Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Октября 2012 в 08:03, курсовая работа
Еліміздің кәсіпорындарында экономиканың нарыққа көшуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде көптеген өзгерістер болды.
Нарықтық эокономика ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалануды, оның ішінде кәсіпкерлік қызметтің қалаулы нәтижесін қамтамасыз ететін материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының тиімділігін болжайды.
Кіріспе....................................................................................................................3
I Бөлім Қаржылық есеп беру және оларды құрастыру принциптері
1.1 Баланс баптарының мазмұны және оны құрастыру принциптері ..............8
1.2 Кіріс пен шығыс есебін қаржылық есептеменің халықаралық
стандарттарына сәйкес құрастыру әдістері.................................................14
1.3 Ақша қозғалысы есебін құрастыру үшін шаруашылық
операцияларының жіктелімі.........................................................................17
1.4 Меншікті капиталдағы өзгерісі есебі...........................................................20
II Бөлім Қаржылық есеп беру – ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың ақпараттық базасы
2.1 «Қаржылық тұрақтылық» түсінігінің мағынасы және оны талдаудың
ақпарат көздері..............................................................................................22
2.2 Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар..................28
III Бөлім «Келешек» Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау
3.1 Ұйымның активтерінің құрамы мен құрылымын және олардың
қалыптасу көздерінің динамикасын талдау...............................................31
3.2 Ұйымның төлем қабілеттілігін талдау.......................................................37
3.3 Ұйымның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және қатысты
көрсеткіштерін талдау...................................................................................44
3.4 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін
талдау..............................................................................................................48
Қорытынды...........................................................................................................55
Қолданылған әдебиеттер.....................................................................................58
Қосымша
МАЗМҰНЫ
Кіріспе.......................
I Бөлім Қаржылық есеп беру және оларды құрастыру принциптері
1.1 Баланс баптарының мазмұны және оны құрастыру принциптері ..............8
1.2 Кіріс пен шығыс есебін қаржылық есептеменің халықаралық
стандарттарына сәйкес
құрастыру әдістері......................
1.3 Ақша қозғалысы есебін құрастыру үшін шаруашылық
операцияларының жіктелімі.....................
1.4 Меншікті капиталдағы өзгерісі есебі.........................
II Бөлім Қаржылық есеп беру – ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдаудың ақпараттық базасы
2.1 «Қаржылық тұрақтылық» түсінігінің мағынасы және оны талдаудың
ақпарат көздері.......................
2.2 Ұйымның қаржылық тұрақтылығына әсер етуші факторлар..................28
III Бөлім «Келешек» Жауапкершілігі Шектелген Серіктестік мысалында ұйымның қаржылық тұрақтылығын талдау
3.1 Ұйымның активтерінің құрамы мен құрылымын және олардың
қалыптасу көздерінің
динамикасын талдау........................
3.2 Ұйымның төлем қабілеттілігін
талдау........................
3.3 Ұйымның қаржылық тұрақтылығының абсолютті және қатысты
көрсеткіштерін талдау........................
3.4 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін
талдау........................
Қорытынды.....................
Қолданылған әдебиеттер....................
Қосымша
КІРІСПЕ
Еліміздің кәсіпорындарында экономиканың нарыққа көшуіне байланысты бухгалтерлік есептің әдістемесі мен тәжірибесінде көптеген өзгерістер болды.
Нарықтық эокономика ресурстардың барлық түрлерін тиімді пайдалануды, оның ішінде кәсіпкерлік қызметтің қалаулы нәтижесін қамтамасыз ететін материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының тиімділігін болжайды.
Есеп тіркемелерінде шаруашылық операцияларын жазып көрсетудің дәстүрлі бухгалтерлік қызметі, көптеген қаржылық ақпаратты пайдаланушылардың сұрақтарына толығынан жауап бере алмайтындығын тәжірибе көрсетті. Қазіргі жағдайда бухгалтер қаржылық нәтиже қалыптастырудың әртүрлі әдістерін білуді, кәсіпорында қабылданған қаржылық стратегияны іс жүзіне асыруды қамтамассыз ететін есеп саясатын таңдап алып, соны басшылыққа ұсынуы керек.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субьекті ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс - әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғары жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді қазіргі кезже өз қалауы бойынша таңдап алады. Басқаша сөзбен айтқанда, ұйымдардың жетістіктерін басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің обьективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдірдің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарықтық жағдайда ақпараттарды құрастырушы мен қолданушылардың арасында мүдделерінің бірдей болмауы бизнестің нақты сферасында қалыптасқан ситуацияға аудиторлық тексеру жүргізуді талап етеді. Тәжірибе дәлелдегендей, бизнесте қабылданған шешімдердің сапасы алынған ақпараттың растылығына және олардың түбегейлі аналитикалық негізделуіне тәуелді.
