Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2014 в 09:02, лекция
Шағын бизнес — ешқандай монополистік бірлестікке кірмейтін және экономикада монополияға қатысты бағынышты рөл атқаратын жеке меншіктегі ұсақ және орта кәсіпорындардың қабылданған жиынтық атауы. Дамыған елдерде сыртқы экономикалық байланыстардың негізгі бөлігі Шағын бизнестің үлесіне тиеді. Елімізде 20 ғасырдың 90-жылдары белсенді түрде жүргізілген жекешелендіру үдерістері шағын кәсіпкерліктің қалыптасып дамуына жол ашты. Республикада Шағын бизнестің дамуы экономиканың ойдағыдай реформалануы көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Қаржылық талдаудың құралдары мен әдісері
Қаржылық талдау
әдістерін түрлі классификациялары бар:
Біріншіден, формальдандырылған және
формальдандырылмаған әдістерді белгілейді:
-Формальдандырылмаған әдістер
аналитикалық процедураларды қатал аналитикалық
тәуелділіктерде емес, логикалық деңгейде
сипаттауда негізінделген. Оларға осындай
әдістер қатысты: эксперттік бағалау,
сценарийлер, көрсеткіштер жүйелерін,
аналитикалық кестелерді құру.
-Формальдандырылған әдістерге
негізінде қатал формальдандырылған тәуелділіктер
жатқан әдістер қатысты. Бұл – элиминациялау,
баланстық байлаулар, салыстыру және т.б.
Элиминация әдісінің
мәні бір факторлардың ықпалын басқалардың
ықпалын анықтау мақсатымен жою. Элиминацияның
екі негізгі әдісі бар – тізбекті алмастыру
әдісі және абсолюттік айырмалар, салыстырмалы
айырмалар әдісі.
Элиминациялау
- нәтижелі фактор мөлшеріне, барлық факторлардың
ықпалын жою, қабылдамау, жоққа шығару.
Тізбекті алмастыру әдісінің
мәні базистік (жоспарлық) көрсеткіштерді
фактіліктермен ретті ауыстыруда және
алынған жаңа нәтижені алдыңғымен салыстыруда.
Салыстырмалық айырмаларды
есептеу басқалардың ықпалын жойып бір
факторлардың ықпалдарын анықтау үшін
қолданылады. Бұл әдіс тізбекті алмастырудан
жеңіл. Оның мәні мынада – бірінші фактор
ықпалын есептеу үшін нәтижелік көрсеткіштің
негізгі мөлшерін пайызбен көрсетілген
бірінші фактордың салыстырмалы өсіміне
көбейтіп, нәтижесін 100-ге бөлу.
Екінші фактордың ықпалын
есептеу үшін нәтижелік көрсеткіштің
жоспарлы мөлшеріне біріншінің есебінен
оның өзгеруін қосып, алынған қосындыны
пайызбен өлшенген екінші фактордың салыстырмалы
өсіміне көбейтіп, нәтижесін 100-ге бөлу
керек.
Үшінші фактордың ықпалын
есептеу үшін нәтижелік көрсеткіштің
жоспарлы мөлшеріне бірінші және екінші
фактор есебінен оның өсімін қосып, алынған
қосындыны үшінші фактордың салыстырмалы
өсіміне көбейту керек.
Абсолюттік айырмаларды
есептеу – зерттелген фактордың абсолюттік
өсімін оның оң жағындағы негізгі (жоспарлы)
мөлшерге және модельде оның сол жағындағы
фактордың шындық мөлшеріне көбейту.
Баланстық байлау
әдісі қатал функционалды тәуелдік бар
жерде қолданылады. Баланстық әдіс негізінде
өзара байланысты экономикалық көрсеткіштер
екі топтарының арақатынастарын, үйлесімділігін
көрсету үшін қажет. Ол кәсіпорынды еңбек,
материалдық және қаржылық ресурстармен
қамтамасыз етуді талдауда кең қолданылады.
Салыстыру – талдаудың
негізгі әдістерінің бірі. Ол келесі жағдайларда
қолданылады:
а) жоспарлық және шындық көрсеткіштерді
салыстырғанда, жоспарды орындауын бағалау
үшін;
б) дамудың негізгі тенденцияларын айқындау
үшін есепті мерзімнің нақты мәліметтерін
бұрынғы жылдардың мәліметтерімен салыстырғанда;
в) қалыптасқан норма және нормативтерді
сақтауды анықтау үшін нақты көрсеткіштерді
нормативтіктермен салыстырғанда;
г) талдауға алынған кәсіпорынның мәліметтерін
бәсекелестермен, сала, аймақ бойынша
орта мәліметтермен салыстырғанда. Бұл
кәсіпорынның басқа кәсіпорын жиынтығында
орнын анықтауға, бәсекелестер арасында
артықшылықтары мен кемшіліктерін көруге,
шаруашылықтың озық әдістерін қабылдауға
көмектеседі;
Екіншіден, бұл қаржылық
талдаудың классикалық әдістері: топтастыру,
орта және салыстырмалы мөлшерлер, кестелер
мен индекстер.
Қаржылық талдаудың
негізгі әдістерінің арасында келесі
алты әдістерді белгілейді: көлденең талдау,
тік талдау, трендтік талдау, салыстырмалы
талдау, факторлық талдау, қаржы коэффициенттерінің
әдісі.
Көлденең талдау немесе
уақыттық талдау дегеніміз, есептіліктің
әр бөлігін алдыңғы жылдармен салыстыру.
Ол бухгалтерлік талдаудың түрлі статьяларының
алдыңғы жылдармен салыстырғанда абсолюттік
және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға
көмектеседі.
Тік немесе құрылымдық
талдау дегеніміз – есептіліктің әр бөлігінің
табуымен, қорытынды қаржылық көрсеткіштерінің
жалпы нәтижеге ықпалын анықтауда. Ол
жеке статьялардың баланс немесе оның
бөлімшелері бойынша қорытынды көрсеткішке
деген үлес салмағын айқындауға көмектеседі.
Трендтік талдау бірқатар
жылдардың барлық көрсеткіштері 100 % базистік
мерзімден бастап көрсеткіштер салыстырмалы
ауытқуларын есептеуде негізделеді. Басқа
сөзбен айтқанда, трендтік талдау трендті,
яғни, барлық кездейсоқ, уақытша нәрселерден
босатылған көрсеткіш динамикасының негізгі
тенденцияларын анықтауға керек.
