынды............................................................................................22-23
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі............................................................24

Вложенные файлы: 1 файл

несие және есеп айырысу.docx

— 67.41 Кб (Скачать файл)

  Қалдық бойынша несиелеу барысында несиенің несиеге деген қажеттілік тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтары мен өзара байланыс. Қалдық бойынша несиелерді несиелеу объектісін кішкене бөлігі қамтылса, ал айналым бойынша несиелерде несиелеу объектісі толығымен қамтылады.  Айналым және қалдық бойынша несиенің іс жүзінде ұштасуының нәтижесінде айналым-қалдық тық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде, несие деген қажеттіліктің туындалуына байланысты несие берілсе, ал екінші кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие туарлы-материалды құндылықтарды кепілге ала отырып, шығындар айналыстың бастапқы кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде несие клиенттің банкалдындағы мерзімді міндеттері негізінде өтеледі. Несие берудің мұндай формасын несие желіні ашу деп атайды.

Несиелік желі – келісілген лимит негізінде белгілі бір мерзім ішінде қарыз алушыға несие беріп отыратындығы заңдастырылған, яғни банктің алдыңғы міндеттемесі. Жаңартылған несиелік желі әдісінің сыртқы көрінісі жағынан отандық, яғни ірі объектінің айналым бойынша несиелеу әдісіне көбірек ұқсастығы да болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 бөлім. Несие  бойынша есеп айырысу есебі.

2.1 Банктер мен  банктен тыс мекемелердің несиелерін  есепке алу

 

  Кәсіпорындар мен ұйымдар өздерінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталдарымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталдарды да қолданады. Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады.

Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлердің алдында міндетті болады, сондай-ақ өз қарамағында жұмыс істейтін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін.

Міндеттемелер – өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижесі. Олар ұзақ мерзімді және ағымдағы болып жіктеледі. Ағымдағы міндеттемелерге банктердің қысқа мерзімді қарыздары, банктен тыс мекемелерден алынған қарыздар және кредиторлық берешек жатады. Банктердің қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі. Қысқа мерзімді қарыздарды алу мен өтеуге байланысты есептеу операциялары 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыз», 3020 «Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясынсыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар» шоттарында ескеріледі. Бұл шоттар пассивті, олардың сальдосы есепті кезең басындағы өтелмеген берешек сомасын, дебет бойынша айналым – қарызды өтеуге аударылған соманы, кредит бойынша айналым – қарызға алынған соманы көрсетеді.

 Алынған қарыздар сомасы 1050 «Жинақ шоттарындағы  ақша  қаражаты», 1030 «Ағымдағы банктік  шоттардағы ақша қаражаты», 1040 «Карт-шоттардағы  ақша қаражаттары», 1060 «Өзге ақша  қаражаттар», 3320 «Еншілес ұйымдарға  берілетін қысқа мерзімді кретиторлық  берешек», 3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек» және т.б. шоттарымен корреспонденцияда көрсетіледі. Өтелген кредиттер сомасына қарыздар бойынша тиісті шоттары дебеттеледі. Қысқа мерзімді қарыздардың аналитикалық есебінің несиесін берген банк түрлері және жеке кредиторлар бойынша жүргізіледі.

а) қарыз проценттерін төлеу мен оларды кезең шығыстарына жатқызудың дұрыстығы;

 ә) қарыздар шоттары  бойынша синтетикалық және аналитикалық  есебін 4 журнал-ордерде және бухгалтерлік  баланста жүргізудің дұрыстығы;

б) баланста «Ағымдағы міндеттемелер» бөлімшесінде «Ұзақ мерзімді қарыздардың ағымдағы бөлігі» бабы келтіріледі;

в) қарыздарды өтеу мерзімі осы бап бойынша соманың негізділігін анықтау қажет;

г) овердрафт, сенімді клиентке оның шотындағы қалдықтан тыс  берілетін қысқа мерзімді қарыз түрін білдіреді, сондай-ақ жеке есептелетін, мерзімінде төленбеген банк қарыздары.

4020 «Уәкілетті органның және (немесе) Ұлттық Банктің лицензиясынсыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын ұзақ мерзімді қарыздар» шотына аналитикалық есеп, қарыз берушілер мен қарызды өтеу мерзімдері бойынша жүргізіледі. Банктен тыс мекемелерен алынған қысқа мерзімдік қарыздар көбінесе вексельмен коммерциялық кредит және берешек міндеттемелерге «серіктестік» кредит түрінде болады.

       Несие деп бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте пайыз төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді. Нарық экономикасы жағдайында коммерциялық және банк несиелері деп бөледі.

Коммерциялық несиені шаруашылық субъектілері сатылған тауарлар, өнімдер, қызметтер үшін ақша төлеу мерзімін созу түрінде бір-біріне береді.

Банк несиесін өндірісті кеңейту үшін және ағымдағы қызметі үшін төлем қаражаттарының көзі ретінде пайдаланылатын ақша қарызы (ссудасы) түрінде несие мекемелері береді. Несиелерді беру мен өтеудің тәртібі тиісті заңдармен белгіленеді және субъект пен банк арасындағы несие шартымен реттеледі.