Қазақстан Республикасында индустриальды дамыған елдердің ілгерілемелі тәжірибесіне сәйкес, бизнесте жаңадан кешенді қаржы – экономикалық талдау және тәуелсіз білікті аудит жүзеге асырылады. Операциялық аудит, қаржылық есептеме аудиті, басқарудағы талдау, және қаржылық талдау мүдделі пайдаланушыларға ақпараттың растылығын, ұйымдар қызметінің тиімділігін жоғарлатуға ғылыми негізделген рекомендациялар беруге өткір қажеттілікті қамтамасыз ету керек.
Қаржылық есеп беру аудиттің маңызды обьектісі екені белгілі. Аудиттің арғы мақсаты шаруашылық субьектілерінің нарықтық тұрақтылығын және қаржылық жағдайын талдау болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау, обьективті ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты аудит және талдау негізінде ғана оның қызметін обьективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылыққа жақсы ұсыныстар беруге болады.
Бухгалтерлік (қаржылық) есептің «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің » енгізілген қосымшаларымен және өзгерістерге сәйкес Қазақстан Республикасының заңын түбегейлі реформалау жағдайында қаржылық есеп беру қаржылық есептеменің халықарлық стандарттары бойынша дайындалып және ұсынылуы керек.
Қаржылық есеп берудің халықарлық стандарттарына көшу халықарлық стандарттардың негізгі жағдайларымен танысуға тәжірибелі бухгалтерлердің алдына үлкен міндет артады.
Диплом жұмысының тақырыбын осындай бухгалтерлік еесптің жаңа әдістемелері нарықтық жағдайға байланысты туындап жатқаннан кейін «Ұйымдардың қаржылық тұрақтылығын талдау» тақырыбында алдым. Берілген жұмыстың мақсаты кәсіпорындарды басқарудағы обьективті бағалау, олардың қаржылық есптемелерінің теориялық және методологиялық негіздері туралы мағлұмат алу, оны ұғыну, оларға талдау жүргізу және зерттеуде дағдыларды меңгеру. Бұл болашақ үшін талдау жұмысын біліктілікпен жүргізуге, кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметінің нәтижелері мен нарықтық тұрақтылығы туралы дұрыс, ғылыми негізделген баға мен қорытынды беруге, өндірістің өсуі мен оның тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін, еліміздің ұзақ мерзімді бірінші кезектегі мақсатына ойдағыдай жету үшін басшылыққа басқару шешімдерін дайындауға көмектеседі деп ойлаймын. Диплом жұмысым «Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестік мысалында жазылды.
«Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестігі 2002 жылы құрылған. Меншік түрі – жеке меншік. Жарғылық капиталы – 350000 тенге. Негізгі қызмет түрі – тұрғын-үй объектілерін, жолдар, ғимараттар салу, сонымен қатар оларды жөндеуден өткізу.
«Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестік өзінің қызметін келесі құжаттар мен нормативті актілер арқылы жүзеге асырады:
«Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің басқару органдары: басқарудың жоғары ұйымы – Қатысушылардың жалпы жиналысы, атқарушы - Директор.
Бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесі келесі нормативтік құжаттармен жүргізіледі:
- ҚР-ның “Бухгатерлік есеп және қаржылық есептеме” Заңы № 2732 26.12.1995 жыл (толықтырулармен және өзгерістермен);
- Бухгалтерлік есеп стандарттары;
- Бухгалтерлік есеп
стандарттарына әдістемелік
- Бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспары 18.09.2002 жыл № 438;
- «Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің «Есеп саясаты».
«Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің бухгалтерлік есебі және қаржылық есептемесінің мақсаты мүдделі тұлғаларға қаржылық жағдай және жауапкершілігі шектелген серіктестіктің қаржылық жағдайы туралы, өзгерістері жайлы толық және дұрыс ақпарат беруді қамтамасыз ету.
Жауапкершілігі шектелген серіктестіктің бухгалтерлік есебі келесі принциптерге негізделіп, соларға сәйкес жүргізілуі тиіс:
- есептеу, яғни табыстар табыс табылған кезде танылады, ал шығындар – жұмсалған кезде танылады;
- үздіксіз қызмет, яғни қаржылық есептеме рұқсат ету негізінде, компания жұмыс істеу және болашақта жұмыс істейтін жағдайда құрастырылады;
- жауапкершілігі шектелген серіктестіктің қаржылық есептемесінің негізгі сапалы сипаттамасы түсініктілік, мәнділік, сенімділік, салыстырмалық.