Түрлі қаржы коэффициенттерін
қолдану деген, біреуі бірге, ал басқасы
оған қатысумен белгіленген салыстырмалы
мөлшерлерді есептеу. Кәсіпорынның қаржы
жағдайының негізгі көрсеткіштері тарату
және үйлестіру коэффициенттеріне бөлінеді.
Біріншілері қаржы жағдайының қандай
болса да абсолюттік көрсеткіші өзі ішіне
кірген абсолюттік көрсеткіштер тобының
қандай бөлігін құрайтының анықтауға
керек болғанда қолданылады. Екіншілері
түрлі экономикалық маңызы бар мәні басқа
қаржы жағдайының абсолюттік көрсеткіштерінің
өзара қатынасын анықтау үшін қолданылады.
Салыстырмалы немесе
кеңістіктік талдау – бұл кәсіпорын, цех,
еншілес компаниялардың жеке көрсеткіштері
бойынша есептіліктің жиынтық көрсеткіштерін
шаруашылық ішінде талдау және кәсіпорын
көрсеткіштерін бәсекелестер, ортасалалық
және орта жалпыэкономикалық мәліметтермен
шаруашылық аралығында талдау. Бұл әдісті
қолданудың қажетті шарты – көрсеткіштердің
салыстырмалылығын бұзбау.
Факторлық талдау – бұл
зерттеудің түрлі тәсілдерінің көмегімен
жеке факторлардың нәтижеге ықпалын талдау.
Айтып өткен талдаулардан
басқа қаржылық талдауда экономикалық
талдаудың, экономикалық және математикалық
статистиканың, экономикалық-математикалық
әдістердің дәстүрлі тәсілдері де қолданылады.
Экономикалық талдау әдісі
деп шаруашылық процестерді зерттеудің
диалектикалық көзқарасын айтады. Оның
мазмұнына кәсіпорын шаруашылық әрекеті
зерттелген пәннің мәні мен мазмұнын ашуға
көмектесетін тәсіл мен әдістердің жиынтығы
кіреді.
Экономикалық талдау әдісінің
ерекшеліктері бар: құбылыстардың шаруашылық
процестерін зерттегенде көрсеткіштер
жүйесін қолдану; қай да бір көрсеткіштердің
өзгеруі себептерін зерттеу; шаруашылық
процестер мен құбылыстардың себепті
тәуелділігін анықтау; көрсеткіштер арасында
өзара байланыстарын тауып өлшеу және
бір көрсеткіштің басқасына тәуелділігін
анықтау.
Экономикалық ақпаратты
өңдеудің негізгі тәсілдері мен әдістері:
салыстыру, топтастыру, орта және салыстырмалы
мөлшерлер, элиминациялау, индекстік талдау,
корреляциялық байланыстар, кестелер,
байланыстық байлаулар және т.б.
Талдаудың маңызды әдісі
– салыстыру. Оны келесі жағдайларда процестерді
салыстырғанда пайдаланады:
- жоспарды орындауды бағалағанда;
- кәсіпорын дамуының бағыттарын, динамикасын
және тенденцияларын анықтағанда;
- озық тәжірибені жинақтағанда;
- кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыруға
ішкі және сыртқа резервтерді тапқанда.
Зерттелген құбылыстарды,
факторларды классификациялау үшін; олардың
арасында өзара байланыстарды және өзара
тәуелділікті зерттеу үшінтоптастыру
әдісі де кең қолданылады.
Топтастыру тәсілімен орта мөлшерлерді
есептеу тығыз байланысты.
Экономикалық талдауда абсолюттік
мөлшерлермен қатар салыстырмалылармен
пайдаланады; бір мөлшердің басқаға деген
қатысын көрсететін көрсеткіштер (пайыздар,
коэффициенттер, индекстер). Аналитикалық
жұмыс барысында өзгеше тәсіл – элиминациялауды
– жеке факторлардың ықпалын басқалардың
ықпалын анықтау мақсатында жоққа шығаруды
жиі қолданады. Бұл тәсілдің екі түрі бар:
тізбекті алмастыру әдісі және абсолютті
айырмаларды есептеу:
Біріншінің мәні – базистік
(жоспарлық) көрсеткіштерді фактіліктермен
ретті ауыстыруда және алынған нәтижені
алдыңғымен салыстыруда.
Екіншінің мәні – жеке
көрсеткіштер арасындағы айырманы ретті
есептеуде және бұл айырманың басқа жеке
көрсеткіштің өзгермеуімен жалпылау көрсеткішке
деген әсерін анықтауда.
Баланстық әдіс қатал функционалдық тәуелдік
орнағанда қолданылады.
Корреляциялық талдауды құбылыс арасында
жасырынды байланысты анықтағанда пайдаланады.
Графикалық талдау әдісі көрсеткіштер
арасындағы қарым-қатынасты, таратылу
деңгейін, зерттелген құбылыстың құрылымын
суреттеу үшін жиі қолданылады.
Экономикалық талдауда
зерттеудің экономикалық-математикалық
тәсілдері де кең қолданылады – бағдарламалау,
ойын теориясы және т.б.
Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық әрекетін
талдау кезінде зерттеу әдісі ретінде
талдау мен синтез кең қолданылады. Талдау
шаруашылық процестер мен құбылыстарды
зерттеу әдісі ретінде зерттелетін объектті
бөлімдерге, элементтерге бөлшектеуді
білдіреді. Мысалы, өнімді шығару динамикасын
зерттегенде, оның өсу темптері жалпы
кәсіпорын бойынша ғана емес, өндіріс
бөлімшелері бойынша, түрлі уақыт кесіндісінде
(тоқсан, жартыжылдық, жыл) қарастырылады,
динамика көрсеткіштері орын мен уақыт
бойынша салыстырылады. Бұл кәсіпорын
туралы толық мәлімет алуға көмектеседі.
Қаржылық-шаруашылық әрекетті зерттегенде
зерттеу объектілері құрамдық бөлімдерге
ғана емес, жеке мәліметтер мен жекеленген
бақылаулар синтез процесінде жинақталады.
Солай, өнім шығару көлеміне ықпал ететін
факторларды айқындағанда, жоспарды орындау
комплекстік бағасын беріп, өнім шығаруды
көбейту резервтерін анықтайды.
Кәсіпорын және бірлестіктердің шаруашылық
әрекетін зерттеу кезінде олардың шаруашылық
әрекетіндегі келіспеушіліктер, оларды
жеңу әдістері айқындалады.