Банктердің несиелерін есепке алу ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Үлттық Банкі бекіткен «ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүзеге асырылады. Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген Ұлттық Банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банктер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі.

 Несие өтеу қабілеті  болып кәсіпорынның борышты міндеттерін  толығымен және уақытында есептесе  алу қабілеті деп түсінеміз. Кәсіпорындарға  кредит басымды түрде өнеркәсіптің  тиімділігін арттыруға, оның ғылыми-техникалық  деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғары  жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызмет  көрсетуге, халық үшін экспортқа  тауар шығаруға байланысты шаралар  мен мақсатгарға беріледі. Артықшылықтар  шартты міндеттемелерінің орындалуын  қамтамасыз ететін клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің  депозиттерінде және шоттарында  сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға  беріледі. Несие мерзімділік, қайтарымдылык, төлену шарттарымен коммерциялық  және келісім-шарт негізінде беріледі.

Ұзақ мерзімді кредит берудің ерекшеліктері: банктер кредитті кәсіпорындарға күрделі қаржы бөлу үшін: қүрылыс, қайта қалпына келтіру және өнеркәсіптік және әлеуметтік-түрмыстық бағыттағы обьектілерді техникамен қайта жабдықтау; техника, жабдық, көлік саймандарын, ғимараттар және қүрылыстар алуға; бірлескен кәсіпорындар қүруға; ғылыми-техникалық өнімдер және басқа да меншіктік обьектілер бойынша шығындар жасауға береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.Банк мекемелері  несиелерінің есебі

Несиенің бұндай түрінің есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру туралы Қазастан Республикасының Ұлттық банкі бекітетін «Қысқа және ұзақ мерзімді несие беру» ережелеріне сай жүргізіледі. Қысқа мерзімді несие субъектінің айналым қаржысын құрайтын көздердің бірі болып саналады.

Несиелер қайтарымдылық, төлем және мерзімділік шарттары бойынша келісіліп, коммерциялық негізде беріледі.

Несие алу үшін шаруашылық субъектілері банк мекемесі басшысының атына өтініш береді. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы мөлшерін, оның жұмсалынатын мақсаты мен бағытын, өтеліну, яғни қайтару мерзімін, сонымен қатар осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар үшін жасалған бизнес жоспар және тағы басқадай құжаттар табыс етуі тиіс.

Банктен бірінші рет несие алайын деп отырған кәсіпорындар мен ұйымдар, яғни шаруашылық субъектілері жоғарыда аталған құжаттармен қоса банкке өздерінің жарғысын, құрылтайлық құжаттарының көшірмесін, тіркелу куәліктерін және тағы басқа құжаттарды табыс етуі керек.

Жалпы шаруашылық субъектілеріне берілетін несие сомасы, банк мекемесінің жауапты мамандары субъектілері өткізген құжаттарын тексеріп болғаннан кейін, несие бойынша борышты және пайызды қайтару, өтеу үшін кепілдікке салынған меншік туралы келісім-шарттың орындалуына сәйкес беріледі.

Банк мекемесі мен несие алушы шаруашылық субъекті арасындағы несиелік қызмет көрсету бойынша келісім-шарт бір жылға немесе одан да ұзақ мерзімге жасалынады. Егер келісім-шарт бір жылдан артық уақытқа жасалынған жағдайда несие жыл сайын бекітілетін несиелік келісім-шарт негізінде беріледі. Несиелік келісім-шарт банк мекемесі мен әрбір несие алушы субъекті үшін жеке-жеке жасалынады.

Қысқа мерзімді банк несиелері 12 айдан артық емес мерзімге беріледі. Кейбір жағдайларда түрлі себептерге байланысты бұндай несиенің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бірақ ұзартылған мерзімін қоса есептегенде оның мерзімі екі жылдан аспауы керек.

Банк несиесі субъектінің яғни несие алушының есеп айырысу шоттарындағы қаражаттарының мөлшеріне байланыссыз беріледі және қолма-қолсыз тәртіппен несие алушының қарыз шотынан оның есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісім-шартта белгіленіп көрсетілген мерзімінде несиелік борышын өтей алмайтын болса, банк мекемесі алдын ала несие алушының рұқсатынсыз кепілдік берушінің шотынан қарыз сомасын қайтару жайлы талап қояды.

Қысқа мерзімдіжәне ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.

Несие беру және оның операцияларын жүргізу лицензия берілген ұлттық банктің шешімімен айқындалған ресми статусы бар банкілер арқылы жүзеге асырылады. Несие негізінен оны өтеу қабілеті бар кәсіпорындарға беріледі.