Бухгалтерлік жазбалар шаруашылық операцияларының жүргізілгені фактілері тіркелген алғашқы құжаттар негізінде жасалынады. Активтерге әсер ететін барлық шаруашылық операциялары және басқа да шаруашылық қызметінің оқиғалары бухгалтерлік есепте көрсетіледі. Бухгалтерлік жазбалар компьютерленген есеп жүйесі көмегімен есептелінеді.
«Келешек» жауапкершілігі шектелген серіктестігінің бухгалтерлік есебін және қаржылық есептемесі мәліметтерінің растылығын қамтамасыз ету мақсатында 1 жылда 1 реттен кем емес мүлікке және ақша міндеттемелеріне түгелдеу жүргізіліп отырылады. Түгелдеді жүргізуге жауап беретін директор және тұрақты әрекет ететін түгелдеу комиссиясы болып табылады. Комиссия құрамы директор бұйрығымен бекітіледі.
Диплом жұмысымның І-ші бөлімінде жалпы қаржылық есеп беру нысандарын құрастырудың принциптері, жолдары қарастырылады.
Екінші бөлімінде
қаржылық есеп беру - қаржылық
тұрақтылықтың ақпараттық
Диплом жұмысының үшінші бөлімінде ұйымдардың қаржылық тұрақтылығына «Келешек» ЖШС мәліметтерін мысалға ала отырып, талдау жасалынады.
I Бөлім Қаржылық есеп беру түрлері және оларды құрастыру принциптері
Нарықтық экономикада бухгалтерлік баланс қолданушылар ортасы үшін негізгі ақпараттық көз болып табылады. Ұйымның балансы меншік иелерін, менеджерлерді және басқа да басқарумен байланысы бар тұлғаларды шаруашылық субьектісінің белгілі бір күнге мүліктік жағдайымен таныстырады. Олар баланстан меншік иесі немен иегер екенін біледі.
Баланс бойынша ұйымның жақын уақытта үшінші тұлғалардың – акционерлердің, кредиторлардың, инвесторлардың, тұтынушылардың, сатушылардың және басқалардың алдында өздерінің міндеттемелерін орындай ала ма, немесе оған қаржылық қиыншылықтар туып тұр ма, соны анықтайды.
Балансты оқи білу дегеніміз – бұл оның әрбір бабының мазмұнын, оны бағалау тәсілін, кәсіпорын қызметіндегі ролін, басқа да баптармен байланысын білу, бұл өзгерістердің сипаттамасы кәсіпорын экономикасы үшін мынадай мүмкіндіктер береді:
Бухгалтерлік баланс мәліметтерін салық қызметі, несие ұйымдары, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдары пайдаланады. Себебі ұйымдардың жеке баланстары экономикалық өмірдің ерекшеліктерін зерделеу үшін бай материалдар береді.
Баланстың келесі түрлері болады: бастапқы, жылдық, жойылу, шоғырландырылма, сауықтыру.
Бастапқы (ұйымдастырушылық) баланс негізінде ұйымның алғашқы бухгалтерлік есебін жүргізумен құрастырылады. Қайтадан құрылған ұйымдардың балансымен бұрыңғы жұмыс істеп жатқан құқықты иеленуші болып табылатын ұйымдардың балансының айырмашылығын жүргізу қажет. Бірінші жағдайда баланс қарапайымдылығымен өзгеше болады. Өйткені оның құрамында ақша қаражаттарынан, негізгі құралдардан, ТМҚ-дан және басқа да баланстың активіндегі активтерден тұратын мүліктік массалар және «Меншікті капитал» бөлімінде көрсетілетін жарғылық капиталы ғана бар болады.
Бастапқы (ұйымдастырушылық) балансты құру белгілі бір уақытқа, әдеттегі балансты құрудағыдай шектелмейді (айдың 1-інші күніне). Бастапқы баланс ұйым өзі жұмыс істеуді бастаған уақытта, яғни субьектінің жарғысын тіркеген кезде жасалынады.
Жылдық бухгалтерлік баланс – есеп беру уақытында ұйымның қаржылық жағдайын сипаттайтын есеп беру. Бұл ақпарат мүддесі бар қолданушыларға экономикалық шешім қабылдау үшін қажет.
Кез – келген мемлекет экономикасында баланс маңызды функциялар атқарады. Мысалы, меншік иелерін, менеджерлерді субьектінің мүліктік жағдайына байланысты басқарумен таныстырады. Олар баланстан кәсңпорын жұмсай алатын материалдық құндылықтардың запастарын біле алады.