Экономикалық талдауды қолданатын
бірқатар тәсілдер басқа ғылымдардан
алынған. Бұл тәсілдер экономикалық талдау
пәнін зерттеуге ыңғайланған. Мұнда ерекше
көңілді «барлық ғылым патшасына» - математикаға
бөлуге қажет, неге десе, аналитикалық
тәсілдердің маңызды бөлігі сол ғылымнан
басталады. Математиканың өзі адамның
экономикалық әрекетінен басталды, неге
десе бірінші адамның есептегені – олжалары,
өнім, ауыстыруға және ауыстыру нәтижесінде
алынған тауарлар. Бүгінде жаңадан табылып
жатқан математикалық әдістер мен тәсілдер
адамдардың жаңа экономикалық қажеттіліктері
өзектілі болғанынан пайда бола бастайды.
Экономикалық талдаудың арнайы
білімнің еркше саласы ретінде пайда болу
кезінен пайдаланған тәсілдер дәстүрлі
деп аталады: оның ішінде – салыстырмалы
және орта мөлшерлерді, салыстыруларды,
топтастыруды, индекстерді, пайдалану,
тізбекті алмастыру, «тар жерлерді» және
«жетекші үзбелерді» табу, үлестік қатысу
әдісі, баланстық байланымдар және т.б
Талдаудың басқа маңызды тәсілі – салыстыру
– экономикалық көрсеткіштерді басқалармен
салыстырып көруге, жоспарлық тапсырмаларды
орындау бағасын беруге, экономикалық
дамудың жеткен деңгейі мен темптерін
анқтауға,ресурстарды пайдаланудың ерекшелік
мөлшерлері мен себептерін айқындауға,
ішкі ресурстарды анықтауға мүмкіндік
береді.
«Тар жерлерді» және «жетекші үзбелерді»
табу тәсілі қаржылық-шаруашылық әрекеттің
тиімділігін шектейтін, жоспарлық тапсыпмаларды
орындауға кедергі жасайтын ресурстық
қамтамасыз ету кемшіліктері мен бөлімдерді
анықтауға көмектеседі.
«Тар жерді» табу оны жойғаннан кейін
резервтерді анықтап, дайындауға мүмкіндік
береді. Солай, мысалы, еңбек өнімділігін
талдау нәтижесінде, бұл көрсеткіштің
өсу темптері еңбек ұйымдастырудың төмен
деңгейімен себептенгенін анықтауға болады.
Сол «тар жерді» жою үшін еңбекті кескінді
түрде төлеу керек.
«Жетекші үзбе» - бұл өндіріс тиімділігін
көтеру мүмкіндігін анықтайтын кәсіпорын
әрекетінің негізгі элементі. Мысалы,
кәсіпорынның өндірістік қуаттылығын
тиімді жүктеуі, өнімнің өзіндік құнының
төмендеуінің «жетекші үзбесі» болып
табылады.
Ең кең тараған талдау тәсілдерге топтастыру
тәсілі жатады. Олар жеке экономикалық
құбылыстар арасында өзара қатынасын
айқындау үшін, даму құрылымы, құрамы және
динамикасын зерттеу үшін, орта мөлшерлерді
және олардың мазмұнын анықтау үшін қолданылады.
Қолданылатын құрылымдық топтастырулар
сапа бойынша біркелкі экономикалық құбылыстарды
олардың экономикалық ұқсастығы нышанымен
топтастыруға және олардың негізінде
кәсіпорынның негізгі құралдарының, шығарылатын
өнімдерінің құрылымы мен құрамын талдауға
мүмкіншілік береді. Мысалы, топтастыру
мен салыстырудың көмегімен өндірістің
түрлі технологияларының тиімділігін
зерттейді.
Жеке көрсеткіштердің, экономикалық құбылыстардың
өзара байланыстары мен өзара тәуелдігін
айқындау үшін аналитикалық топтастыруларды
пайдаланады, мысалы, қол еңбекпен, еңбек
құралдарымен байланысты өнім шығаруды
көбейту факторларын топтастыру. Немесе
өндірістің техникалық деңгейін көтерумен,
өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырумен,
өнім құрылымы мен көлемінің, салалық
факторлардың жетілдіруімен байланысты
еңбек өнімділігін өсу факторларын топтастыру.
Экономикалық талдаудың дәстүрлі тәсілдердің
ішіне нақтылау жатады. Қарастырылған
көрсеткіш уақыт нышаны, шаруашылық операция
жасалған орны, жауаптылық орталықтары
бойынша нақтылануы мүмкін. Бұл өнім шығу
динамикасын, қалыптылығын анықтауға
болысады. Тауар өнімінің көлемін шаруашылық
құбылыс пайда болу орнымен, оны шығару
орнымен (терме цехі, баспа, түптеу) нақтылауға
болады.
Қаржылық есептілікті жасау және құру
Нарықтық экономика
жағдайында шаруашылық субъекттердің
қаржылық есептілігі қаржылық талдаудың
ақпаратпен қамтамасыз етудің маңызды
элементі және коммуникацияның негізгі
құралы болады. Әр-бір кәсіпорын қосымша
қаржыландыру көздерін қажет етеді. Капитал
нарығында оларды табу үшін, болжамды
инвесторларды және кредиторларды өзінің
қаржылық-шаруашылық әрекеті туралы ақпараттандыру
жолымен, яғни негізінде қаржылық есеп
беру көмегімен өздеріне қарату керек.
Кәсіпорынның ағымды және болжамды қаржылық
жағдайын көрсететін жарияланған қаржылық
көрсеткіштер қаншама жақсы болса, қаржыландырудың
қосымша көздерін табу мүмкіндігі соншама
биік болады.
Есептілікте берілген ақпаратқа қойылған
негізгі талап – оның тұтынушыларға пайдалы
болуы, яғни бұл ақпаратты негізделген
іскерлік шешімдерді қабылдау үшін пайдалану.
Пайдалы болуы үшін ақпарат келесі критерийлерге
сай болуы қажет:
- орындылық дегеніміз, бұл ақпарат маңызды
және тұтынушы қабылдаған шешімдерге
әсер ететінін көрсетеді. Ақпарат орынды
деп саналады, егер ол болжамды және ретроспективті
талдаудың мүмкіндігін қамтыса;
- ақпарат анықтылығы оның растығымен,
экономикалық мазмұнының заңды түрінен
көп болуымен, тексеру мүмкіндігімен және
құжатты негізделуімен анықталады;
- ақпарат шын деп есептеледі, егер ол қате
мен бір жақты баға жібермесе, сонымен
қатар шаруашылық өмір жағдайларын бұрмаламаса;
- бейтараптылық дегеніміз, қаржылық есептілік
жалпы есептілік тұтынушыларының бір
тобы мүдделерін басқа топқа кемістік
қылып қанағаттандыруға акцент жасамайды;
- ұғынықтық дегеніміз, тұтынушылар кәсіби
арнайы дайындықсыз есептіліктің мазмұнын
ұғуға мүмкіншіліктері бар болғаны;
- салыстырмалық кәсіпорын әрекеті туралы
мәліметтер басқа фирмалар әрекеті туралы
ұқсас ақпаратпен салыстырмалы болғанын
талап етеді.