Несие өтеу қабілеті болып кәсіпорынның борышты міндеттерін толығымен және уақытында есептесе алу қабілеті деп түсінеміз. Кәсіпорындарға несие басымды түрде өнеркәсіптің тиімділігін арттыруға, оның ғылыми-техникалық деңгейін көтеруге, тиімділігі жоғары жаңа өнім түрлерін шығаруға, ынталандыруға, халыққа түрлі қызмет көрсетуге, халық үшін экспортқа тауар шығаруға байланысты шаралар мен мақсаттарға беріледі. Олардың ішінен көңіл бөлінетіндері ол өз міндеттемелерін дер кезінде орындайтын клиенттерге, өз қаржыларын осы банктің депозиттеріне және шоттарына сақтайтын банк акционерлеріне, кәсіпорындарға және ұйымдарға беріледі.

Несие мерзімділік, қайтарымдылық, төлену шарттарымен коммерциялық және келісім-шарт негізінде беріледі. Несие беру банктермен өздерінде бар несие қорларының көлемінде жүзеге асырылады. Банк саудасы бұрындары берілген ссуда бойынша қайтару мерзімі өтіп кеткен қарыздары жоқ болған жағдайда ғана беріледі. Банк мекемесі табысы төмен кәсіпорындарға несие беру оған үлкен қауіп туғызатын болғандықтан, ондай кәсіпорындармен несие қатынастарын орнату мәселесін қарау кезінде ерекше сақтықта болғанды дұрыс санайды.

Кәсіпорын несие алу үшін несиенің сомасы және мақсатты бағыты, пайдалану мерзімі, өтеу мерзімі, сондай-ақ несиеленетін шараның қысқаша сипаты және оны жүзеге асырудың экономикалық тиімділігі дәлелденген жазбаша өтініш-сұраумен банкке барады. Өтініш-сұрауды банкке ссуда алу үшін алғашқы рет барған немесе ссуданы оқтын-оқтын пайдаланатын, тәуекелді қажет ететіннесиеге өтініш жасаған, осы банкте есеп айырысу шоты жоқ, сауда мәмілесін жасау үшін несие алушы кәсіпорындар ұсынады.

Банкке несие алу үшін бірнеше рет барған кәсіпорын өзінің жарғысын, ұйымдастыру құжаттарының көшірмесін, ережелерді, жалға алу келісімдерін, тіркеу куәлігін және клиенттің несие алу құқығының барлығын растайтын басқа да құжаттарды банкке ұсынады. Қарыз алушының несиені алғаш рет алып отырғандығына немесе несиені үнемі пайдаланып жүргеніне тәуелсіз несиені алудың мақсатына, пайдалану мерзіміне байланысты банктің өтініші бойынша келесі материалдар ұсынылады: несиелендіретін шараның технмкалық-экономикалық негіздемесі өткізілетін өнімнен күтілетін түсімнің есебімен қоса; жылдық пен тоқсандық бухгалтерлік және статистикалық есептер, қаражат нәтижесі жөніндегі есептер, басқа банктерде ашылған шоттар бойынша көшірмелері мен басқа есеп беру; қарыз алушының несиені қайтару қабілетін және қаражат жағдайын анықтайтын деректер; банк тәжірибесінде қабылданған нысандағы несиені уақытында қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттеме; қарыз алушы несиені жүйелі пайдаланбауына байланысты, тауар сатып алуға, келісім және келісім-шарттар бойынша құндылықтарды төлеуге; бір жолғы несие алғанжағдайда; оның есебінен талап етіліп отырған несиені өтеуге, қатысты кәсіпорынның келісім-шарттарының, келісімдерінің және басқа да құжаттарының көшірмесі банкке ұсынылады.

Қажет болған жағдайда банкке заңмен белгіленген талаптарға, санитарлық-тазалық, экологиялық және басқа да нормаларға жауап беретін кәсіпорын құрылысының, сондай-ақ жоғарыда аталғана нормалардың, мердігерлік келісімдердің сақталатынын растайтын сараптау мекемелерінің, жоба-смета құжаттары бойынша берген қорытындылары, ішкі құрылыстың титулдық тізімі және басқа да құжаттар ұсынылады.

Жақсы атағы бар банкпен тұрақты несиелік қатынасы бар қарыз алушылар бойынша несиелендіру үшін ұсынылатын құжаттардың тізімі қысқартылуы мүмкін.

Банктің несие беру қызметкері қандай да бір себептерге байланысты несие беру мүмкін емес деп санаған жағдайда, ол бұл жөнінде жазбаша қорытынды дайындап, оны банк басшысының қарауына береді. Несие беру келісімі бекітілгенге дейін, банк қарыз алушының несиені қайтару қабілеттілігін мұқият талдауға, ссуданың өтелмеуіне апарып соқтыратын факторларды; қарыз алушының атағын, бұрын алынған ссудасының уақытында өтелуі, басқа міндеттемелерге қатынасын, қарыз алушының экономикалық және қаражаттық жағдайын, балансы бойынша төлем қабілеттілігн және несиені пайдалану тиімділігін зерттеуге міндетті.

Информация о работе Қарыз және несие бойынша есеп айырысу есебі және жетілдіру