Есептілік ақпарат қалыптасқан
кезде, есептілікке кіретін ақпаратқа
белгілі шектеулер сақталу қажет:
- есептілік құрудағы шығындар кәсіпорынның
бұл мәліметтерді тұтынушыларға ұсынғанда
алған пайдаларымен арақатынаста болуы,
шығын мен пайдалардың оңтайлы арақатынасын
көрсетеді;
- құнттылық (консерватизм) принцибі есептілік
құжаттары активтер мен табыстың бағасын
көтеріп жіберуін және міндеттердің төмендетуін
жібермеу керектігін көрсетеді;
- құпиялық есептілік ақпарат кәсіпорынның
бәсекестік орындарына зиян келтіретін
мәліметтері болмауын талап етеді.
Кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік
(қаржылық) есептілікті келесі мекендерге
ұсынады (қаржылық ақпарат тұтынушыларына):
- меншік иелеріне (қатысушыларға, ұйымдастырушыларға)
ұйымдастыру құжаттарымен сәйкес;
- мемлекеттік салық инспекциясына (кәсіпорынның
заңды мекен-жайына сәйкес);
- мемлекеттік статистика органдарына
сыртқы тұтынушылармен ақпаратты қорыту
және жариялы пайдалану үшін;
- кәсіпорын әрекетінің жеке жақтарын
тексеруге және сәйкес есептілікті алуға
міндеттелген басқа мемлекеттік органдарына.
Оларға кіретін, мысалы, кәсіпорынның
бюджеттен немесе бюджеттік несиеден
бөлінген қаржы арқылы кәсіпорын шығындарын
қаржыландыратын қаржы органдары;
- Мемлекеттік мүлік комитеті органдарына,
министрліктерге, ведомстволарға мемлекеттік
немесе муниципалдық меншікте тұтасынан
немесе жартылай болған кәсіпорындардың,
сонымен қатар төлем мерзімі біткенше
мемлекеттік кәсіпорын немесе құрылымды
бөлімшелер негізінде құрылған жекешелендірілген
(соның ішінде жалға алынған) кәсіпорындардың
есептілігін ұсынады.
Кәсіпорынның жылдық бухгалтерлік
есептілігін келесі жылдың 31 наурызына
дейін беру қажет.
Қаржылық есептілікке есептің төрт түрі
кіреді:
- «Бухгалтерлік баланс» 1 үлгісі есепті
мерзімге кәсіпорын мүлігінің құрамы
мен құрылымын, ағымды активтердің өтімділігі
мен айналымдылығын, өзіндік капитал мен
міндеттері болуын, дебиторлық және кредиторлық
қарыздың динамикасымен жағдайын, кәсіпорын
кредит төлеу және төлем қабілеттіктерінанықтауға
көмектеседі. Баланс мәліметтері кәсіпорын
капиталының орналасу тиімділігін, ағымды
және болатын шаруашылық әрекеті жеткілігін,
несие көздерінің көлемі мен құрылымын,
сонымен қатароларды қатыстыру тиімділігін
бағалауға көмектеседі. Сонымен, бухгалтерлік
баланс кәсіпорынның қаржы жағдайын талдауға
және бағалауға ең ақпаратты түрі деп
саналады;
- «Табыс пен шығын туралы есеп беру» 2 үлгісінде
кәсіпорынның бір жылғы табыстарының
жиынтығымен өз әрекетін сақтау үшін шыққан
шығындардың жиынтығы салыстырылады.
Ол кәсіпорын әрекетінің белгілі есеп
мерзімі бойынша, кәсіпорын табысты ма,
әлде шығынды екендігін білу үшін табыс
пен шығын мәліметтерін бөлудің көмегімен
нәтижелерді бағалауды қамтамасыз етеді;
- «Ақша жылжымы туралы есеп беру» 3 үлгісінде
кәсіпорынның белгілі мерзімдегі қаражат
көздері анықталады да, бұл қаражат қалай
пайдаланылады екендігі көрсетіледі.
Есеп беру есепті мерзім бойынша кәсіпорынның
ақша қаражатын пайдалануын жабу үшін
негізгі әрекеттен алынған қаражат жеткілікті
екендігін көрсетеді. Ол тұтынушыларға
кәсіпорынның қаржы жағдайындағы өзгерістерді
бағалауға, операциялық, инвестициялық
және қаржылық әрекетінің кескінінде
есепті мерзім бойынша ақша қаражатының
түсуі мен шығу туралы ақпаратпен қамтамасыз
етуге көмектеседі;
«Өзіндік капиталдағы өзгерістер туралы
есеп беру» 4 үлгісі өзіндік капиталдың
жылжуын оның түрлері кескінінде анықтайды.
Қаржылық есептілікте кәсіпорын әрекетінің
қорытынды нәтижелеріне есепті жылда
әсер еткен негізгі факторларды, оның
қаржылық жағдайымен көрсету түсініктеме
хаты және кәсіпорынның бухгалтерлік
есептілікке кіретін мәліметтердің шындылық
деңгейін нақтылайтын аудиторлық нәтижесінің
Қорытынды бөлігі (міндетті аудитке жататын
кәсіпорындарға) болуы қажет.
Есептілік дегеніміз
бухгалтерлік есеп жүйесінің ақырғы элементі.
Бухгалтерлік есеп берудің барлық элементтері
өзара тығыз байланысты және бір тұтастықты,
яғни есепті мерзімде кәсіпорын жұмысының
нәтижелері мен шарттарын сипаттайтын
экономикалық көрсеткіштер жүйесін құрайды.
Сонымен бірге, бухгалтерлік есептілік
мәліметтері жиынтықты сипатта болады
– олар біргелкі шаруашылық операциялардың
түрлі аспектілерін айқындайды (мысалы,
1 үлгі мәліметтері 2 үлгі мәліметтерін
толықтайды, және керісінше).
Есептілік формалар логикалы және ақпаратты
өзара байланыста. Логикалық байланыс
мәні есептілік формалары, бөліктері және
статьяларының өзара корреспонденциялау
және өзара толықтыруда.
Кей-бір маңызды баланстық статьялар жалғас
формаларда білінеді. Керек кезінде басқа
көрсеткіштердің мағынасын аналитикалық
есепте табуға болады.
Бұл талдау жағынан ғана емес, бақылау
жағынан маңызды бақылау қатынастарды
білу, есептілік құрылымын жақсы тануға,
жеке көрсеткіштерді және олардың арасындағы
арифметикалық қатынастарды көзбен шолып
тексеру жолымен оны құру дұрыстығын бақылауға
көмектеседі.
Кәсіпорынның бухгалтерлік есеп берушілігі
оның әрекеті туралы ақпараттың негізгі
көзі болып қызмет етеді. Бухгалтерлік
есептілікті мұқият зерттеу кәсіпорын
жұмысындағы кемшіліктер мен табыстардың
себептерін ашады, оның әрекетін жақсарту
жолдарын табуға көмектеседі. Толық жан-жақты
талдау, ең алдымен кәсіпорынның меншік
иелеріне және әкімшілігіне өз әрекетінің
бағалауы туралы шешім қабылдауға қажет.
Баланс баптарының тәсілдерін тексеру
Бухгалтерлік баланс
кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау
және бағалау үшін ең ақпаратты түрі болып
саналады. Ол коммуникацияның нақты құралы
болып саналады, оның арқасында:
- басшылық өз кәсіпорын ұқсас кәсіпорындар
жүйесінде орны туралы, таңдаған стратегиялық
бағыттың дұрыстығы туралы, ресурстарды
пайдалану тиімділігі туралы және кәсіпорын
басқарудың түрлі сұрақтары бойынша қабылданған
шешімдер туралы түсінік алады;
- аудиторлар аудит жасау процесінде, өз
тексеруін жоспарлағанда, есеп жүйесінде
нашар жерлерді және клиенттің сыртқы
есеп берушілігінде әдейі және әдейі емес
қателер болу зоналарын табу үшін дұрыс
шешім таңдауға еске түсіруді алады;
- аналитиктер қаржылық талдаудың бағыттарын
анықтайды.
Бухгалтерлік баланстың маңызы
соншама, қаржылық жағдай талдауын баланс
талдауы деп санайды.
Қаржылық жағдайды бағалау мақсатпен
жасалған талдауға келесі негізгі бағыттар
кіреді:
а) қысқамерзімді болашаққа қаржылық жағдайды
талдау. Ол өтімділік, өзіндік қаражатпен
қамтамасыздық және төлем қабілеттігін
қалпына келтіру (жоғалту) мүмкіндігі
көрсеткіштерін есептеуде анықталады.
Төлем қабілетін сипаттағанда, банктегі,
ұйым кассасындағы төлем есеп-шоттарында
ақшалай қаражат болуы, шығындыр, мерзімі
өткен дебиторлық және кредиторлық қарыз,
уақытында төленбеген кредиттер мен несиелер
сияқты көрсеткіштерге, бағалы қағаз нарығында
ұйымның орнына көңіл бөлу қажет;
б) ұзақмерзімдік болашаққа ұйымның іскерлік
белсенділігін талдау. Ол қаражат көздерінің
құрылымын, ұйымның сыртқы инвесторлар
мен кредиторларға тәуелдік деңгейін
зерттейді;
в) ұйымның іскерлік белсенділігін талдау.
Оның критерийлері:
1) экспортқа жеткізілімді қоса өнім өткізу
нарығының кеңдігі;
2) ұйым беделдігі, ұйым қызметін пайдаланатын
клиенттердің танымалдығымен анықталатын;
3) бизнес-жоспарды орындау
деңгейі;
4) ұйым ресурстарын пайдалану тиімділігінің
деңгейі.
Сонымен, баланс тек бухгалтерлік
есепте, қаржылық талдауда ғана емес, басқару
аспектінде де ақпараттық база ретінде
қаралады. Негізгі көрсеткіштер тенденцияларын
талдағанда, инфляция сияқты бұрмалау
факторларының ықпалына назар аудару
қажет. Одан басқа, баланстың өзі, негізгі
есептілік және аналитикалық форма бола
тұра кей-бір шектеулерден бос емес.
Баланстың маңызды шектеулердің
бірі - өзіне қарасты сатып алу бағаларын
пайдалану принцибі. Инфляция, кәсіпорында
қолданылатын шикізат пен құрал-жабдықтарға
деген бағаның өсуі, негізгі қаражат жаңаруының
төмен деңгейі жағдайында, көптеген статьялар
функционалдық міндет бойынша бірдей,
бірақ құны бойынша басқа есепті объектілердің
жиынтығын көрсетеді. Кәсіпорын әрекетінің
нәтижелері, оның шаруашылық қаражаттарының
нақты бағалары, кәсіпорынның жалпы «бағасы»
көп бұрмаланады.
Талдау үшін түрлі көрсеткіштер,
қолданылады, қаржылық коэффициенттер
есептеледі. Сондықтан олардың анықтауын
беру жөн.
Активтер – кәсіпорын иеленген
қаражат құны. Активтер қысқамерзімді
және ұзақмерзімді (жылжымайтын мүлік)
активтерге бөлінеді.
Қысқамерзімді активтер – қысқамерзімді
пайдалануға және бір жылдан аспайтын
шаруашылық цикл кезінде қолдағы ақшаға
айналатын қаражаттар. Қысқамерзімді
активтер баланстың бірінші бөлімінде
көрсетіледі, басқаша айналым қаражат
немесе айналым капиталы деп аталады.
Өтілімдік активтер – ақшалай
қаражатқа жеңіл аударуға болатын активтер.
Өтілімдік активтер тауарлық-материалдық
қорларды есепке алмағанда қысқамерзімді
активтерге тең. Өтілімдік активтер баланстың
белсенді бөлігінің бірінші бөлімінде
көрсетіледі. Оларға ақшалай қаражат,
қысқамерзімді бағалы қағаздар, дебиторлар
қарызы (төлемдері есепті мерзімнен кейін
он екі айдан соң ғана түсетін) жатады.
Тауарлық-материалдық қорлар
– жеңіл өткізілетін активтер мен жылжымалы
қаражат арасында өтімділік деңгейі бойынша
орта орынды алатын активтер, олар баланстың
белсенді бөлігінің бірінші бөлімінде
көрсетіледі. Оларға материалдар, бітірілмеген
өндіріс, қайталап сату үшін дайын өнім
және тауарлар жатады.
Жылжымайтын мүлік – кәсіпорынның
өндірістік әрекетінде ұзақмерзімді (бір
жылдан астам) пайдалануға дайындалған
активтер. Оларды басқаша ұзақмерзімді
активтер, жылжымайтын немесе иммобилизацияланған
қаражат деп атайды. Жылжымайтын мүлік
баланстың белсенді бөлігінің екінші
бөлімінде көрсетіледі. Оған негізгі қаражат,
материалдық емес активтер, бітпеген құрылыс
және ұзақмерзімді қаржылық салымдар
кіреді.
Капиталдың жалпы жиынтығы
– кәсіпорын қаражатының (активтерінің)
құны. Ол міндеттер мен капиталдың жиынтығына
тең. Басқаша баланс валютасы деп аталады.
Нақты активтер – негізгі
қаражаттардың (тозықты санамағанда),
өндіріс қорларының, бітпеген өндіріс
қалдықтарының (сальдо) жиынтығы. Нақты
активтер кәсіпорынның өндіріс қуаттарын
сипаттайды. Пассивтер – төлем бойынша
міндеттер (несие қаражаттар) және өзіндік
капитал жиынтығы.
Міндеттер қысқамерзімді (ағымды) және
ұзақмерзімді болады, олар баланстың пассивті
бөлігінің төртінші бөлімінде көрсетіледі.
Қысқамерзімді міндеттер
– бір жылдың ішінде төленіп болатын кәсіпорынның
қарызы. Оларға кредиторлық қарыз, қысқамерзімді
кредиттер мен несиелер, алынған аванстар
жатады.
Ұзақмерзімді міндеттер
– бір жылдан астам мерзімде төленетін
кәсіпорын қарызы, оларға ұзақмерзімді
кредиттер мен несиелер кіреді. Өзіндік
капитал (акционерлік капитал) – кәсіпорын
иелеріне (акционерлерге) тиесілі активтердің
құны. Өзіндік капитал құны активтердің
(баланс валютасы) жалпы құны мен міндеттер
айырмасына тең.
Өзіндік қысқамерзімді
активтер (жұмыс капитал) – қысқамерзімді
активтердің қысқамерзімді міндеттерді
қоспағанда мөлшері. Оларды басқаша өзіндік
айналым капиталы немесе таза капиталдеп
атайды.
Әр кәсіпорын жұмыс істеудің
басты мақсаттарының бірі – табыс алу.
Бірақ сол көрсеткіш баланста толық көрсетілмеген.
Табыс қалыптасуы толығынан «Табыс және
шығын туралы есептілік» үлгісінде анықталған.
Есеп берудің ішінде келесі статьялар
бар:
- бірінші статьяда өнімді өткізуден, қызмет
көрсетуден негізгі әрекетке байланысты
сыйақы, пайыз, дивиденд, гонорар және
рента түрінде алынатын табыс көрсетіледі.
Өнімді өткізуден, қызмет көрсетуден алынған
табыс қосымша құнға салықты, акциздерді,
салық пен міндетті төлемдерді, сонымен
қатар қайтарылған тауардың өзіндік құнын,
сатулардағы жеңілдіктерді және сатып
алушыларға ұсынылған бағаларды қоспағанда
көрсетіледі. Бұл табысты «өнім (жұмыс,
қызмет) өткізуден табыс» немесе «сату
көлемі» деп атайды;
- екінші «Өткізілген өнім мен көрсетілген
қызметтің өзіндік құны» статьясында
өнімді өндірумен байланысты олардың
экономикалық маңызымен сәйкес топтастырылған
нақты шығындар көрсетіледі;
- «Жалпы табыс» - өнім өткізудің қаржылық
нәтижесі, ол өнім өткізуден және қызмет
көрсетуден алынған табыс пен негізгі
әрекет нәтижесінде алынған өткізілген
өнімнің өндірістік өзіндік құны айырымы
деп саналады;
- Қаржыландырудан алынған табыстар, оған
сыйақы, дивиденд, қаржылық жалға алудан,
жылжымайтын мүлікке инвестициялармен
операциялардан алынған табыстар кіреді;
- басқа табыстар, оларға активтер шығуынан,
тегін алынған активтерден, мемлекеттік
субсидиялардан алынған табыстар кіреді;
- өнімді өткізу және қызметті көрсету
шығындары - өнімді өткізуге және қызметті
көрсетуге байланысты шығындар;
- әкімшілік шығындар - өндіріс процесімен
байланысты емес басқару және шаруашылық
шығындар;
- қаржыландыру шығындары – қаржылық міндеттер
(алынған несие бойынша пайыздарды төлеу),
қаржылық жалға алу активтер (негізгі
қаражат), қаржыландыруға жіберілген басқа
шығындарды көрсетеді;
- басқа шығындарға активтерді өткізу,
операциялық жалға алу, резерв құрау және
сенімсіз талаптарды жою шығындары кіреді;
- үлестік қатынас әдісімен есептелетін
ұйымдардың табыс (шығын) үлесі – байланыстырылған
және біріккен ұйымның табыс үлесі;
- жалғастырылған әрекеттен бір мерзімде
алынған табыс (шығын) – есепті мерзімде
заңды тұлғамен алынған сальдоланған
нәтиже. Ол өнімді өткізу және қызмет көрсету
шығындарын, әкімшілік және басқа шығындарды
есептемегенде, жалпы табыс, қаржыландырудан
табыс және басқа табыстарды қосумен анықталады,
қосу, алу үлес қатысу әдісімен алынған
табыс (шығын) үлесі;
- тоқтатылған әрекет табысы (шығыны) –
тоқтатылған әрекетпен байланысты активтерді
өткізуден немесе міндеттерді есептеуден
алынған табыс (шығын);
- салық салуға дейінгі табыс (шығын) –
жалғастырылған әрекеттен және тоқтатылған
әрекеттен алынған табыстарды қосу сияқты
берілген қаржылық нәтиже;
- корпоративті табыс салығы шығындары
- корпоративті табыс салығын төлеумен
байланысты шығындар;
- азшылық үлесін алуға дейінгі мерзімде
алынған қорытынды табыс (шығын) – салық
салынуға дейін алынған табыс пен корпоративті
табыс салығы шығындары арасындағы айырым
ретінде алынған қаржылық нәтиже;
- азшылық үлесі;
- мерзімдегі қорытынды табыс (шығын) –
азшылық үлесін шығаруға дейінгі қорытынды
табыс пен азшылық үлесі арасындағы айырым
ретінде есептелген таза қаржылық нәтиже.
Баланс та, табыс пен шығын туралы есетілік
те, кәсіпорын қалай өз қаражаттарын алып,
пайдаланатынына түсінік бермейді. Кәсіпорын
әрекетінің тиімділігі құр ғана таза табыстқа
емес, актив өтімділігіне, яғни ақшалай
қаражаттың жылжуына тәуелді.
ҚР кәсіпорындары үшін қаржылық
есептіліктің келесі үлгісі «Ақша жылжуы
туралы есеп беру» атты № 3 үлгі. Мұнда
кәсіпорынның белгілі мерзімде қаржы
көздері анықталады, және бұл қаражат
қалай пайдаланатыны көрсетіледі. Есеп
беру көрсетеді, белгілі есеп мерзімінде
кәсіпорынның ақшалай қаражаты шығындарын
өтеуге керек негізгі әрекеттен алынған
қаржылар жеткілікті ме анықталады. Басқаша
айтқанда, ақшалай қаражат жылжуы туралы
есеп беру – бұл кәсіпорын қаражатты қайдан
алатынын және олар қалай пайдаланатынын
көрсететін құжат.
Ақшалай қаражат – бұл кассаларда және
банктерде есеп-шоттардағы қолдағы ақша.
Ақшалай қаражат кәсіпорынның операциялық,
инвестициялық және қаржылық әрекетінің
нәтижесінде алынуы мүмкін.
Операциялық әрекет деп кәсіпорынның
табыс алу бойынша негізгі және басқа
әрекеттер саналады.
Инвестициялық әрекет деп ұзақмерзімді
активтерді алып сату, өтелген несиелерді
беріп алу саналады.
Қаржылық әрекет – бұл кәсіпорын әрекеті,
оның нәтижесінде өзіндік капитал мен
несиелік қаражаттардың мөлшері мен құрамында
өзгерістер болады.
Қаржылық есептіліктің төртінші үлгісі
«Өзіндік капиталдағы өзгерістер туралы
есеп беру». Мұнда шығарылған және резервтік
капитал, бөлінбеген табыс, азшылық үлесі,
сонымен қатар бастапқы және ақырғы сальдо,
капитал жылжуы туралы мәліметтер бар.
Сонымен, кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдау сапасы, нәтижелігі көбінен оның
ақпараттық базасының ұйымдастыруына
және жетілдіруіне тәуелді.
Жалпы ережелер:
1. Осы Ережелер республикалық және жергілікті
бюджеттер есебінен ұсталатын мемлекеттік
мекемелердің қаржылық есептілік көлемі,
мерзімділігі, мерзімдері мен оларды жасау
және ұсыну тәртібін, оларды пайдаланушыларға
беру мақсаттары үшін белгілейді.
2. Республикалық және жергілікті бюджеттер
есебінен ұсталатын мемлекеттік мекемелер
жылдық, тоқсандық есептіліктерін осы
Ережеде белгіленген көлемде жасайды.
3. Қаржылық есептілікті жасау кезінде
мынадай:
-есепті кезеңдегі барлық операциялардың
толық және шын мәнінде көрініс табуы;
-кірістер мен шығыстардың есепті кезеңдерге
жатқызылуының дұрыстығы;
-талдамалық есепке алу деректерінің есепті
кезеңнен кейінгі келесі айдың бірінші
күніне синтетикалық есепке алу шоттары
бойынша айналымдар мен қалдықтарға тең
болуы;
-көрсеткіштердің ұқыпты толтырылуы және
өшірулер мен бояуларға жол берілмеу талаптары
сақталуы тиіс. Қателер түзетілген жағдайда
түзету күнін көрсете отырып, қаржылық
есептілікке қол қойған тұлғаның растауымен
тиісті жазбалар жасалады.
4. Қаржылық есептілік нысандары онда көзделген
көрсеткіштермен дәлме-дәл сәйкес толтырылады.
Бекітілген қаржылық есептілік нысандарында
көрсеткіштері мен олардың кодтарын өзгертуге
немесе оларға қосымша көрсеткіштер енгізуге
жол берілмейді.
Қаржылық есептіліктің ағымдағы есепті
кезеңге, сол сияқты бұның алдындағы кезеңге
жататын деректерінің (оларды бекіткеннен
кейін) өзгеруі деректердің бұрмалануы
айқындалған кезеңде жасалған қаржылық
есептілікте жүргізіледі.
5. Мемлекеттік мекеме республикалық бюджеттік
бағдарламалар әкімшілерінің енгізген
өзгерістеріне сәйкес республикалық бюджеттік
бағдарламалар әкімшісінің жазбаша хабарламасын
алған сәттен бастап 10 жұмыс күн ішінде
өздеріндегі қаржылық есептілік данасына
өзгерістер енгізеді.
Мемлекеттік мекеменің қаржылық есептілігіне
түзетулер осы Ереженің 3-тармағында белгіленген
түзетулер енгізу тәртібін міндетті түрде
сақтай отырып, ведомстволық бағынысындағы
мемлекеттік мекеменің есебін қарау нәтижелері
бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің жазбаша хабарламасы негізінде
ғана енгізіледі.
6. Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың
әкімшісі ведомстволық бағынысты мемлекеттік
мекемелердің қаржылық есептілігіне өзгерістер
енгізген жағдайда, жергілікті бюджеттік
бағдарламалардың әкімшісі қаржылық есептілігіне
өзгерістер енгізілген ведомстволық бағынысты
мемлекеттік мекемелерге өзгерістер енгізу
себебі көрсетіліп, енгізілген өзгерістер
туралы басшы мен бас бухгалтердің қолы
қойылған жазбаша хабарлама жібереді.
Мемлекеттік мекеме жергілікті бюджеттік
бағдарламалардың әкімшісі енгізген өзгерістерге
сәйкес өзіндегі қаржылық есептілік данасына
өзгерістер енгізеді.
Бюджеттің атқарылуы жөніндегі жергілікті
уәкілетті орган жергілікті бюджеттік
бағдарламалар әкімшісінің шоғырландырылған
қаржылық есептілігіне өзгерістер енгізген
жағдайда қаржылық есептілікке соңғы
түзетулерді осындай тәртіппен енгізген
жөн.
7. Нысандардың мекен-жай бөлігі мынадай
тәртіпте толтырылады:
-«Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі»
деректемесі - Қазақстан Республикасының
Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының Бюджет
шығыстарының функционалдық сыныптамасынан
бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
атауы мен коды;
-«Мемлекеттік мекеменің атауы» деректемесі
- Республикалық және жергілікті бюджеттерден
қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің
анықтамалығына сәйкес мемлекеттік мекеменің
атауы және оның коды;
-«Мерзімділігі» деректемесі - қаржылық
есептілік кезеңі көрсетіледі;
-«Өлшем бiрлiгi» деректемесі - мемлекеттiк
мекемелердің қаржылық есептілігінде
теңге;
8. Жылдық қаржылық есептілік есептіден
кейінгі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай
бойынша жасалады. Тоқсандық қаржылық
есептілік ағымдағы қаржы жылының 1 шілдесіндегі
және 1 қазанындағы жағдай бойынша жасалады.
Жылдық қаржылық есептілік 1 қаңтардан
бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда күнтiзбелiк
кезеңге жасалады.
9. Мемлекеттік мекемелер қаржылық есептілікті
бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері
белгілеген және олар қаржылық есептілікті
беру күніне дейін мемлекеттік мекемелердің
қаперіне жеткізген мерзімдерде ұсынады.
Қаржылық есептілік беттері нөмірленген
және мазмұны бар кітапшаланған түрде
қағаз тасығышта ұсынылады.
Олар үшін қаржылық есептілікті ұсыну
күні болып почта кәсіпорнының штемпелінде,
бiрақ бюджеттік есептiлiктi ұсыну күнiне
дейiн 5 календарлық күннен кешiктiрмей
көрсетілген оны жіберген күн есептелетін
басқа тұрғылықты мекендерде орналасқан
мемлекеттік мекемелерді қоспағанда,
мемлекеттік мекеме үшін қаржылық есептілікті
ұсыну күні оны іс жүзінде тиесілігіне
қарай табыс еткен күн болып есептеледі.
Есептiлiктi ұсыну үшін белгіленген мерзім
демалыс күнге (жұмыс емес күнге) сәйкес
келген жағдайда, қаржылық есептілік одан
кейінгі бірінші жұмыс күнінде ұсынылады.
10. Мемлекеттік мекемелер ұсынатын жылдық,
тоқсандық қаржылық есептіліктер көлемі
мыналарды:
1) 1–нысан – бухгалтерлік балансты,
2) 2–нысан– активтер мен міндеттемелердегі
өзгерістер туралы есепті,
3) 3– нысан– мемлекеттік мекеменің қаржыландыру
көздері бойынша ақша қаражаттарының
қозғалысы туралы есепті,
4) 4–нысан– түсіндірме жазбаны қамтиды.
11. Жылдық және тоқсандық қаржылық есептіліктерге
мемлекеттік мекеменің басшысы, бас бухгалтері
немесе мемлекеттік мекемеде бухгалтерлік
есепті жүргізуді қамтамасыз ететін бөлімшені
басқаратын тұлға қол қояды.
Басшы мен бас бухгалтердiң қолдарымен
бір қатарда мiндеттi түрде қойылған қол
таратып жазылған болуы тиіс (тегі, аты-жөні).
12. Мемлекеттік мекемелерді қайта ұйымдастыру
(біріктіру, қосу, бөлу, бөліну) кезінде
мүліктік құқықтар мен міндеттемелер
біріктіру және қосу кезінде - тапсырып
беру актісіне сәйкес, ал бөлген және бөлінген
кезде – бөлу балансына сәйкес құқықтық
мирасқорға беріледі. Бөлу балансы әр
бөлінетін мемлекеттік мекеме үшін бір
данадан жасалады.
13. Бір бағыныстан екінші бағынысқа берілетін
мемлекеттік мекемелер берілетін күнге
екі данада қаржылық есептілік жасайды,
оның біреуін мемлекеттік мекеме бұрынғы
және жаңа бағыныс бойынша жоғары тұрған
органға жібереді.
14. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің
ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерден
қаржылық есептілікті қабылдап алуды
және тексеруді осы Ережеге сәйкес жүзеге
асырады.
15. Қаржылық есептілікті жасаған кезде
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексін,
Мемлекеттік мекемелерде бухгалтерлік
есеп пен қаржылық есептілік саласындағы
Қазақстан Республикасының заңнамасын
және осы Ережені басшылыққа алу қажет.
16. Мемлекеттік мекемелер жылдық, тоқсандық
қаржылық есептілікті тиісті құжаттармен
расталған тексерілген бухгалтерлік жазбалардың
негізінде жасайды. Баланс жасалғанға
дейін синтетикалық есепке алу шоты бойынша
айналымдармен және қалдықтармен бірге
талдамалық шоттар бойынша айналымдар
мен қалдықтарды салыстырып тексеру жүргізіледі.
17. Есепті жылдың аяғындағы бухгалтерлік
баланс баптарының деректері жүргізілген
түгендеудің нәтижелерімен расталған
болуы тиіс және бұл ретте айқындалған
алшақтықтар жылдық қаржылық есептілік
ұсынылғанға дейін түзетуі тиіс.
Түгендеу жүргізу:
-жылдық қаржылық есептілікті жасаудың
алдында,
-материалдық-жауапты тұлғалар ауысқан
кезде (қабылдап алу-беру күні),
-ұрлық немесе теріс пайдалану, сондай-ақ
құндылықтардың бүліну фактілері белгілі
болған кезде,
-өрт немесе зілзала апаттары жағдайында,
-мемлекеттік мекеменің заңды тұлға ретінде
таратылуы, қайта ұйымдастырылуы кезінде
(біріктірген, қосқан, бөлген және бөлінген
кезде) міндетті түрде болады.
Түгендеу кезінде анықталған ұзақ мерзімді
активтердің, қорлардың және ақша қаражаттарының
іс жүзінде болғаны мен бухгалтерлік есеп
деректері арасындағы алшақтығы мынадай
тәртіппен реттеледі:
-артық болып шыққан ұзақ мерзімді активтер,
қорлар мен ақша қаражаттары кейіннен
артық шығу себебін анықтай отырып, кіріске
алуға жатады;
-ұзақ мерзімді активтердің, қорлардың
және ақша қаражаттарының анықталған
жетіспеушілігі мен ұрлықтардың сомалары,
сондай-ақ материалдық құндылықтардың
бүлінуі салдарынан шығын сомалары кінәлі
тұлғалардың есебінен өтеледі.
18. Ағымдағы қаржы жылының бюджет түсімдерін
есепке жатқызумен және бюджеттен төленентін
төлемдерді жүзеге асырумен байланысты
операцияларының барлығы ағымдағы қаржы
жылының 31 желтоқсанында аяқталады. 31
желтоқсанын қоса алғанда ағымдағы қаржы
жылының аяғына дейін пайдаланылмаған
жоспарлы тағайындаулардың қалдықтары
жойылады.